Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 755 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы
2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысы бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде:
      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия "Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева" Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 755

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 и подпунктом 5) пункта 2 статьи 134 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать Республиканское государственное казенное предприятие «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева» Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан путем преобразования в Республиканское государственное предприятие на праве  хозяйственного ведения «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева» Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее - предприятие).
      2. Определить:
      1) уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении предприятия Комитет по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан;
      2) основным предметом деятельности предприятия осуществление деятельности в области здравоохранения.
      3. Комитету по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) внести на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устав предприятия;
      2) обеспечить государственную регистрацию предприятия в органах юстиции;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 59-60, ст. 555) следующее изменение:
      в Положении о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в перечне республиканских государственных предприятий Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан:
      строку, порядковый номер 22, изложить в следующей редакции:
      «22. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева.».
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      К. Масимов