Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру бойынша атқару хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының
Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз болатын
адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасын ратификациялау туралы
2015 жылғы 2 қыркүйекте Минскіде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру бойынша атқару хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының
Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы
туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі
заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға толық шешім қабылдай отырып;
ұйымдасқан қылмыстық топтардың көшіп-қонушыларды заңсыз тасымалдау жөніндегі іс-әрекетінің айтарлықтай өсуіне алаңдаушылық білдіре отырып;
осы Келісімді жасасу арқылы өзара негізде Тараптар мемлекеттерінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтау және олардың реадмиссиясы үшін жылдам және тиімді рәсімдерді жасауға, сондай-ақ ынтымақтастық рухында осындай адамдардың транзитіне ықпал етуге ниет білдіре отырып;
тиісті жағдайларда Тараптар өз мемлекетінің аумағына заңсыз кірген үшінші мемлекеттер азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды оларға азаматтық берген немесе тұрақты тұратын мемлекеттерге жіберу үшін барлық күш-жігерін салуға тиіс екенін назарға ала отырып;
адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін тани отырып және осы Келісім халықаралық құқыққа, атап айтқанда, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындар мәртебесі туралы конвенцияға және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесіне қатысты хаттамаға, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын ұстап беру мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейтінін атап көрсете отырып;
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны:
«Реадмиссия» - осы Келісімнің ережелеріне сәйкес сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз кірген, онда болған немесе тұрып жатқан адамдарды (сұрау салынатын мемлекеттің азаматтарын, үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды) сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органының қайтаруын және сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органының қабылдауын;
«Үшінші мемлекеттің азаматы» - Тараптар мемлекеттерінің азаматтығынан өзге азаматтығы бар адамды;
«Азаматтығы жоқ адам» - Қазақстан Республикасының немесе Молдова Республикасының азаматтығы және өзге мемлекеттің азаматтығы жоқ адамды;
«Болу» - Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес олардың аумағында болуға Тараптардың құзыретті органдары берген құқығын;
«Тұруға рұқсат» - адамға тиісті Тарап мемлекетінің аумағында тұруға құқық беретін, Тараптардың құзыретті органдары берген жарамды рұқсатты;
«Виза» - әуежай транзиттік визасы кірмейтін, Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіруге немесе оның аумағы арқылы транзитке құқық беретін рұқсатты немесе құжатты;
«Әуежай транзиттік визасы» - Молдова Республикасының аумағындағы халықаралық әуежайдан транзитпен өтуге арналған визаны;
«Транзит» - үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың сұрау салушы мемлекеттен межелі мемлекетке сұрау салынатын мемлекеттің аумағы арқылы баруын;
«Сұрау салушы мемлекет» - осы Келісімге сәйкес реадмиссия немесе транзит туралы өтінішхатты жолдайтын Тараптардың бірінің мемлекетін;
«Сұрау салынатын мемлекет» - осы Келісімге сәйкес реадмиссия немесе транзит туралы өтінішхат жіберілетін Тараптардың бірінің мемлекетін;
«Құзыретті органдар» - Тараптардың осы Келісімді іске асыру жүктелетін органдарын білдіреді.
2-бап
Өз азаматтарының реадмиссиясы
1. Егер осы Келісімге сәйкес бұл адам сұрау салынатын мемлекеттің азаматы болып табылатыны анықталса, сұрау салынатын мемлекет сұрау салушы мемлекеттің өтінішхаты бойынша осы Келісімнің шеңберінде сұрау салушы мемлекеттің аумағына кіру, онда болу немесе тұру талаптарын орындамайтын немесе орындауды тоқтататын кез келген адамды өз аумағында қабылдайды. Аталған ереже сұрау салушы мемлекеттің аумағына кіргеннен кейін, сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығынан айырылған немесе одан бас тартқан және сұрау салушы мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдарға да қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың реадмиссиясымен бір мезгілде сұрау салушы мемлекет мыналардың:
1) егер олардың сұрау салушы мемлекеттің аумағында болуға немесе онда тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, олардың туған жеріне немесе азаматтығына қарамастан, кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балаларының;
2) егер олардың сұрау салынатын мемлекеттің аумағына кіруге, онда болуға немесе тұруға құқығы болса және сұрау салушы мемлекеттің аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, осы баптың 1-тармағында аталған адамдардан өзге басқа да азаматтығы бар жұбайларының реадмиссиясын жүзеге асырады.
3. Сұрау салынатын мемлекет реадмиссияға жататын адамның ерік білдіруіне қарамастан, қажет болған кезінде бұл адамды қайтару үшін қажетті жол жүру құжатын береді, оның қолданылуы 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімді құрайды. Жол жүру құжатын сұрау салынатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі тиісті өтінішті алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді. Егер берілген жол жүру құжатының қолданылу мерзімі ішінде реадмиссияға жататын адамды заңды немесе нақты себептер бойынша беру мүмкін болмаса, сұрау салынатын мемлекет осы тармақта көзделген тәртіппен жаңа жол жүру құжатын береді, оның қолданылу мерзімі адамға бұрын берілген жол жүру құжатының мерзіміндей болады.
3-бап Үшінші мемлекеттер азаматтарының
және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын мемлекет сұрау салушы мемлекеттің өтінішхаты бойынша, егер осы Келісімге сәйкес мұндай адамның:
1) сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз келгені, онда заңды негізде болғаны; немесе
2) келу кезінде сұрау салынатын мемлекет берген тұруға арналған жарамды рұқсатының болғаны; немесе
3) келу кезінде сұрау салынатын мемлекет берген жарамды визасының болғаны дәлелденсе, сұрау салушы мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру талаптарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан үшінші мемлекеттің кез келген азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды осы Келісімнің шеңберінде өз аумағында қабылдайды.
2. Егер:
1) үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам сұрау салынатын мемлекеттің аумағындағы халықаралық әуежайдың тек транзиттік аймағында ғана болса немесе оның транзиттік визасы болса; немесе
2) сұрау салушы мемлекет:
тіпті сұрау салынатын мемлекет берген виза немесе тұруға рұқсат жалған құжаттардың көмегімен алынса да, осы адамның сұрау салынатын мемлекет берген визасы немесе тұруға рұқсаты болған және олардың неғұрлым ұзақ қолданылу мерзімі болған жағдайларды қоспағанда, сұрау салушы мемлекет үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға өз аумағына кіргенге дейін немесе одан кейін виза немесе тұруға рұқсат берген болса, осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссияға қатысты міндеттеме қолданылмайды.
4-бап
Қате реадмиссия
Сұрау салушы мемлекет, егер оған осы адамды берген күннен кейін 3(үш) ай ішінде осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көзделген талаптардың сақталмағаны немесе адамды беру кезінде осы Келісімде көзделген осындай адамның реадмиссиясы үшін жағдайлар болмағаны анықталса, сұрау салынатын мемлекет қайтаратын адамды кері қабылдайды. Мұндай жағдайларда осы Келісімнің реадмиссия мен транзит рәсімдерін реттейтін ережелері қолданылады, ал сұрау салынатын мемлекет қайтарылатын адаммен бірге сұрау салушы мемлекетке беруге жататын адамның жеке басы мен азаматтығы туралы қолда бар барлық ақпаратты береді.
5-бап
Реадмиссия туралы өтінішхат
1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес адамның реадмиссиясын жүзеге асыру үшін сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органы реадмиссия туралы өтінішхатты пошта немесе ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегі арқылы сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына жібереді.
2. Егер реадмиссияға жататын адамда мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін жарамды сұрау салынатын мемлекет азаматының жол жүру құжаты болса, ал үшінші мемлекет азаматының және азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясы жағдайында, егер осы адамның сұрау салынатын мемлекет берген тұруға рұқсаты болса, реадмиссия туралы өтінішхатты жіберу талап етілмейді.
3. Реадмиссия туралы өтінішхат мынадай ақпаратты:
1) реадмиссияға жататын адам туралы барлық қолда бар мәліметтерді (аты, тегі, туған күні мен жері, жынысы, соңғы тұрғылықты жері), оның кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балалары және (немесе) жұбайы (зайыбы) туралы толық ақпаратты, реадмиссияға жататын адамның 40х60мм өлшемдегі түрлі-түсті фотосуретін;
2) мынадай:
адамның сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығына тиесілігі дәлелдемелерінің бар-жоғы туралы; немесе
үшінші мемлекет азаматының реадмиссиясы үшін шарттар туралы; немесе
азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясы үшін шарттар туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
4. Қажет болған жағдайларда, реадмиссия туралы өтінішхат мынадай ақпаратты:
1) реадмиссияға жататын адам медициналық көмекке немесе арнайы күтімге мұқтаж екені туралы куәландыратын өтінішті;
2) беру жағдайында қажет болуы мүмкін қауіпсіздікті қорғау немесе қамтамасыз ету жөніндегі кез келген басқа да шаралар туралы ақпаратты да қамтуға тиіс.
5. Реадмиссия туралы өтінішхаттың нысаны Атқару хаттамасының 6-қосымшасында қамтылған.
6-бап
Азаматтыққа тиесілігінің дәлелдемелері
1. Адамның сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығына тиесілігі:
1) тіпті егер мұндай құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, Атқару хаттамасының 1-қосымшасында көрсетілген құжаттардың ең болмаса бірінің негізінде расталуы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, сұрау салынатын мемлекет адамның азаматтығын одан әрі тексерусіз таниды;
2) тіпті егер мұндай құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, осы Атқару хаттамасының 2-қосымшасында көрсетілген құжаттардың ең болмаса бірінің негізінде болжануы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, сұрау салынатын мемлекет басқаша дәлелдей алмаса, адамның азаматтығы анықталды деп есептейді.
2. Жалған құжаттар адамның тиісті мемлекеттің азаматтығына тиеслігініне дәлел бола алмайды.
3. Сұрау салынатын мемлекет беретін азаматтың осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көрсетілген реадмиссияға жататын адамдармен отбасылық байланысы және оның сұрау салынатын мемлекеттің аумағына келуге құқығы Атқару хаттамасының 3-қосымшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну арқылы расталуы мүмкін.
4. Егер Атқару хаттамасының 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттардың бір де бірі ұсынылмаса, онда сұрау салынатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі реадмиссияға жататын адамның азаматтығын анықтау мақсатында онымен 10 (он) күннің ішінде әңгімелесу өткізеді.
7-бап
Үшінші мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ
адамдарға қатысты дәлелдемелер
1. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз кіру фактісі:
1) Атқару хаттамасының 4-қосымшасының А бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы расталуы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, сұрау салынатын мемлекет өз аумағынан сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз кіру фактісін таниды.
2) Атқару хаттамасының 4-қосымшасының В бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, сұрау салынатын мемлекет тергеп-тексеру жүргізеді және осындай құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзім ішінде жауап береді. Оң жауап алған немесе жауап болмаған жағдайларда, осы мерзім өткен соң, сұрау салынатын мемлекет өз аумағынан сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз кіру фактісін таниды.
2. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз кіруі тиісті адамның жол жүру құжаттарында қажетті виза немесе сұрау салушы мемлекеттің аумағында тұруға рұқсат болмаған кезде анықталады. Сұрау салушы мемлекеттің тиісті адамда қажетті жол жүру құжаттарының, визаның немесе тұруға рұқсаттың болмауы туралы негізделген өтініші де осы адамның заңсыз кіруінің, онда болуының немесе тұруының дәлелі болып табылады.
3. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың сұрау салынатын мемлекеттің аумағында заңды түрде болуы, осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сұрау салынатын мемлекеттің тұруға рұқсатының немесе визасының болуы:
1) Атқару хаттамасының 5-қосымшасының А бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы расталуы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, сұрау салынатын мемлекет одан әрі тексеру жүргізбестен, өз аумағында осындай адамдардың тұруын заңды деп таниды.
2) Атқару хаттамасының 5-қосымшасының В бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, сұрау салынатын мемлекет тергеп-тексеру жүргізеді және осындай құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзім ішінде жауап береді. Оң жауап алған немесе жауап болмаған жағдайларда, осы мерзім өткен соң, сұрау салынатын мемлекет өз аумағында осындай адамдардың болуын заңды деп таниды.
4. Жалған құжаттар үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар екендігіне дәлел бола алмайды.
8-бап
Әңгімелесу
1. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органы Атқару хаттамасының 1 және 2-қосымшаларында көзделген құжаттардың бір де біреуін беруі мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынатын мемлекет азаматтығын анықтау үшін реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесу өткізеді.
2. Әңгімелесуді:
1) Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасының Молдова Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің қызметкерлері;
2) Молдова тарапынан: Молдова Республикасының Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің қызметкерлері жүргізеді.
3. Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ әңгімелесуді ұйымдастыру туралы сұрау салуды қамтитын реадмиссия туралы өтінішхатты алған күннен бастап 10 (он) күннен кешіктірмей, сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органын әңгімелесудің нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді.
4. Осы Келісімнің 9-бабының 3-тармағында көзделген реадмиссия туралы өтінішхатқа жауап мерзімдері сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы әңгімелесудің нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап, бірақ осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірілмей есептеледі.
9-бап
Мерзімдер
1. Сұрау салынатын мемлекет азаматының реадмиссиясы туралы өтінішхат осындай азамат сұрау салушы мемлекеттің аумағына кіру, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтыны немесе орындауды тоқтатқаны туралы ақпаратты сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органы алғаннан кейін кез келген уақытта сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына жіберілуі мүмкін.
2. Үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясы туралы өтінішхат үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам сұрау салушы мемлекеттің аумағына кіру, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтыны немесе орындауды тоқтатқаны туралы ақпаратты сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органы алған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына жіберіледі. Егер, мұндай адамдардың реадмиссиясы туралы өтінішхат осы тармақта көрсетілген мерзім өткен соң жіберілген жағдайда, үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясына қатысты міндеттеме туындамайды.
3. Реадмиссия туралы өтінішхатқа жазбаша жауапты сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы осындай өтінішхатты алған күннен бастап 14 (он төрт) күннен аспайтын мерзімде жібереді. Көрсетілген мерзімді есептеу кезінде осы Келісімнің 7-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында және 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тергеп-тексеру жүргізу уақыты есепке алынбайды. Реадмиссия туралы өтінішхатқа уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде, сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органының негізделген сұрау салуы негізінде жауап беру мерзімі 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады. Егер реадмиссия туралы өтінішхатқа жауап осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде алынбаса, реадмиссия туралы өтінішхатқа оң жауап берілді деп есептеледі.
4. Реадмиссия туралы өтінішхаттан бас тартылған жағдайда, сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органына өтінішхаттан бас тарту себептері хабарланады.
5. Реадмиссия туралы өтінішхатқа сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органы оң жауап алғаннан кейін, реадмиссияға жататын адам 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде осы Келісімнің 10-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен беріледі.
10-бап
Беру шарттары және көлік түрлері
1. Құзыретті органдар реадмиссияға жататын адамды бергенге дейін беру күнін, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктін, ықтимал еріп жүру шарттарын және беруге қатысты басқа да ақпаратты алдын ала жазбаша нысанда келіседі.
2. Реадмиссияға жататын адамды беру үшін көбінесе әуе көлігі түрі пайдаланылады.
11-бап
Транзит қағидаттары
1. Тараптар үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитін мұндай адамдардың тікелей межелі мемлекетке қайтарылуы мүмкін болмаған жағдайда шектейді.
2. Егер осындай адамдардың барлық транзит мемлекеттерінің аумағы арқылы межелі мемлекетке одан әрі жол жүру мүмкіндігіне және оларды осы мемлекеттің қабылдауына кепілдік берілсе, сұрау салынатын мемлекет үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
3. Сұрау салынатын мемлекеттің талабы бойынша үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзиті еріп жүрумен жүзеге асырылады.
4. Сұрау салынатын мемлекет:
1) егер межелі мемлекетте немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның азаптауларға, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасқа немесе жазаға, өлім жазасына немесе оның нәсілдік, діни, ұлттық тиесілігі белгісі бойынша, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі немесе саяси көзқарастары белгісі бойынша қудалауға ұшырауы мүмкін қаупі бар болса;
2) егер сұрау салынатын мемлекетте, транзит мемлекетінде немесе межелі мемлекетте үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам қылмыстық қудалауға немесе жазалауға ұшырауы мүмкін болса;
3) халық денсаулығын сақтау, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету немесе сұрау салынатын мемлекеттің өзге де ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында;
4) егер сұрау салынатын мемлекеттің аумағы шегінде транзит үшін келу әуежайынан басқа әуежайға бару қажет болса;
5) егер сұрау салушы мемлекет өтініш білдірген көмекті көрсету практикалық сипаттағы негізделген себептер бойынша мүмкін болмаса, транзиттен бас тартуы мүмкін.
5. Сұрау салынатын мемлекет, егер соның салдарынан осы баптың 4-тармағында көзделген транзитке кедергі келтіретін мән-жайлар туындаса немесе анықталса не егер адамның транзитпен ықтимал транзит мемлекетінің аумағы арқылы межелі мемлекетке жол жүруіне немесе баратын мемлекеттің транзитпен жүріп келген адамды межелі мемлекеттің қабылдауына бұдан былай кепілдік берілмесе, кез келген транзитке берілген рұқсатты кері қайтарып ала алады. Мұндай жағдайда сұрау салушы мемлекет үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды дереу кері қабылдайды.
12-бап
Транзит рәсімі
1. Транзит туралы өтінішхат сұрау салынатын мемлекеттің тиісті құзыретті органына жоспарланып отырған транзит жүзеге асырылғанға дейін 10 (он) күннен кешіктірілмей, почта немесе ақпарат берудің техникалық құралдары арқылы берілуге және мынадай ақпаратты:
1) егер осындайлар болса, транзит көлігінің түрлері, транзит маршруты, транзит мемлекеттері және түпкілікті межелі мемлекеті туралы;
2) транзитпен жүретін адам туралы мәліметтерді (аты, тегі, бұрынғы тегі, адам қолданатын өзге де аттары, немесе олар танымал болған аттары, бүркеншек аттары, туған күні, жынысы, мүмкіндігінше туған жері, азаматтығы, тілі, жол жүру құжатының түрі мен нөмірі, реадмиссияға жататын адамның 40x60 мм өлшемдегі түрлі-түсті фотосуреті);
3) пайдаланылуы болжанып отырған мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктін, транзитпен жүретін адамды беру уақытын және ықтимал еріп жүруді;
4) сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органының осы Келісімнің шарттары орындалғаны туралы өтінішін қамтуға тиіс.
2. Транзит туралы өтінішхаттың нысаны осы Атқару хаттамасының 7-қосымшасында қамтылған.
3. Сұрау салынатын мемлекет транзит туралы өтінішхатты алғаннан кейін кешіктірмей, 10 (он) күннің ішінде немесе сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органының уәжді өтініші бойынша жоспарланып отырған транзитті жүзеге асыруға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, транзитке келісетіні туралы сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдарын жазбаша нысанда хабардар етеді, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті мен транзитпен жүрген адамды қабылдаудың болжамды уақытын растайды не оларды транзиттен бас тарту туралы хабардар етеді және осындай бас тартудың себептерін көрсетеді.
4. Егер транзит әуе көлігімен жүзеге асырылса, онда реадмиссияға жататын адам және оған еріп жүретін адамдар әуежайлық транзиттік визаларды алу қажеттілігінен босатылады.
13-бап
Көлік және транзит шығыстары
Осы Келісімге сәйкес реадмиссияға және соңғы межелі мемлекеттің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін транзитке байланысты барлық көлік шығыстарын, сондай-ақ осы Келісімнің 4-бабына сәйкес адамдарды беруге байланысты сұрау салынатын мемлекеттің көлік және басқа да шығыстарын сұрау салушы мемлекет реадмиссияға жататын адамдардың немесе үшінші тараптардың есебінен осындай шығыстарды өтеуге Тараптардың құзыретті органдарының құқығы үшін залалсыз шығыстар туралы құжаттарды ұсынған кезден бастап 60 күн ішінде, екі Тарапқа да тиімді валютада өтейді.
14-бап
Дербес деректерді қорғау
1. Дербес деректерді беру, егер ол Тараптардың құзыретті органдарының осы Келісімді іске асыруы үшін қажет болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Әрбір нақты жағдайда дербес деректерді беру, пайдалану немесе өзге де өңдеу кезінде Тараптардың құзыретті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және халықаралық міндеттемелеріне, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес және мынадай қағидаттарды сақтай отырып, әрекет етеді:
1) дербес деректер әділ және заңды негізде өңделуге тиіс;
2) дербес деректерді жинау осы Келісімді іске асыруға байланысты анық, айқын көрінетін және заңды мақсатта жүзеге асырылуға тиіс, ал оларды жинауды жүргізетін, сол сияқты оларды алатын Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының оларды кейіннен өңдеуі аталған мақсатқа сәйкес келмейтіндей болып жүзеге асырылмауға тиіс;
3) дербес деректер оларды жинау және (немесе) кейіннен өңдеу жүргізілетін мақсаттарға сәйкес болуға тиіс. Атап айтқанда, берілетін дербес деректер тек:
реадмиссияға жататын адам туралы мәліметтерге (аты, тегі, бұрынғы тегі, адам қолданатын өзге де аттары немесе ол танымал болған аттары, бүркеншек аттары, жынысы, отбасы жағдайы, туған күні мен туған жері, қазіргі және бұрынғы кез келген азаматтығы);
жеке басын куәландыратын құжаттарға, жүргізуші куәліктеріне немесе жүру құжаттарына (нөмірі, қолданылу мерзімі, берілген күні, берген орган, берген жері);
реадмиссияға жататын адамды идентификациялау немесе осы Келісімге сәйкес реадмиссия немесе транзит үшін негіз болып табылатын жағдайлардың болуы туралы мәселені зерделеуге қажетті өзге де ақпаратқа қатысты болуы мүмкін;
4) дербес деректер нақты және қажет болған кезде жаңартылып отыруға тиіс;
5) дербес деректер тиісті адамды идентификациялауға мүмкіндік беретін нысанда және оларды жинау және кейіннен өңдеу үшін талап етілетін мерзімнен асырылмастан сақталуға тиіс;
6) дербес деректерді беретін және алатын Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары, оларды өңдеу осы баптың ережелеріне сәйкес келмеген жағдайларда, атап айтқанда, бұл деректер оларды жинау және (немесе) кейіннен өңдеу мақсаттарына сәйкес болмаса, дербес деректерді түзету, жою немесе бұғаттау жөнінде барлық ақылға қонымды шараларды қолданады. Құзыретті органдар көрсетілген деректерді кез келген түзетулер, жою немесе бұғаттау туралы бір-бірін хабардар етеді;
7) дербес деректерді алатын құзыретті орган сұрау салу бойынша дербес деректерді беретін құзыретті органды берілген деректерді пайдаланғаны және олардың негізінде алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
8) дербес деректер құзыретті органдарға ғана берілуі мүмкін. Кейіннен оларды басқа органдарға беру дербес деректерді беретін құзыретті органның алдын ала келісімін талап етеді;
9) дербес деректерді беретін құзыретті орган және дербес деректерді алатын құзыретті орган дербес деректерді беруді және алуды жазбаша нысанда тіркеуге міндетті.
2. Мүдделі адамның сұрау салуы бойынша оған өзі туралы қолда бар деректер, оларды пайдалану немесе пайдаланылуы болжанып отырған мақсаты туралы ақпарат берілуге тиіс. Мүдделі адамның осындай сипаттағы ақпаратты алу құқығы осы сұрау салу берілген аумақтағы мемлекеттің ұлттық заңнамасында регламенттеледі. Егер бас тарту осы Келісімді іске асыру, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу және адамның немесе үшінші тараптың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсаттарында қажет болып табылса, осындай сипаттағы ақпаратты беру туралы сұрау салуды қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін. Егер дұрыс емес дербес деректердің немесе берілуге жатпайтын дербес деректердің берілгені анықталған жағдайда, бұл туралы дербес деректерді алған құзыретті органға дереу хабарланады, ол дереу оларды түзетуге немесе жоюға тиіс.
3. Дербес деректерді беру кезінде осы деректерді сақтаудың тиісті Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген мерзімдері көрсетіледі, ол өткеннен кейін деректер жойылуға тиіс. Берілген дербес деректер сақтау мерзімдеріне қарамастан, берілген мақсаты үшін олардың қажет еместігі анықталғаннан кейін, дереу жойылады. Деректерді берген Тарапқа оларды жою және осындай жоюдың себептері туралы хабарлануға тиіс. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылғаннан кейін Тараптар барлық алынған деректерді дереу жояды.
4. Құзыретті органдар, егер алынатын ақпарат жария етуге жатпаса немесе оны берген Тараптың оны жария етуге ниеті болмаса, бір-бірінен алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бұл техникалық құралдарға, жабдықтар мен материалдарға да қолданылады. Пайдаланылуы шектеулі ақпаратты беру тәртібі жекелеген халықаралық шарттарда регламенттеледі.
15-бап
Өзге де халықаралық міндеттемелермен арақатынас
Осы Келісімнің кіріспесінде тізбеленгендерді қоса алғанда, осы Келісім өздерінің мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
16-бап
Атқару хаттамасы
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар өзара келісуі бойынша осы Келісімді іске асыру бойынша Атқару хаттамасын жасасады.
17-бап
Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Осы Келісімді іске асыру және (немесе) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды қарау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары өзара келісуі бойынша сарапшылар топтарының бірлескен отырыстарын ұйымдастыруы мүмкін.
2. Осы Келісімге Тараптар өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады, жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 19-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
18-бап
Дауларды шешу
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді Тараптардың құзыретті органдары келіссөздер және өзара консультациялар арқылы шешеді.
19-бап
Осы Келісімнің күшіне енуі, қолданылу мерзімі, қолданысын
тоқтата тұру және тоқтату
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Тараптардың әрқайсысы, 2-бапты қоспағанда, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама арқылы осы Келісімнің қолданысын уақытша, толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін. Осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алынған күннен бастап 30 (отыз) күннен кейін тоқтатыла тұрады. Тараптар осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұруын тоқтату туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
3. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапты жазбаша хабарлама арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алынған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң тоқтатылады.
Минскіде 2015 жылғы 2 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, румын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының
Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру бойынша атқару хаттамасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын Минск қаласында 2015 жылғы 2 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім деп аталатын) ережелерін орындау мақсатында, сондай-ақ Келісімнің 16-бабының негізінде төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Құзыретті органдар
1. Құзыретті органдар:
1) Қазақстан Республикасы үшін:
Ішкі істер министрлігі
Көші-қон полициясы департаменті
Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон нөмірлері: +7 (7172) 722273, 714167
Факс нөмірі: +7 (7172) 714262
Электрондық пошта: геаdmissiуа.кz@mаіl.ru
2) Молдова Республикасы үшін:
Ішкі істер министрлігі
Көші-қон және пана беру бюросы
Мекенжайы: 2001, Кишинев қаласы, Штефан чел Маре б-ры,124
Телефон нөмірлері: +373 22-265-618, 265-609
Факс нөмірі: +373 22-272-203
Электрондық пошта: readmission@bma.gov.md.
2. Тараптар өздерінің құзыретті органдарының не олардың атауларының немесе функцияларының өзгергені туралы осы деректер өзгерген кезден бастап 3 (үш) күн ішінде кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды.
2-бап
Өткізу пункттері
1. Осы Келісімді іске асыру үшін мемлекеттік шекара арқылы мынадай өткізу пункттері пайдаланылуға тиіс:
Қазақстан Республикасы үшін:
Астана қаласының халықаралық әуежайы,
Алматы қаласының халықаралық әуежайы.
Молдова Республикасы үшін:
Кишинев халықаралық әуежайы.
2. Тараптардың құзыретті органдарының өзара келісуі бойынша адамдарды беру немесе олардың транзиті мемлекеттік шекараны кесіп өтудің басқа пункттері арқылы жүзеге асырылады.
3-бап
Тілі
Тараптардың құзыретті органдары арасындағы хат алмасу орыс тілінде жүзеге асырылады.
4-бап
Реадмиссия туралы өтінішхат
1. Келісімнің 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы өтінішхат осы Атқару хаттамасына 6-қосымшада көрсетілген нысан бойынша жасалады.
2. Егер Келісімнің 8-бабының 2-тармағына сәйкес әңгімелесу қажеттілігі болса, әңгімелесу туралы сұрау салу реадмиссия туралы өтінішхаттың F бөлімінде тіркеледі.
3. Өтінішхатқа сұрау салынатын тарап мемлекетінің құжаттарына сәйкес азаматтығы дәлелденген немесе соның негізінде үшінші мемлекет азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін жағдайлардың бар екені анықталған құжаттардың көшірмелері қоса тігіледі.
4. Тараптар Келісім мен осы Атқару хаттамасы күшіне енгеннен кейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының және Молдова Республикасының азаматтығына тиесілігі дәлелденетін құжаттардың үлгі нысандарымен, сондай-ақ жол жүру құжатының үлгі нысанымен алмасады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда, Тараптар бұл туралы біріне-бірі жазбаша түрде дереу хабардар етеді және құжаттардың өзгертілген немесе жаңа нысандарын жібереді.
5-бап
Еріп жүру арқылы беру
1. Егер реадмиссияға жататын адам өзінің денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты көмекке немесе медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж немесе оны қорғау және оның қауіпсіздігі бойынша шаралар қажет болса, онда ол еріп жүрумен қамтамасыз етіледі.
2. Реадмиссияға жататын адамға еріп жүру қажеттігі реадмиссия туралы өтінішхаттың Е бөлімінде тіркеледі.
6-бап
Транзит туралы өтініш хат
Келісімнің 12-бабына сәйкес транзит туралы өтінішхат осы Атқару хаттамасына 7-қосымшада көрсетілген нысан бойынша жасалады.
7-бап
Дауларды шешу
Осы Атқару хаттамасының ережелерін түсіндіруге немесе атқаруға қатысты ықтимал дауларды Тараптар екіжақты келіссөздер және консультациялар арқылы шешіледі.
8-бап
Өзгерістер мен толықтырулар
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Атқару хаттамасына жекелеген хаттамалармен ресімделетін, осы Атқару хаттамасының ажырамас бөліктері болып табылатын және Келісімнің 19-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Қосымшалар
Осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
10-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Атқару хаттамасы белгіленбеген мерзімге жасалады, Келісімнің 19-бабында көзделген тәртіппен және бір мезгілде күшіне енеді және өзінің қолданысын тоқтатады.
Минскіде 2015 жылғы 2 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, румын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Атқару хаттамасының ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Молдова
Республикасының Үкіметі
арасындағы заңсыз болатын
адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасына
1-қосымша
Азаматтықты растайтын құжаттардың жалпы тізімі
Қазақстан Республикасы үшін:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
4) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
5) теңізшінің жеке куәлігі;
6) баланың туу туралы куәлігі (ата-аналарының бірінің паспортында жазба болған кезде);
7) қайтып оралуға арналған куәлік.
Молдова Республикасы үшін:
1) кез келген түрдегі паспорт (ұлттық паспорттар, дипломатиялық паспорттар, қызметтік паспорттар);
2) жеке куәлік;
3) қайтып оралуға арналған куәлік;
4) азаматтық туралы куәліктер немесе азаматтығы айтылатын немесе нақты көрсетілетін басқа да ресми құжаттар.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Молдова
Республикасының Үкіметі
арасындағы заңсыз болатын
адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасына
2-қосымша
Тараптар мемлекеттерінің азаматтығын prima facie
(бір қарағанда) болжау үшін негіз болып табылатын
құжаттардың жалпы тізімі
1) Осы Атқару хаттамасына 1-қосымшада тізбеленген кез келген құжаттардың көшірмелері;
2) жүргізуші куәліктері немесе олардың көшірмелері;
3) туу туралы куәліктер немесе олардың көшірмелері;
4) қызметтік куәліктер немесе олардың көшірмелері;
5) куәлардың өтініштері;
6) тиісті адамның азаматтығын prima facie (бір қарағанда) анықтауға көмектесуі мүмкін кез келген басқа да құжаттар.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Молдова
Республикасының Үкіметі
арасындағы заңсыз болатын
адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасына
3-қосымша
Отбасылық байланысын растайтын құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 2-бабының 2-тармағы)
1) баланың туу туралы куәлігі;
2) неке қию туралы куәлік.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Молдова
Республикасының Үкіметі
арасындағы заңсыз болатын
адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасына
4-қосымша
Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдардың реадмиссиясы үшін шарттардың болуына дәлелдеме
болып табылатын құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 7-бабының 1-тармағы)
А бөлігі
1) атап айтқанда, сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан тікелей сұрау салушы мемлекеттің аумағына кіру кезінде тиісті адамның мемлекеттік шекараны кесіп өту фактісін куәландыруға қабілетті шекара қызметтерінің уәкілетті қызметкерлері жасаған ресми мәлімдемелері;
2) халықаралық тасымалды жүзеге асыратын әуе рейстеріне, пойыздарға, автобустарға немесе сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан сұрау салушы мемлекеттің аумағына тиісті адамның келуін және маршрутын растайтын теңіз және өзен кемелеріне атаулы билеттер;
3) халықаралық тасымалды жүзеге асыратын әуе рейстері, пойыздар, автобустар немесе сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан сұрау салушы мемлекеттің аумағына тиісті адамның маршрутын растайтын теңіз және өзен кемелері жолаушыларының тізімдері.
В бөлігі
1) атап айтқанда, тиісті адамның мемлекеттік шекараны кесіп өту фактісін растауға қабілетті сұрау салушы мемлекеттің шекара қызметтерінің қызметкерлері және басқа да куәлар жасаған ресми мәлімдмелер;
2) тиісті адамның сұрау салынатын мемлекеттің аумағында болғанын сөзсіз растайтын билеттер, сондай-ақ кез келген түрдегі анықтамалар мен түбіртектер (мысалы, қонақ үй үшін есепшоттар, дәрігерлерге бару үшін талондар, мемлекеттік (жеке меншік) мекемелерге кіруге арналған рұқсат қағаздары, автомобильдерді жалға алу келісімшарттары, кредит карточкалары арқылы төленген түбіртектер және т.б);
3) тиісті адамның тасымалдаушының немесе көлік агенттігінің көрсетілетін қызметтерін пайдаланғанын растайтын ақпарат;
4) сот немесе әкімшілік рәсім кезінде тиісті адам жасаған ресми мәлімдеме.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Молдова
Республикасының Үкіметі
арасындағы заңсыз болатын
адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасына
5-қосымша
Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың
реадмиссиясы үшін шарттардың болуына дәлелдеме болып
табылатын құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 7-бабының 3-тармағы)
А бөлігі
1) сұрау салынатын мемлекет берген виза және (немесе) тұруға рұқсат;
2) тиісті адамның жол жүру құжатындағы кіру (шығу) туралы мөртабандар немесе кірудің (шығудың) өзге де дәлелдемелері.
В бөлігі
осы қосымшаның А бөлігінде тізбеленген құжаттардың кез келгенінің көшірмелері.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Молдова
Республикасының Үкіметі
арасындағы заңсыз болатын
адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасына
6-қосымша
[Елтаңба ......]
______________________________
(сұрау салушы мемлекеттің
_________________________________________
құзыретті органының атауы (орны мен күні)
Кімге _____________________________
(сұрау салынатын мемлекеттің
_____________________________
құзыретті органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының
Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімнің 5-бабына сәйкес
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ ӨТІНІШХАТ
А. Дербес деректер
1. Толық аты (тегінің астын сызып |
|
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Азаматтығы және тілі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Отбасы жағдайы:
_____________________________________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ (тұрмыс құрмаған)
ажырасқан тұл (жесір әйел)
7. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және с.с.):
_____________________________________________________________________
8. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, ол белгілі болған, адам пайдаланатын өзге де аттары немесе бүркеншік аттары):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұбайының аты (егер үйленген, тұрмыста болса):
_____________________________________________________________________
Балаларының (егер бар болса) аты және жасы:
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салушы мемлекеттегі соңғы мекенжайы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
В. Жұбайының (зайыбының) жеке деректері (егер бар болса)
1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Бұрынғы тегі:
_____________________________________________________________________
3. Туған күні және жері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және
с.с.:________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, адам пайдаланатын өзге де аттары/белгілі болған бүркеншік аттары):_____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Азаматтығы және тілі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
С. Балаларының (егер бар болса) жеке деректері
1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Туған күні және жері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және с.с.:__________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Азаматтығы және тілі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
D. Қоса берілетін дәлелдемелер
1.______________________ __________________________
(құжаттың атауы, №) (берілген күні мен орны)
________________________ __________________________
(берген орган) (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)
Е. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулығының жағдайы (мысалы, ерекше медициналық күтімнің ықтимал нұсқаулары, ауруының латынша атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгісі (мысалы, құқық бұзушылық жасаған деп күдікті, агрессивті мінез-құлқымен ерекшеленеді):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Адамды беру тәсілі мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
F. Ескертулер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сұрау салушы мемлекеттің
құзыретті органы өкілінің қолы
Лауазымы, аты және тегі
М.О. _____________________
қолы
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Молдова
Республикасының Үкіметі
арасындағы заңсыз болатын
адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасына
7-қосымша
[Елтаңба ......]
______________________________
(сұрау салушы мемлекеттің
_________________________________________
құзыретті органының атауы (орны мен күні)
Кімге _____________________________
(сұрау салынатын мемлекеттің
_____________________________
құзыретті органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының
Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімнің 12-бабына сәйкес
ТРАНЗИТ ТУРАЛЫ ӨТІНІШХАТ
А. Дербес деректер
1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз):______ |
|
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, белгілі болған адам пайдаланатын басқа аттары немесе бүркеншік аттары):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Азаматтығы және тілі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
В. Транзиттік операция
1. Транзит түрі:
әуе су жерүсті
2. Түпкілікті межелі мемлекет:_______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Басқа ықтимал транзит мемлекеттері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Мемлекеттік шекара арқылы өтуге ұсынылған пункт, күні, беру уақыты және ықтимал еріп жүру
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Транзитті кез келген басқа мемлекет және түпкілікті межелі мемлекет қабылдауға кепілдік берген (Келісімнің 11-бабының 2-тармағы)
иә жоқ
6. Транзиттен бас тарту себептері туралы мәліметтер (Келісімнің 11- бабының 4-тармағы)
бар жоқ
С. Ескертулер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сұрау салушы мемлекеттің
құзыретті органы өкілінің қолы
Лауазымы, аты және тегі
М.О. _____________________
қолы