Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 6 мамырдағы
№ 282 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 қыркүйектегі № 1005 қаулысы.
2. «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі № 700 қаулысының 1-тармағы.
3. «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашадағы № 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 459-құжат).
4. «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 264 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 140-құжат).
5. «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № 1027 қаулысы.
6. «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1255 қаулысының 1-тармағы.
7. «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 602 қаулысы.
8. «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 287 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4, 5, 6, 9, 10, 12 және 13-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 599-құжат).