Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1994 жылғы 2 желтоқсанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасы және Моңғолия азаматтарын еңбек шарты бойынша жұмысқа қатыстыру жөніндегі мәселелер бойынша ынтымақтасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттың күшін жою ниеті туралы Моңғолия Үкіметін хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов