Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10,340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8,17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 59-бапта:
2-тармақта:
екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар береді.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер беру туралы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Конституциялық заңның мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер болып табылады.»;
5-тармақтың 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»;
6-тармақтың 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес декларацияны тапсыру кезіне кандидаттың немесе оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.»;
2) 73-бапта:
2-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар береді.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.
Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер беру туралы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге міндетті.»;
4-тармақтың 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»;
5-тармақтың 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес декларацияны тапсыру кезіне кандидаттың немесе оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.»;
3) 89-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар береді.
Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер беру туралы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер беру туралы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде беруге міндетті.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.»;
6-тармақта:
5) тармақшаның бірінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес партиялық тізімге енгізілген адамның және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған;»;
6) тармақшаның бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес декларацияны тапсыру кезіне кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған;»;
4) 104-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар береді.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер беру туралы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге міндетті.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес декларацияны тапсыру кезіне кандидаттың немесе оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгі анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.»;
5) 118-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар береді.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.
Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер беру туралы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге міндетті.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес декларацияны тапсыру кезіне кандидаттың немесе оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.».
2-бап. Осы Конституциялық заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті