Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын
іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара
түсіністік туралы меморандум
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – «Қазақстан») мен шартқа сәйкес құрылып, Парижде орналасқан үкіметаралық ұйым – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – «ЭЫДҰ»), (жеке алғанда «Тарап» деп, ал бірлесіп «Тараптар» деп аталады), Елдік бағдарламаға қатысты осы Өзара түсіністік туралы меморандумды (бұдан әрі – «Меморандум») жасасу жолымен ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге ниет білдірді.
ЭЫДҰ туралы конвенцияның 12 (б)-бабында ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттермен қарым-қатынас жасау көзделеді; Конвенцияның 12 (в)-бабында ЭЫДҰ қызметіне қатысушы болып табылмайтын үкіметтердің қатысуына жол беріледі.
2011 жылы министрлер кездесуінде ЭЫДҰ «біздің барлық азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әріптестік пен ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамыту» қажеттігін атап өтіп, Жалпы пайым тұжырымдамасын қабылдады. Тұжырымдамада сондай-ақ «реформаны қолдайтын білім мен тәжірибе алмасуға мүдделі және ЭЫДҰ стандарттарын ұстанатын барлық елдермен ынтымақтастық жасау» құпталады.
ЭЫДҰ Конвенциясына және Тұжырымдаманы іске асыру тәртібіне сәйкес 2013 жылғы 30 сәуірде ЭЫДҰ елдік бағдарламаларды белгілеу құрылымын бекітті, олар мынадай түрде айқындалды: «Белгілі бір елдердің ЭЫДҰ стандарттары мен оның озық практикаларына қол жеткізуге әзір екендігін мойындау белгісі ретінде жаңа Елдік бағдарламалар осы стандарттар мен практикаларды қабылдаған шектеулі елдер санына көмек көрсету мақсатында әзірленетін болады және сол арқылы осы елдерде саясат саласындағы реформалардың бекітілуін қолдайды».
Қазақстанның экономикасы Орталық Азиядағы ең жылдам өркендеп келе жатқан экономикалардың бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан ЭЫДҰ-мен байланыстарын нығайтты: ЭЫДҰ комитеттерімен және органдарымен, Инвестициялық комитетпен, Ауылшаруашылық комитетімен және Өнеркәсіп, инновациялар және кәсіпкерлік комитетімен ынтымақтастықты кеңейтті; Қазақстан ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына, атап айтқанда, Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының Орталық Азиялық бастамасының тең төрағасы ретінде, Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі, ЭЫДҰ-ның халықаралық іскерлік операцияларын жүргізу кезіндегі парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобының өңірлік бағдарламасына, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның табиғи ресурстарды өндіру негізінде даму жөніндегі саяси диалогы сияқты басқа бағдарламаларға Қорларды тұрақтандыру және шығыстарды бөлу бойынша жұмыстардың бірлескен басшысы ретінде белсенді түрде қатысады.
Қазақстан ЭЫДҰ-мен саясаттың осы және басқа салаларында елдік реформаларды қолдау құралы ретінде осы ынтымақтастықты қолдана отырып, өзара іс-қимыл жасауға мүдделі. Жоғарыда айтылғандардың аясында 2014 жылғы 18 сәуірде ЭЫДҰ Қазақстанға Елдік бағдарламаға қол қоюды ұсыну жөнінде шешім қабылдады. Осы бағдарлама шеңберінде екі тарап әлеуметтік интеграцияны ескере отырып, орнықты экономикалық өсуді дамытуда отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту және әртараптандыру, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ үздік экологиялық нәтижелерге қол жеткізу сияқты салаларда Қазақстанның елдік реформаларын жүргізуді ілгерілетуге ниетті.
Осы орайда тараптар осы Меморандумды жасасуға келісті.
1. Меморандумның мақсаты
Осы Меморандумда Тараптар арасында Қазақстанның түрлі салалардағы елдік реформаларды іске асыруына жәрдемдесуге бағытталған Елдік бағдарлама шеңберіндегі ынтымақтастық шарттары айқындалған.
Осы Меморандум шеңберінде жүргізілетін кез келген іс-қимылдар екі Тараптың қағидалары мен практикаларына сәйкес іске асырылатын болады.
2. Ынтымақтастық салалары
Тараптардың ынтымақтастығы мынадай бағыттарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін бірқатар негізгі салаларға жұмылдырылады:
1) мемлекеттік басқару;
2) қоршаған орта;
3) қаржылық қызмет;
4) денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік интеграция;
5) білім беру және біліктілікті арттыру;
6) бәсекеге қабілеттілік және бизнес-ахуал;
7) статистика;
8) салааралық қызмет.
3. Ынтымақтастық нысандары
1. Тараптар ынтымақтастықты мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін түрлі құралдар көмегімен жүзеге асырады:
1) бірлескен зерттеулер, Қазақстанның ұлттық саясатын шолу және өзге талдаулар;
2) ақпарат алмасу;
3) екі Тараптың неғұрлым сапалы талдауына негіз ретінде статистикалық деректер мен басқа ақпарат алмасу;
4) бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;
5) өңірлік іс-шаралар мен басқа қызмет түрлеріне қатысу;
6) Тараптардың сарапшылары мен ресми тұлғаларының арасындағы ынтымақтастық, атап айтқанда, ЭЫДҰ миссияларын ұйымдастыру және ЭЫДҰ персоналы мен сарапшыларын Қазақстанға іссапарға жіберу және Қазақстан Республикасы министрліктерінің немесе ведомстволарының ресми өкілдерін ЭЫДҰ-ға іссапарға жіберу;
7) Қазақстанның ЭЫДҰ қағидаларына және практикасына сәйкес ЭЫДҰ органдары мен жобаларының жұмысына қатысуы;
8) Қазақстанның ЭЫДҰ құқықтық құжаттары мен саяси құралдарын әзірлеуге қатысуы;
9) Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-ның әртүрлі құқықтық құжаттарына қосылуына жәрдемдесу;
10) Қазақстан Республикасының практикаларын мониторингтеу, бағалау және ЭЫДҰ стандарттарымен және реформаларды ілгерілету және азаматтар үшін үкімет жұмысының ашықтығы жөніндегі үздік практикалармен салыстырмалы талдау жасау.
2. Тараптар 1-қосымшаға сәйкес бірлескен іс-шаралар туралы келісімге қол жеткізді. Кез келген басқа нақты іс-шаралар Тараптар арасында осы Меморандумға сәйкес жасалуы ықтимал жекелеген жазбаша келісімдерде көрініс табатын болады. Тараптар жекелеген келісімдерде келіспесе, осы Меморандумда келісілген жалпы ережелер қолданылатын болады.
4. Қаржыландыру
1. Осы Меморандум шеңберінде өткізілетін барлық іс-шаралар Қазақстан есебінен қаржыландырылатын болады. Осы Меморандум шеңберіндегі ЭЫДҰ-ның қызметі қаржы қаражаты болған жағдайда орын алады.
2. Қазақстанның қаржыландыру бойынша кез келген міндеттемесі Тараптар арасында осы Меморандумға сәйкес жасасуы ықтимал бір немесе бірнеше жекелеген жазбаша келісімдерде көрініс табатын болады. Бұл жағдайда және барынша ықтимал дәрежеде Тараптар 2-қосымшадағы гранттық үлгі келісімге сәйкес субсидиялау туралы келісімге қол қоятын болады.
5. Зияткерлік меншік
1. Тараптар зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың және сақтаудың маңыздылығын мойындайды. Осы Меморандум кез келген Тарапқа, осындай жұмыс Меморандум шеңберінде немесе одан тысқары жүргізілгеніне қарамастан, басқа Тарап авторы болып табылатын немесе оның зияткерлік меншігіне құқығы бар қандай да бір жұмыстарды пайдалану құқығын бермейді.
2. Тараптардың Меморандум шеңберінде бірлескен қызметінің нәтижесінде жасалған және Тараптар авторы болып табылатын кез келген бірлескен жұмыстың зияткерлік меншігіне құқықтар Тараптардың бірлескен иелігінде болады. Тараптардың әрқайсысының, екінші Тараптың жұмысқа қосқан үлесінің тиісінше расталуын ескере отырып және үшінші тұлғаларға пайдалану құқығын беру үшін әрбір Тарап басқасының келісімін алуға талпынуы шартымен осы жұмысты жеке пайдалануға және қайта шығаруға құқығы бар. Жоғарыда айтылғандарға нұқсан келтірмей, кез келген бірлескен басылым Тараптардың жекелеген жазбаша келісімінің нысаны болады.
6. Ақпаратты ашу
1. Тараптар осы Меморандумды және осы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылатын қызметке қатысты ақпаратты Тараптардың тиісті саясаттарына сәйкес жұртшылыққа ашуға құқылы.
2. Тараптар арасындағы кез келген құпия ақпарат алмасу Тараптардың құпия ақпаратты ашумен байланысты тиісті саясаттарымен және рәсімдерімен келісуге жатады. Әрбір Тарап екінші Тараптың құпия және/немесе құпияландырылған ақпаратын қорғау бойынша шара қабылдайтын болады.
7. Тараптардың жауапкершілігі
1. Әрбір Тарап өз қызметі үшін, сондай-ақ, әрекетті және әрекетсіздікті қоса алғанда, өз қызметкерлерінің қызметі үшін жауап береді.
2. Тараптардың бірі («Бірінші Тарап») және/немесе оның қызметкерлері/сарапшылары жүзеге асыратын іс-әрекеттердің салдары немесе нәтижесі болып табылатын залал немесе жарақат болған жағдайды ескермегенде Тараптардың бірі («Бірінші Тарап») осы Меморандум шеңберінде жүзеге асыратын қызметке байланысты пайда болған басқа тарапқа және/немесе оның қызметкерлеріне/сарапшыларына келтірілген жарақат немесе зиян үшін жауапкершілікке тартылмайды. Бұл жағдайда, бірінші Тарап басқа тараптың және оның қызметкерлеріне зиянды өтеуге және жарақаттан қорғауға міндеттенеді.
8. Миссияларды ұйымдастыруға жәрдемдесу
1. ЭЫДҰ күнделікті ынтымақтастықты және ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында ЭЫДҰ қызметкерлерін не сарапшыларын Қазақстан Республикасына іссапарға жібере алады. Осы өзара идея және тәжірибе алмасу Тараптардың ынтымақтастығын нығайтуға және тереңдетуге қызмет атқаратын болады.
2. Тараптар шартқа сәйкес құрылған халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ, оның қызметкерлері мен сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тағайындалған немесе миссия құрамындағы ЭЫДҰ-ға мүше елдердің және ЭЫДҰ кеңестеріне қатысушы мүше емес елдердің өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының 1946 жылғы 13 ақпандағы Артықшылықтар мен иммунитеттер туралы конвенциясында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалануы тиістігін мойындайды. Осы контексте Қазақстан, атап айтқанда:
1) ЭЫДҰ қызметкерлері тұрақты немесе уақытша пайдаланатын үй-жайлардың қол сұқпаушылығын құрметтеуге;
2) тәртіп бойынша қабылдаушы Тараптың заңнамасымен кеңестер, семинарлар мен жұмыс кеңестерін өткізу үшін уақытша елге енгізілетін барлық құрал-жабдықтарды кедендік баждардан босатуға; және
3) ЭЫДҰ барлық қызметкерлерінің, лауазымды тұлғалары мен сарапшыларының, сондай-ақ ЭЫДҰ-ға мүше елдердің өкілдерінің Қазақстан Респуликасына кіруіне, болуына және шығуына жәрдемдесуге міндеттенеді.
3. ЭЫДҰ Қазақстанның немесе оның кез келген министрліктері немесе ведомстволарының (бұдан әрі – жөнелтуші мекеме) лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің өзара мүддені білдіретін мәселелер бойынша ортақ түсіністік пен қолдауды кеңейту мақсатында, сондай-ақ ЭЫДҰ Жұмыс бағдарламасы мен бюджетін іске асыру мақсатында ЭЫДҰ-ға іссапарға жіберілуін қарастырады. Қазақстан да ЭЫДҰ персоналы мен сарапшыларының Қазақстанға немесе оның министрліктеріне немесе ведомстволарына (бұдан әрі – қабылдаушы мекеме) іссапарға жіберілуін қарастырады. Кез келген іссапар ЭЫДҰ қағидаларына, саясатына және практикаларына сәйкес іссапарға жіберу талаптарын айқындауы тиіс ЭЫДҰ, жөнелтуші мекеме немесе қабылдаушы мекеме және мүдделі лауазымды тұлғалар, қызметкерлер немесе сарапшылар арасында жекелеген жазбаша келісім жасауға жатады.
4. ЭЫДҰ қажет болған жағдайда ЭЫДҰ жұмысына қатысу үшін осындай тұлғалардың қажеттігін растайтын аты-жөндері екі Тараппен келісілуі тиіс хаттарды және басқа құжаттарды беру жолымен қазақстандық лауазымды тұлғалар мен сарапшылардың қабылдаушы елге кіруіне жәрдемдесу үшін барлық күш-жігерді салуға келіседі.
9. Қолданылу кезеңі
Осы Меморандум екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және екі жыл бойы қолданылады. Тараптардың жазбаша келісімі бойынша Меморандумды келесі кезеңдерге екі жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға болады.
10. Бұзу
1. Кез келген Тарап үш ай бұрын екінші Тарапқа жазбаша хабарлама беру жолымен Меморандумды бұза алады.
2. Мұндай жағдайда, Тараптар Меморандумға сәйкес қабылданған іс-шараларды өткізу тиісінше және ұйымдастырылған тәртіппен аяқталатынына тиісті түрде кепілдік беруге келіседі.
3. Қазақстан немесе ЭЫДҰ Меморандумның қолданылуын тоқтатқан жағдайда Қазақстан ЭЫДҰ-ның Меморандумды бұзу күшіне енген күнге дейін көтерген немесе қайтарымсыз жасалған шығыстарын өтейді.
11. Пікірлер қайшылығы
1. Осы Меморандум ынтымақтастық және өзара іс-қимыл рухында жасалды. Бастапқыда Тараптар осы Меморандумды түсінуге немесе қолдануға қатысты кез келген дауды реттеу үшін достық келіссөздер жүргізеді.
2. Егер Тараптар жоғарыда келтірілген тармаққа сәйкес бейбіт реттеуге қол жеткізе алмаса, осы Меморандумды түсінуден, қолданудан немесе орындаудан, оның ішінде оның қолданылуынан, жарамдылығынан немесе тоқтатудан немесе осыларға байланысты туындаған кез келген қайшылықтар, келіспеушіліктер немесе талаптар Аралық соттың тұрақты палатасының халықаралық ұйымдары мен мемлекеттер үшін Төрелік соттың мәні бойынша, осы Меморандум жасалған күні қолданыста болған факультативтік қағидаларына сәйкес соңғы әрі міндетті төреліктің көмегімен шешілуі тиіс. Төрешілер құрамына бір адам кіруі тиіс. Төрелікте талқылау тілі – ағылшын тілі. Құзыретті орган Аралық соттың Тұрақты палатасының Бас хатшысы болуы тиіс. Төрелікте талқылауды өткізу орны – Париж, Франция.
12. Негізгі байланыс мәліметтері
Бұдан әрі әрбір Тарап осы Меморандумды орындау үшін жалпы жауапты, оның ішінде оған сәйкес жүзеге асырылатын іс-шаралардың жұмыс жоспарларын әзірлеу үшін жауапты өз өкілін тағайындайды:
Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мырза
ЭЫДҰ тарапынан: Жаһандық Байланыстар Хатшылығының Директоры Маркос Бонтури мырза
Давос қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде алты түпнұсқа данада жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерде сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз түпнұсқа болып саналады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы |
Қазақстан Республикасының |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы |
Күні |
Күні |
Қолы |
Қолы |
Меморандумға
1-қосымша
Қазақстанның елдік бағдарламасы
Төмендегі «Қазақстанның елдік бағдарламасы» деген кесте ЭЫДҰ-ның Сыртқы байланыстар комитеті (СБК) мақұлдаған Бағдарламаға сәйкес келеді. Кестенің кейбір бөлімдеріне қатысты түсіндірулер төменде ұсынылып отыр. СБК мақұлдаған құжатқа кез келген өзгерістер, кестедегі мынадай түсіндірулерге сілтемелерді қоса алғанда, өзгерістер ретінде бөліп көрсетілген және осындай форматта қалуға тиіс.
1-бөлім – Нәтижелері
ЭЫДҰ Жұмыстар мен бюджет бағдарламасымен (бұдан әрі – ЖББ) байланыс (Нәтиженің коды мен сипаттамасы)
Нәтиженің сипаттамасы, ЭЫДҰ сыныптамасы бойынша нәтиженің тиісті коды мен ЭЫДҰ-ның 2015 – 2016 жылдарға арналған ЖББ-не сәйкес сипаттама «ЖББ-мен байланыс» деген бағанда ұсынылған. Осылайша, «ЖББ-мен байланыс» деген баған Қазақстанның елдік бағдарламасынан тыс ішкі пайдалану үшін қажетті ақпаратты ұсынады.
Елдік бағдарламаны үйлестіру
2013 жылғы 30 сәуірде ЭЫДҰ Кеңесі мақұлдаған Елдік бағдарламаларды қабылдау туралы ережеде (бұдан әрі – Ереже) былай делінген: «Мүше елдердің, донорлар мен әріптес елдердің мүдделерін ескере отырып, басымдықтарды бірлесіп әзірлеуді қоса алғанда, әрбір елдік бағдарлама үшін үйлестіру тетігі жасалатын болады. Сыртқы байланыстар комитеті бағдарламаны іске асыру туралы жүйелі есептерге ие болады».
Елдік бағдарламаны үйлестіру:
1) миссияларды;
2) тікелей қолдау көрсетуді және Қазақстан үшін Елдік бағдарламаны ойдағыдай іске асыру және бүкіл ЭЫДҰ-ны тарту мақсатында Қазақстандағы ведомствоаралық үйлестіруге жауапты команда үшін консультациялар беруді, 10-нан астам ЭЫДҰ директоратының 30-дан астам қызметкерлерімен жұмысты;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ хатшылығы арасындағы үйлестіруді жүзеге асыру үшін Бағдарламаны іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде оның кедергісіз іске асырылуы мен мониторингін қамтамасыз ете отырып, консультациялар беру мен басшылық етуді ұсынатын тұрақты байланысқа шығатын адамды (байланысқа шығатын адамдарды);
4) Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша Қазақстандағы ведомствоаралық үйлестіруге жауапты командаға, ЭЫДҰ-ға мүшелер мен ЭЫДҰ Хатшылығына жүйелі берілетін есептілікті қамтиды.
2-бөлім – ЭЫДҰ құрылымдарымен әріптестік
Әріптестіктің ағымдағы деңгейі
ЭЫДҰ құрылымдарының жұмысына қатысу мәселелері жөніндегі кеңестің қарарына сәйкес ЭЫДҰ әріптестік деңгейін айқындайды. ЭЫДҰ-ға кірмейтін, бірақ ЭЫДҰ-ның бір немесе бірнеше құрылымының жұмысына қатысатын ел әріптес деп аталады. Әріптес жоғарыда көрсетілген қарар мен осы құрылымның жаһандық байланыстары стратегиясына сәйкес «Шақырылған тарап», «Қатысушы» немесе «Қауымдастырылған мүше» ретінде ЭЫДҰ құрылымдарының жұмысына қатысуға шақырылуы мүмкін. Әріптестіктің үш деңгейі мынадай артықшылықтар мен міндеттерді қамтиды:
1. ЭЫДҰ органының қалауы бойынша шақырылған тарап, егер ЭЫДҰ органының Қатысу жоспарында көзделген болса, оған есеп беретін құрылымдардың жекелеген кездесулеріне қатысуға шақырылуы мүмкін. Шақырылған тарап өзі шақырылған кездесулерге бару және пікірталастарға қатысу арқылы ЭЫДҰ осы органының миссиясын, оның жұмыс бағдарламасын іске асыру үшін өз үлесін қосады деп күтілуде. Мүшелік жарналарға ақы төлеу талап етілмейді.
2. Қатысушы, егер өзгеше көзделмесе, екі жылда бір рет қайта қаралатын ЭЫДҰ органының шешімі бойынша есеп беретін құрылымның мерзімі белгіленбеген кезеңдегі барлық кездесулеріне шақырылады. ЭЫДҰ Рәсімдер қағидаларында айқындалған жағдайларда, Қарарда және шақыруда қатысушылар кездесулер мен жұмысқа белсенді қатысу, оның ішінде орган сұратқан ақпаратты ұсыну арқылы ЭЫДҰ осы органының миссиясы мен жұмыс бағдарламасына тұрақты қолдау көрсету бойынша өзіне міндеттемелер алуға тиіс. 2014 жылы Қатысушылар Комитеттің жұмысына қатысқаны үшін 10 800 евро, Комитеттің есеп беретін құрылымының жұмысына қатысқаны үшін 3600 евро, егер Әріптес Комитет жұмысына Қатысушы болып табылмаса, бір Комитеттің үш және одан да көп есеп беретін құрылымының жұмысына қатысқаны үшін 10 800 евродан аспайтын мөлшерде жыл сайынғы жарнаны төледі. Жарналардың мөлшері Франциядағы инфляция деңгейі ескеріле отырып, жыл сайын қайта есептеледі.
3. Егер өзгеше көрсетілмесе, Қауымдастырылған мүше, мерзімі белгіленбеген кезеңде ЭЫДҰ құрылымының барлық кездесулеріне қатысуға шақырылады. Қатысушыларға қатысты талаптарға қосымша ретінде Қауымдастырылған мүшелерден Кеңес қарарының талаптарын сақтау және құрылымның деректер базасына сұратылған кез келген статистикалық ақпаратты ұсыну арқылы ЭЫДҰ құрылымының мақсаттары мен практикаларына адалдықтарын растау талап етіледі. Қауымдастырылған мүшелер тиісті комитет 20 400 евродан бастап 51.100 евроға дейінгі деңгейде белгілеген мөлшерде жарналар төледі. Жарналардың мөлшері, Франциядағы инфляция деңгейі ескеріле отырып, жыл сайын қайта есептеледі.
ЭЫДҰ құрылымдарының жұмысына қатысу және оның шамамен алғандағы құны
ЭЫДҰ құрылымдарының және Елдік бағдарламамен айқындалған жұмыс топтарының жұмысына қатысудың шамамен алғандағы құны төменде кестеде ұсынылған. Аталған құн 2014 жылғы жарналардың деңгейі негізінде белгіленеді. Қатысуға ресми шақыруға қол қойылғаннан кейін қатысуға ақы төлеудің дәл мөлшері хабарланатын болады.
ЭЫДҰ құрылымы |
Қатысудың болжамды деңгейі |
2014 жылғы төлемақы1 [евро] |
Фискалдық саясат мәселелері жөніндегі комитет |
Қатысушы* |
10 800 |
Индустрия, инновациялар және кәсіпкерлік комитеті |
Қауымдастырылған мүше* |
51 100 |
Инвестициялар жөніндегі комитет (кеңейтілген отырыстар) |
Қауымдастырылған мүше* |
3 600 |
Мемлекеттік басқару комитеті |
Қатысушы* |
10 800 |
Өңірлік даму саясатының комитеті |
Қатысушы* |
10 800 |
Мемлекеттік меншік және жекешелендіру жөніндегі жұмыс тобы |
Шақырылған тарап |
- |
ЭЫДҰ бағдарламаларына қатысу |
||
Даму орталығы |
Мүше |
16 500 |
* белсенді қатысуының негізінде және Комитеттің құзырына сәйкес
___________
1 Жарналардың мөлшері қатысудың болжамды деңгейіне сәйкес келеді.
3-бөлім – Құқықтық құралдарға қосылу
Құқықтық құралдарға қосылу
Қазақстан Республикасынан:
1. Бас хатшының немесе басқа да жоғары лауазымды адамның атына жазылған хатта Қазақстанның осы құралға (оның атауын айқын көрсете отырып) қосылу ниетін жазбаша растау. Сұрау Қазақстан Республикасының тиісінше өкілеттіктер берілген кез келген мүшесінің атынан жолдануға тиіс: мұндай адамды Қазақстан өзі таңдайды.
2. Осындай хат алынып, ЭЫДҰ-ның ішкі рәсімдері аяқталғаннан кейін Бас хатшының қолы қойылған растау хатта көрсетілген күннен бастап құқықтық құралға Қазақстан қосылды деп есептелетін сұрату алынған жағдайда, кестенің ІІІ бөлімінде тізбеленген ЭЫДҰ құқықтық құралдарына қосылу үшін төменде сипатталған рәсім сақталуға тиіс.
Қазақстанның елдік бағдарламасы |
||||||||
1-бөлім – Нәтижелері |
||||||||
Елдік бағдарлама нәтижелерінің сипаттамасы |
2015 құны |
2016 құны |
Жұмыс органы |
ЭЫДҰ Бюджеттік бағдарлама (коды және нәтижесінің сипаттамасы) |
||||
Салааралық құралдар |
||||||||
Елдік кешенді шолу |
420 0002 |
ЭЫДҰ Даму орталығының Басқарушы кеңесі |
5.1.6.14 – елдердің кешенді шолулары |
|||||
Мемлекеттік басқару |
||||||||
Мемлекеттік басқаруды толық шолуға алып қосымша шолу (функционалдық шолу) |
335 251 |
335 250 |
Мемлекеттік басқару комитеті |
4.3.1.2 – көрсетілетін Қызметтер саясатын құру жөнінде хабардар ету және олардың ұсынылуын жақсарту үшін қажетті деректерді қалыптастыру |
||||
Қаланың даму саясатына шолу жасау |
375 741 |
Өңірлік даму саясаты комитеті3 |
4.3.4.2 – экономика мен қоғамдағы өзгерістерге төтеп бере алатын барлық көлемдегі қалаларың үлесі |
|||||
Мемлекеттік басқарудың адалдығын бағалау Integrity Scan |
301 385 |
75 346 |
Мемлекеттік басқару комитеті |
4.3.1.4 –CleanGovBiz бастамасы |
||||
Қоршаған орта |
||||||||
Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия (ШЕКОА) жасыл өсу стратегиясын және төмен көміртекті шығарындыларын дамытуға жәрдемдесу: «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының (ЖЭТ) негізгі басқару элементтерін талдау және олар бойынша саяси диалогы қолдау: |
100 000 |
50 000 |
Қоршаған орта саласындағы саясат жөніндегі комитет |
2.3.4.1 – экологиялық саясатты жобалау және бағалау: 15-22 есептер |
||||
ШЕКОА елдерінде су ресурстарын басқарудың экономикалық аспектілері: су ресурстарын басқару жөніндегі бағдарламаның енгізілуін қолдау |
70 000 |
30 0004 |
Қоршаған орта саласындағы саясат жөніндегі комитет |
2.3.2.5 – су шаруашылығы және саясат: 11-12 есептер, 1-2 және саяси диалог және 1-2 Семинар |
||||
Фискалдық саясат |
||||||||
Жаһандық байланыстар арқылы ынтымақтастық |
72 000 |
18 000 |
Фискалдық саясат жөніндегі комитет |
3.3.1.9 – ғаламдық байланыстар. саяси диалогтар он екі іс-шараны, оның ішінде 100+ серіктестерімен ғаламдық байланыс негізгі әріптестермен үш жылдық жоспарларды әзірлеу және іске асыру, қаралады және өкілдік қызметімен |
||||
Азия елдеріндегі кірістер статистикасы |
– |
– |
Фискалдық саясатының жөніндегі комитет |
3.3.1.5 –салықтың конвенциян моделін жаңарту және оны қолдану кеңейту |
||||
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік интеграция |
||||||||
ҚР денсаулық сақтау жүйесіне шолу жасау5 |
640 000 |
160 000 |
Денсаулық сақтау комитеті |
2.4.1.3 – денсаулық сақтау жүйелерінде баға мен сапа арақатынасына қол жеткізу - аналитикалық есептер |
||||
Ұлттық денсаулық сақтау шоттарына шолу жасау |
Денсаулық сақтау комитеті |
2.4.1.3 – денсаулық сақтау жүйелерінде баға мен сапа арақатынасына қол жеткізу - талдамалық есептер |
||||||
Еңбек қатынастары саласындағы ұсыныстар (үш топқа: жастарға, қарт қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға бағдарланған саясаттарға шолу жасау) |
654 403 |
163 601 |
Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет |
2.2.1.3 – ЭЫДҰ-ның жастар мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспарын ілгерілету: тоғыз есепті және екі халықаралық семинарды жариялау |
||||
Білім және дағдылар |
||||||||
Жоғары білім беру саласындағы саясатқа кейіннен шолу жасау |
232 000 |
18 000 |
Білім жөніндегі комитет |
2.1.1.1 – білім туралы стратегиялық деректер, индикаторлар ды дамыту және деректердің жылдық жиналуы: (INES, NESLI, LSO, ECEC, Talis, AHELO және VET бағалау нәтижелері) білім туралы деректер арқылы прогресті бағалау (2-4 сауалнама айқындауға жатады) |
||||
Бәсекеге қабілеттілік және іскерлік ахуал |
||||||||
Инвестициялық саясатқа екінші шолу жасау |
215 811 |
53 953 |
Инвестициялар жөніндегі комитет |
4.1.1.1 – халықаралық инвестициялық стратегиялардың ашықтығы мен айқындығы: инвестициялық басты қағидаттарға қол жеткізу, екі талдамалық есеп (оның ішінде инвестициялық келісімдер бойынша), ЭЫДҰ инвестициялық құралдарын іске асыру, жаһандық нарықтағы мемлекеттік кәсіпорындар |
||||
Елдік бағдарламаның Қазақстанның экономикалық реформаларының бағдарламасына қосқан үлесіне ерекше көңіл бөле отырып, Қазақстанның экономикалық реформаларын ЭЫДҰ-ның жеке сектор мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту саласындағы стандарттар мен озық практикаларға біріздендіруге бағытталған Қазақстанды реформалау бағдарламасының прогресін зерделеу |
233 923 |
237 992 |
Инвестициялар жөніндегі комитет |
4.1.5.3 – Еуразия |
||||
Шағын және орта кәсіпорындарды басқаруды реттейтін саясаттарға шолу жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері |
200 000 |
50 000 |
ШОБ пен кәсіпкерлік және жергілікті экономика мен жұмыспен қамтуды дамыту жөніндегі іс-қимылдардың кооперативтік бағдарламасы жөніндегі жұмыс тобы |
1.2.1.3 – өнеркәсіп саласындағы саясаттардың тиімділігін бағалау (үш есеп) |
||||
Инновациялық саясатқа шолу жасау |
320 000 |
80 000 |
Ғылыми-техникалық саясат жөніндегі комитет |
1.3.2.1 – негізі: түйінді жарияланымдар, тұғырнамалар және ҒТИ деректер базасы - он бір есеп |
||||
Табиғи ресурстарды өндіру негізінде дамыту мәселелері жөніндегі саяси диалог бастамасы: тұрақтандыру қорлары жұмысының тиімділігі мен мемлекеттік инвестицияларды бөлу |
53 600 |
13 400 |
Даму орталығының Басқарушы кеңесі |
5.1.6: талдау және дамыту жөніндегі саясаттар 5.1.6.4-бәсекеге қабілетті экономикалар - ТРӨ СДИ (табиғи ресурстарды өндіру негізінде дамыту мәселелері жөніндегі саяси диалог бастамасы): тұрақтандыру қорлары жұмысының тиімділігі мен мемлекеттік инвестицияларды бөлу |
||||
Статистика |
||||||||
2008 (СНС08) ұлттық шоттар жүйесін енгізу |
34 400 |
8 600 |
Статистика және статистикалық саясат жөніндегі комитет |
6.2.1.1 – ұлттық шоттар статистикасы мен әдіснамасы6 |
||||
2012 (СЭЭС) экономикалық- экологиялық есепке алу жүйесін енгізу |
8 000 |
2 000 |
Статистика және статистикалық саясат жөніндегі комитет |
6.2.1.1 – ұлттық шоттар статистикасы мен әдіснамасы |
||||
Жасыл өсу және орнықты даму индикаторларын енгізу |
24 000 |
6 000 |
Статистика және статистикалық саясат жөніндегі комитет |
6.2.1.1 – ұлттық шоттар статистикасы мен әдіснамасы |
||||
Елдік бағдарламаны үйлестіру |
||||||||
Қазақстанның Елдік бағдарламасын үйлестіру |
104 000 |
105 000 |
Сыртқы байланыстар жөніндегі комитет |
5.2.1.5 – елдік бағдарламалар, басқару, үйлестіру және қолдау |
||||
ЖИЫНЫ7 |
3 974 514 |
1 407 142 |
||||||
2-бөлім – ЭЫДҰ-ның жұмыс органдарына қатысу |
||||||||
Жұмыс органы |
Әріптестіктің ағымдағы мәртебесі |
Әріптестіктің болжамды мәртебесі |
||||||
Фискалдық саясат жөніндегі комитет |
Шақырылған |
Белсенді қатысуы негізінде және Комитеттің қалауы бойынша Қатысушыға мәртебе берілуі мүмкін |
||||||
Индустрия, инновациялар және кәсіпкерлік комитеті |
Қатысушы |
Белсенді қатысуы негізінде және Комитеттің шешіміне сәйкес «әріптес» мәртебесі берілуі мүмкін |
||||||
Инвестициялар жөніндегі комитет |
Инвестициялар жөніндегі комитетке ғана шақырылған (оның кіші комитеттеріне емес) |
Халықаралық инвестициялар туралы декларацияға қосылуға шақырудан кейін: кеңейтілген отырыста Инвестициялар жөніндегі комитеттің мүшелері Халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар туралы декларацияға және оған қатысты аралас құралдарға қосылу туралы мәселені шешеді |
||||||
Мемлекеттік саясат комитеті |
Шақырылған |
Белсенді қатысуы негізінде және Комитеттің қалауы бойынша Қатысушыға мәртебе берілуі мүмкін |
||||||
Аумақтың даму саясаты комитеті |
Шақырылған |
Белсенді қатысуы негізінде және Комитеттің қалауы бойынша Қатысушыға мәртебе берілуі мүмкін |
||||||
Мемлекеттік меншік және жекешелендіру саласындағы практикаларды зерделеу жөніндегі жұмыс тобы |
Жоқ |
Шақырылған |
||||||
ЭЫДҰ бағдарламаларына қатысу |
||||||||
ЭЫДҰ даму орталығы |
- Табиғи ресурстарды өндіру негізінде даму мәселелері жөніндегі саяси диалогқа қатысу |
Мүше |
||||||
3-бөлім – құқықтық құжаттардың сақталуы |
||||||||
Құқықтық құжат |
Арнайы шолу талап етіле ме? |
Егер солай болса, сараптамалық орган |
||||||
Мемлекеттік басқару |
||||||||
Цифрлық үкіметтің стратегиялары жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік басқару қағидаттары жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Реттеу саясаты және басқару жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Мүдделік қолдаудағы ашықтық және адалдық қағидаттары жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын басқару жөніндегі ЭЫДҰ басшылығы туралы кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Мемлекеттік қызметте этиканы басқару қағидаттарын қоса алғанда, мемлекеттік қызметте этикалық мінез-құлықты жақсарту жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Мемлекеттік реттеу сапасын жақсарту жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі кеңес ұсынымының жобасы8 |
Жоқ |
|||||||
Бюджеттік басқару жөніндегі кеңес ұсынымының жобасы9 |
Жоқ |
|||||||
Қоршаған орта |
||||||||
«Жасыл өсу» туралы декларация |
Жоқ |
|||||||
Қорғасынмен байланысты тәуекелдерді азайту туралы декларация |
Жоқ10 |
|||||||
Фискалдық саясат |
||||||||
Қаржылық шоттар туралы ақпаратпен автоматты түрде алмасу стандарты жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Салық салу мәселелері бойынша ақпаратпен автоматты түрде алмасу туралы декларация |
Жоқ |
|||||||
Салық салуды барынша азайту мен пайда шығарып алуға қарсы күрес жөніндегі декларация (BEPS) |
Жоқ |
|||||||
2010 жылғы11 Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, салық мәселелері бойынша өзара әкімшілік көмек көрсету туралы конвенция |
Тараптар қазірдің өзінде Қазақстанды Конвенцияға қол қоюға және ратификациялауға шақырды. 2013 жылғы 23 желтоқсандағы түзетулермен Қазақстан Конвенцияға қол қойды. |
|||||||
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік интеграция |
||||||||
Білім беру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік саласындағы гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі кеңестің ұсынымдары |
Жоқ |
|||||||
ЭЫДҰ-ның жастар мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспары12 |
Жоқ |
|||||||
Білім беру мен дағдылар |
||||||||
Трансшекаралық жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз етуге арналған басты қағидаттарға қатысты кеңестің ұсынымдары |
Жоқ |
|||||||
Мектептердегі сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің ұсынымдары |
Жоқ |
|||||||
Бәсекеге қабілеттілік және іскерлік ахуал |
||||||||
Интернет-саясатты қалыптастыру қағидаттары жөніндегі кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Халықаралық бизнесті жүргізу мен қаржылық мәмілелер жасасу кезіндегі заңдылық, адалдық пен ашықтық туралы декларация |
Жоқ |
|||||||
Ұлттық қауіпсіздікке қатысты алушы елдердің инвестициялық саясаты жөніндегі нұсқаулыққа қатысты кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Болашақ интернет-экономика (Сеул декларациясы) туралы декларация |
Жоқ |
|||||||
Әл-ауқаттың егемен қорлары мен алушы елдердің саясаты жөніндегі декларация |
Жоқ |
|||||||
Мемлекеттік қаржыландыру есебінен алынған ғылыми деректерге қол жеткізуге қатысты кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
|||||||
Орнықты даму мүддесіндегі халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы декларация |
Жоқ |
|||||||
Халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар туралы декларация |
Иә, күтілуде |
Инвестициялар жөніндегі комитет (кеңейтілген отырыста Инвестициялар жөніндегі комитет 2011 жылғы желтоқсанда Инвестициялар жөніндегі комитет дайындаған Инвестициялық саясатқа шолу жасауда қамтылған ұсынымдарды орындау нәтижесінде Қазақстан қол жеткізген прогресті қарауда) |
||||||
Ғылым мен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жалпы қағидаттарына қатысты кеңестің ұсынымы |
Жоқ |
______________
2 Елдік кешенді шолу Елдік бағдарламадан тыс қаржыландырылады
3 Осы комитеттің атауы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізумен, "Аумақтық даму саясаты комитетінен" "Өңірлік даму саясаты комитетіне" өзгертілді.
4 Қазақстанда жүзеге асырылатын Хатшылық жұмыстың бағалау құны.
5 Екінші жағдайда (ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне шолу жасау + шоттарын сапалы медициналық шолу жасау) 500 000 евро сомасында кішірек бюджетті пайдалануға болады
6 ЭЫДҰ статистикасы мен тоқсан сайынғы баспасөз-релиздері деректерінің жаңартылған жиыны (қолданыстағы); Халықаралық ұлттық кіріс пен байлықты зерделеу жөніндегі қауымдастық (ҰКБЗҚ) - Ұлттық есепке алудың болашағы туралы ЭЫДҰ конференциясы (Q3 2015); әдіснамалық есептер (Q2 2015 және Q2 2016). Ұлттық есепке алу, цифрлармен: ЭЫДҰ статистикасының көрсеткіштерін жаңарту (қолданыстағы). Мемлекеттік борыштық статистика: ЭЫДҰ статистикасы деректерінің жақсартылған, кеңейтілген және жаңартылған жиыны (қолданыстағы); G20 елдеріне арналған баспасөз-релизі (Q1 2016). Ұлттық есепке алудағы тұрмыстық айырмашылықтар: ұлттық есепке алуға (Q3 2016) сәйкес келісілген неғұрлым уақтылы ақпарат таратуды жүзеге асыруға арналған әдіснама бойынша бір баяндама. Әл-ауқатты есепке алу: ЭЫДҰ елдеріндегі баланстық есептілік бойынша бір баяндама (Q4).
7 Барлығы Кешенді елдік шолу бойынша 420 000 евро алып тасталды
8 Ұсынымдар жобасын 2014 жылғы 14-15 қарашадағы кезекті отырыста Мемлекеттік басқару жөніндегі комитет талқылайтын болады және 2014 жылғы желтоқсанда Кеңес қабылдауы мүмкін.
9 Ұсынымдар жобасын 2014 жылғы 14-15 қарашадағы кезекті отырысында Мемлекеттік басқару комитет талқылайтын болады және Кеңес 2015 жылдың қаңтарда қабылдауы мүмкін.
10 Химикаттар жөніндегі комитет осы декларацияның қағидаттарына сәйкес келетін іс-шараларды жүзеге асыру қызметінің барысы туралы есеп үшін Қазақстанды шақырады.
11 2010 жылғы Хаттамамен енгізілген өзгерістер ескерілген Салық салу мәселелері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция Еуропа Кеңесінің немесе ЭЫДҰ-ның мүшесі болып табылмайтын және Конвенцияның 28-бабына сәйкес Тараптардың қол қоюы және ратификациялауы үшін шақырылған кез келген мемлекеттің қол қоюы үшін ашық және ратиификациялауға, қабылдауға немесе бекітілуге жатады.
12 ЭЫДҰ құқықтық құралы болып табылмайды.
Меморандумға
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы гранттық
үлгі келісім
«[Жобаның атауы]» жобасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке «Тарап» немесе бірге «Тараптар» деп аталып,
Төмендегілер туралы келісті:
1. Шарттың нысанасы
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (осы жерде және бұдан әрі – ЭЫДҰ) «[Жобаның атауы]» жобасын жүзеге асырады (осы жерде және бұдан әрі – «Жоба»).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоба шеңберінде ЭЫДҰ орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
3. Осы Келісімге қол қойылған күннен бастап Жобаның ұзақтығы [XX] ай.
2. Бюджет және қаржыландыру тетіктері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды өтеуге ЭЫДҰ-ға XXXX сомасында ([сомасын жазбаша жазу] ЕВРО) жарна беруге міндеттенеді.
2. Осы Келісімге қол қойылған және ЭЫДҰ-дан тиісті шотты алғаннан кейін [немесе тараптармен келісілген басқа кесте бойынша] жарна толық төленеді.
3. ЭЫДҰ бұл жарнаны қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасының 6,3 %13 әкімшілік шығындардың өтелуін төлеуді көздейтін ЭЫДҰ-ның Қаржылық ережелеріне және басқа тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес әкімшілендіріледі. Жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес, шығыс ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетіледі және ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.
______________
13 Бұл сома өзгеруі мүмкін
3. Жұмыстардың сипаттамасы және есептілік
1. ЭЫДҰ Жобаны қоса берілетін ұсыныста сипатталған ретте жүзеге асырады.
2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндау түрінде жобаның барысы туралы есепті ұсынады.
3. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндау түрінде қорытынды есепті ұсынады.
4. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы жылдық есепті ұсынады.
5. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы қорытынды есепті ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі шығындар туралы есепте қаржылық есеп беруге қойылатын талаптар ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес сақталғандығымен келіседі.
4. Ақпарат алмасу
Тараптар бір біріне Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті көмек пен ақпаратты ұсынады.
Тараптар арасындағы кез келген байланыс мына мекенжайларға жіберіледі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Сол жағалау, Үкімет үйі, тел.: + (7172) 74 50 19, факс: + (7172) 74 58 70.
ЭЫДҰ үшін: ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы, Ғаламдық байланыстар хатшылығы, 75775, Франция, Париж Cedex 16, 2, rue Andre-Pascal, эл.пошта: elisabetta.daprati@oecd.org.
5. Жобаның нәтижелерін қолдану
1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері тек ЭЫДҰ-ның меншігі болып қалады.
2. Құжаттарды жіктелуіне және жіктеуден шығарылуына қатысты, үшінші тараптардың құқықтарын, сондай-ақ ЭЫДҰ қағидалары мен саясатының сақталуы кезінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез келген мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттар үшін Жоба бойынша қорытынды есептің қағаз көшірмелерін қолдануға, көшіруге және таратуға айрықша емес, қайтарып алынбайтын құқықты береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі сондай-ақ толықтай қорытынды есеп ретінде өз веб-сайтында орналастыруға және таратуға уәкілетті.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет жерде үнемі ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын тиісті түрде мойындайды.
4. ЭЫДҰ осындай жарияланымның тілі мен үлгісіне қарамастан қорытынды есепті бірінші жариялау құқығын өзіне қалдырады.
5. Қорытынды есеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін мақұлдауды қамтитын болады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің рәмізі жарияланымның мұқабасының артқы бетінде немесе жоғарыда көрсетілген мақұлдаудың жанында жарияланымның ішінде орналастырылады.
6. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылады. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты өз есебін дайындау мақсатында және жобаны жүзеге асыруға қолдануға және/немесе енгізуге құқылы.
6. Дауларды шешу
Осы Келісімді түсінуден, қолданудан немесе орындаудан, сондай-ақ оның қолданылуынан, жарамдылығынан немесе бұзылуынан немесе осыларға қатысты туындайтын және келіссөздер жолымен шешу мүмкін емес кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық Аралық соттың тұрақты палатасының осы Келісімді жасасу күніне қолданыстағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін Төрелік сотының фаультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар соңғы төрелік талқылауымен шешіледі. Төрешілердің саны – біреу. Төреші Тараптар арасындағы уағдаластық арқылы таңдалады, егер төрелік талап етілгеннен кейін үш айдың ішінде мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, төреші Тараптардың бірінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік сот Франция, Парижде өтеді және барлық іс-жүргізу және ұсынылатын түсініктемелер ағылшын тілінде болуы тиіс.
7. Артықшылықтар мен иммунитеттер
Осы Келісімге ештеңе халықаралық ұйым ретіндегі ЭЫДҰ артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту деп түсіндірілмеуі тиіс.
8. Өзгерістер
Осы Келісім Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген түзетулер арқылы өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
9. Күшіне ену
Осы келісім екі Тарап қол қойғаннан кейін күшіне енеді және қолданылады [қайсы соңғы болуына байланысты 250 МЫҢ ЕВРО-дан жоғары VC/ГРАНТТАР және ЭЫДҰ Бюджет комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық жарнасын қабылдауы үшін] Осы Келісім одан туындайтын барлық міндеттемелерді екі Тараптар орындағанға дейін қолданылады және жарамды болады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде алты түпнұсқа данасына қол қойылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерде сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз түпнұсқа болып саналады.
Қазақстан Республикасының Үкіметінен Қолы: _________________________ |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымынан |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымынан |