Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 1152 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 569-құжат);
2) «Кедендік баждарды төлеуді кейінгі қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 387 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 550-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов