Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 15, 159-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін және нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов