"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алматы қаласы Наурызбай ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 237 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне көзделген бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алматы қаласы Наурызбай ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің Ережесін бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы 222-1-жолмен толықтырылсын:
      «222-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алматы қаласы Наурызбай ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О создании государственного учреждения "Управление по защите прав потребителей Наурызбайского района города Алматы Департамента по защите прав потребителей города Алматы Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 237

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать государственное учреждение «Управление по защите прав потребителей Наурызбайского района города Алматы Департамента по защите прав потребителей города Алматы Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан» (далее – учреждение) в пределах утвержденного лимита штатной численности, предусмотренного Министерству национальной экономики Республики Казахстан.
      2. Установить, что финансирование учреждения осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете Министерству национальной экономики Республики Казахстан на 2015-2017 годы.
      3. Министерству национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить Положение учреждения и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан  от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2014 г.,  № 59-60, ст. 555) следующее дополнение:
      в Положении о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      Перечень государственных учреждений – территориальных органов Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан:
      дополнить строкой 222-1 следующего содержания:
      «222-1. Управление по защите прав потребителей Наурызбайского района города Алматы Департамента по защите прав потребителей города Алматы Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан.».
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                     К. Масимов