Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы»
1-бап. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 14 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қарулы Күштері және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
1) 8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері мен сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдары бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері мен сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдары бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер мен сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдарының қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртібін бекітеді;
4) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер мен сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдарының басшыларын лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;
7) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер мен сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдарындағы ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
8) уәкілетті органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;
9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке медициналық тексеріп-қарау жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;
10) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
11) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді.»;
2) 21-баптың 11-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары».
2-бап. Өтпелі ережелер
1. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 8-бап мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
«8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері мен сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдары бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері мен сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдары бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер мен сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдарының қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртібін бекітеді;
4) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер мен сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;
7) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер мен сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізетін сот сараптамасы органдарындағы ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
8) уәкілетті органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;
9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке медициналық тексеріп-қарау жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;
10) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
11) әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сapaптaмa органдары туралы ережені бекітеді.».
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті