1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне, "Мемлекеттік меншік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 168-бабына және "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Республикалық физика-математика мектебі" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен балаларға қосымша білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру болып айқындалсын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-146-жолмен толықтырылсын:
"123-146. "Республикалық физика-математика мектебі" КЕАҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-14-жолмен толықтырылсын:
"222-33-14. "Республикалық физика-математика мектебі" КЕАҚ".
3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат):
5-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
6-бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолдағы "1376,5" деген сандар "1267,5" деген сандармен ауыстырылсын";
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:" деген жолдағы "853,5" деген сандар "744,5" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7) жол алып тасталсын.