РҚАО-ның ескертпесі!
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 149 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 7-жолдың 3-бағанында «МСМ» деген аббревиатура «ИДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету» деген бөлімде:
реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағанында «1183099» деген сандар «1109692» деген сандармен ауыстырылсын;
«Барлығы» деген жолда «1652350» деген сандар «1578943» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов