Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 698 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 43, 411-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов