Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 1047 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 940-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов