Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 30 мамырда Минскіде жасалған 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттеріне қайтару мәселелеріндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 қазандағы
№ 826 қаулысымен
бекітілген
2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастықты жалғастырудағы мүдделілікті ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмнің 17-бабының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады».
2-бап
Осы Хаттама 2014 жылғы 10 маусымнан бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге сақтауға берілген күнінен бастап күшіне енеді. Қажетті рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін Хаттама тиісті құжаттарды депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
2014 жылғы 30 мамырда Минск қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке жіберетін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Түрікменстанның
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін