Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 және "Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1164 қаулысы.

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      2) "Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1164 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 12 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген

Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары

      1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг Заңның 19-2-бабына сәйкес мыналарға:

      1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;

      2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының қалыптастырылуына, болуына және пайдаланылуына;

      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.

      3. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі көрсеткіштерінің тізбесі (бұдан әрі - көрсеткіштер тізбесі) бойынша жүргізіледі.

      Көрсеткіштер тізбесі осы Қағидалардың 2-тармағында мыналарға:

      1) 1-ден 3-ке дейін - азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне;

      2) 4-тен 27-ге дейін - азық-түлік тауарлары қозғалысына;

      3) 28-ден 32-ге дейін - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына;

      4) 33-тен 35-ке дейін - азык-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының қалыптастырылуына, болуына және пайдаланылуына;

      5) 36 - азық-түлік тауарлары қорларының болуына қатысты көзделген азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторингтің бағыттарын қамтиды.

      4. 1-ден 31-ге дейінгі көрсеткіштерді есептеу Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ ФАО) әдіснамасы бойынша, 32-ден 35-ге дейінгілер - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының әдіснамалары бойынша, 36 көрсеткіш бойынша - ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа немесе фермер қожалықтарындағы, астық қабылдау пункттері мен элеваторлардағы, сауда орындарындағы азық-түлік тауарларының қалдығын жиынтықтау жолымен жүзеге асырылады.

      5. 4-тармаққа сәйкес 1-ден 35-ке дейінгі көрсеткіштерді есептеуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, 36 көрсеткіш бойынша - жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

      6. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы қолда бар ресми статистикалық ақпараттың, сондай-ақ әкімшілік деректер мен халықаралық ұйымдардың деректері негізінде қалыптасқан 1-ден 35-ке дейінгі көрсеткіштер бойынша деректерді өзінің интернет-ресурсында жыл сайын жылдың қорытындысы бойынша бірінші тоқсанның соңына дейін, сондай-ақ олардың келіп түсуіне қарай орналастырады.

      Аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, астық қабылдау пункттері мен элеваторлардан, сауда орындарынан деректер жинауды жүзеге асырады және жыл сайын, жылдың қорытындысы бойынша бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 15 күн бұрын 32 көрсеткіш бойынша оларды облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

      Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар облыстағы (астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы) азық-түлік тауарлары қалдығының көлемі туралы ақпаратты бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 10 күн бұрын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынады.

      7. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторингті жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының деректері негізінде, оның ішінде нақты уақыт режимінде уәкілетті орган жүргізеді.

      8. Уәкілетті орган жыл сайын БҰҰ ФАО және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы көрсеткіштер тізбесі бойынша деректерді өздерінің интернет-ресурстарында жариялағаннан кейін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар азық-түлік тауарлары қорларының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынғаннан кейін бір ай ішінде азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді.

      9. Талдау Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу көрсеткіштерін өзге елдердің БҰҰ ФАО есептейтін ұқсас көрсеткіштерімен салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.

      10. Талдау нәтижесі Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі - ДЭФ ЖБИ) рейтингісіндегі дамыған 30 елден артта қалуын анықтау болып табылады.

      11. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін талдау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган өзінің электрондық интернет-ресурсында оларды орналастыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастырады.

      12. Уәкілетті орган талдаудың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының ДЭФ ЖБИ рейтингісіндегі дамыған 30 елден артта қалуы бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды жібереді.

  Азық-түлік қауіпсіздігінің
жай-күйіне мониторинг жүргізу
қағидаларына қосымша

Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі көрсеткіштерінің тізбесі

Р/с

Көрсеткіш

1

2

1.

Жалпы егістік алқаптарынан суару үшін жарамды егістік жерлердің үлесі, %

2.

Халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өндірісінің орташа мәні, бір адамға АҚШ долларымен

3.

Халықтың жан басына шаққанда тамақ өнімдері өндірісінің өзгергіштігі, бір адамға мың АҚШ долларымен

4.

Жолдардың жалпы ұзындығынан қатты жабынды жолдардың үлесі, барлық жолдардан %

5.

Автожолдардың тығыздығы, 100 шаршы километр алаңға

6.

Темір жолдардың тығыздығы, 100 шаршы километр алаңға

7.

Жалпы халық саны бойынша қалыпқа келтірілген азық-түлікті тұтынудың қалыпты деңгейі жоқ халықтың белгілі бір бөлігінің жеткілікті тамақтанбауы, күніне бір адамға ккал

8.

Экономикалық белсенділігіне әсер етуі мүмкін жеткілікті тамақтанбаудың қауіпті аймағындағы халықтың үлесі, %

9.

Нарықтағы қолжетімді жалпы дәнді дақылдар көлеміндегі дәнді дақылдар импортының үлесі %

10.

Саяси тұрақтылық және зорлық-зомбылықтың/терроризмнің болмауы индексі, индекс

11.

Халықтың жан басына шаққанда азық-түлік жеткізілімдерінің өзгергіштігі, күніне бір адамға ккал

12.

Тамақтанудың орташа энергетикалық құндылығындағы тамақтанудың энергетикалық құндылығының үлесі, %

13.

Тамақтанудың энергетикалық құндылығының жалпы көлемінде дәнді дақылдардан, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерден алынатын тамақтанудың энергетикалық құндылығының үлесі, %

14.

Ақуыздың орташа тұтынылуы, күніне бір адамға грамм

15.

Жануарлардан алынатын ақуыздың орташа тұтынылуы, күніне бір адамға грамм

16.

Жалпы халық санынан тойып тамақтанбау (аштық) қаупі бар аймақтағы халықтың үлесі, %

17.

5 жасқа дейінгі жүдеу балалардың пайызы, %

18.

Өсуі жағынан артта қалған 5 жасқа дейінгі балалардың пайызы, %

19.

Салмағы жеткіліксіз 5 жасқа дейінгі балалардың пайызы, %

20.

Салмағы жеткіліксіз ересектердің пайызы, %

21.

Жүкті әйелдер арасында қаназдықтың таралуы, %

22.

5 жасқа дейінгі балаларда қаназдықтың таралуы, %

23.

Халық арасында А дәрумені тапшылығының таралуы, %

24.

Халық арасында йод тапшылығының таралуы, %

25.

Жақсартылған су көздеріне қолжетімділік, халық санының %-ы

26.

Жақсартылған санитариялық-техникалық құрылыстарға қолжетімділік, халық санының %-ы

27.

Азық-түлік импорты құнының барлық тауарлар экспорты құнының жалпы көлеміне арақатынасы, %

28.

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (сатып алу қабілетіне баламада), бір адамға АҚШ долларымен

29.

Отандық азық-түлік бағаларының индексі, индекс

30.

Халықтың ең кедей бөлігінің азық-түлікке арналған шығыстарының үлесі, %

31.

Тамақ өнімдеріне ішкі бағалардың құбылмалылығы, индекс

32.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі

33.

Өңірлік тұрақтандыру қорларына азық-түлік тауарларын сатып алу көлемі, тонна

34.

Өңірлік тұрақтандыру қорларынан азық-түлік тауарларын өткізу көлемі,


тонна

35.

Өңірлік тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік тауарлары қалдығының көлемі, тонна

36.

Азық-түлік тауарлары қалдығының көлемі, тонна


О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2010 года № 145 "Об утверждении перечня социально значимых продовольственных товаров" и от 12 апреля 2010 года № 296 "Об утверждении Правил проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1164.

      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) Утратил силу постановлением Правительства РК от 20.06.2023 № 489 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2010 года № 296 "Об утверждении Правил проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности":

      в заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В целях реализации подпункта 3) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      Правила проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 20.06.2023 № 489 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К.Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 31 декабря 2015 года № 1164
Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 12 апреля 2010 года № 296

Правила
проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности

      1. Настоящие Правила проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" (далее - Закон) и определяют порядок проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности.

      2. Мониторинг состояния продовольственной безопасности проводится в соответствии со статьей 19-2 Закона в отношении:

      1) объема производства продовольственных товаров, их товародвижения и наличия запасов;

      2) формирования, наличия и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров;

      3) цен на социально значимые продовольственные товары.

      3. Мониторинг состояния продовольственной безопасности проводится с учетом направлений, указанных в пункте 2 настоящих Правил, по перечню показателей мониторинга состояния продовольственной безопасности (далее - перечень показателей) согласно приложению к настоящим Правилам.

      Перечень показателей отражает направления мониторинга состояния продовольственной безопасности, предусмотренные пунктом 2 настоящих Правил в отношении:

      1) с 1 по 3 - объема производства продовольственных товаров;

      2) с 4 по 27 - товародвижения продовольственных товаров;

      3) с 28 по 32 - цен на социально значимые продовольственные товары;

      4) с 33 по 35 - формирования, наличия и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров;

      5) 36 - наличия запасов продовольственных товаров.

      4. Расчет показателей с 1 по 31 осуществляется по методологии Продовольственной и сельскохозяйственной организации Организации Объединенных Наций (далее - ФАО ООН), с 32 по 35 - по методологиям ведомства уполномоченного органа в области государственной статистики, по 36 показателю - путем суммирования остатков продовольственных товаров в сельскохозяйственных предприятиях, крестьянских или фермерских хозяйствах, хлебоприемных пунктах и элеваторах, торговых точках.

      5. В соответствии с пунктом 4 расчет показателей с 1 по 35 ведет ведомство уполномоченного органа в области государственной статистики, по 36 показателю - местные исполнительные органы.

      6. Ведомство уполномоченного органа в области государственной статистики ежегодно по итогам года до конца первого квартала, а также по мере поступления размещает на своем интернет-ресурсе данные по показателям с 1 по 35, сформированные на основании имеющейся официальной статистической информации, а также административных данных и данных международных организаций.

      Местные исполнительные органы районного уровня осуществляют сбор данных по 32 показателю у сельскохозяйственных предприятий, крестьянских или фермерских хозяйств, хлебоприемных пунктов и элеваторов, торговых точек и ежегодно по итогам года за 15 календарных дней до конца первого квартала представляют их в местные исполнительные органы областного уровня.

      Местные исполнительные органы областного уровня представляют информацию об объеме остатков продовольственных товаров в области (столице, городе республиканского значения) за 10 календарных дней до конца первого квартала в уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса (далее - уполномоченный орган).

      7. Мониторинг состояния продовольственной безопасности проводится уполномоченным органом на основе данных местных исполнительных органов и ведомства уполномоченного органа в области государственной статистики, в том числе в режиме реального времени.

      8. Уполномоченный орган ежегодно в течение месяца после опубликования ФАО ООН и ведомства уполномоченного органа в области государственной статистики на своих интернет-ресурсах данных по перечню показателей, а также после представления данных о наличии запасов продовольственных товаров местными исполнительными органами проводит анализ состояния продовольственной безопасности.

      9. Анализ проводится путем сравнения показателей мониторинга состояния продовольственной безопасности Республики Казахстан с аналогичными показателями других стран, рассчитываемых ФАО ООН.

      10. Результатом анализа является выявление отставания Республики Казахстан от 30 развитых стран рейтинга Глобального индекса конкурентоспособности Всемирного экономического форума (далее - ГИК ВЭФ).

      11. На основе результатов анализа состояния продовольственной безопасности уполномоченный орган формирует государственные электронные информационные ресурсы в области продовольственной безопасности посредством размещения их на своем интернет-ресурсе.

      12. На основании анализа уполномоченный орган направляет предложения в Правительство Республики Казахстан по улучшению показателей, по которым Республика Казахстан отстает от 30 развитых стран рейтинга ГИК ВЭФ.

  Приложение
к Правилам проведения мониторинга
состояния продовольственной безопасности

Перечень показателей мониторинга состояния
продовольственной безопасности

№ п/п

Показатель

1

2

1.

Доля пахотных земель, пригодных для орошения, от общей площади пашни, %

2.

Среднее значение производства продовольствия на душу населения, долларов США/человека

3.

Изменчивость производства продуктов питания на душу населения, тысяч долларов США/человека

4.

Доля протяженности дорог с твердым покрытием от общей протяженности дорог, % от всех дорог

5.

Плотность автодорог на 100 квадратных километров площади

6.

Плотность железных дорог на 100 квадратных километров площади

7.

Недостаток питания определенной части населения, не имеющей нормальный уровень потребления продовольствия, нормализованный по общей численности населения, ккал/человека в день

8.

Доля населения, находящегося в зоне риска недостатка питания, который может сказаться на их экономической активности, %

9.

Доля импорта зерновых в общем объеме зерновых, доступных на рынке, %

10.

Индекс политической стабильности и отсутствия насилия/терроризма, индекс

11.

Изменчивость поставок продовольствия на душу населения, ккал/человека

12.

Доля энергетической ценности питания от средней требуемой энергетической ценности питания, %

13.

Доля энергетической ценности питания, получаемой из злаков, корнеплодов и клубнеплодов, в общем объеме энергетической ценности питания, %

14.

Среднее потребление белка, грамм/человека в день

15.

Среднее потребление белка животного происхождения, грамм/человека в день

16.

Доля населения, находящегося в зоне риска недоедания (голода) в общей численности населения, %

17.

Процент детей в возрасте до 5 лет, которые страдают от истощения, %

18.

Процент детей в возрасте до 5 лет, которые отстают в росте, %

19.

Процент детей в возрасте до 5 лет, которые имеют недостаточный вес, %

20.

Процент взрослых, которые имеют недостаточный вес, %

21.

Распространенность анемии среди беременных женщин, %

22.

Распространенность анемии среди детей в возрасте до 5 лет, %

23.

Распространенность дефицита витамина А среди населения, %

24.

Распространенность дефицита йода среди населения, %

25.

Доступ к улучшенным источникам воды, % от численности населения

26.

Доступ к улучшенным санитарно-техническим сооружениям, % от численности населения

27.

Отношение стоимости импорта продовольствия к общему объему стоимости экспорта всех товаров, %

28.

Валовой внутренний продукт на душу населения (в эквиваленте покупательной способности), долларах США/человека

29.

Индекс цен отечественного продовольствия, индекс

30.

Доля расходов на продовольствие беднейшей части населения, %

31.

Волатильность внутренних цен на продукты питания, индекс

32.

Индекс цен на социально-значимые продовольственные товары

33.

Объем закупа продовольственных товаров в региональные стабилизационные фонды, тонн

34.

Объем реализации продовольственных товаров из региональных стабилизационных фондов, тонн

35.

Объем остатков продовольственных товаров в региональных стабилизационных фондах, тонн

36.

Объем остатков продовольственных товаров, тонн