Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 982 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонына апаратын инженерлік желілер мен кірме жолдарды салу үшін нысаналы даму трансферттері түрінде Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 200000000 (екі жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі есеп берсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов