"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2024 № 617 қаулысымен.1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына байқау кеңестері енгізілсін:
1) "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты";
2) "Генетика және физиология институты";
3) "Ғылым ордасы";
4) "Зоология институты";
5) "Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы";
6) "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты";
7) "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты";
8) "Философия, саясаттану және дінтану институты".
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2024 № 617 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |