Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру жөніндегі және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарларды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 645 қаулысы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.
      2. «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1027-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Об определении лицензиаров по осуществлению лицензирования деятельности по производству препаратов ветеринарного назначения и по проведению ветеринарно-санитарной экспертизы продукции и сырья животного происхождения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 августа 2015 года № 645

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года «О разрешениях и уведомлениях» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить:
      1) лицензиаром по осуществлению лицензирования деятельности по производству препаратов ветеринарного назначения Комитет ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;
      2) лицензиарами по осуществлению лицензирования деятельности по проведению ветеринарно-санитарной экспертизы продукции и сырья животного происхождения местные исполнительные органы областей, города республиканского значения, столицы.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1511 «О некоторых вопросах лицензирования деятельности в области ветеринарии» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 78, ст. 1027).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов