Тәжікстан Республикасындағы қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны анықтасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Тәжікстан Республикасының межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 861 қаулысына
қосымша
Тәжікстан Республикасына
ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған
материалдық құндылықтар тізбесі
Р/с № |
Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бірлігі |
Саны |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Өсімдік майы |
литр |
500 000 |
2 |
Ет консервілері |
физикалық банка |
10 791 |
3 |
Қант |
килограмм |
192 005,20 |
4 |
Күріш жармасы |
тонна |
400 |
5 |
Сүт консервілері |
физикалық банка |
400 000 |
6 |
Сары май |
тонна |
70 |
7 |
Диаметрі 12 мм металл илегі |
тонна |
800 |
8 |
Металл шифер |
тонна |
39 |
__________________________