«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы:
мына:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Магистратураға қабылдау
Атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
|||
Ұлттық ЖОО |
Басқа ЖОО |
||||
2015 жылдың 4 айына |
2016 жылдың 8 айына |
2015 жылдың 4 айына |
2016 жылдың 8 айына |
||
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) |
300 |
315,0 |
630,1 |
260,2 |
520,3 |
Барлығы |
300 |
»;
деген бөлімнен кейін:
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Магистратураға қабылдау
Коды |
Мамандықтар топтарының атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
Жылына 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
6М030100 |
Құқықтану |
10 |
2411,1 |
6М030300 |
Құқық қорғау қызметі |
17 |
2411,1 |
Барлығы |
27 |
»;
мына:
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының PhD докторантурасына қабылдау
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
Жылына 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
|
2015 жылғы 4 айға |
2016 жылғы 8 айға |
|
12 |
1 733,9 |
3 467,8 |
»
деген бөлімнен кейін:
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының PhD докторантурасына қабылдау
Коды |
Мамандықтар топтарының атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
Жылына 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
6D030300 |
Құқық қорғау қызметі |
3 |
2664,2 |
Барлығы |
3 |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов