Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 227 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 20, 333-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов