1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қ. халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің теңгеріміне республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша жолаушылар терминалының (аэровокзал) стратегиялық объектісін иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов