Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі" деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі";
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі";
реттік нөмірі 143-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
143. | "Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы" акционерлік қоғамы |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-1-жолмен толықтырылсын:
"
145-1. | "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
";
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" және "Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі" деген бөлімдер алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | |
167. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
168. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
169. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
169-1. | "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |