Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін беру және оларды қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 360 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарына Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілсін.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдары қайта аталсын.
      3. Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 360 қаулысына   
1-қосымша      

Кеңес Одағы батырларының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілетін білім беру ұйымдарының тізбесі

Қостанай облысы бойынша

      «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Бауыржан Момышұлының есімі;
      «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 9 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Естай Есжановтың есімі;

Қызылорда облысы бойынша

      «Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 250 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Тәйімбет Көмекбаевтың есімі;

Павлодар облысы бойынша

      «Павлодар қаласының № 22 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Бауыржан Момышұлының есімі;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

      «Арыс қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 1 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ережепбай Молдабаевтың есімі;
      «Түлкібас ауданының әкімдігі білім бөлімінің «Абайыл станциясының № 21 шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Нұрлыбай Қасымбековтің есімі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 360 қаулысына   
2-қосымша     

Қайта аталатын білім беру ұйымдарының тізбесі

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

      Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Шұбарсу жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
      «Отырар ауданы білім бөлімінің «Шілік» шағын жинақты жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
      «Отырар ауданы білім бөлімінің «Қоғам жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
      «Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Кемербастау» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сабыр Рахымов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;

Павлодар облысы бойынша

      «Ақсу қаласы Пограничный ауылдық округінің орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесіне;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Тарбағатай ауданы «В.П. Чкалов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қасым Қайсенов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
      Үржар ауданы «М. Горький атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне.

О присвоении имен героев Советского Союза и ветеранов Великой Отечественной войны и переименовании организаций образования Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 360

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Присвоить имена героев Советского Союза и ветеранов Великой Отечественной войны организациям образования согласно приложению 1 к настоящему постановлению.
      2. Переименовать организации образования согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
      3. Акиматам Костанайской, Кызылординской, Павлодарской, Южно-Казахстанской, Восточно-Казахстанской областей принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. МАСИМОВ

Приложение 1      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 27 апреля 2015 года № 360

Перечень организаций образования,
которым присваиваются имена героев Советского Союза
и ветеранов Великой Отечественной войны

по Костанайской области

      государственному учреждению «Средняя школа № 5 отдела образования акимата города Костаная» – имя Бауыржана Момышулы;
      коммунальному государственному учреждению «Средняя школа № 9» государственного учреждения «Отдел образования акимата Житикаринского района» – имя Естая Есжанова;

по Кызылординской области

      коммунальному государственному учреждению «Школа-лицей № 250 Кармакшинского районного отдела образования» – имя Таимбета Комекбаева;

по Павлодарской области

      государственному учреждению «Средняя общеобразовательная школа № 22 города Павлодара» – имя Бауыржана Момышулы;

по Южно-Казахстанской области

      коммунальному государственному учреждению «Общая средняя школа № 1» коммунального государственного учреждения «Отдел образования города Арыс» – имя Ережепбая Молдабаева;
      коммунальному государственному учреждению «Малокомплектная начальная школа № 21 станции Абайыл» отдела образования акимата Тюлькубасского района – имя Нурлыбая Касымбекова.

Приложение 2      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 27 апреля 2015 года № 360

Перечень
переименовываемых организаций образования

по Южно-Казахстанской области

      коммунальное государственное учреждение «Общая средняя школа «Шубарсу» отдела образования Ордабасынского района – в коммунальное государственное учреждение «Общая средняя школа имени Мухаметкула Исламкулова»;
      коммунальное государственное учреждение «Малокомплектная общая средняя школа «Шилик» отдела образования Отрарского района» – в коммунальное государственное учреждение «Малокомплектная общая средняя школа имени Сейтжана Куртаева»;
      коммунальное государственное учреждение «Общая средняя школа «Когам» отдела образования Отрарского района» – в коммунальное государственное учреждение «Общая средняя школа имени Сейткасыма Аширова»;
      коммунальное государственное учреждение «Общая средняя школа «Кемербастау» отдела образования акимата Тюлькубасского района» – в коммунальное государственное учреждение «Общая средняя школа имени Сабыра Рахимова»;

по Павлодарской области

      государственное учреждение «Средняя школа Пограничного сельского округа города Аксу» – в государственное учреждение «Средняя школа имени Бауыржана Момышулы»;

по Восточно-Казахстанской области

      коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени В. П. Чкалова» Тарбагатайского района – в коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени Касыма Кайсенова»;
      коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени М. Горького» Урджарского района – в коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени Бауыржана Момышулы».