Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына салалық коэффициент пен үстемеақы белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 301 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрамында аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 шілдедегі № 619 қаулысының 4-тармағы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов