"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 209 қаулысы

      «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері белгіленген тәртіппен:
      1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және саны 29908 адам әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген ер азаматтарды 2016 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы бөлу шегінде тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года № 229 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2016 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2016 года № 209

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года № 229 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле – июне и октябре – декабре 2016 года» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы в установленном порядке организовать:
      1) работу призывных комиссий и обеспечить проведение призыва в апреле – июне и октябре – декабре 2016 года граждан мужского пола в количестве 29908 человек в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву;
      2) медицинское обеспечение призывных пунктов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан организовать усиленное дежурство сотрудников органов внутренних дел в местах сбора и отправки в войска призывников.
      3. Министерству по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить перевозку уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы и граждан, призванных на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Службу государственной охраны Республики Казахстан по заявкам Министерства обороны Республики Казахстан.
      4. Министерствам обороны, внутренних дел Республики Казахстан возмещение расходов на перевозку граждан, призванных на срочную воинскую службу, а также уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы, производить непосредственно организациям, осуществляющим перевозку, по предъявленным ими счетам в пределах ассигнований, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                  К. Масимов