Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне көзделген бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Қаратау ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
2. Мекемені қаржыландыру 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің Ережесін бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 212-1-жолмен толықтырылсын:
«212-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Қаратау ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.».
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов