Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 854 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.11.2021 № 854 қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Peспубликасының


Премьер-Mинистрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 189 қаулысымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар
қызметінің аражігін ажырату

Р/с №

Ұлттық компанияның атауы

Қызмет түрі

1

2

3

1.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

мұнай және газ ресурстарын, өндіру процесін сумен қамтамасыз үшін жерасты суларын барлау және өндіру

2.

"Taу-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамы

уранды және оның қосылыстарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, көмір бассейндері газын, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру

3.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы

уранды, оның қосылыстарын, сирек кездесетін металдарды, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру

4.

"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы

мұнай мен газды, уран мен оның қосылыстарын, көмір бассейндері газын қоспағанда, жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалар кен орындарын іздестіруді және бағалауды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау

5.

Алып тасталды - 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


      Ескертпе: осы жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату мемлекеттің басым құқығын іске асырған, ұлттық компанияның келісімшарттарға үлестік қатысуын көздейтін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдірген, тікелей келіссөздер негізінде конкурстар өткізбестен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға құқығы бар ұлттық компанияларды айқындаған, сондай-ақ құзыретті орган келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда келісімшарт аумағын сенімгерлік басқаруға қабылдаған кезде қолданылады.

Об утверждении разграничения деятельности национальных компаний в сфере недропользования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 189. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 854.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.11.2021 № 854.

      В соответствии с подпунктом 13-1) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое разграничение деятельности национальных компаний в сфере недропользования.

      2. Заинтересованным центральным и местным исполнительным органам Республики Казахстан, акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (по согласованию) в установленном законодательством порядке принять меры, необходимые для реализации настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 3 апреля 2015 года № 189

Разграничение деятельности национальных компаний
в сфере недропользования

      Сноска. Разграничение деятельности с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование национальной компании

Вид деятельности

1

2

3

1.

Акционерное общество "Национальная компания "КазМунайГаз"

разведка и добыча ресурсов нефти и газа, подземных вод для водообеспечения процесса добычи

2.

Акционерное общество "Национальная горнорудная компания "Tay-Кен Самрук"

разведка и добыча твердых полезных ископаемых, за исключением урана и его соединений, разведка и добыча газа угольных бассейнов, подземных вод для водообеспечения процесса добычи

3.

Акционерное общество "Национальная атомная компания "Казатомпром"

разведка и добыча урана, его соединений, редких металлов, подземных вод для водообеспечения процесса добычи

4.

Акционерное общество "Национальная геологоразведочная компания "Казгеология"

геологическое изучение недр, включая поиск и оценку месторождений полезных ископаемых, разведка твердых полезных ископаемых и подземных вод, за исключением нефти и газа, урана и его соединений, газа угольных бассейнов

5.

Исключена постановлением Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Примечание: настоящее разграничение деятельности национальных компаний в сфере недропользования применяется при реализации приоритетного права государства, представлении государственных интересов в контрактах, предусматривающих долевое участие в них национальной компании, определении национальной компании, имеющей право на получение права недропользования без проведения конкурса на основе прямых переговоров, а также принятии в доверительное управление контрактной территории в случаях досрочного прекращения компетентным органом действия контракта.