Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – 1-қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу 1-қоғам қызметінің негізгі түрі болып айқындалсын.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – 2-қоғам) қайта құру жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – 3-қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2016 № 616 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 1-қоғамның жарғылық капиталын:
1) «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының жүз пайыз акцияларын беру;
2) 2, 3-қоғамдардың жүз пайыз акцияларын беру;
3) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2016 № 616 қаулысымен.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.10.2016 № 616 қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) 1, 2, 3-қоғамдар жарғыларының бекітілуін;
2) 1, 2, 3-қоғамдардың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 1-қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының берілуін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
6-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) саны 2000 (екі мың) дана билік етуі шектелген жарияланған акцияларын 1 000 501 010,68 теңге (бір миллиард бес жүз бір мың он теңге алпыс сегіз тиын сомасындағы оларды мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп алып қою арқылы Қоғамның салықтық берешегін өтеу есебіне орналастырсын;
2) Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акцияларға мемлекеттік меншік құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тіркеуді қамтамасыз етсін.
Ескерту. Қаулы 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.10.2016 № 616 қаулысымен.
7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 22 тамыздағы
№ 659 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-92-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-170, 21-171, 21-172-жолдармен толықтырылсын:
«21-170. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ
21-171. «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ
21-172. «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 205-15-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-34-жолмен толықтырылсын:
«205-34. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».».
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
19, 20-тармақтар алып тасталсын;
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
4, 5-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
4. «Агроөнеркәсiптiк кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
1-тармақтың 8) тармақшасы, 2-1 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.».
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 183-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы және 2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
6. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірлері 12-1, 12-3-жолдар алып тасталсын.