"Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 205 қаулысы

      1. «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін есепке алу және есептен шығару ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери бөлімдерде, мемлекеттік мекемелерде, әскери оқу орындарында (бұдан әрі – әскери бөлімдер) жарамсыз (шекті) күйге келген сапасын жоғалтқан қаруды, әскери техника мен өзге де әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртібін белгілейді.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жеке пайдаланудағы заттай мүлік – жабдықтау нормалары бойынша әскери қызметшілерге тұрақты жеке пайдалануға (түгендеу мүлкінен басқа) босатылатын заттай мүлік заттары, атап айтқанда киім-кешек, аяқ киім, киім, жылы заттар және амуниция.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша осы мүлік жедел басқаруында тұрған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Оқу-жаттығу және басқа да мақсаттарда пайдаланылатын мүлікті, сондай-ақ осы Ереженің 27-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер мүлік өзінің техникалық жай-күйі бойынша немесе жөндеуден кейін мақсаты бойынша бұдан әрі пайдалануға жарайтын болса, белгіленген қызмет мерзімдерінің өтуі, сондай-ақ мүліктің тозу құнының 100% есептелуі оны есептен шығару үшін негіз бола алмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
      «27-1. Теріс себептер бойынша жұмыстан босатуды қоспағанда, әскери қызметшілерді жұмыстан босатқан, кию мерзімі бітпеген түгендеу мүлкінен басқа, жеке пайдаланылған заттай мүлікті есептен шығарған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша арнайы киім-кешектер мен жеке пайдаланудағы басқа да заттарды баланстан есептен шығаруға арналған акті бойынша жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2005 года № 787 "Об утверждении Правил учета и списания военного имущества"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2016 года № 205

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2005 года № 787 «Об утверждении Правил учета и списания военного имущества» следующие изменения и дополнения:
      в Правилах учета и списания военного имущества, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Настоящие Правила учета и списания военного имущества Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 22) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 7 января 2005 года «Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан» и устанавливают порядок учета и списания в воинских частях, государственных учреждениях, военно-учебных заведениях (далее – воинских частях) пришедшего в непригодное (предельное) состояние утраченного оружия, военной техники и иного военного имущества.»;
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      «1-1. Вещевое имущество личного пользования – предметы вещевого имущества, отпускаемые военнослужащим по нормам снабжения в постоянное индивидуальное пользование (кроме инвентарного имущества), а именно обмундирование, обувь, белье, теплые вещи и амуниция.»;
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Организация учета и списания военного имущества Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований осуществляется в соответствии с инструкциями, утвержденными первыми руководителями государственных органов, в оперативном управлении которых находится данное имущество, по согласованию с Генеральным штабом Вооруженных Сил Республики Казахстан.»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Истечение установленных сроков службы, а также 100 % – начисление износа стоимости имущества не могут служить основанием для его списания, если имущество по своему техническому состоянию или после ремонта пригодно для дальнейшего использования по предназначению, за исключением имущества, используемого в учебных и других целях, а также случаев, предусмотренных в пункте 27-1 настоящих Правил.»;
      дополнить пунктом 27-1 следующего содержания:
      «27-1. При увольнении военнослужащих, за исключением увольнения по отрицательным мотивам, списание вещевого имущества личного пользования, кроме инвентарного имущества, с неистекшим сроком носки производится по акту на списание с баланса спецодежды и других предметов индивидуального пользования по форме, утвержденной центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. МАСИМОВ