Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 471 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 36, 437-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов