"Шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 151 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 571 қбп қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2021 № 571 қбп қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 3, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының бірге баратын отбасы мүшелерінің құрамы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі — Министр) бұйрығымен және осы шарттардың 40-тармағына сәйкес берілетін есеп айырысу аттестатымен айқындалады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды адамдарды қоспағанда, шетелде дипломатиялық қызмет персоналын қызметке тағайындау, қызметтен босату және өзге де лауазымдық орын ауыстыру Министрдің шешімдері негізінде " жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жол жүру билетін ауыстырған немесе қайтарған кезде айыппұлдар немесе өзге де алымдар, егер қайтару Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі — министрлік) хатының негізінде жүргізілген жағдайда, қажеттілігі болған кезде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтеледі.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жолжүгі дипломатиялық қызмет персоналынан бөлек жеткізілген жағдайда, жолжүкті жеткізу құны дипломатиялық қызмет персоналы және оның отбасы мүшелері сапар шегетін көліктегі жүкті тасымалдау тарифтерінен аспауы тиіс.

      Дипломатиялық қызмет персоналы шетелдегі мекемелерден іс жүзінде қайтып оралғаннан кейін жолжүкті жіберу бойынша шығыстар өтелмейді.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Дипломатиялық қызмет персоналы министрліктен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне іссапарға жіберілген кезде оның отбасы мүшелері шет мемлекетке Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттен жол жүрген жағдайда, отбасы мүшелерінің көрсетілген жол жүру шығыстары Қазақстан Республикасынан шет мемлекетке жол жүру құнынан аспайтын нақты шығыстар бойынша өтеледі.";

      14-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап (қызметке тағайындалған күні) дипломатиялық қызмет персоналының іссапардан министрлікке қайтарылған не сыртқы ротация шеңберінде басқа шетелдегі мекемеге ауысқан кезде болу мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнінің алдыңғы күніне дейін (қызметтен босатылған күн) төленеді және белгіленген ақшалай үстемеақыны ескере отырып, ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы мен шетелдік валютадағы лауазымдық жалақысы негізінде белгіленеді. Дипломатиялық қызмет персоналы іссапардан министрлікке қайтарылған не сыртқы ротация шеңберінде басқа шетелдегі мекемеге ауысқан кезде болу мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күніне жалақы төленбейді.

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы министрліктің орталық аппараты қызметкерлерінің теңестірілген қызметтері бойынша жалақысының 25 пайызы мөлшерінде белгіленген ақшалай төлемдерімен белгіленеді.";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жыл сайынғы ақы төленетін кезекті еңбек демалысына шыққан кезде шетелде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналына күнтізбелік жылда бір рет министрлікте иеленген соңғы қызметі бойынша лауазымдық жалақысының екі еселенген мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Егер дипломатиялық қызмет персоналы шетелде жұмыс істеу алдында министрлікте қызмет атқармаса, оған сауықтыруға арналған жәрдемақы министрліктің орталық аппаратындағы персоналдың қызметіне теңестірілген қызмет бойынша лауазымдық жалақы негізге алынып есептеледі.";

      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын өткізу үшін Қазақстан Республикасына жол жүрген кезде дипломатиялық қызмет персоналына және оның отбасы мүшелеріне шетелдегі жұмыс орнынан Қазақстан Республикасының аумағындағы алғашқы межеленген пунктке дейінгі жолақысының құны және Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы жөнелту пунктінен шетелдегі жұмыс орнына дейін кері қайту жолақысының құны, жолжүгін тасымалдау және тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарды қоспағанда, осы шарттардың 4-тармағында белгіленген нормалар бойынша күнтізбелік жылда бір рет төленеді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жұмысқа жіберілген кезде не дипломатиялық қызмет персоналы сыртқы ротация шеңберінде шетелден министрлікке жұмысқа қайтып оралған кезде жаңа жұмыс орны бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы алдыңғы жұмыс орнында жұмыс жасаған уақыты мен пайдаланылған еңбек демалысының ұзақтығы ескеріліп беріледі.

      Дипломатиялық қызмет персоналы ротация процесінен тыс жағдайда қызметтен босатылған кезде оған пайдаланылмаған жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі төленеді.";

      26-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне Қазақстан Республикасының басқа шетелдегі мекемесінен жұмысқа жіберген кезде алдыңғы шетелдегі мекемеде жұмыс жасаған мерзіміне қарамастан бір жолғы жәрдемақы қайтадан төленбейді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналына министрліктің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде бір жолғы ақшалай жәрдемақы, сондай-ақ осы шарттардың 32-тармағында белгіленген тәртіппен барар және қайтар жолға көліктік шығыстардың төлемі ұлттық валютада төленеді.";

      32-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шетелде жұмыс істеген кезеңде дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелерін медициналық қамсыздандыру шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің тізбесіне сәйкес министрлік Қазақстан Республикасының әрбір шетелдегі мекемесі үшін белгілеген шығыстар лимитінің шектерінде медициналық сақтандыру, болу еліндегі медициналық мекемелерімен шарттар жасасу не медициналық көмек үшін нақты өтініш жасау жолымен жүзеге асырылады.

      Медициналық қамсыздандыру шығыстары белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда олар дипломатиялық қызмет персоналының жеке қаражаты есебінен өтелуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Шетелде жұмыс істеген кезеңде дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие беру және оларды оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру шығыстары министрлік Қазақстан Республикасының әрбір шетелдегі мекемесі үшін белгілеген шығыстар лимитінің шектерінде жүзеге асырылады.

      Мектепке дейінгі тәрбие беру және оларды оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру шығыстары белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда олар дипломатиялық қызмет персоналының жеке қаражаты есебінен өтелуге тиіс.";

      34-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүрген уақытында дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тиісті мемлекетке қызметтік іссапарлар үшін белгіленген нормалар бойынша төлқұжаттағы мемлекеттік шекарадан өту жөніндегі мөртабандар негізінде немесе бір шет мемлекеті шеңберіндегі іссапарлар кезінде немесе мемлекеттік шекарада төлқұжаттық бақылау болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекеме басшысының бұйрығы негізінде тәулікақы, сондай-ақ түру шығыстарын растайтын құжаттар негізінде тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар шетелдік валютада өтеледі.";

      35-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің персоналы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жоқ шет мемлекеттерге, сондай-ақ болу мемлекетінің шеңберінде іссапарға жіберілген кезде автокөлікті жалдауға жұмсалған (қабылдаушы тарап автокөлік ұсынған жағдайды қоспағанда) және байланыс шығыстарын өтеу рұқсат етіледі.";

      40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есеп айырысу аттестатында дипломатиялық қызмет персоналының лауазымы, бірге баратын отбасы мүшелерінің құрамы, төлемақы нормалары, бағыттары, дипломатиялық қызмет персоналының межелі және баратын орны, оның алатын барлық ақшалай төлемдері көрсетіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2006 года № 23 "Об утверждении условий труда персонала дипломатической службы за рубежом"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 151. Утратил силу постановлением правительства РК от 20.08.2021 № 571.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.08.2021 № 571 дсп.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2006 года № 23 "Об утверждении условий труда персонала дипломатической службы за рубежом" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 3, ст. 22) следующие изменения и дополнения:

      в условиях труда персонала дипломатической службы за рубежом, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 дополнить частью третьей следующего содержания:

      "Состав сопровождающих членов семьи персонала дипломатической службы Республики Казахстан определяется приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан (далее – Министр) и расчет-аттестатом, выданным в соответствии с пунктом 40 настоящих условий.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Назначения на должности, освобождения от должностей и иные должностные перемещения персонала дипломатической службы за рубежом осуществляются на основании решений Министра, за исключением должностных лиц, назначаемых и освобождаемых от должностей Президентом Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 4 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Расходы на оплату штрафов или иных сборов при обмене и возврате проездного билета компенсируются в случаях, если возврат был произведен на основании письма Министерства иностранных дел Республики Казахстан (далее – министерство), с приложением при необходимости подтверждающих документов.";

      пункт 5 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:

      "В случае доставки багажа отдельно от персонала дипломатической службы, стоимость доставки багажа не должна превышать тарифов за провоз багажа на транспорте, которым следуют персонал дипломатической службы и члены семьи.

      Компенсация расходов по отправке багажа не производится после фактического возвращения персонала дипломатической службы из загранучреждения.";

      пункт 11 дополнить частью второй следующего содержания:

      "В случае следования членов семьи в иностранное государство не из Республики Казахстан при командировании персонала дипломатической службы из министерства в загранучреждение Республики Казахстан, указанные расходы по переезду членов семьи возмещаются по фактическим расходам, но не более стоимости проезда из Республики Казахстан в иностранное государство.";

      части первую и вторую пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Заработная плата персонала дипломатической службы, направленного на работу в загранучреждения Республики Казахстан, выплачивается со дня пересечения Государственной границы Республики Казахстан (день назначения на должность) до дня, предшествующего дню пересечения Государственной границы государства пребывания (день освобождения от должности) при откомандировании персонала дипломатической службы в министерство либо перемещении в другое загранучреждение в рамках внешней ротации, и определяется исходя из должностных окладов в национальной валюте и должностных окладов в иностранной валюте с учетом установленных денежных доплат. За день пересечения Государственной границы государства пребывания при откомандировании персонала дипломатической службы в министерство либо перемещении в другое загранучреждение в рамках внешней ротации заработная плата не выплачивается.

      Должностные оклады в национальной валюте персонала дипломатической службы, направленного на работу в загранучреждения Республики Казахстан, устанавливаются в размере 25 процентов от окладов по приравненным должностям работников центрального аппарата министерства с установленными денежными выплатами.";

      часть вторую пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "Персоналу дипломатической службы, работающему за рубежом, при выходе в ежегодный оплачиваемый трудовой отпуск один раз в календарном году выплачивается пособие для оздоровления в двукратном размере от должностного оклада по последней должности, которую он занимал в министерстве. В случае, если персонал дипломатической службы перед работой за рубежом не занимал должность в министерстве, пособие для оздоровления исчисляется исходя из должностного оклада по должности, приравненной к должности персонала центрального аппарата министерства.";

      часть первую пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "22. При выезде в Республику Казахстан для проведения ежегодного оплачиваемого трудового отпуска персоналу дипломатической службы и членам семьи оплачивается один раз в календарном году стоимость проезда от места работы за границей до первого пункта назначения на территории Республики Казахстан и обратного проезда от последнего пункта отправления на территории Республики Казахстан до места работы за границей по нормам, установленным пунктом 4 настоящих условий, за исключением расходов по провозу багажа и найму жилого помещения.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. При направлении персонала дипломатической службы для работы в загранучреждение Республики Казахстан либо возвращении персонала дипломатической службы из-за рубежа для работы в министерстве в рамках внешней ротации ежегодный оплачиваемый трудовой отпуск по новому месту работы предоставляется с учетом проработанного времени и продолжительности отпуска по прежнему месту работы.

      При освобождении от должности персонала дипломатической службы вне процесса ротации ему выплачивается компенсационная выплата за неиспользованные им дни ежегодного оплачиваемого трудового отпуска.";

      пункт 26 дополнить частью второй следующего содержания:

      "При направлении персонала дипломатической службы на работу в загранучреждение Республики Казахстан из другого загранучреждения Республики Казахстан единовременное пособие повторно не выплачивается вне зависимости от времени работы в предыдущем загранучреждении Республики Казахстан.";

      пункт 28 изложить в следующей реакции:

      "28. В случае смерти одного из членов семьи, определяемых в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье", персоналу дипломатической службы выплачивается единовременно денежное пособие в национальной валюте за счет средств министерства в размере, определенном законодательством Республики Казахстан, а также производится оплата в оба конца транспортных расходов в порядке, установленном пунктом 4 настоящих условий.";

      пункт 32 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Расходы на медицинское обеспечение персонала дипломатической службы и членов их семей в период работы за границей осуществляются в соответствии с перечнем гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденным Правительством Республики Казахстан, путем медицинского страхования, заключения договоров с медицинскими учреждениями либо по фактическому обращению за медицинской помощью в стране пребывания в пределах лимита расходов, установленного для каждого загранучреждения Республики Казахстан министерством.

      В случае если расходы на медицинское обеспечение превышают установленные министерством лимиты, они подлежат возмещению за счет собственных средств персонала дипломатической службы.";

      дополнить пунктом 32-1 следующего содержания:

      "32-1. Расходы на дошкольное воспитание и обучение, начальное, основное среднее и общее среднее образование детей персонала дипломатической службы в период работы за границей осуществляются в пределах лимита расходов, установленного для каждого загранучреждения Республики Казахстан министерством.

      В случае если расходы на дошкольное воспитание и обучение, начальное, основное среднее и общее среднее образование превышают установленные министерством лимиты, они подлежат возмещению за счет собственных средств персонала дипломатической службы.";

      часть третью пункта 34 изложить в следующей редакции:

      "За время проезда по территории иностранного государства персоналу дипломатической службы суточные расходы компенсируются на основании штампов в паспорте о пересечении государственной границы, а при командировках в пределах одного иностранного государства или в случае отсутствия паспортного контроля на государственной границе на основании приказа руководителя загранучреждения Республики Казахстан, а также возмещаются расходы по найму жилого помещения на основании подтверждающих документов о произведенных расходах на проживание в иностранной валюте по нормам, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан для служебных командировок в соответствующее государство.";

      пункт 35 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Допускается возмещение расходов на аренду автотранспорта (за исключением случаев, когда автотранспорт предоставляется принимающей стороной) и связь при командировании персонала загранучреждении Республики Казахстан в иностранные государства, где отсутствуют загранучреждения Республики Казахстан, а также командировании в пределах государства пребывания.";

      часть вторую пункта 40 изложить в следующей редакции:

      "В расчет-аттестате указываются должность персонала дипломатической службы, состав сопровождающих членов семьи, нормы выплат, маршруты, место назначения и прибытия персонала дипломатической службы, все получаемые ими денежные выплаты.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. МАСИМОВ