"Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 734 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 51 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 663 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.10.2020 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 734 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 48, 622-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларында:

      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жұмыс мақсатында келетіндерге – қолданыстағы заңнамаға сәйкес алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат болған кезде жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде, ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында кірген кезде рұқсаттама рұқсаттың қолданылу мерзіміне, ал мүше мемлекеттердің азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзіміне беріледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2013 года № 734 "Об утверждении Правил выдачи пропусков на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства и изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2016 года № 51. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2020 года № 663 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 14.10.2020 № 663 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2013 года № 734 "Об утверждении Правил выдачи пропусков на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства и изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 42, ст. 622) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах выдачи пропусков на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 4) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "4) въезжающим с целью работы – на основании ходатайства работодателя при наличии разрешения на привлечение иностранной рабочей силы, полученного согласно действующему законодательству, а для граждан государств-членов Евразийского экономического союза (далее государства-члены) и членов их семей на основании трудового или гражданско-правового договора, заключенного трудящимся государства-члена с работодателем или заказчиком работ (услуг);";

      пункт 6 дополнить частью пятой следующего содержания:

      "При въезде с целью осуществления трудовой деятельности пропуск выдается на срок действия разрешения, а для граждан государств-членов и членов их семей на срок действия трудового или гражданско-правового договора, заключенного трудящимся государства-члена с работодателем или заказчиком работ (услуг).".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов