"1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің
70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы

      1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
      2. Қағидаларға сәйкес «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен өзге де адамдар наградталсын.
      3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің "  "
2015 жылғы     
№ Жарлығымен   
бекітілген    

«1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай
мерекелік медалімен наградтау қағидалары

      1. Осы «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «1941-1945 ж ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен (бұдан әрі бірыңғай мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді.
      2. Бірыңғай мерекелік медальмен:
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс (операциялары кезінде майдандағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілері;
      майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген жұмысшылар мен қызметшілер;
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украина КСР-і, Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латыш КСР-і, Эстон КСР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар;
      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) мен теңізші бала ретінде болғандар;
      екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар;
      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері;
      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      уақытша дұшпан басып алған аумақтарда жұмыс істеген кезеңді қоспағанда, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдар;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар наградталады.
      3. Бірыңғай мерекелік медальмен наградталатын азаматтардың тізімдерін жасау, келісу және бекіту мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      тізімдерді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жасайды;
      тізімдерді жасау осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдар қатарындағы азаматтарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі;
      тізімдерге оларды жасау үшін жауапты лауазымды адамдар қол қояды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен келісіледі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бекітеді.
      Тізімдердің дұрыс жасалуы және оларда көрсетілген мәліметтердің нақтылығы үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдардың басшыларына жүктеледі.
      4. Бірыңғай мерекелік медальды тапсыру Қазақстан Республикасының Президенті атынан және оның тапсырмасы бойынша жүргізіледі. Бірыңғай мерекелік медаль наградталатын адамдар тізімге енгізілген жер бойынша тапсырылады.
      Наградталған адамға бірыңғай мерекелік медальмен бірге медальдің куәлігі тапсырылады.
      5. Бірыңғай мерекелік медаль сол жақ кеудеге тағылады және «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалінен кейін орналастырылады.
      6. Бірыңғай мерекелік медальдың тапсырылғаны туралы наградтау тізімде тиісті жазба жасалады.
      Табыс етілмеген бірыңғай мерекелік медальдар мен олардың куәліктері қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, ол туралы тізімдерде тиісті белгі жасалады.
      Бірыңғай мерекелік медальды тапсырудың жүргізілгені туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді жергілікті атқарушы органдар 2015 жылғы 1 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ұсынады.

«1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан
соғысындағы Жеңіске 70 жыл»
бірыңғай мерекелік медалімен
наградтау қағидаларына   
1-қосымша          

Нысан

Бекітемін       
______________________________
(мемлекеттік органның басшысы,
қолы, мөрі)     

______________________________________ бойынша
(мемлекеттік органның атауы)
бірыңғай мерекелік медальмен наградтау
ТІЗІМІ

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Үйінің мекенжайы

Тізімге енгізу үшін негізе

Медаль тапсырылған күн

1

2

3

4

5

Тізімді жасауға жауапты адамның
Т.А.Ә., лауазымы
     (қолы)

«1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан
соғысындағы Жеңіске 70 жыл»
бірыңғай мерекелік медалімен
наградтау қағидаларына   
2-қосымша          

Нысан

______________________________________ бойынша
(мемлекеттік органның атауы)
бірыңғай мерекелік медалін тапсыру туралы
ЕСЕП

Наградтау тізімдеріне енгізілгендер барлығы

Тапсырылған медальдар мен олардың куәліктері барлығы

Қайтарылғаны

Қалғаны

1

2

3

4

Мемлекеттік органның басшысы
(қолы, мөрі)

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О единой юбилейной медали в ознаменование 70-летия со дня Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 годов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 января 2015 года № 1

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О единой юбилейной медали в ознаменование 70-летия со дня Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 годов».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

О единой юбилейной медали в ознаменование 70-летия со дня
Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 годов

      В ознаменование 70-летия со дня Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 годов, отдавая дань глубокого уважения подвигу, героизму и самоотверженности ветеранов войны и тружеников тыла, ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила награждения единой юбилейной медалью «70 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.» (далее – Правила).
      2. Наградить единой юбилейной медалью «70 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.» ветеранов Великой Отечественной войны, тружеников тыла и иных лиц в соответствии с Правилами.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

Утверждены           
Указом Президента       
Республики Казахстан      
от «  »      2015 года №     

Правила
награждения единой юбилейной медалью
«70 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.»

      1. Настоящие Правила награждения единой юбилейной медалью «70 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.» (далее – Правила) регулируют порядок награждения единой юбилейной медалью «70 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.» (далее – единая юбилейная медаль).
      2. Единой юбилейной медалью награждаются:
      военнослужащие, проходившие службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны;
      военнослужащие действующей армии и флота, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны, а также рабочие и служащие соответствующих категорий, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружении оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов, и приравненные по пенсионному обеспечению к военнослужащим;
      военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте;
      лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте;
      лица из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах;
      военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии;
      лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии;
      лица, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг;
      лица, принимавшие участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований;
      работники спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, переведенных в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявших задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированные в начале Великой Отечественной войны в портах других государств;
      граждане, работавшие в период блокады города Ленинграда в предприятиях, учреждениях и организациях города и награжденные медалью «За оборону Ленинграда» и знаком «Житель блокадного Ленинграда»;
      бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны;
      лица, проработавшие в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года не менее шести месяцев, исключая период работы на временно оккупированных неприятелем территориях;
      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны.
      3. Составление, согласование и утверждение списков граждан, награждаемых единой юбилейной медалью, производятся в следующем порядке:
      списки составляются местными исполнительными органами областей, городов Астаны и Алматы;
      составление списков производится по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам на граждан из числа лиц, указанных в пункте 2 данных Правил;
      списки подписываются должностными лицами, ответственными за их составление, согласовываются с Министерством здравоохранения и социального развития Республики Казахстан и утверждаются акимами областей, городов Астаны и Алматы.
      Ответственность за правильность составления списков и достоверность сведений, указанных в них, возлагается на руководителей местных исполнительных органов.
      4. Вручение единой юбилейной медали производится от имени и по поручению Президента Республики Казахстан. Единая юбилейная медаль вручается по месту включения награждаемых в список.
      Вместе с единой юбилейной медалью награжденному вручается удостоверение к медали.
      5. Единая юбилейная медаль носится на левой стороне груди и располагается после юбилейной медали «1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл».
      6. О вручении единой юбилейной медали в списке для награждения делается соответствующая запись.
      Неврученные единые юбилейные медали и удостоверения к ним возвращаются в Орденскую кладовую Управления Делами Президента Республики Казахстан с указанием причин возврата, о чем делается соответствующая отметка в списках.
      Сведения о произведенных вручениях единой юбилейной медали по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам местные исполнительные органы представляют в Управление Делами Президента Республики Казахстан к 1 июля 2015 года.

Приложение 1            
к Правилам награждения       
единой юбилейной медалью      
«70 лет Победы в Великой      
Отечественной войне        
1941 – 1945 гг.»         

Форма           

Утверждаю              
______________________________________
(руководитель государственного органа,
подпись, печать)         

                                 СПИСОК
            для награждения единой юбилейной медалью
            по ___________________________________________
                 (наименование государственного органа)


п/п

Фамилия, имя, отчество

Домашний
адрес

Основание для
внесения в список

Дата
вручения
медали

1

2

3

4

5

      Ф.И.О., должность лица,
      ответственного за составление списка
             (подпись)        

Приложение 2            
к Правилам награждения       
единой юбилейной медалью      
«70 лет Победы в Великой      
Отечественной войне        
1941 – 1945 гг.»        

Форма           

                                ОТЧЕТ
               о вручении единой юбилейной медали
          по ___________________________________________
               (наименование государственного органа)

Всего внесено в
списки для награждения

Всего вручено
медалей и
удостоверений
к ним

Возвращено

Остаток

1

2

3

4

      Руководитель государственного органа
      (подпись, печать)