Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын
біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялау туралы
1999 жылғы 28 мамырда Монреальда жасалған Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенция ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті