"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 640 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында:
      6-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.»;
      1415-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөнінде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын өңірлік комиссияларға жібереді.
      15. Өңірлік комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан материалдарды алған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеруді жүзеге асырады және облыстық конкурстың жеңімпаздары айқындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерімен келісілген өз шешімдерін осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.»;
      16-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
      1718-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Комиссия өңірлік комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде бағдарламалар циклын әзірлеу үшін мемлекеттік телеарнаға іріктеу туралы, сондай-ақ лауреат атағын тағайындау жөніндегі үміткер отбасылар туралы материалдарды жолдайды.
      18. Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады.
      Интерактивті дауыс беру мерзімдерін конкурс ұйымдастырушылары айқындайды.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 181 "Об утверждении Правил проведения Национального конкурса "Мерейлі отбасы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 августа 2015 года № 640

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 181 «Об утверждении Правил проведения Национального конкурса «Мерейлі отбасы» (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 15, ст. 126) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах проведения Национального конкурса «Мерейлі отбасы», утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 6:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      «6. Организаторами конкурса являются Министерство культуры и спорта Республики Казахстан, Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан при поддержке Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан, а также комиссий по делам женщин и семейно-демографической политике при акимах городов Астаны, Алматы и областей.»;
      дополнить частью второй следующего содержания:
      «Конкурс проводится при содействии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и местных исполнительных органов.»;
      пункты 1415 изложить в следующей редакции:
      «14. Районная (городская) комиссия в срок не более одного месяца с момента завершения приема заявок для участия в конкурсе осуществляет всестороннюю проверку полученной информации по определению победителей районного конкурса, после чего в течение двух рабочих дней направляет согласованные с акимами районов (городов) конкурсные материалы четырех участников (семьи) в региональные комиссии.
      15. Региональные комиссии в срок не более одного месяца с момента получения материалов из районных (гopoдских) комиссий производят отбор двух лучших семей, при необходимости осуществляют дополнительную проверку представленных материалов и направляют свои решения, согласованные с акимами городов Астаны, Алматы и областей, с пакетом документов, предусмотренных пунктом 10 настоящих Правил, в течение двух рабочих дней после определения победителей областного конкурса в Комиссию по присуждению звания лауреата Национального конкурса «Мерейлі отбасы» (далее – комиссия).»;
      подпункт 6) пункта 16 исключить;
      пункты 1718 изложить в следующей редакции:
      «17. Комиссия после коллегиального рассмотрения предложений региональных комиссий в течение 10 дней направляет материалы на государственный телеканал для подготовки цикла программ об отборе, а также о семьях-претендентах по присуждению звания лауреата.
      18. В отборе победителей активное участие принимает все население страны путем интерактивного голосования посредством смс-сообщений и интернет-ресурса.
      Сроки проведения интерактивного голосования определяются организаторами конкурса.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      К. Масимов