2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі!
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен жеті пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов