«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1436 қаулысына
қосымша
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі
Р/с |
Атауы |
Пайдаланануға берілген жылы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Боз арша |
2011 |
дана |
2 |
2. |
Семенов балқарағайы |
2003 |
дана |
10 |
3. |
Almacom ACH-24 салқындатқышы 10 |
2002 |
дана |
1 |
4. |
Чунлан салқындатқышы |
2006 |
дана |
1 |
5. |
Almacom ACH-18 салқындатқышы |
2010 |
дана |
1 |
6. |
Almacom ACH-18 салқындатқышы |
2010 |
дана |
3 |
7. |
Шығыстану ШК 10 жобалық-сметалық құжаттамасы |
дана |
1 |