2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет
кодексінің 111-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот
Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығын іске асыру
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізсін.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 42 қаулысына
қосымша
2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету
(мың теңге)
Функционалдық топ |
Атауы |
Өзгерістер (+/-) |
||
Әкімші |
||||
Бағдарлама |
||||
II. Шығындар |
0 |
|||
1 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
0 |
||
101 |
001 |
Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
-23 298 |
|
107 |
001 |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер |
46 994 |
|
3 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
|||
501 |
001 |
Сот органдарының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі |
-23 696 |