"Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер
туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20
қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Алғыс айту күні – 1 наурыз»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».
      Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Кіріспе

      Көпэтносты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім – қазақстандықтардың жоғары мәдениеті мен даналығының, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы және көрегенді саясаттың нәтижесі.
      Қазіргі Қазақстанды мекендеген этностық топтардың ортақ тарихи тағдыры халықтың ділінде, оның өмірлік көзқарастары мен ұмтылыстарында жағымды көрініс тапты, барлық этностарға ортақ құндылықтар мен идеалдарды қалыптастырды.
      ХХ ғасыр бойында Қазақстан аумағында көпэтносты қоғам мен халықты қалыптастырудың күрделі процесі жүрді. Ғасырдың басында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусиядан 1 миллион 150 мың адам қоныс аударды.
      ХХ ғасырдың 30-шы жылдары бұрынғы КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға 250 мың шаруа жер аударды. Дәл сол уақытта өнеркәсіп объектілерін салу үшін елдің барлық түкпірлерінен шамамен 1,2 миллион адам қоныс аударды. Әр жылдары Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ халықтарының 550 мың өкілі, Қиыр Шығыстан 100 мыңға жуық корей отбасылары көшіп келді. Тұтастай алғанда ХХ ғасырдың басынан бастап Қазақстанға 5,6 миллион адам қоныс аударды. Экономикалық жағдайы қиын қазақ отбасылары барлық келімсек халықты қабылдады.
      Тарихи деректерді ескере және қазақтардың топтастырушы рөлін арқау ете отырып, Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында 1 наурызды – Барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні деп жариялау туралы ұсыныспен сөз сөйледі.
      Алғыс айту күнінің идеологиясында жалпыұлттық маңызы бар құндылықтар көрініс табады, Қазақстан халқының одан әрі топтасуына жәрдемдеседі.

Мерекенің мақсаттары мен міндеттері

      Мақсаты:
      Алғыс айту күні мерекесінің мақсаты ортақ тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін және қазақтарды қолдауы арқасында бірге өткерген қиыншылықтарды ұмытпау негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады.

      Міндеттері:
      Жалпыұлттық топтасу, ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық татулық факторы ретіндегі «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде қазақстандық патриотизмді нығайту;
      барлық этностардың және қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, ұлтаралық келісімді, әртүрлі этностар арасындағы достықты нығайту, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында барлық қайырымдылық іс-шараларын үйлестіру;
      қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық азаматтық біртектілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру.
      Мерекенің идеологиясы қоғамда Қазақстан аумағында әртүрлі этностардың пайда болу тарихын, игерілмеген аумақтарда орнығуға байланысты қиындықтарды және этностардың тағдырына және тұтастай алғанда заманауи көпэтносты Қазақстан қоғамын қалыптастыру процесінде қазақтардың қатысуын түсінуді, құрметтеуді және білуді кеңейтуге бағытталған құндылықтарды көрсетуге тиіс.

Мерекенің идеялық-көркемдік тұжырымдамасы

      Алғыс айту күні мерекесінің басты оқиғасы ретінде республикалық және өңірлік деңгейлерде акция мен басқа да тақырыптық іс-шараларды өткізуді айқындаған жөн, бұл мерекенің идеологиялық жағын шоғырландырады, оған аяқталған нысан береді.
      Мерекенің негізгі басымдықтары – идеялық бағыттылық, бұқаралық іс-шаралардың нысандары және олардың халықтық сипаты.
      Қайырымдылық пен мейірімділік ісіне үлес қосқан адамдарды марапаттауды және көтермелеуді көздеу қажет.

Мерекені ақпараттық-иделогиялық сүйемелдеу

      Алғыс айту күнін мерекелеу аясында БАҚ-та қазақтардың топтастырушы рөлін арқау ете отырып, әртүрлі этностардың ел дамуына жалпы қатысуын атап өтетін оқиғаларға екпін беру қажет. Қазақтардың қамқорлығының, ілтипатының, қонақжайлылығы мен қолдауының арқасында қиын тарихи оқиғалар барысында қалыптасқан заманауи қазақстандық қоғамның қалыптасу тарихын жария етуге ерекше назар аударған маңызды.
      - Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Алғыс айту күні мерекесін өткізу қажеттілігі туралы сөйлеген сөзін телевизиялық және радиоарналардан трансляциялау;
      - телемарафондар;
      - газеттердің, журналдардың тақырыптық нөмірлерін, арнайы телерадиобағдарламалар шығару;
      - этно-мәдени орталықтар өкілдерінің, ардагерлердің, шығармашылық зиялы қауымның көпшілік алдында сөз сөйлеуі;
      - көрнекі жарнамалық және ақпараттық өнімдер дайындау және орнату;
      - тақырыптық кітаптар шығару.

Қаражат пен ресурстар

      Орталық және жергілікті атқарушы билік органдары мерекені дайындау мен өткізу жоспарларын әзірлейді, іс-шаралар нысандарын және оларды өткізу орындарын айқындайды. Қазақстан халқы Ассамблеясының, оның өңірлік құрылымдары мен этномәдени орталықтарының, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен жергілікті атқарушы билік органдары мерекені дайындау мен өткізуді ұйымдастырушылар және орындаушылар болуға тиіс.
      Мерекені дайындау мен өткізу үшін жергілікті бюджеттің қаржы ресурстары, заңды және жеке тұлғалардың демеушілік қаражаты пайдаланылуы мүмкін.

Күтілетін нәтижелер

      Алғыс айту күнін мерекелеудің нәтижелері:
      барлық қазақстандықтардың біртұтас халық ретінде жақындасуына қол жеткізу;
      «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына негізделген құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
      тұрақтылықты, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын қоғамдық санада бекіту;
      қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін одан әрі жетілдіру;
      Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлін одан әрі нығайту болады.
      Аталған Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесі ретінде қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығының қалыптасуын санау керек. Барлық қазақстандықтар бейбітшілік, келісім және Қазақстанның табысты дамуы үшін бір-біріне алғыс білдіруге бағытталған іс-шараларға ортақтасуға тиіс. Қазақстандықтар бейбітшілік пен келісімге негізделген қоғам құрудағы қазақ халқының тарихи рөлін сезінуге тиіс.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 января 2016 года № 1

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов

О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики
Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 «О профессиональных и
иных праздниках в Республике Казахстан»

      В соответствии со статьей 4 Закона Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 1, ст. 1) следующие изменение и дополнение:
      в перечне профессиональных и иных праздников в Республике Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. День благодарности - 1 марта»;
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
            «1-1. День геолога - первое воскресенье апреля».
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                  Н.Назарбаев

КОНЦЕПЦИЯ
празднования Дня благодарности Введение

      Мир и согласие в полиэтничном Казахстане – результат высокой культуры и мудрости казахстанцев, взвешенной и дальновидной политики в сфере общественного согласия и общенационального единства.
      Общая историческая судьба этнических групп, населяющих современный Казахстан, позитивно отразилась на менталитете народа, его жизненных представлениях и устремлениях, сформировала общие для всех этносов ценности и идеалы.
      В течение XX века на территории Казахстана шел сложный процесс формирования многоэтничного общества и народа. В начале века в Казахстан было переселено 1 миллион 150 тысяч человек из России, Украины и Беларуси для освоения пустующих земель.
      В 30-е годы XX века из центральных районов бывшего СССР в Казахстан было сослано 250 тысяч крестьян. В это же время на строительство промышленных объектов со всех уголков страны было переселено порядка 1,2 миллиона человек. В разные годы в Казахстан были депортированы 800 тысяч немцев, 102 тысячи поляков, 550 тысяч представителей народов Северного Кавказа, около 100 тысяч корейских семей из Дальнего Востока. В целом с начала XX века в Казахстан было переселено 5,6 миллиона человек. Казахские семьи, находившиеся в сложных экономических условиях, приняли все приезжие народы.
      Учитывая исторические факты и в целях укрепления единства народа Казахстана при консолидирующей роли казахов, Президент Республики Казахстан на XXII сессии Ассамблеи народа Казахстана выступил с предложением об учреждении 1 марта – Днем благодарности всех этносов друг к другу и к казахам.
      Идеология Дня благодарности отражает ценности общенационального значения, способствует дальнейшей консолидации народа Казахстана.

Цели и задачи праздника

      Цель:
      Целью Праздника – День благодарности является сохранение и развитие единства многонационального Казахстана на основе общей истории, памяти о совместных трудностях, пережитых благодаря поддержке казахов и всех этносов друг к другу и к казахам.
      Задачи:
      Укрепление казахстанского патриотизма на базе ценностей «Мәңгілік Ел», как фактора общенациональной консолидации, внутриполитической стабильности, гражданского мира и межнационального согласия;
      формирование уважения к культуре и традициям всех этносов и казахского народа, укрепление общественного согласия и национального единства, межнационального согласия, дружбы между различными этносами, а также координация всех благотворительных мероприятий под эгидой Ассамблеи народа Казахстана;
      формирование казахстанской гражданской идентичности и конкурентоспособной нации, объединенной общенациональной патриотической идеей «Мәңгілік Ел» на основе казахстанского патриотизма, гражданской и духовно-культурной общности народа Казахстана при консолидирующей роли казахского народа.
      Идеология праздника должна отображать ценности, направленные на расширение в обществе понимания, уважения и знания истории появления на территории Казахстана различных этносов, сложностей, связанных с обустройством на неосвоенных территориях и участии казахов в судьбе этносов и в целом в процессе формирования современного полиэтничного казахстанского общества.

Идейно-художественная концепция праздника

      Центральным событием Праздника – День благодарности целесообразно определить проведение акции и других тематических мероприятий на республиканском и региональном уровнях, что сконцентрирует идеологическую сторону праздника, придаст ему законченную форму.
      Главные приоритеты праздника - идейная направленность, массовые формы мероприятий и их народный характер.
      Необходимо предусмотреть награждение и поощрение лиц, внесших вклад в дело благотворительности и милосердия.

Информационно-идеологическое сопровождение праздника

      В СМИ в рамках празднования Дня благодарности необходимо делать акцент на событиях, подчеркивающих общее участие различных этносов в развитии страны при консолидирующей роли казахов. Особое внимание важно уделять освещению истории формирования современного казахстанского общества, сформированного в ходе сложных исторических событий благодаря заботе, вниманию, гостеприимству и поддержке казахов.
      - трансляция по телевизионным и радиоканалам выступления Главы государства на XXII сессии Ассамблеи народа Казахстана о необходимости проведения Праздника – Дня благодарности;
      - телемарафоны;
      - выпуск тематических номеров газет, журналов, специальных телерадиопрограмм;
      - публичные выступления представителей этно-культурных центров, ветеранов, творческой интеллигенции;
      - изготовление и установка рекламно-визуальной и информационной продукции;
      - выпуск тематических книг.

Средства и ресурсы

      Центральные и местные органы исполнительной власти, разрабатывают планы подготовки и проведения праздника, определяют формы мероприятий и места их проведения. Организаторами и исполнителями подготовки и проведения праздника должны стать местные исполнительные органы власти при участии Ассамблеи народа Казахстана, ее региональных структур и этнокультурных центров, а также других общественных объединений.
      Для подготовки и проведения праздника могут использоваться финансовые ресурсы местного бюджета, спонсорские средства юридических и физических лиц.

Ожидаемые результаты

      Результатами празднования Дня благодарности станут:
      достижение сближения всех казахстанцев как единого народа;
      формирование системы ценностей, основанных на общенациональной патриотической идее «Мәңгілік Ел»;
      укрепление стабильности, казахстанской идентичности и единства, закрепление в общественном сознании общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік Ел»;
      дальнейшее совершенствование казахстанской модели общественного согласия и общенационального единства;
      дальнейшее укрепление роли Ассамблеи народа Казахстана в жизни общества и государства.
      Результатом реализации данной Концепции следует считать формирование гражданской и духовно-культурной общности народа Казахстана при консолидирующей роли казахского народа. Все казахстанцы должны приобщаться к мероприятиям, направленным на благодарность друг другу за мир, согласие, и успешное развитие Казахстана. Казахстанцы должны осознать историческую роль казахского народа в построении общества, основанного на мире и согласии.