Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 қаулысы.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық органдары алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен оның аумақтық органдары алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.12.2018 № 875 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi); өзгерістер енгізілді – 10.04.2019 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 01.08.2019 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi); 22.09.2020 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.01.2023 № 25 қаулыларымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 231-құжат);

      2) "Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 58 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 232-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по производству этилового спирта и алкогольной продукции, производству табачных изделий, деятельности по хранению и оптовой реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению и оптовой реализации алкогольной продукции на территории ее производства, а также хранению и розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению и розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства, и государственного органа, осуществляющего согласование выдачи лицензии и (или) приложения к лицензии на осуществление деятельности в сфере производства алкогольной продукции в части соответствия заявителя требованиям законодательства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 634.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить:

      1) Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан лицензиаром по осуществлению лицензирования деятельности по производству этилового спирта и алкогольной продукции, производству табачных изделий;

      2) территориальные органы Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам республиканского значения и столице лицензиарами по осуществлению лицензирования деятельности по хранению и оптовой реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению и оптовой реализации алкогольной продукции на территории ее производства, а также хранению и розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению и розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства;

      3) Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан и его территориальные органы государственным органом, осуществляющим согласование выдачи лицензии и (или) приложения к лицензии на осуществление деятельности в сфере производства алкогольной продукции в части соответствия заявителя требованиям законодательства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 25.12.2018 № 875 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 10.04.2019 № 177 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования); от 01.08.2019 № 570 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 22.09.2020 № 596 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования); от 18.01.2023 № 25.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2013 года № 57 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству этилового спирта, производству алкогольной продукции, хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 13, ст. 231);

      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2013 года № 58 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству табачных изделий" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 13, ст. 232).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов