Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.12.2024 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Астана қаласындағы "ЕХРО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілері мен инфрақұрылымын салуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 390-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтерде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт "Астана ЕХРО-2017" жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары | 22,68 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын
"
1-1 | Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт "Астана ЕХРО-2017" жел электр станциясы | 59,7 |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |