"Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 245 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2023 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:

      3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тиісті қаржы жылына арналған үкіметтік борыш лимиті осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы үкіметтік борыш лимитіне, жоспарланатын қаржы жылында валюталарды айырбастаудың есептік бағамын есепке алумен, республикалық бюджеттің тапшылығын ішкі нарықтағы үкіметтік қарыз алу және сыртқы нарықтағы үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландырудың жалпы көлеміне сүйене отырып қалыптастырылады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.

      3-1. Үкіметтік борыш лимитін нақтылау жоспарланатын қаржы жылына белгіленген республикалық бюджет тапшылығының көлемі немесе валюталарды айырбастаудың есептік бағамы өзгерген жағдайларда, республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3.2. Жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамына қатысты валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгерген жағдайда, үкіметтік борыш лимиті асып түсуі мүмкін.";

      6, 7, 8 және 8-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде жүзеге асырылған жағдайларда борыш лимиті жоспарланатын қаржы жылында қарыз алуды және қаражат көлемін ескере отырып қалыптастырылады;

      7. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықтағы айналым үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықтағы айналым үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылған жағдайларда:

      1) борыш лимиті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған өз борыштарына дербес қызмет көрсету және оларды өтеу мүмкіндігінің есептемелері ескеріле отырып қалыптастырылады;

      2) лимитті есептеу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің бюджеттік алып қоюларды шегергенде, салықтық және салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін кірістеріне (бұдан әрі - меншікті кірістер) негізделе отырып жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын қаржы жылына арналған лимитін жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде айқындайды.

      8-1. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджеттік өлшемдер өзгерген жағдайда, республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.";

      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын кезеңге арналған лимиті мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

      Lslg = Dlg + BdefLg + Ss - Plg, мұнда

      Dlg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылының басындағы борышы;

      BdefLg – бюджеттік заңнамаға сәйкес жоспарланатын қаржы жылында белгілі бір мақсаттарды іске асыру үшін республикалық бюджеттен берілетін қарыздар;

      Ss – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында шығаруы болжанатын мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі;

      Plg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге жұмсалатын қаражатының көлемі.

      2. Айқындалатын лимит мынадай талапқа сәйкес болуы тиіс:

      Lslg

MaxL, мұнда

      Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы өзінің меншікті кірістеріне қатысты лимиті;

      МахL – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті, бұл оның меншікті кірістері көлемінің 75 %-ын құрайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 "Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2016 года № 245. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2023 года № 492.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.06.2023 № 492 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 "Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства" следующие изменения и дополнение:

      в Правилах определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 3 и 3-1 изложить в следующей редакции:

      "3. Лимит правительственного долга на соответствующий финансовый год формируется исходя из лимита правительственного долга на конец года, предшествующего планируемому финансовому году, общего объема финансирования дефицита республиканского бюджета за счет правительственного заимствования на внутреннем рынке и правительственного заимствования на внешнем рынке в планируемом финансовом году с учетом расчетного курса обмена валют в соответствии с приложением 1 к настоящим Правилам и вносится на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии.

      3-1. Уточнение лимита правительственного долга производится в случаях изменения объема дефицита республиканского бюджета, установленного на планируемый финансовый год, или расчетного курса обмена валют при уточнении республиканского бюджета в течение соответствующего финансового года.";

      дополнить пунктом 3-2 следующего содержания:

      "3-2. Лимит правительственного долга может быть превышен в случае изменения рыночного курса обмена валют по отношению к расчетному курсу тенге к доллару США, предусмотренному в ходе разработки республиканского бюджета на планируемый финансовый год.";

      пункты 6, 7, 8 и 8-1 изложить в следующей редакции:

      "6. В случаях, когда заимствование местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы осуществляется в виде получения займов от Правительства Республики Казахстан, лимит долга формируется с учетом заимствования в планируемом финансовом году и объема средств.

      7. В случаях, когда заимствование местными исполнительными органами города республиканского значения, столицы осуществляется в виде получения займов от Правительства Республики Казахстан и выпуска местными исполнительными органами города республиканского значения, столицы государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке для финансирования дефицита бюджета города республиканского значения, столицы, а также в виде выпуска местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ:

      1) лимит долга формируется с учетом представленных местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы расчетов возможности самостоятельно обслуживать и погашать свои долги;

      2) расчет лимита осуществляется исходя из доходов бюджета местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы, соответствующих объему налоговых и неналоговых поступлений и поступлений от продажи основного капитала за минусом бюджетных изъятий (далее – собственные доходы).

      8. Центральный уполномоченный орган по государственному планированию по согласованию с центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета устанавливает лимит долга местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы на планируемый финансовый год по формулам согласно приложению 2 к настоящим Правилам в срок до 15 августа года, предшествующего планируемому.

      8-1. Уточнение лимита долга местных исполнительных органов производится в случае изменения бюджетных параметров, при уточнении республиканского и местного бюджетов в течение соответствующего финансового года.";

      в приложении 2 к указанным Правилам:

      пункты 1, 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Лимит долга местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы на планируемый период определяется согласно следующей формуле:

      Lslg = Dlg + BdefLg + Ss – Plg, где

      Dlg – долг местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы на начало планируемого финансового года;

      BdefLg – займы из республиканского бюджета, предоставляемые в планируемом финансовом году для реализации определенных целей в соответствии с бюджетным законодательством;

      Ss – объем государственных ценных бумаг предполагаемых к выпуску местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы в планируемом финансовом году;

      Plg – объем средств местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы, направляемых на обслуживание и погашение долга в планируемом финансовом году.

      2. Определяемый лимит должен соответствовать следующему требованию:

      Lslg < MaxL, где

      Lslg – лимит долга местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы в планируемом финансовом году в отношении к его собственным доходам;

      MaxL – максимальный лимит долга местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы, который составляет 75 % от объема его собственных доходов.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. МАСИМОВ