2012 жылы республикалық бюджеттен алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 519 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 036 «Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына берілген 12200000000 (он екі миллиард екі жүз миллион) теңге сомасындағы бюджеттік кредит қарыз алушының корреспонденттік шотына кредит аударылған күннен бастап игеру кезеңін 6 (алты) жылға өзгерту бөлігінде қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

О реструктуризации бюджетного кредита, выданного из республиканского бюджета в 2012 году акционерному обществу "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" для предоставления предварительных и промежуточных жилищных займов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2015 года № 519

      В соответствии со статьей 193 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реструктуризировать бюджетный кредит, предоставленный акционерному обществу «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012 – 2014 годы» по бюджетной программе 036 «Кредитование АО «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» для предоставления предварительных и промежуточных жилищных займов» в сумме 12200000000 (двенадцать миллиардов двести миллионов) тенге в части изменения периода освоения на 6 (шесть) лет со дня перечисления кредита на корреспондентский счет заемщика.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан, Министерству национальной экономики Республики Казахстан, акционерному обществу «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» обеспечить заключение соответствующего дополнительного соглашения к кредитному договору.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов