Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-2) негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2-3) жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда "Дүниетану" оқу курсының шеңберінде: 3-сыныпта жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта – 10 сағат бастауыш сынып мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 6, 8, 9-сыныптарда "Дене шынықтыру" оқу курсының шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 15 сағаттан дене шынықтыру мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда "Алғашқы әскери дайындық" оқу курсының шеңберінде 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.
26. "Жолда жүру ережелері" оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының шеңберінде іске асырылады: "Ана тілі", "Музыка", "Бейнелеу өнері", "Технология"; 6, 8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.";
35, 36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Оқу жылының ұзақтығы 3, 4, 6, 8-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
37. Оқу жылында 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы каникул күндерінің ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдардың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Пәндік нәтижелер 3-4-сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) деңгейде, ықтимал жетік деңгейде 6, 8-11-сыныптарда (пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті меңгеру үшін) және бейіналды жетік деңгейде
8-9-сыныптарда/бейіндік жетік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы білім беру ұйымдары таңдап алған пәндерді тереңдетіп оқытатын үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын меңгеру үшін) белгіленеді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Оқу пәндерін меңгерудің жетік (ықтимал және бейіналды/бейіндік) деңгейлері білім алушылар білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың іскерліктері мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін меңгерудің ықтимал деңгейі 6, 8-11-сыныптар үшін вариативтік оқу бағдарламалары негізінде жалпы білім беру ұйымдарының таңдауы бойынша іске асырылады. Оқу пәндерін меңгерудің бейіналды (8-9-сыныптар) және бейіндік (10-11-сыныптар) деңгейлері тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде іске асырылады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сынып толымдылығы 24-ке жеткенде және одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде және одан асқанда, шағын жинақталған мектептерде – сабақ өткізу кезінде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 6, 8-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы орыс тілі;
4) 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы шетел тілі;
5) 6, 8-11-сыныптардағы информатика;
6) бейінді пәндер;
7) 6, 8-11-сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);
8) 6, 8-11-сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізу кезінде сыныпты 2 топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.";
4) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6) көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7) көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз үшінші абзацтарын, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 6-қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын, 7-қосымшаның 10-тармағының 1) тармақшасын, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 6-қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасын, 7-қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Стандартта "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;
2) интеграция – мазмұнның құрылымдық бөліктері арасындағы байланысты жасайтын процесс;
3) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық балалардың тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
4) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
5) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірлесіп белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
6) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталған әрекеттің бір түрі;
7) мектепке дейінгі ұйымда балалардың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру – балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың физикалық, адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу және қолайлы жағдайларды жасау;
8) заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі;
9) күн тәртібі – бұл баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін тәулік бойғы уақытты ұтымды бөлу және түрлі әрекет түрлері мен демалыстың дұрыс өзара сабақтастығы;
10) үлгілік оқу жоспары – стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін қамтамасыз ететін мемлекеттік нормативтік құжат.
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;
4) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайды;
2) оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) үлгілік оқу жоспарларын;
2) баланың қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске асыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын және қосымша бағдарламаларды әзірлеуге негіз болып табылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын;
3) мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасын;
4) мектепке дейінгі ұйымдарда олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру процесін жүзеге асыруды;
5) мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-дидактикалық құралдар мен әдістемелік ұсынымдарды;
6) мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтардың қызметін мемлекеттік аттестаттау талаптарын;
7) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар (психикалық және физикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар) балаларға арналған білім беру бағдарламасын;
8) балалардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін дамыту бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын;
9) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті.
5. "Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде әрбір баланың жетістіктерінің психологиялық-педагогикалық диагностикасы негізінде ұйымдастырылған оқу қызметі мен режимдік процестер арқылы іске асырылатын білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер көрсетілген.
6. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде мектепке дейінгі білім берудің мақсаты, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында балалардың міндетті түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.
7. "Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде жас кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы және оларды санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізу көрсетілген.
2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны:
1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;
2) ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға;
3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге;
4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға;
5) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа;
6) жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға;
7) мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепте оқуына тең мүмкіндік беруді көздейтін қарапайым қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
9. Әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде келтірілген.
10. Баланың қалыптасқан дағдылары:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) белсенді;
4) эмоциялық елгезек;
5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
12. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
1) балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтарға баулуға;
2) халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге, фольклор мен еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске асыруға;
3) ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;
4) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педагогикалық консультациялық қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған.
13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім беру саласына негізделген.
14. "Денсаулық" білім беру саласы.
Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды дамыту, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін дамыту және дене бітімі қасиеттерін қалыптастыру.
"Денсаулық" білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жаттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау, велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон және басқалар) элементтерімен танысуды қамтиды.
"Денсаулық" білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.
"Денсаулық" білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) дене шынықтыру;
2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері.
15. "Коммуникация" білім беру саласы.
Мақсаты: айналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту.
"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.
"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сөйлеуді дамыту;
2) көркем әдебиет;
3) сауат ашу негіздері;
4) қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;
5) драма.
16. "Таным" білім беру саласы.
Мақсаты: қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
"Таным" білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.
"Таным" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бөбек жасы топтарында (1 жастан 3 жасқа дейін) – сенсорика;
2) құрастыру;
3) жаратылыстану.
17. "Шығармашылық" білім беру саласы.
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
"Шығармашылық" білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
"Шығармашылық" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сурет салу;
2) мүсіндеу;
3) аппликация;
4) музыка.
18. "Әлеумет" білім беру саласы.
Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге, айналасындағыларға жағымды мінез-құлықты және қайырымды қатынасты тәрбиелеу.
"Әлеумет" білім беру саласы қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді; Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеуді; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеуді қамтиды.
"Әлеумет" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) өзін-өзі тану;
2) қоршаған ортамен танысу;
3) экология негіздері.
19. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:
1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;
2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.
20. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерудің мерзімі – 5 (6) жыл. Жас және топтық кезеңдері мынадай:
1) бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
2) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін:
мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).
4. Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар
21. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.
22. Мектепке дейінгі білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленген.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:
ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут;
мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;
мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды.
23. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың және білім беру ұйымдарындағы мектепалды сыныптардың педагог қызметкерлерінің айлық еңбекақысын есептеу үшін оқу жүктемесінің апталық ең жоғарғы көлемі 24 сағатты құрайды (МЖМБС-ның бес білім беру саласының мазмұнын іске асыруға бағытталған негізгі оқу жүктемесіне 20 сағат, мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс және т.б.) 4 сағат көзделген).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша |
1-кесте
Денсаулықты сақтау дағдылары
Р/с № | Дағдылар тізбесі | 1 жастан бастап 2 жасқа дейін | 2 жастан бастап 3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 4 жасқа дейін | 4 жастан бастап 5 жасқа дейін | 5 жастан бастап 6 жасқа дейін | 6 жастан бастап 7 жасқа дейін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Мәдени-гигиеналық дағдылар | Ересектердің көмегімен жуынудың, киінудің, шешінудің қарапайым дағдыларын орындайды | Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгерген | Жеке бас гигиенасының қағидаларын біледі және сақтайды | Гигиеналық шаралардың орындау ретін біледі | Гигиеналық шараларды өздігінен орындайды | Гигиеналық шараларды орындау кезінде өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын меңгереді, шынықтырудың барлық тәсілдерін біледі және орындайды |
2 | Дене тәрбиесі | Белгілі бір бағытта жүріп, жүгіре алады | Жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларын меңгерген | Негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгерген | Өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалысты өздігінен орындай алады | Негізгі қимыл-қозғалысты орындау кезінде шығармашылық танытады | Жас ерекшелігіне сай сандық және сапалық көрсеткіштерге жете отырып, негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін орындай алады |
3 | Дербес қимыл белсенділігі | Қатар ойнай алады, кеңістіктегі ашық, зейінді тартатын заттарды өз бетінше таба алады | Шағын топта бірге ойнай алады | Бірлескен ойындарда қарапайым ережелерді сақтай алады | Өз бетінше түрлі ойындар ойнай алады, барлық ойын ережелерін сақтай алады | Балалар тобымен қимыл ойындарын ұйымдастыру дағдыларына біледі | Қимылдарын еркін меңгеріп, саналы түрде ойын ережесін сақтай алады. Қозғалыс қызметінде қарапайым өзін-өзі бақылау қалыптасқан |
4 | Салауатты өмір салты | Күнделікті шынығу тәсілдерін біледі | Шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады. | Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, ересектердің көрсетуімен дене шынықтыру элементтерін орындайды | Балабақшада өзін ұстаудың қарапайым ережелерін біледі және сақтайды. Өсімдіктерге, жануарларға, жәндіктерге қарым-қатынас жасай біледі. | Қауіпсіздік қағидаларын саналы түрде орындайды. Дене шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді | Ағзаны шынықтыру және дене сымбатын сақтау тәсілдерін біледі. Күн тәртібін сақтайды |
2-кесте
Коммуникативтік-тілдік дағдылар
Р/с № | Дағдылар тізбесі | 1 жастан бастап 2 жасқа дейін | 2 жастан бастап 3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 4 жасқа дейін | 4 жастан бастап 5 жасқа дейін | 5 жастан бастап 6 жасқа дейін | 6 жастан бастап 7 жасқа дейін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Қарым-қатынас мәдениеті | Жай сөйлеммен айтылған өтінішті орындай алады | Құрбыларымен қарым-қатынасқа түсе алады | Ересектердің сөзін түсінеді. Сұрақтарды тыңдайды, оларға жауап бере алады | Ересектермен, балалармен қарым-қатынасқа түседі және олардың өтініштерін орындай алады | Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды. | Тілдесу қағидаларын: сөзсіз тілдесу құралдарын; сөйлесу әдебін меңгерген. |
2 | Тілдің грамматикалық құрылымы | Жеңіл сөздерді қолданып, оларды түсіндіре алады | Өз ойын түсінікті дұрыс жеткізе алады | Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады | Ересектердің сұрақ қоюы арқылы салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді үйлесімді құрастыра алады | Сөйлеуге сыни қарым-қатынас таныта алады, грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады | Сөз тіркесі мен сөйлемдерді грамматикалық дұрыс құрастыра алады. Сөйлеуде таныс сөздердің қиын түрлерін қолданады |
3 | Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті | Дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды артикуляциялық қатынаста жеткілікті түрде анық айта алады | Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады | Сөздердің дыбысталуын тыңдай отырып, оларды анық айтады | Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады | Дыбыстарды саралай отырып, интонациялық мәнерлеудің әртүрлі тәсілдерін қолданып, сөздерін белсенді түрде құбылтып ойнай алады | Дыбыстарды анық, дұрыс, мәнерлеп айта алады, жіктей алады, дыбыстың шартты белгілерінің көмегімен буын мен сөз құрастыра алады |
4 | Сөздік қор | Ересектердің айтқан сөздері мен сөз тіркестерін айтады | Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере алады | Барлық әрекеттерді, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілерін және сапасын атайды | Көрнекі жағдаяттарсыз -ақ сөздерді қолданып, сөйлеуде етістіктерді белсенді қолдана алады | Сөйлемде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді | Сөзжасам дағдыларына ие. Заттардың белгілері мен қасиеттерін қолдана отырып, сөздің мағынасын түсіндіре алады. |
5 | Байланыстырып сөйлеу | Тапсырманы мұқият тыңдайды және оны басқа адамға жеткізуді, қысқа фразалар мен сөздерді қолданып өтініш жасай алады | Тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады | Табиғаттың тірі және өлі нысандарын бақылау, суреттерді, заттарды қарастыру арқылы сұрақтарға дұрыс жауап бере алады | Диалогтік сөйлеудің, тілдесудің негізгі формасын меңгерген. 2-3 сөйлемнен тұратын тұжырымдарды қолдана біледі | Әртүрлі сөз таптарын, эпитеттерді, салыстыруларды қолдана отырып, монолог құра алады | Берілген тақырып, сурет бойынша қарапайым, жайылма сөйлемдерді қолдана отырып байланыстырып, бірізділікпен әңгіме құрастыра алады |
6 | Шығармашылықпен сөйлеу қызметі | Күрделі емес шағын сахналық мазмұндағы ойыншықтардың қойылымдарын түсінеді, олардың әрекеттеріне еліктей алады | Саусақ ойындарына арналған тақпақтарды жатқа айтады | Кейіпкерлердің мінездемесін беру үшін интонациялық мәнерлеудің қарапайым түрлерін қолданады | Таныс ертегілерін айта алады, ойыншықтар бойынша шағын әңгімелер құрастырады | Оқиғалар құрастыра алады, астарлы және ауыспалы сөздерді қолданып, түсіне алады. | Түрлі оқиғалар айта алады, ертегілер ойлап шығарады, ойынға өлең ұйқастары мен сөз құрастыруға қызығады |
7 | Шығармаларды қабылдауы | Тиісті суреттерді қолдана отырып шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды түсінеді | Халық ауыз шығармашылығы туындыларына эмоциямен үн қата алады | Түрлі оқиғаларға, кейіпкерге өзінің қарым-қатынасын білдіреді | Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атай алады, әдеби кейіпкерлерді ойында қолданады | Кітапқа деген қызығушылық танытады, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқуы мүмкін | Көрген, таныс шығармалар мәтінін мазмұндай алады |
8 | Сауаттылық негіздері | Үш дыбысты сөздермен талдау жасай біледі. Тыңдай біледі және екпінді буындарды ажыратады. | Дыбыстардың айтылуы мен дыбысталуына талдау жасағанда білімін қолдана алады. 4 дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды, дыбыстарды сипаттайды. |
3-кесте
Танымдық дағдылар
Р/с№ | Дағдылар тізбесі | 1 жастан бастап 2 жасқа дейін | 2 жастан бастап 3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 4 жасқа дейін | 4 жастан бастап 5 жасқа дейін | 5 жастан бастап 6 жасқа дейін | 6 жастан бастап 7 жасқа дейін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Заттардың қасиеттерін бағдарлау | Біртекті заттарды бір белгісі бойынша (көлемі, пішіні) топтастыра біледі. Негізгі төрт түсті ажырата алады | Заттардың негізгі түстерін, пішінін, көлемін, сипатын ажыратады | Салыстыру (қатар қою, тіркеу) тәсілімен заттарға тән айырмашы-лықтарды таниды және атайды | Заттарға тән ерекшеліктерді және белгілерді иісі, дәмі, дыбысы негізінде қабылдайды, атай біледі | Танымдық әрекет ретінде заттардың қасиеттері мен белгілерін қарастыра алады | Адам өміріндегі маңызына және қолданылуына байланысты заттарды даярлау үшін пайдаланылатын материалдардың қасиеттері мен алуан түрлілігі туралы білімді меңгерген |
2 | Қоршаған әлемді танып білу | Өзі, отбасы туралы білімге ие. Айналасындағы жануарларды, өсімдіктерді және заттарды таниды | Адамдарға, олардың әрекетіне ерекше қызығушылық танытады | Табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды.Бағдаршам белгілерінің мәнін түсінеді және атайды | Тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдегі қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды түсінеді | Танымдық міндеттерді шынайы-көрнекі және көрнекі-үлгі тұрғысында шеше алады, жүйелей және топтастыра алады. Ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын табуға қабілетті. | Қоршаған ортадағы табиғат объектілерінің сипаты мен айтарлықтай белгілерін айқындау негізінде түсініктерін қорыта біледі |
3 | Құрылым-дау дағдылары | Ересектердің көмегімен қарапайым құрылыс құрай алады | Ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды қайталап жасайды (үстіне, жанына, астына қоя алады) | Құрылыс материалда-рын әртүрлі тәсілдермен орната алады. Оның негізгі бөлшектерін біледі және атайды | Құрылыс материалдарын өз бетінше таңдайды, құрылысты әдемі орындауға тырысады | Құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін меңгерген.Түрлі нәтиже алу үшін бір және бірнеше тәсілдер қолданады. | Жапсыру және сурет салу түрінде геометриялық пішіндерден шынайы және абстракциялық объектілердің қарапайым модельдерін жасай алады |
4 | Экология-лық мәдениет негіздері | Тіршілік иелерін, өсімдіктерді ажырата алады, оларға қызығушылық танытады | Жануарлар әлеміне мейірімділік танытады және ұқыпты қарым-қатынас жасайды | Ересектердің көмегімен өсімдіктерді күтіп баптау бойынша қарапайым еңбек дағдыларын орындай алады | Табиғатта өзін-өзі ұстаудың кейбір нормаларын меңгерген | Қоршаған әлемнің алуан түрлілігін түсінеді. Өсімдіктердің қасиеттері мен жануарлардың мекендейтін ортасын біледі | Ұсақ ерекше белгілері бойынша жануарлар мен өсімдіктерді ажырата біледі және атай алады. Табиғат бұрышындағы мекендеушілерді күтіп баптай алады. Өмірлік жаңа жағдайларда қауіпсіздікті сақтай алады |
5 | Қарапайым математикалық түсініктер | Ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады | Кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын меңгерген | Уақыт, кеңістік, туралы қарапайым түсініктерін көрсете алады | Уақыт туралы (тәулік бөліктері: таңертең, күн, түн; күндер: бүгін, кеше, ертең; жылдам, баяу) түсініктерге ие | Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері реттегі сандық қатынасты біледі | Түрлі белгілері бойынша объектілерді жіктей алады; сөз арқылы кеңістіктік-уақыт қатынасын меңгерген; логикалық ойлау тәсілдеріне ие. |
6 | Ізденіс және экспери-менттік іс-әрекет | Әртүрлі пішіндегі (тесіктерге) ойықтарға сәйкес заттарды салуды біледі | Әртүрлі заттармен эксперимент жасай (ажырата, жалғай, құрастыра) алады | Таныс материалдар-мен өз бетінше эксперимент жасай алады | Мақсатты түрде жаңа материалдармен эксперимент, моделін жасай алады және заттар арасындағы жалпы белгілерді ажырата біледі | Қарапайым себеп-салдарлық байланыс орната алады, ретімен және нәтижелі эксперимент жасай алады | Нәтижеге жететін эксперимент әрекетіне мақсат қоя, нәтижеге жете біледі |
7 | Ақпаратпен жұмыс | Әртүрлі ақпарат көздеріне қызығушылық танытады | Ескі және жаңа ақпарат-тардың айырмашылы-ғын анықтайды | Жаңа ақпараттар алу қажеттігін түсінеді | Жаңа ақпаратты қалай ұсынуды, кімдер қызығушылық танытатынын біледі және түсінеді | Алған ақпаратқа талдау жасайды, оларды саналы түрде қолдана алады. |
4-кесте
Шығармашылық дағдылар
Р/с№ | Дағдылар тізбесі | 1 жастан бастап 2 жасқа дейін | 2 жастан бастап 3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 4 жасқа дейін | 4 жастан бастап 5 жасқа дейін | 5 жастан бастап 6 жасқа дейін | 6 жастан бастап 7 жасқа дейін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Музыкалық іс-әрекет | Ән орындау барысында күрделі емес қимылдармен би әуеніне көңілді сипат бере алады | Музыкалық аспаптарды біледі, музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас танытады | Музыкалық шығарманың қарқынын ажыратады жоғары дыбыстарды ажыратады, әуеннің басы мен соңына назар аударады | Дауыс тембрін ажыратады, әнді созып айтады, сөздерді анық айтады; бидің, музыкалық ырғақтың қимылдарын орындайды | Балалар музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларына ие, музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрінің негізгі қасиеттерін ажыратады. Әнді суырып салып айту қабілетіне ие. | Музыкалық аспап сүйемелдейтін әуенді, регистр дыбысын ажырата алады. Балаларға арналған музыкалық аспапта ойнау барысында, ән айтқандай, билегенде минорлы және мажорлы дыбысталуды қабылдап, жаңғырта алады |
2 | Өнімді іс-әрекет | Қағаз бетін ашық дақтармен, жақпалармен толтырады, дөңгелек, жайпақ пішіндерді мүсіндейді | Мүсіндеу дағдыларын игерген (заттарды шұңқырлау, сәндеу). Қағаз бетіне тік және жатық, ирек сызықтар сыза алады. | Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен іскерліктерді игерген | Бейнелеу өнерінің түрлері туралы ұғымдары бар (кескіндеме, мүсіндеу, халық өнері) | Бейненің сипатына тән бейнелеудің техникалық тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдай алады | Түрлі техникалық құралдарды өз бетінше қолдана алады, жұмыстарды жаңа бөліктермен толықтырады және әсемдей алады |
3 | Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау | Бояудың ашық түстеріне назар аударады, оларға таң қалады, қуанады | Халықтық ойыншықтарды қарастыру кезінде эмоциялық қуаныш білдіреді, олардың ашықтығын, әдемілігін атап көрсетеді | Түрлі бейнелеу өнері түрлеріне қызығушылық танытады, материалдарды ұқыпты қолданады | Геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін ырғақты орналастырады. Би сипатындағы музыканы эмоциялы түрде қабылдайды | Сәндік өнерге, дизайнға қызығушылық білдіреді, жұмыстың тәсілдерін таңдайды және дәлелдейді, жұмысқа материалдарды тиімді қолданады, табиғаттың әсемдігіне, киімге және бөлменің жинақылығына эмоциялы түрде мән береді. | Қарастырған заттары бояуының қанықтығы (фактурасы) туралы түсінігі бар.Өнердің басқа түрлерінің түпмәтінінде өнер туындыларына алғашқы талдау жасау дағдысына ие. |
5-кесте
Әлеуметтік дағдылар
Р/с № | Дағдылар тізбесі | 1 жастан бастап 2 жасқа дейін | 2 жастан бастап 3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 4 жасқа дейін | 4 жастан бастап 5 жасқа дейін | 5 жастан бастап 6 жасқа дейін | 6 жастан бастап 7 жасқа дейін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Өзін ұстау мәдениеті дағдылары | Өзін ұстаудың қарапайым нормаларын меңгерген және жағымды әдеттері қалыптасқан | Мінез-құлық нормалары мен қағидаларын түсінеді, сәлемдесу, қоштасу, ризашылық сөздерін қолданады | Адами қарым-қатынас туралы білімді меңгерген, эмоциялық жағдайды түсінеді | Жақын және айналасындағы адамдарға қарапайым қамқорлық танытады | Қажетті жағдайда көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілектерін құрметтейді | Мінез-құлықтың адамгершілік нормалары туралы, табиғатта өзін-өзі ұстау туралы, әдеп қағидалары туралы біледі |
2 | Ересектермен және құрдастарымен өзара іс-әрекет | Ересек адамды ынтамен тыңдай біледі, оның тапсырмаларын орындайды. Күрделі емес тапсырмаларды есінде сақтайды және орындайды | Жақындарына, құрдастарына бауырмалдық, тілектестік сезім танытады | Құрдастарымен тұрақты ойын бірлестіктеріне қосылады және танымдық тақырыптарға ересектермен тілдесе алады | Ересектермен бірге еңбек әрекеттерін орындайды. Құрдастарының арасында өзінің орнын, "Менін" сезінеді | Ересектермен және құрдастарымен бірге еңбек ете алады, ортақ мақсат қояды және оның нәтижесін талқылай алады | Ересектермен бірлескен әрекетке татулықпен қосыла алады, пайдасын тигізуге және оған қанағаттануға тырысады |
3 | Адамгершілік нормалары туралы түсінік | Айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу үшін және тілектерін білдіру үшін қажетті сөздерді қолдана алады | Ненің "жақсы", ненің "жаман" екенін біледі және түсінеді | Өзінің әрекеттерін, ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін бағалай алады | Адамгершілік нормалары мен қоғамда өзін-өзі ұстау қағидаларын сақтайды | Өзін-өзі ұстаудың адамгершілік нормаларын сақтайды, жағымды іс жасағанда қуанады, рахаттанады, адамгершілік нормалары бұзылғанда уайымдайды | Өзінің және басқа да халықтардың әдептілік нормалары мен құндылықтарын біледі, түсіністік, төзімділік танытады. Әлеуметтік әлемде өзара қарым-қатынас жасау іскерлігіне ие, қоғамдық тәртіп қағидаларын сақтаудың коммуникативтік дағдыларын меңгерген. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген |
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
2) біліктілік – алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;
3) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
4) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі;
7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;
8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
9) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
10) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні (модулі) үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат, әскери, арнаулы оқу орындарында жұмыс оқу бағдарламасы силлабус деп аталады;
13) үлгілік оқу жоспары – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
14) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің (модульдерінің) жиынтығы;
16) кредиттік оқыту технологиясы – кредитті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемін сәйкестендірілген өлшеу бірлігі ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді (модульдерді) таңдауы және өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;
17) дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
18) эксперименттік білім беру бағдарламалары – оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған бағдарламалар;
19) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімді, іскерлікті, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
20) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;
21) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
22) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
23) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
24) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
25) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, іскерлікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі;
26) біліктілік сипаттамасы – маманның жеке басына және кәсіби біліктілігіне қойылатын жалпылама талаптарды айқындайтын құжат. Бұл модель кәсіптік даярлықты талап ететін белгілі бір еңбекті орындау бойынша қызметкердің тұлғалық әлеуетінің моделі.
3. "Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына, базалық, кәсіптік құзыреттерге және білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.
4. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде техникалық және кәсіптік білімнің беру бағдарламаларының мақсаты, құндылығы, мазмұны, іске асырылуы мен құрылымы және оларды меңгерудің нормативтік мерзімдері айқындалған.
5. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, бақылау нысандары, міндетті оқу уақытының көлемі көрсетілген.
6. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ:
1) оқу-бағдарламалық құжаттамаларға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына, сондай-ақ оқу процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеу кешеніне;
2) білім беру бағдарламаларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге:
4) ӘАОО ведомстволық бағынысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
7. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылар даярлығының біліктілік деңгейіне қарай Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес мыналарды:
1) өз бетінше жоспарлауды, міндеттерді айқындауды, технологиялық процесс учаскесі және алға қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілік пен соңғы нәтижеге қол жеткізуді болжайтын кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде бағынысты қызметкерлердің нормаларды іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды көздейтін атқарушылық, басқарушылық қызметті басшылықпен іске асыру жөніндегі құзыреттерді;
2) белгіленген норманы орындау тәсілін өз бетінше айқындай білу, еңбек заттары мен құралдарын қолдану, қарапайым міндеттерді орындау жөнінде шешімдер қабылдау, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, алған тапсырмаларды нақтылау іскерлігін;
3) заттың өзгеру технологиялары, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, тапсырманы өз бетінше орындау туралы, қарамағындағыларға міндеттер жүктеу, олардың қызмет нәтижелерін бағалау және талдау, кәсіптік қызметтің типтік жағдайларында қарамағындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруын ынталандыру, кәсіби міндеттерді қою және оларды шешу тәсілдері, қағидаттары және әдістері, қарым-қатынастар этикасы мен психологиясы, ойлау және қызмет рефлексиясы, еңбекті уәждеу және ынталандыру тәсілдері, кәсіптік жағдайларды жүйелі талдау тәсілдері және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдер қабылдау тәсілдері туралы білімдерді меңгеруге бағытталуы тиіс.
ӘАОО-да техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға бағытталған.
8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) білім алушылар оқуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін нақты мамандық бойынша біліктіліктің белгіленген және/немесе жоғары деңгейін (разряд, санат) беру;
2) білім алушылар оқытудың даярлық деңгейін аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманы біліктілігін беру;
3) білім алушылар жоғары колледжде оқытуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін қолданбалы бакалавр (кіші инженер) біліктілігінің деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.
9. Үлгілік оқу жоспарлары оқу жоспарының моделіне сәйкес болуы қажет және мынадай:
1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;
2) әскери, медициналық мамандықтар және мәдениет, өнер мамандықтары бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.
10. Білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:
1) эксперименттік режимдегі жұмыс;
2) кәсіптік білім беру базасында біліктілігі жоғарғы деңгейдегі орта буын мамандарын даярлау;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;
4) әскери мамандықтар бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.
Оқу процесін жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларының әзірлеушілері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
11. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мыналарды:
1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
2) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
3) жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді;
4) ӘАОО-да техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.
12.Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты:
1) нақты біліктілік алуға және біліктілік деңгейін арттыруға қажетті құзыреттерді қалыптастыру;
2) біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі және сабақтастығы;
3) білім алушылардың маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін, жалпы оқу-тәрбие процесінің барысында қалыптастырылатын базалық құзыреттерді игеруі;
4) білім алушылардың кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік құзыреттерді игеруі.
13. Техникалық және кәсіптік білім берудің құндылықтары:
1) кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілік, кәсіптік білімді дамытуға және кәсіптік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау;
2) кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылар, қасиеттер мен қабілеттер;
3) маманның кәсіптік қызметті өз бетінше орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін, сондай-ақ білімнің, іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін шешуге дайындығы.
14. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру кезінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:
1) циклдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 30 %-ға дейін және міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып, әрбір пән (модуль) бойынша 30 %-ға дейін және өндірістік оқыту үшін 50 %-ға дейін өзгертуі;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдауы;
3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын жалпы білім беретін пәндер бойынша 30 %-ға дейін және арнайы және жалпы білім беретін пәндер (модульдер), өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша 50 %-ға дейін өзгертуі мүмкін. Жұмыс берушілердің талаптары бойынша жалпы кәсіптік және арнайы пәндер цикліне міндетті оқытуға арналған жалпы сағаттар санын сақтай отырып, қосымша пәндер (модульдер) енгізуі;
4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу және білім алушыларды аралық аттестаттау нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдауы мүмкін.
15. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар, білім беру ұйымдары айқындайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
16. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруды базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін әрі педагогикалық және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлар, сондай-ақ қажет болған жағдайда базалық жоғары немесе техникалық, кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сай келетін өндірістен келген білікті мамандар қамтамасыз етеді.
17. Кәсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:
1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытуды;
2) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өтуді;
4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды;
5) ӘАОО-да әскери тағылымдамадан өтуді қамтиды.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.
Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пән оқытушысының, өндірістен келген білікті маманның жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтарды сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығу кезінде, далалық жорықтар кезінде өткізу жоспарланады, теориялық оқу процесінде алынған білімдерді бекітуге бағытталған. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған. Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің жұмыс кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларында айқындалады.
Практикалық даярлық (білім беру ұйымы айқындайтын пәндер бойынша, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалау) міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын құрауы тиіс (жалпы білім беретін және әлеуметтік-экономикалық пәндерді ескермегенде).
ӘАОО-да кәсіби практика және әскери тағылымдама міндетті оқытудың оқу уақыты жалпы көлемінің кемінде 40%-ын қамтуы тиіс.
Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кемінде алпыс пайыз (60%)кәсіпорын базасында өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.
18. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдарының, аудио және бейне материалдардың, әдістемелік көрнекі құралдардың және пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.
19. Оқу процесін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
20. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
21. Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларымен анықталады.
22. Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарында көрсетілетін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күтілетін белгіленген біліктілік деңгейінің күрделілігіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді және күндізгі оқу нысаны кезінде:
1) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;
2) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзімін;
3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай оқу мерзімін;
6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 айды, 1 жыл 6 айды, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды.
23. Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақытының көлемі тиісінше 70 %-ды және күндізгі оқыту нысаны үшін көзделген оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ын құрайды.
4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
24. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында аптасына кемінде 36 сағат міндетті оқу жүктемесін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
25. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар өткізу кезеңінде, полигондарда, практикалардың барлық түрлерінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 48 сағатына дейін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде 40 сағаттық жұмыс аптасының негізінде жоспарланады.
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу процесінің ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды. Дуальді оқыту бойынша кәсіпорындармен шарт жасаған студенттер каникул уақытында кәсіпорындарда практикадан өте алады.
Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде көзделеді.
Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және консультациялар емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер бойынша, сондай-ақ кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді ұйымдастыру және өткізу рәсімдеріне арналып жоспарланады.
Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
аралық аттестаттау;
білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;
әскери мамандықтарды қоспағанда, кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру көрсетіледі.
Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
Бақылау жұмыстары пәнді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіледі.
Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оларды оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі
Барлық пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен, емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімдерде өткізіледі.
ӘАОО үшін барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау өткізу көзделген, оның негізгі нысаны емтихан болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді
Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытындысы бойынша (әр оқу курсынан кейін) нақты мамандық бойынша қол жеткізген кәсіптік біліктілік деңгейі (разряд, сынып санат) беріледі.
Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.
ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пән бойынша кешенді емтихан тапсыруды қамтиды.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау, немесе дипломдық жұмысты орындау және қорғау, немесе арнайы пәндердің бірінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысты орындау және қорғау.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қорытынды аттестаттау нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан асырылмай айқындалады.
Мамандықтар бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру (бұдан әрі – КДДББ) екі кезеңнен:
1) кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер бойынша теориялық тестілеуден;
2) біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан тұрады.
КДДББ ӘАОО-да өткізілмейді.
Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Мамандықтың күрделілігіне байланысты диплом алдындағы (біліктілік) практиканың ұзақтығы жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоспарланады.
26. Оқу пәндерін зерделеудің дәйектілігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын курстарға және семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
Арнайы пәндердің тізбесін айқындау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген пәндерді зерделеу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды және келешектегі кәсіптік қызметтерінің негізгі түрлері бойынша немесе нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі 180 сағаттан аспайтын оқу уақытының көлемімен орта буын мамандарын даярлауда іске асырылады. Осы циклдің жекелеген пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен интеграциялануы мүмкін.
ӘАОО-да әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орта буын мамандарын даярлау кезінде іске асырылады.
"Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан асырылмай (мамандыққа байланысты) жоспарланады, олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ өткізуге бөлінуі мүмкін. "Дене тәрбиесі" курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.
ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады (мамандығына байланысты). Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Алғашқы әскери дайындыққа 100 сағаттан асырылмай бөлінеді, оның ішінде 36 сағат оқу-дала (лагерьлік) жиындарын өткізуге беріледі. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсы "Алғашқы әскери дайындық" оқу курсы шеңберінде іске асырылады.
Оқу-дала (лагерьлік) жиындары өткізілетін орынды денсаулық сақтау органдарымен және төтенше жағдайлар басқармаларымен келісім бойынша қалалық және облыстық білім беру органдары айқындайды.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша |
Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі
(жоғарғы біліктілік деңгейі үшін)
(орта буын маманының деңгейі үшін)
Академиялық сағат/кредит
Р/с № | Циклдердің, пәндердің (модульдер) және оқу жұмыстарының атауы | Оқыту мерзімі | ||||||||||||||||||||||||||||
негізгі орта білім базасында жалпы орта білімсіз | негізгі орта білім негізінде | жалпы орта білім негізінде | орта білімнен кейінгі, жоғары білім негізінде | техникалық және кәсіптік білім негізінде* | ||||||||||||||||||||||||||
1жыл 10 ай | 1жыл 10 ай | 2жыл 6 ай | 2жыл 10 ай | 3 жыл 6 ай | 3 жыл 10 ай | 10 ай | 1жыл 6 ай | 1жыл 10 ай | 2 жыл 6 ай | 2 жыл 10 ай | 10 ай | 1 жыл 6 ай | 10 ай | 1 жыл 6 ай | 1 жыл 10 ай | |||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | |||||||||||||
1 | Жалпы білім беру пәндері (модульдер) | 524 | 1448 | 1448 | 1448 | 1448 | 1448 | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | |||||||||||||
2 | Жалпы гуманитарлық пәндер (модульдер) | - | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | |||||||||||||
Кәсіптік қазақ (орыс) тілі | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | - | + | ||||||||||||||
Кәсіптік шет тілі | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | ||||||||||||||
3 | Әлеуметтік-экономикалық пәндер (философия, экономика, құқық негіздері және мәдениеттану) | - | - | - | + | + | + | - | + | + | + | + | - | + | - | + | + | |||||||||||||
4 | Жалпы кәсіптік пәндер | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | |||||||||||||
5 | Арнайы пәндер (модульдер) | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | ||||||||||||||
6 | Білім беру ұйымы айқындайтын пәндер | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | ||||||||||||||
7 | Өндірістік оқыту және кәсіптік практика | оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %** | ||||||||||||||||||||||||||||
8 | Аралық аттестаттау | |||||||||||||||||||||||||||||
9 | Қорытынды аттестаттау | |||||||||||||||||||||||||||||
9.1 | Білім беру ұйымында оқытудың толық курсының қорытындысы аттестаттау | 2 аптадан аспайды | ||||||||||||||||||||||||||||
9.2 | Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру | бір топқа кемінде 12 сағат | ||||||||||||||||||||||||||||
10 | Консультация | Оқу жылына 100 сағаттан аспайды | ||||||||||||||||||||||||||||
11 | Факультативтік сабақтар | Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан аспайды | ||||||||||||||||||||||||||||
Барлығы **** | 3312/66 | 3312/66 | 4320/86 | 4960/100 | 5800/116 | 6588/132 | 1656/33 | 2680/54 | 3312/66 | 4320/86 | 4960/100 | 1656/33 | 2680/54 | 1656/33 | 2680/54 | 3312/66 |
Ескертпе:
* оқу мерзімі білім беру деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді;
** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау;
*** орта буын мамандарын даярлау кезінде оқыту уақыты 180 сағаттан аспайтын әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі іске асырылады. Аталған циклдің жеке пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен (модульдермен) интеграцияланған болуы мүмкін;
**** кредитті есептеу үшін академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут болып белгіленеді.
Модульдік білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіптік стандарттар негізінде және Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейін меңгеруге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген |
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2.Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
2) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;
3) оқу жоспарының моделі – орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін көрсететін оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
4) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;
8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
9) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
10) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні (модулі) үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
13) үлгілік оқу жоспары – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
14) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің (модульдерінің) жиынтығы;
16) дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
17) кредиттік оқыту технологиясы – кредитті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемін сәйкестендірілген өлшем бірлігі ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді (модульдерді) таңдауы және өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;
18) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы" бакалавр біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
19) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
20) эксперименталдық білім беру бағдарламалары – оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған бағдарламалар.
3. "Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына, базалық, кәсіптік құзыреттерге және білім беру ұйымдарында білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.
4. "Білім беру ма змұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде білім беру бағдарламаларының мақсаты, құндылығы, мазмұны, іске асырылуы мен құрылымы және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімдері айқындалған.
5. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу уақыттарының көлемін бақылау нысаны көрсетілген.
6. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ мыналарға:
1) оқу-бағдарламалық құжаттарға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына;
2) білім беру бағдарламаларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
7. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан білікті жұмысшы кадрлар, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауға бағытталуы тиіс.
8. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар оқыту аяқталған соң қолданбалы бакалавр (кіші инженер) біліктілігін беру мүмкіндігін көздейді.
9. Үлгілік оқу жоспарлары оқу жоспарының моделіне сәйкес болуы қажет және мынадай:
ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;
әскери, медициналық мамандықтар және әдебиет пен өнер мамандықтары бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.
Білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарларынан мынадай:
эксперименталды режимдегі жұмыс;
кәсіптік білім беру базасында қолданбалы бакалавриат, орта буын, жоғары деңгей мамандарын даярлау;
ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар қатарынан мамандар даярлау жағдайларында өзгеше болуы мүмкін.
Оқу процесін жоспарлау кезінде орта білімнен кейінгі білім берудің әзірлеушілері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
10. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мыналарды:
1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
2) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін зерделеуді;
4) аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде:
біліктілік (разряд, сынып, санат);
күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғары деңгейін;
орта буын маманы біліктілігін;
5) оқыту аяқталғаннан кейін қолданбалы бакалавр (кіші инженер) біліктілігін беруді көздейді.
Бұл ретте, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша құрылады.
11. Орта білімнен кейінгі білімнің мақсаты:
1) нақты біліктілік алуға және біліктілік деңгейін арттыруға қажетті құзыреттерді қалыптастыру;
2) біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі және сабақтастығы;
3) білім алушылардың маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін, жалпы оқу-тәрбие процесінің барысында қалыптастырылатын базалық құзыреттерді игеруі;
4) білім алушылардың кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік құзыреттерді игеруі.
12. Орта білімнен кейінгі білім берудің құндылықтары:
1) кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілік, кәсіптік білімді дамытуға және кәсіптік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау;
2) кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін білім, іскерлік пен дағдылар, қасиеттер мен қабілеттер;
3) маманның кәсіптік қызметті өз бетінше орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін, сондай-ақ білімнің, іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін шешуге дайындық.
13. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының:
1) циклдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 30 %-ға дейін және міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып, жалпы білім беретін пәндерден басқа әрбір пән (модуль) бойынша 30 %-ға дейін (оқытудың дуальді нысаны кезінде жалпы кәсіптік, арнайы пәндер (модульдер), өндірістік оқыту және өндірістік практика циклдері үшін оқу материалын меңгеруге бөлінген оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін) өзгерту;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдау;
3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерден басқа, пәндер (модульдер) және практика бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын 50 %-ға дейін өзгерту. Жұмыс берушілердің талаптары бойынша жалпы кәсіптік және арнайы пәндер цикліне міндетті оқытуға арналған жалпы сағаттар санын сақтай отырып, қосымша пәндер (модульдер) енгізу;
4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу және білім алушыларды аралық аттестаттау нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдау мүмкіндігі бар.
14. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар білім беру ұйымдары айқындайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
15. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін әрі педагогикалық және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлар, сондай-ақ қажет болған жағдайда базалық жоғары немесе техникалық, кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сай келетін өндірістен келген білікті мамандар қамтамасыз етеді.
16. Кәсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:
1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытуды;
2) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді;
4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды қамтиды.
Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылығы мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пәндер оқытушысының, өндірістен келген білікті маманның басшылығымен жүзеге асырылады.
Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіптік практикадан өту кезеңінде біліктілік емтиханын тапсырумен бірге білім алушының бір немесе бірнеше ұқсас біліктіліктерді игеруі көзделеді.
Кәсіптік практика аяқталғанда білім алушыға қол жеткізілген кәсіптік біліктілік деңгейі (разряд, сынып, санат) беріледі.
Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
Практикалық даярлық (білім беру ұйымы айқындайтын пәндер бойынша, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалау) міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40 %-ын құрауы тиіс (жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық пәндерді ескермегенде).
Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кемінде алпыс пайыз (60 %) кәсіпорын базасында өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.
17. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдарының, аудио және бейне материалдардың, әдістемелік көрнекі құралдардың және пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.
18. Оқыту процесін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
19. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
20. Орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде оқу мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларымен айқындалады.
21. Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларында көрсетілетін орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күтілетін белгіленген біліктілік деңгейінің күрделігіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді және күндізгі оқу нысаны кезінде:
1) жалпы орта білім базасында – 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
2) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды.
22. Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақытының көлемі тиісінше 70 %-ды және күндізгі оқыту нысаны үшін көзделген оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ын құрайды.
4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
23. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерін қоса алғанда аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
24. Күндізгі оқу нысаны кезінде міндетті оқу жүктемесі теориялық оқыту мерзімі үшін аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс және бұл көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді.
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу процесінің ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды. Дуальді оқыту бойынша кәсіпорындармен шарт жасаған студенттер каникул уақытында кәсіпорындарда практикадан өте алады.
Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде көзделеді.
Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және консультациялар емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер бойынша, сондай-ақ кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді ұйымдастыру және өткізу рәсімдеріне арналып жоспарланады.
Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
1) аралық аттестаттау;
2) білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;
3) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру көрсетіледі.
Пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
Бақылау жұмыстары пәндерді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіледі.
Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі.
Барлық пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен, емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Білім беру бағдарламасын меңгеру аяқталғаннан кейін білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
2) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: жалпы кәсіптік және (немесе) арнайы пәндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау, немесе дипломдық жұмысты орындау және қорғау, немесе арнайы пәндердің бірінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысты орындау және қорғау.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан асырылмай айқындалады.
Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру (бұдан әрі – КДДББ) екі кезеңнен:
кәсіптік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша теориялық тестілеуден;
біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан тұрады.
Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделеді.
Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде:
1) біліктілік (разряд, сынып, санат);
2) күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғарылатылған деңгейі беріледі.
КДДББ нәтижелері бойынша біліктілік комиссия шешімінің хаттамасы негізінде біліктіліктің тиісті деңгейлері және белгіленген нысандағы сертификат беріледі.
Практикалық емтихандар әрбір мамандық бойынша қажетті құралдармен жарақталған өндірістік алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда немесе оқу орталықтарында өткізіледі.
Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың ұзақтығы мамандықтың күрделілігі мен маманның көзделген біліктілік деңгейіне байланысты 1 айдан 3 айға дейін жоспарланады.
25. Оқу пәндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын курстарға және семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
Арнайы пәндердің тізбесін айқындау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген пәндерді зерделеу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды және келешектегі кәсіптік қызметтерінің негізгі түрлері бойынша немесе нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі 180 сағаттан аспайтын оқу уақытының көлемімен орта буын мамандарын даярлауда іске асырылады. Осы циклдің жекелеген пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен интеграциялануы мүмкін.
"Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан асырылмай (мамандыққа байланысты) жоспарланады, олардың 2 сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ өткізуге бөлінуі мүмкін. "Дене тәрбиесі" курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.
Алғашқы әскери дайындыққа 100 сағаттан асырылмай, оның ішінде 36 сағат оқу-далалық (лагерьлік) жиындарды өткізуге беріледі. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсы "Алғашқы әскери дайындық" оқу курсы шеңберінде іске асырылады.
Оқу-далалық (лагерьлік) жиындар өткізілетін орынды денсаулық сақтау органдарымен және төтенше жағдайлар басқармаларымен келісу бойынша қалалық және облыстық білім беру органдары айқындайды.
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша |
Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі
Академиялық сағат/кредит
Р/с№ | Циклдердің, пәндердің, модульдер мен оқу жұмыстарының атауы | Оқыту мерзімі | ||||||||||||
жалпы орта білім негізінде | техникалық және кәсіптік білім негізінде* | |||||||||||||
1 жыл 6 ай | 1 жыл 10 ай | 2 жыл 6 ай | 2 жыл 10 ай | 10 ай | 1 жыл 6 ай | 1 жыл 10 ай | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||||
1 | Жалпы білім беру пәндері, модульдер | - | - | - | - | - | - | - | ||||||
2 | Жалпы гуманитарлық пәндер, модульдер | + | + | + | + | + | + | + | ||||||
3 | Әлеуметтік-экономикалық пәндер, модульдер | + | - | + | + | + | + | - | ||||||
4 | Жалпы кәсіптік пәндер, модульдер | + | + | + | + | + | + | + | ||||||
5 | Арнайы пәндер, модульдер | + | + | + | + | + | + | + | ||||||
6 | Білім беру ұйымы айқындайтын пәндер мен модульдер | + | + | + | + | + | + | + | ||||||
7 | Өндірістік оқыту және кәсіптік практика | оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %** | ||||||||||||
8 | Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру | бір топқа кемінде 12 сағат | ||||||||||||
9 | Қорытынды аттестаттау | |||||||||||||
9.1 | Білім беру ұйымында оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша аттестаттау | |||||||||||||
10 | Консультация | оқу жылына 100 сағаттан аспайды | ||||||||||||
11 | Факультативтік сабақтар | аптасына 4 сағаттан аспайды | ||||||||||||
Барлығы | 2680/54 | 3312/66 | 4320/86 | 4960/100 | 1656/33 | 2680/54 | 3312/66 |
Ескертпе:
*оқу мерзімі білім беру деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді;
**оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау;
*** орта буын мамандарын даярлау барысында оқыту уақыты 180 сағаттан аспайтын әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі іске асырылады. Аталған циклдің жеке пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен (модульдермен) интеграцияланған болуы мүмкін;
**** кредитті есептеу үшін академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут болып белгіленеді.
Модульдік білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіптік стандарттар негізінде және Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейін меңгеруге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген |
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, жоғары оқу орындарында, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) білім алушылардың оқу жүктемелерінің ең көп көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Стандартта "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілген:
1) жоғары арнаулы білім – нормативті оқу мерзімі кемінде 4 жыл, теориялық оқудың кемінде 161 кредиті және кәсіби практиканың кемінде 6 кредиті міндетті түрде меңгерілетін, тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білімнің білім беру бағдарламасы;
2) бакалавриат – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім;
3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтағанда игеріп шығатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;
4) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің және курсанттың (бұдан әрі – студент) таңдалған мамандық саласындағы өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерінің жинақталуы болып табылатын бітіру жұмысы;
5) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
6) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
7) элективті пәндер каталогы (бұдан әрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
8) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
9) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білімін, іскерлігін және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;
10) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
11) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;
12) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты;
13) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты;
14) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – мамандықтардың білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін ӘАОО дербес айқындайтын оқу пәндері мен кредиттердің тиісті көлемдерінің тізбесі;
15) кәсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар;
16) біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар;
17) біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – жоғары оқу орны) жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломы бар мамандар) даярлауды:
1) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
2) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
3) академиялық күнтізбеге;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
ӘАОО бакалаврларды даярлауды:
1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесіне;
2) осы стандартқа;
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларына;
4) пәндер бойынша үлгілік және оқу жұмыс бағдарламаларына;
5) академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) жоғары білім берудің және оқытудың мазмұнын айқындайды;
2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларын;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларын;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті.
5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне сәйкес азаматтар бейіні мамандықтар тобында мынадай түрде айқындалатын жоғары білім алады:
1) "Білім" мамандықтар тобы бойынша – жоғары педагогикалық білім;
2) "Гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша – жоғары гуманитарлық білім;
3) "Құқық" мамандықтар тобы бойынша – жоғары заң білімі;
4) "Өнер" мамандықтар тобы бойынша – жоғары өнертану білімі;
5) "Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" мамандықтар тобы бойынша – жоғары әлеуметтік-гуманитарлық тиісінше жоғары экономикалық білім;
6) "Жаратылыстану ғылымдары" мамандықтар тобы бойынша – жоғары жаратылыстану ғылыми білімі;
7) "Техникалық ғылымдар және технологиялар" мамандықтар тобы бойынша – жоғары техникалық білімі;
8) "Ауылшаруашылық ғылымдары" мамандықтар тобы бойынша – жоғары ауылшаруашылық білімі;
9) "Қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша – қызмет көрсету саласындағы жоғары білім;
10) "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша – әскери іс және қауіпсіздік саласындағы жоғары білім;
11) "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" мамандықтар тобы бойынша – жоғары медициналық білім.
6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, бакалавриаттың және жоғары арнаулы білімнің тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.
7. "Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде оқытудан күтілетін нәтижелер Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде, сондай-ақ жеке пән модулінің деңгейінде сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саладағы проблемаларды шешу;
4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
8. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде жоғары білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беру оқу бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан,жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруі тиіс мазмұн көлемі көрсетілген.
9. "Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредиттерімен өлшенеді.
10. Осы стандарт білім алушыларды даярлау деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптар негізінде жоғары білімді ұсынуды көздейді.
2. Білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар
11. Жоғары білім беру тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін және біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
ӘАОО-да жоғары білім беру тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін және/немесе біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
12. Жоғары оқу орны бітірушісінің негізгі құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
ӘАОО-да оқыту нәтижелері кәсіби құзыретке (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) сәйкес бітіруші құзыретінің моделіне сәйкес келуі тиіс.
13. Жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП) циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады және таңдау компоненттерін де қамтуы мүмкін. Базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдері міндетті компонент және таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.
ӘАОО-да ЖБП, БП, бейіндеуші пәндер циклдері міндетті және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұрады.
14. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін азайтуға жол берілмейді. Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқыту мерзімінде қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін рұқсат беріледі.
15. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнында қалыптасқан ғылыми мектепті, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.
Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
ӘАОО-да жоғары оқу орны компоненті кәсіби құзыреттерге (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) қойылатын ӘАОО талаптарының ерекшелігін, нақты ӘАОО-да қалыптасқан ғылыми мектептерді ескереді.
16. ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 20 %-дан аспайды немесе 28 кредитті құрайды. Олардың 21 кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Таңдау компоненті үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 9 кредитті құрайды. Мамандықтарға байланысты жоғары оқу орындары өз бетінше мына пәндерді қосады: экология және тұрақты даму, саясаттану, әлеуметтану, экономика негіздері, құқық негіздері, тіршілік қауіпсіздігі негіздері, мәдениеттану, өзін-өзі тану, психология.
Бұл ретте жоғары оқу орындары аталған пәндер бойынша интеграцияланған бағдарламалар әзірлей алады.
Таңдау компонентіндегі пәндер білім алушылардың бойында ұлттық бірегейлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға және "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясын, жалпы мәдени дүниетанымды, қоғамдық қатынастарда әлеуметтенуді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік, креативті және инновациялық дағдыларды дамытуға бағытталуы қажет.
ӘАОО-да ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен 20 %-дан аспайды немесе 27 кредитті құрайды. Олардың кемінде 18 кредиті міндетті компонент пәндеріне және жоғары оқу орны компонентіне кемінде 9 кредит тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі.
17. БП цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 55 %-ын немесе 69 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 49 кредит таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
Бұл ретте таңдау компоненті кафедралардың, жұмыс берушілердің және білім алушылардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
ӘАОО-да БП циклі пәндерінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 55%-нан аспайды және кемінде 70 кредитті құрайды, олардың ішінде кемінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және кемінде 50 кредит жоғары оқу орны компонентіне тиесілі.
18. ӘАОО-ларды қоспағанда, БП цикліндегі міндетті компонентке әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде "Кәсіби қазақ (орыс) тілі" және "Кәсіби бағытталған шет тілі" пәндері енгізіледі.
Көрсетілген пәндер бірлесіп тілдік және тиісті мамандық бойынша бейінді кафедраларға жүктеледі.
19. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне беріледі.
ӘАОО-да БП циклі пәндерінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің кемінде 25%-ын немесе кемінде 32 кредитті құрайды, олардың ішінде кемінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және кемінде 27 кредит жоғары оқу орны компонентіне беріледі.
20. Оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және таңдау компонентінен тұрады.
Міндетті компоненттің жалпы көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және көлемі 8 кредит "Дене шынықтыру" пәнінен және кемінде 6 кредит кәсіби практикадан тұрады.
Таңдау компонентінің көлемін білім алушылар мен жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша жоғары оқу орны өз бетінше анықтайды.
ӘАОО-да оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және жоғары оқу орны компонентінен тұрады. Міндетті компонент көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және кемінде 8 кредит көлеміндегі "дене шынықтыру" пәнін және кемінде 6 кредит кәсіби практиканы қамтиды. Жоғары оқу орны компонентіне әскери тағылымдама және/немесе басқа да қосымша оқыту түрлері енгізіледі. "Дене шынықтыру" пәнін ОЖЖ-дағы базалық пәндер цикліне енгізуге жол беріледі.
21. Оқытудың қосымша түрлерінің міндетті компонентін меңгеру мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде қамтамасыз етіледі.
22. "Өнер", "Әскери іс және қауіпсіздік", "Ветеринария", "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" топтары бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, осы стандарттың 79-тармағына сәйкес білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты білім алушылардың теориялық оқудың 129-дан астам кредитін меңгеруі болуы мүмкін.
23. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.
ӘАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.
24. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
25. Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген жоғары оқу орындары білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде жүзеге асырады.
Бұл ретте оқу пәндерінің 50 %-ын оқыту (қазақ немесе орыс) тілінде, 20 %-ын екінші тілде (сәйкесінше орыс немесе қазақ), 30 %-ын ағылшын тілінде оқыту көзделуде.
Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО-лар оқытуды үш тілде жүзеге асырады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Екі тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО-лар оқытуды екі тілде жүзеге асырады: қазақ және орыс тілдері. Бұл ретте әртүрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО айқындайды.
26. Дуальді оқыту элементтерін енгізген жоғары оқу орындары білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады.
Бұл ретте пәннің оқу материалының 40 %-ына дейіні тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және т.б.) меңгерілуі тиіс екені көзделген.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
27. Жоғары білімнің мақсаты белгілі бір мамандық бойынша дербес жұмыс жасау үшін жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
28. Кәсіби құзыреттер ӘАОО-ны қоспағанда, жоғары білімнің әрбір мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысын ескере отырып әзірленеді.
29. Жоғары білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық.
30. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
31. Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;
3) Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу;
4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;
5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
6) ғылым және ғылыми ойлау туралы жалпы түсінігінің болуы;
7) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;
8) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
9) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын әдеппен дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
10) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
11) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
32. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.
33. Өзгерістер мен белгісіздіктер серпінінің өсуі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы серпінді түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді және ұтқыр болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатында шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
34. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орны Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген әртүрлі білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқытудың нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
35. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшем құралдары: оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдердің ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
36. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ) және жұмыс (ЖОЖ) болып бөлінеді.
37. ҮОЖ осы стандарт негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбекті қажетсінуін және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
ӘАОО-да ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді. ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбекті қажетсінуі және оқу қызметінің әрбір түрі (практикалар, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмысын жазу және қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пәнінің әрбір циклі бойынша жоғары оқу орны компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
38. ӘАОО-ны қоспағанда,ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) әзірлейді.
ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК студенттерге элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
39. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ӘАОО-ларды қоспағанда, ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын айқындайды.
ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері және оқу қызметінің түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.
40. ӘАОО-ны қоспағанда,ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ӘАОО-ларда ЖОЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы негізінде әзірленеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбекті қажетсінуі, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) айқындалады.
41. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
ӘАОО-ларда ОЖЖ әзірлеу және бекіту нысанын, құрылымын, тәртібін ӘАОО белгілейді.
42. Барлық оқу пәндерінің мазмұны үлгілік және оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабус) айқындалады.
43. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ӘАОО-ларда ҮОЖ-ны тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекітеді.
44. Оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны дербес бекітеді. Бұл ретте оларды міндетті компонент пәндері бойынша әзірлеу ҮОБ негізінде жүзеге асырылады. Оқу жұмыс бағдарламаларының (силлабустардың) нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
45. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі шеңберінде алынған білім деңгейі бақылаудың әртүрлі түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.
46. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Тіркеу (бөлім, сектор) кеңсесі ұйымдастырады және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
47. Тіркеу кеңсесі білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол студенттердің белгіленген үлгідегі транскриптінде көрсетіледі.
Транскрипт білім алушыға білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
48. Бітірушілердің білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
49. Жоғары оқу орны бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі.
50. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты бітірушінің теориялық деңгейін, қалыптасқан кәсіби құзыреттерін, кәсіптік мәселелерді шешуге дайындығын және оның дайындығының білім беру бағдарламасы мен кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
51. Қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау түрінде немесе мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазудан және қорғау рәсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыс (жоба) бітірушінің талдау және зерттеу қабілеттерін анықтау және бағалау мақсатын көздейді.
ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау түрінде немесе мамандық бойынша және қосымша екі базалық және/немесе бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде жүргізіледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазудан және қорғау рәсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыстың (жобаның) мақсаты – бітірушінің талдау және зерттеу қабілеттіліктерін анықтау және бағалау.
52. Жоғары оқу орны білім алушылардың теориялық дайындығының, оқу жетістіктерінің деңгейін, оқу нәтижелерін және зерттеу-талдау қабілеттерін ескере отырып, олардың қорытынды аттестаттау нысанын дербес айқындайды: мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау немесе мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру.
ӘАОО білім алушылардың мамандықтарын, теориялық дайындық деңгейлерін, оқу жетістіктерін, оқыту нәтижелерін және зерттеу-талдау қабілеттерін ескере отырып, олардың қорытынды аттестаттау нысанын дербес айқындайды: мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын қорғау немесе мамандық бойынша және қосымша екі базалық және/немесе бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру.
53. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілін жоғары оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз бетінше жүзеге асырады.
ӘАОО оқыту технологиясы тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесiн, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларымен және Әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен айқындалады.
54. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа 3-қосымшаға (бакалавриат үшін) және 4-қосымшаға (жоғары арнаулы білім үшін), ӘАОО – 5-қосымшаға сәйкес бакалавриаттың білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
55. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады.
56. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;
2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери дайындықты және т.б.;
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары модульді оқыту қағидаты бойынша құрылады.
57. Оқу жұмысының еңбекті қажетсінуін есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе модульдерінің (элементтерінің) шартты "бағасын" көрсетеді. Жалпы еңбекті қажетсіну ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың, тағылымдамалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді.
58. Теориялық оқытудың жалпы еңбекті қажетсінуі оқытылатын оқу пәндерінің тізбесімен анықталады.
59. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 3 кредит көлемімен бағаланады.
Ерекше жағдайда пәнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.
ӘАОО-ларда әрбір пән көлемі кредиттердің тұтас санын құрайды және пәндерді 1 кредитке бағалауға жол беріледі.
60. Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда, әрбір оқу пәні қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс.
ӘАОО-ларда пәндерді бірнеше академиялық кезеңдер ішінде меңгеруге жол беріледі.
61. Білім алушылар әрбір оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады. Кәсіби практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша қорытынды бақылау білім алушылардың оқу жұмысының аталған түрлерін қорғау түрінде өткізіліп, белгіленген бағалар шкаласы бойынша бағаланады.
ӘАОО-ларда курсанттар әрбір пәнді оқуды аяқтағаннан кейін емтихан нысанында қорытынды бақылау тапсырады. Егер пән екі және одан да көп академиялық кезеңнен тұрса, әрбір академиялық кезең аяқталғаннан кейін емтихан нысанында аралық бақылау өткізіледі. Кәсіби практикалардың, курстық жұмыстардың (жобалардың), әскери тағылымдамалардың барлық түрлері қорғау арқылы бағаланады.
62. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы әрбір пәнге тиісті әріптік және сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
63. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына қолданыстағы заңнаманың нормаларын іске асыратын пәндер міндетті түрде кіреді.
64. Бакалавриатта білімді меңгерудің нормативтік мерзімі 4 жылды, жоғары арнаулы білім беруде (мамандық) – 5 жылды құрайды.
ӘАОО-ларда жоғары білімді меңгерудің нормативтік мерзімі кемінде 4 жылды құрайды.
65. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесі немесе біліктілік және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.
ӘАОО-ларда жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бітірген адамдарға "бакалавр" дәрежесі және/немесе біліктілік және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
ӘАОО бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
66. Студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әрбір оқу пәні немесе оқу жұмысының түрі бойынша меңгеретін кредит санымен өлшенеді.
ӘАОО-ларда курсанттың өзіндік жұмысы оқытушының жетекшілігімен, оның ішінде аудиториялық сабақтар түрінде жүргізіледі.
67. ОПҚ-ның оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарының кестесі бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының студентпен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
68. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық, зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтары бұдан өзгеше, онда бір академиялық сағат тиісінше студиялық сабақтар үшін – 75 минутқа немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минутқа тең.
Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
ӘАОО-ларда барлық оқу сабақтарының түрлеріне, практикалардың және қорытынды аттестаттаулардың барлық түрлеріне қатысты бір академиялық сағат кемінде 40 минутты құрайды.
69. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойында студенттің аудиториялық жұмысының;
2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;
3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша жұмысының;
4) студенттің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
70. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 40, 50, 75 немесе
100 минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Дәрістермен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды.
Практиканың әрбір академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) студенттің қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудың әрбір академиялық сағаты 6 сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
71. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, тағылымдамалармен каникулдан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.
72. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.
73. ӘАОО-ны қоспағанда, академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден, немесе ұзақтығы 10 апта болатын триместрден, немесе ұзақтығы 7-8 апта болатын тоқсаннан тұрады.
Жоғары оқу орны академиялық кезеңнің нысанын және оған қоса оны ұйымдастырудың біріктірілген нысанын да дербес анықтайды.
74. Әрбір академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.
75. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағалары (ағымдағы және межелік бақылаулар нәтижелері бойынша орташа арифметикалық бағалар) ескеріле отырып, пәндер бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
ӘАОО-ларда пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерімді бағалау үлесі кемінде 60 %-ды, ал қорытынды бақылауды бағалау үлесі кемінде 40 %-ды құрауы тиіс.
76. Бітіруші курсты қоспағанда, студенттерге оқу жылы ішінде кемінде екі рет жалпы ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрайтын каникул беріледі.
ӘАОО-ларда курсанттарға каникулдар бітіруші курсты қоспағанда, оқу жылының ішінде кемінде 2 рет беріледі, оның жалпы ұзақтығы кемінде 6 аптаны құрауы тиіс.
77. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік, дипломалды және т.б. болып бөлінеді.
Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемі тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек қажетсінуіне көбейтіледі және студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.
Практиканың 1 кредитінің еңбекті қажетсінуі оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика, тағылымдамалар үшін 2,5 аптаны құрайды.
78. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) қарай анықталады.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және оны тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит, яғни тиісінше 4 апта бөлінеді. Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау кіреді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау процесінің өзі алдын ала кәсіптік практика барысында және теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асырылады.
79. Білім алушылардың (бітіруші курсты қоспағанда) қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық қарызды немесе айырмашылықты жою үшін, игерген кредиттерін өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа жоғары оқу орнында оқу пәндерін оқып-үйрену, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін, екі дипломды білім беру шеңберінде аралас мамандықты меңгеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою және қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.
ӘАОО-ларда (бітіруші курсты қоспағанда) курсанттардың қосымша оқуға қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды жою, оқу пәндерін басқа жоғары оқу орнында оқу, үлгерімнің орташа балын жоғарылату үшін ұзақтығы кемінде 4 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.
80. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының теориялық оқу бойынша кемінде 129 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін игеруі болып табылады.
Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай (жоғары арнаулы білім беру бағдарламаларын қоса алғанда) білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты ретінде студенттің:
1) "Өнер" тобы бойынша – теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін;
2) "Әскери іс және қауіпсіздік" тобы бойынша – теориялық оқудың 170-190 кредитіне дейін;
3) "Ветеринария" тобы бойынша – теориялық оқудың 160 кредитіне дейін;
4) "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" тобы бойынша – теориялық оқудың 190-224 кредитіне дейін игеруі болып табылады.
Бұл ретте жоғары оқу орны іске асырылатын білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне қарай игеруге қажетті кредиттер көлемін арттыра алады.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда, студентке оқу мерзіміне қарамастан "бакалавр" дәрежесі беріледі.
81. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен білім алушылар үшін кредиттер саны мен білім беру бағдарламасының қажетті көлемін жоғары оқу орны білім туралы құжат иегерінің алдыңғы білім деңгейінің бейінін, негізгі және кәсіби құзыреттерін ескере отырып дербес анықтайды.
82. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:
1) жоғары оқу орны есептеп, транскриптіне міндетті түрде енгізетін алдыңғы білімде меңгерген пререквизиттеріне қарай өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады;
2) тиісті мамандық бойынша, бірақ алдыңғы білім деңгейін ескере отырып, қолданыстағы білім беру бағдарламасы негізінде жоғары оқу орны дербес анықтайтын жеке оқу мерзіміне және білім беру бағдарламасының көлеміне ие болады.
83. Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі оқыту нысанында білім алушы 18-21 кредитті меңгереді. Сырттай немесе кешкі оқыту нысанының білім алушысына жоғары оқу орны ең аз кредит көлемін белгілейді, бұл ретте тиісінше оның оқу мерзімі көбейеді. Сырттай оқу нысаны техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру негізінде ғана жүзеге асырылады.
ӘАОО-ларда семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі оқу нысанының курсанты бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 18 кредитті меңгереді. Кешкі немесе сырттай оқу нысанындағы білім алушыға ӘАОО кредиттердің аз санын белгілейді, бұл ретте оның оқу мерзімі тиісінше көбейеді.
84. Жоғары оқу орны білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлық-оқытушылық құраммен, кітапхана қорымен, Интернетке және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жеткізумен, қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен және студенттерді қолдаудың басқа да қызметтерімен қамтамасыз етеді.
85. Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы қолданыстағы санитариялық қағидаларға сәйкес болуы тиіс.
86. Жоғары оқу орны әрбір студентті мамандығының бейініне сәйкес кәсіптік практикалар базасымен қамтамасыз етеді.
87. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.
Жоғары оқу орнының оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтай отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға құқылы.
88. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру әрбір студенттің ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорына еркін қол жеткізуі, барлық модульдер, пәндер, оқу жұмысының барлық түрлері – практикумдар, курстық және дипломдық жобалау, кәсіптік практика, студенттің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың, сондай-ақ көрнекі құралдар мен аудио- және бейнематериалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жоғары оқу орны студенттердің электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық дереккөздерін қоса алғанда оқу, ғылыми, ақпараттық базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
89. Білім алушылардың зерттеу қызметіне қойылатын талаптар.
Студенттердің зерттеу жұмыстары оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып табылады және тікелей кафедраларда, зертханаларда, ғылыми, конструкторлық және жоғары оқу орындарының жобалық бөлімшелерінде, студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде (конструкторлық және өзге де бюролар, орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары және т.б.) ұйымдастырылады.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша |
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы
Р/с № | Пәндер мен циклдердің аталуы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |
академиялық сағат бойынша | кредит саны бойынша | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі | 1215 | 28 |
1) | Міндетті компонент | 810 | 21 |
Қазақстанның қазіргі заман тарихы | 135 | 3 | |
Философия | 135 | 3 | |
Шетел тілі | 270 | 6 | |
Қазақ (Орыс) тілі | 270 | 6 | |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 135 | 3 | |
2) | Таңдау компоненті | 405 | 9 |
2 | Базалық пәндер (БП) циклі | 3150 | 69 |
1) | Міндетті компонент | 900 | 20 |
Кәсіби қазақ (орыс) тілі | 90 | 2 | |
Кәсіби бағдарлы шетел тілі | 90 | 2 | |
2) | Таңдау компоненті | 2250 | 49 |
3 | Бейіндеуші пәндер циклі | 1440 | 32 |
1) | Міндетті компонент | 225 | 5 |
2) | Таңдау компоненті | 1215 | 27 |
4 | Теориялық оқыту бойынша жиыны | 5805 | 129 |
5 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | ||
1) | Міндетті компонент | ||
Дене шынықтыру | 240 | 8 | |
Кәсіби практика (КП) (түрлері бойынша) | Практиканың түріне қарай | кемінде 6 | |
2) | Таңдау компоненті | ||
6 | Қорытынды аттестаттау | ||
1) | Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан | 105 | 1 |
2) | Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру* | 210 | 2 |
Ескертпе:
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары оқу орны:
1) кәсіби практиканың көлемін 20 кредитке дейін ұлғайтуға;
2) білім беру бағдарламасын меңгеру логикасын бұзбай, пәндерді бір семестрден басқасына ауыстыруға;
3) оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін ұлғайтуға;
4) пререквизиттерді ескере отырып, практикаларды өткізу мерзімін дербес белгілеуге;
5) мемлекеттік емтихан ретінде екі бейіндеуші пәннің тізбесін дербес анықтауға құқылы.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2-қосымша |
ӘАОО-ларда жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы
Р/с № | Пәндер мен циклдердің аталуы | Кредитпен есептелген оқу жұмысының еңбек сыйымдылығы |
1 | Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі | кемінде 27 |
1) | Міндетті компонент | кемінде 18 |
Қазақстанның қазіргі заман тарихы | 3 | |
Философия | 3 | |
Шет тілі | 6 | |
Қазақ (орыс) тілі | 6 | |
2) | ЖОО компоненті | кемінде 9 |
2 | Базалық пәндер (БП) циклі | кемінде 70 |
1) | Міндетті компонент | кемінде 20 |
2) | ЖОО компоненті | |
3 | Бейіндеуші пәндер циклі | кемінде 32 |
1) | Міндетті компонент | кемінде 5 |
2) | ЖОО компоненті | |
4 | Теориялық оқыту бойынша барлығы | кемінде 129 |
5 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | |
1) | Міндетті компонент | |
Дене шынықтыру | кемінде 8 | |
Кәсіби практика (КП) (түрлері бойынша) | кемінде 6 | |
2) | ЖОО компоненті | |
6 | Қорытынды аттестаттау | |
1) | Мамандық бойынша мемлекеттік кешенді емтихан | 1 |
2) | Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе екі базалық және/немесе екі бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру | 2 |
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3-қосымша |
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі – 4 жыл)
Р/с № | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар | СӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | 129 | 105 | 5805 | 1935 | 3870 | 55,3 |
2 | Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0) | 8 | 60 | 240 | 240 | - | 4,0 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6), оның ішінде: | 3 | 6 | 315 | 45 | 270 | 52,5 |
1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін) 2) дипломдық жұмысты жазу және қорғау | 1 2 | 2 4 | 105 210 | 15 30 | 90 180 | 52,5 52,5 | |
ЖИЫНЫ | 140 | 111 | 6360 | 2220 | 4140 | - | |
4 | Практика (кәсіби), оның ішінде: | 6 | 5-11 | 150-330 | 90 | 60-240 | 30,0 |
1) оқу (1:0) | 2 | 1 | 30 | 30 | - | 30,0 | |
2) педагогикалық (1:1) | 4 | 4 | 120 | 60 | 60 | 30,0 | |
3) өндірістік (1:4) | 4 | 10 | 300 | 60 | 240 | 30,0 | |
5 | Каникулдар | - | 63-57 | - | - | - | - |
6 | Емтихан сессиясы (7х3 апта) | - | 21 | - | - | - | - |
БАРЛЫҒЫ (52 апта х 4 жыл - 8 апта=200) | 146 | 200 | 6510-6690 | 2370 | 4140-4320 |
Ескертпе:
1. Бакалавр дәрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін оқу практикасы 2 кредит көлемінде, сондай-ақ педагогикалық және/немесе өндірістік практиканың жалпы көлемі кемінде 4 кредит көлемінде жоспарланады.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс ("Дене шынықтыру" пәнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда, оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 4-қосымша |
Жоғары арнаулы білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі – 5 жыл)
Р/с № | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар | СӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | 161 | 135 | 7245 | 2415 | 4830 | 53,7 |
2 | Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0) | 8 | 60 | 240 | 240 | - | 4,0 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6), оның ішінде: | 3 | 6 | 315 | 45 | 270 | 52,5 |
1 мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін) 2) диплом жұмысын жазу және қорғау | 1 2 | 2 4 | 105 210 | 15 30 | 90 180 | 52,5 52,5 | |
ЖИЫНЫ | 172 | 141 | 7800 | 2700 | 5100 | 30,0 | |
4 | Практика (кәсіптік), оның ішінде: | 6 | 11 | 330 | 90 | 240 | 30,0 |
1) оқу (1:2) | 2 | 1 | 30 | 30 | - | 30,0 | |
2) клиникалық, өндірістік және т.б. түрлері (1:4) | 4 | 10 | 300 | 60 | 240 | 30,0 | |
5 | Каникулдар | 73 | |||||
6 | Емтихан сессиясы (9х3 апта) | 27 | |||||
Барлығы (52 апта х 5 жыл - 8 апта =252) | 178 | 252 | 8130 | 2790 | 5340 |
Ескертпе:
1. Біліктілік алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте жоғары арнаулы білімнің барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, сондай-ақ өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың және дене шынықтыру сабақтарының жалпы көлемі (сағатпен) студенттің орташа апталық жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта саны өзгеруі мүмкін, бұл ретте орташа апталық жүктеме 57 сағаттан аспауы тиіс ("Дене шынықтыру" пәнін қоспағанда).
6. Каникул ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда, оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы тиіс. Оқу жылындағы 7 аптадан артық каникул уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен каникул уақыты есебінен жоспарлауы мүмкін.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 5-қосымша |
ӘАОО-ларда бакалавриаттың білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы
Р/с № | Қызмет түрлері | Кредиттер саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар | КӨЖ (оның ішінде КОӨЖ) | ||||||
1 | Теориялық оқыту (1:2) | кемінде 129 | кемінде 105 | кемінде 5805 | кемінде 1935 | кемінде 3870 | кемінде 55,3 |
2 | Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0) | кемінде 8 | кемінде 60 | кемінде 240 | кемінде 240 | - | кемінде 4,0 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6), оның ішінде: | 3 | 6 | 315 | 45 | 270 | 52,5 |
1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін) 2) диплом жұмысын жазу және қорғау | 1 2 | 2 4 | 105 210 | 15 30 | 90 180 | 52,5 52,5 | |
БАРЛЫҒЫ | кемінде 140 | кемінде 111 | кемінде 6360 | кемінде 2220 | кемінде 4140 | - | |
4 | Практика (кәсіптік), оның ішінде: | кемінде 6 | кемінде 5 | кемінде 150 | кемінде 90 | кемінде 60 | кемінде 30,0 |
1) оқу (1:0) | кемінде 2 | кемінде 1 | кемінде 30 | кемінде 30 | - | кемінде 30,0 | |
2) өндірістік (1:4) | кемінде 4 | кемінде 10 | кемінде 300 | кемінде 60 | кемінде 240 | кемінде 30,0 | |
5 | Каникулдар | - | 63-57 | - | - | - | - |
6 | Емтихан сессиясы (7х3 апта) | - | 21 | - | - | - | - |
Барлығы (52 апта х 4 жыл - 8 апта=200) | кемінде 146 | кемінде 200 | кемінде 6510 | кемінде 2370 | кемінде 4140 |
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 6-қосымша |
Тиісті білім беру деңгейлерінің дәрежелерін бере отырып мамандықтар тобын анықтау құрылымы
Р/с № | Мамандықтар тобының атауы | Бакалавриат мамандығы бойынша берілетін дәреже | Магистратура мамандықтары бойынша (бейіндік/ғылыми-педагогикалық бағыт) берілетін дәреже | Философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор берілетін дәрежесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Білім | Білім бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Білім магистрі/ Педагогика ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Білім докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
2. | Гуманитарлық ғылымдар | Гуманитарлық білім бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Гуманитарлық білім магистрі/Гуманитарлық ғылымдар магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Гуманитарлық ғылымдар докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
3. | Құқық | Құқық бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Құқық магистрі/заң ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Құқық докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
4. | Өнер | Өнер бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Өнер магистрі/өнертану ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Өнер докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
5. | Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес | 1. Әлеуметтік білім бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша (әлеуметтік бейін) 2. Экономика және бизнес бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша (экономика бейіні) | 1. Әлеуметтік білім магистрі/Әлеуметтік ғылымдар магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша (әлеуметтік бейін); 2. Экономика және бизнес магистрі/экономика ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша (экономика бейіні) | PhD/Әлеуметтік ғылымдар докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша; PhD/Экономика және бизнес докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша; |
6. | Жаратылыстану ғылымдары | Жаратылыстану бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Жаратылыстану магистрі/Жаратылыстану ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Жаратылыстану докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
7. | Техникалық ғылымдар және технологиялар | Техника және технологиялар бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Техника және технологиялар магистрі/Техника ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Техника және технологиялар докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
8. | Ауылшаруашылық ғылымдар | Ауыл шаруашылығы бакалавры"мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Ауыл шаруашылығы магистрі/Ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
9. | Қызмет көрсету | Қызмет көрсету саласының бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Қызмет көрсету саласының магистрі/Ғылым магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Қызмет көрсету саласындағы доктор "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
10. | Әскери іс және қауіпсіздік | Әскери іс және қауіпсіздік бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Әскери іс және қауіпсіздік магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Әскери іс және қауіпсіздік докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
11. | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) | 1. Денсаулық сақтау бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша; 2. Әлеуметтік қамсыздандыру бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | 1. Денсаулық сақтау магистрі/Медицина ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша; 2. Әлеуметтік қамсыздандыру магистрі/Ғылым магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | 1. PhD/Медицина докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
Арнайы білім беру мамандықтары | ||||
12. | Ветеринария | Ветеринария бойынша маман "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | Ветеринария магистрі/Ветеринария ғылымдарының магистрі "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | PhD/Ветеринария докторы "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша |
13. | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) | Жалпы медицина бакалавры "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша Дәрігер-маман "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша Стоматология бакалавры/дәрігер-маман "мамандық атауы және код" мамандығы бойынша | х | х |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-бөлім. Магистратура
1 Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленді және жоғары оқу орындарында, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім алушылардың білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың дайындық деңгейін және дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандартта "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен анықтамалар енгізілген:
1) магистратура – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;
бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту;
2)магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
3) магистрлік диссертация – ғылымның қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделіп таңдалған мамандық саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы;
4) магистрлік жоба – таңдалған мамандықтың өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бейінді магистратура магистрантының оқу бітіргендегі біліктілік жұмысы;
5) әскери, арнаулы оқу орнындағы магистрлік диссертация – ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық табыстарына негізделген таңдалған мамандық саласындағы маңызды проблемалардың теориялық және/немесе практикалық әзірлемелерінен тұратын дербес ғылыми зерттеуді білдіретін магистранттың бітіру жұмысы;
6) жоғары оқу орны компоненті – мамандықтың білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін дербес әскери, арнаулы оқу орны анықтайтын оқу пәндерінің тізбесі және кредиттердің тиісті көлемі;
7) кәсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
8) біліктілік сипаттамасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
9) біліктілік талаптары – құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) магистрлер даярлауды:
1) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
2) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
3) оқу жұмыс жоспарларына;
4) академиялық күнтізбеге;
5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
ӘАОО магистрлерді даярлауды:
1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар және біліктілік тізбесіне;
2) осы стандартқа;
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарына;
4) пәндер бойынша үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына;
5) академиялық күнтізбеге;
6) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны мен оқытуды анықтайды;
2) магистранттардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне және даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) оқу жұмыс жоспарларын;
4) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын;
6) магистранттардың жеке жоспарларын әзірлеу кезінде міндетті.
5. Магистратураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
6. "Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының 2-деңгейі (магистратура) негізінде айқындалады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, модульдің, жеке пәннің деңгейінде де сипатталады.
Екінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) ғылыми зерттеулер контексiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылатын жоғары бiлiм деңгейінде меңгерген дамытылып отыратын бiлiмі мен түсiнігін көрсете білу;
2) зерттеп отырған саламен байланысты контекстер мен одан да кеңірек (немесе пәнаралық) салаларда жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы проблемаларды шешуде бiлiмін, түсінігін және қабілетін қолдана алу;
3) бiлiмдi интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасау, осы тұжырымдамалар мен білімін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып қолдана білу;
4) өз қорытындыларын және бiлiмін, олардың негіздемесiн мамандар мен маман еместерге айқын және ашық хабарлау;
5) білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
7. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруін, олардың типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан міндетті түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.
8. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенетіні көрсетілген.
9. Осы стандарт магистранттарды даярлау деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне міндетті қойылатын талаптар негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді көздейді.
2. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ӘАОО-да тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып және/немесе біліктілік бере отырып кадрларды даярлауға бағытталған.
11. Кәсіптік құзыреттіліктер магистратураның әрбір мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады.
ӘАОО-да оқу нәтижелері кәсіби құзыретке (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) сәйкес бітірушінің құзырет моделіне сәйкес келуі қажет.
12. Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін кәсіптік даярлығы терең басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны MBA бағдарламасын іске асыра алады. MBA кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
13. Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылым саласы үшін ғылыми-педагогикалық даярлығы терең ғылыми және педагогикалық мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
ӘАОО-да ғылыми және педагогикалық магистратура тереңдетілген кәсіби және ғылыми-педагогикалық даярлыққа ие болатын қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласы, құқық қорғау қызметі үшін басшылық, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.
14. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
ӘАОО-да магистратурада оқу күндізгі, кешкі нысанда жүзеге асырылады. Білім алушылардың санатына байланысты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуға жол беріледі.
15. Магистранттың магистратураға түсер алдында тиісті білім беру бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда магистратурада білім алу магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
16. Ғылыми, педагог және басқарушы кадрларды магистратурада даярлау екі бағытта:
1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық;
2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен бейіндік бағыттарда жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орны магистратурада оқу мерзімін алдыңғы дайындық деңгейінің білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуіне және пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.
17. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 2 немесе 3 кредит көлемімен бағаланады.
ӘАОО-да әрбір пәннің көлемі кредиттердің бүтін санын құрайды және пәнді 1 кредитке бағалауға жол беріледі.
18. Магистранттар әрбiр оқу пәнін бiр академиялық кезеңде меңгеріп, аяқталған соң емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады. Кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар), ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы, тағылымдамалар бойынша қорытынды бақылау магистранттың оқу жұмыстарының түрлерін қорғау нысанында белгіленген бағалау шкаласына сәйкес бағаланады.
19. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен тұрады.
ӘАОО-да базалық пәндер циклі (БП) міндетті пәндерден және жоғары оқу орны компоненттерінен тұрады.
20. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 48%-ын құрайды, оның ішінде 40% міндетті компонент пәндеріне, ал 60% - ы таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
Бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 44%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 28%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 62% және 50% міндетті компонент пәндеріне, ал 38% және 50% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
ӘАОО-да магистратурадағы базалық пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарының пәндік жалпы көлемінің 40% құрайды, оның 20% міндетті компонент пәндеріне және кемінде 80% кемінде жоғары оқу орны компонентіне тиесілі, бұл ретте:
1) ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі кемінде 17 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 3 кредиті міндетті компонентке тиесілі;
2) салалық бағыттағы магистратурада (оқу мерзімі 1 жылдық) БП циклінің көлемі кемінде 7 кредитті құрайды, оның кемінде 1 кредиті міндетті компонентке тиесілі;
3) салалық бағыттағы магистратурада (оқу мерзімі 1,5 жылдық) БП циклінің көлемі кемінде 14 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 3 кредиті міндетті компонентке тиесілі.
21. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 52%-ын құрайды, оның ішінде 9%-ы міндетті компонент пәндеріне және 91%-ы таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
Бейіндік бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 56%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 72%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 10% және 12% міндетті компонент пәндеріне, ал 90% және 88% тиісінше таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
ӘАОО-да бейіндеуші пәндер (БП) циклінің көлемі магистратурада үлгілік оқу жоспары пәндерінің жалпы көлемі кемінде 60% болады, олардың 10%-нан аспайтыны міндетті компонент пәндеріне және кемінде 90% жоғары оқу орны компонентіне бөлінеді, бұл ретте:
1) ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі кемінде 25 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 2 кредиті міндетті компонентке тиесілі;
2) салалық бағыттағы магистратурада (оқу мерзімі 1 жылдық) БП циклінің көлемі кемінде 11 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 1 кредиті міндетті компонентке тиесілі;
3) салалық бағыттағы магистратурада (оқу мерзімі 1,5 жылдық) БП циклінің көлемі кемінде 22 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 2 кредиті міндетті компонентке тиесілі.
22. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді.
23. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының сұранысы ескеріледі.
ӘАОО-да жоғары оқу орны компонентінің пәндер тізбесін ӘАОО өз бетінше айқындайды. Оқудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және жоғары оқу орны компонентінен тұрады. Міндетті компоненттің көлемі кемінде 13 кредитті құрайды және кемінде 6 кредиттен тұратын кәсіби практикадан, кемінде 7 кредиттен тұратын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысынан тұрады. Оқудың қосымша түрлерінің жоғары оқу орны компонентіне әскери тағылымдама және/немесе оқудың басқа да түрлері қосылады.
24. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
ӘАОО-да ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұны осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
25. Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
ӘАОО-да салалық бағыт бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұны осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
26. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке кәсіптік педагогикалық бейіндегі бағдарламаларды қосымша меңгеріп, негізгі дипломға қосымша тиісті куәлік берілгеннен кейін ғана жіберіледі.
27. Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны, ӘАОО-ны қоспағанда осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
28. Магистратурада оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. Оқу тілін магистранттың өзі таңдайды.
Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізуші ӘАОО-лар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беруді жүзеге асырады. Екі тілде білім беру бағдарламаларын енгізуші ӘАОО-лар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде білім беруді жүзеге асырады. Сонымен бірге түрлі тілдерде берілетін пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО анықтайды.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
29. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мақсаты жоғары рухани және өнегелі қасиет иесі болатын тұлғаның дамуында перспективаларын ескере отырып еліміздің бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, өзіндік ойлау қабілетті және қоғамның прогрессивті техникалық, ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрларды дамыту және даярлау болып табылады.
ӘАОО-да өз бетінше ойлауға, басқаруға және елдің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметін жүзеге асыруға қабілетті, моральдық-адамгершілік қасиеті жоғары, жоғары білікті кадрларды даярлау жоғары білімнен кейінгі білім берудің мақсаты болып табылады.
30. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық.
31. Бейіндік магистратураны бiтiрушiлердің негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:
оның:
1) мынадай:
ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;
жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы;
жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;
әлемдік бизнес әріптестiктің экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортасының қазiргi жай-күйі туралы;
кәсiпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы;
кәсiпорынның жұмыс істеуінің негiзгi қаржылық-шаруашылық проблемалары туралы түсінігі болуы тиіс;
2) мыналарды:
ғылыми танымның әдiснамасын;
экономика құрылымын өзгертетін негiзгi қозғаушы күштерді;
инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiктері мен қағидаларын;
ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін кемінде бір шет тiлiн кәсiптік деңгейде білуі қажет;
3) мыналарды:
кәсiптік қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдана білуі;
процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен тәсілдерін сын-көзбен талдай білуі;
әртүрлi пәндер бойынша меңгерген бiлiмді интеграциялауы, оларды жаңа белгісіз жағдайларда талдамалық және басқарушылық мәселелерді шешуде қолдана білуі;
кәсiпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономикалық талдау жүргiзе алуы және оның нәтижелерiн кәсiпорынды басқаруда қолдана білуі;
маркетинг пен менеджменттi ұйымдастыруға жаңа тәсілдерді практикада қолдана алуы;
кәсiпорынның (фирманың) шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы қиын және қалыптан тыс жағдайларда шешiм қабылдай білуі;
экономикалық қатынастарды реттеудегi Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын практикада қолдана білуі;
жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;
ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;
диссертация, мақала, есеп, талдамалық жазбалар және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеу және талдамалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс;
4) мынадай:
қалыпты ғылыми және кәсiптік міндеттерді шешу;
ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн ұйымдастыруда және басқаруда ғылыми талдау және практикалық проблемаларды шешу;
менеджмент және маркетинг саласында проблемаларды зерттеу және алынған нәтижелерді кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;
кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;
шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық ресiмдеу;
күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажет бiлiмін кеңейту және тереңдету;
кәсiптік қызмет саласында ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларының болуы тиіс;
5) мынадай:
мамандық бойынша зерттеу әдіснамасы саласында;
қазiргi әлемдiк экономика проблемалары және әлемдік шаруашылық процестердегі ұлттық экономикалардың қатысуы саласында;
кәсiпорын қызметiн ұйымдастыру мен басқаруда;
әртүрлi ұйымдармен, оның ішінде мемлекеттiк қызмет органдарымен өндiрiстiк байланыстарды жүзеге асыруда;
бiлiмнің үнемі жаңаруын қамтамасыз ету, кәсiптік дағдыны және біліктілікті тереңдету тәсілдерінде құзыретті болуы қажет.
ӘАОО-да салалық магистратураны бітірушілердің басты құзыреттеріне талаптар кәсіби құзыреттермен (біліктілік сипаттамаларымен, біліктілік талаптарымен) анықталады.
32. Ғылыми және педагогикалық магистратура бiтiрушiлерінің негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:
оның:
1) мынадай:
қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмнiң рөлі туралы;
ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;
жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы;
жоғары мектеп оқытушысының кәсiби құзыреттілігі туралы;
жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы түсінігі болуы керек;
2) мыналарды:
ғылыми танымның әдiснамасын;
ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын;
оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;
оқыту тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білуі тиіс;
3) мыналарды :
алған білімін ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн қолдана білуі;
процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен тәсілдерін сын-көзбен талдай алуы;
әртүрлі пәндер аясында алған білімін жаңа таныс емес жағдайларда зерттеу міндеттерін шешу үшін интеграциялауы;
бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негiзiнде тұжырымдама жасап, шешiм қабылдай алуы;
жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмін өз педагогикалық қызметiнде қолдана білуі;
оқытудың интерактивті әдiстерін қолдана білуі;
ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;
жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;
ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары оқу орнында арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгеруі;
диссертация, ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс.
4) мынадай:
ғылыми-зерттеу әрекеттері, қалыпты ғылыми мәселелерді шешу;
кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;
кәсiптік пәндердi оқыту әдiстемесі;
білім беру процесінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;
кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;
шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан ресiмдеу;
күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету дағдысының болуы қажет;
5) мына:
ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;
жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде;
кәсiптік салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;
бiлiмдi үнемі жаңартуды, кәсiптік дағдылар мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ету тәсілдерінде құзыретті болуы тиіс.
33. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:
1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;
2) өзекті болып, ғылыми жаңалықты және практикалық маңызды қамтамасыз ету;
3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
4) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындау;
5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;
6) тиісті білім саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге енгізу.
34. Магистранттың экспериментті-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
бейіндік магистратурадағы эксперименттік-зерттеу жұмысы:
1) магистрлік диссертация (магистрлік жоба) қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;
2) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
3) ақпараттық технологияның қазіргі әдістерін қолдана отырып орындау;
4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша экспериментті-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы.
35. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік шегіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
магистратураны мамандандыру аясында ӘАОО-да кәсіби құзыреттерге сәйкес (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) түрлі білім беру бағдарламаларын ӘАОО дербес әзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
36. Магистратураның білім беру бағдарламалары модульді оқудың қағидаттары негізінде құрылымданады.
Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын оқу және ғылыми жұмыстардың түрлерінен тұрады.
37. Магистратураның білім беру бағдарламасында:
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді қамтитын теориялық оқыту;
2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіптік тағылымдама түрлері;
3) ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік жоспардың орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы;
4) бейіндік магистратура үшін магистрлік жоспардың орындалуын қамтитын эксперимент-зерттеу жұмысы;
5) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.
38. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде іске асырылады. Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысаны, құрылымы және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі айқындалады.
ӘАОО-да білім беру бағдарламаларын іске асыру пәндердің оқу-әдістемелік кешендері негізінде жүзеге асырылады. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу нысаны, құрылымы мен тәртібін ӘАОО дербес айқындалады.
39. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижесіне жетуге қажетті магистранттар мен оқытушылардың еңбек шығындарының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
Бұл ретте алдыңғы білім деңгейлерінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.
40. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, магистранттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асады.
41. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
42. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ) және жұмыс (ЖОЖ) жоспары болып бөлінеді.
43. ҮОЖ осы стандарт негізінде магистратураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ӘАОО-да ҮОЖ осы стандарттың негізінде магистратураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешендi емтихан, магистрлік диссертацияны жазу және қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
ӘАОО-да міндетті компоненттің және оқу қызметі әрбір түрінің әрбір оқу пәнінің көлемділігі (практиканың, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтиханын, кредиттердегі магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау ҮОЖ-да айқындалады, ал жоғары оқу орны компонентін оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша кредиттердің жалпы санын көрсетеді
44. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, ӘАОО-ны қоспағанда аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) жасайды.
ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК магистранттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
45. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде магистрант эдвайзердің көмегімен ӘАОО-ны қоспағанда ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір магистранттың жеке білім алу траекториясын анықтайды.
ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу әрекетінің түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.
ӘАОО-да магистранттың білім беру траекториясы ЖОЖ және магистранттың жеке жұмыс жоспарымен анықталады.
46. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбексыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) айқындалады.
ӘАОО-да ЖОЖ мамандықтың ҮОЖ негізінде оқудың жалпы мерзіміне әзірленеді және білім беру мекемесінің басшысы бекітеді. ЖОЖ-да пәндердің тізбесі және олардың кредиттегі еңбек көлемі, зерттеу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау түрлері, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), тағылымдама, кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау және т.б.) айқындалады. ЖОЖ оқытушының сабақ кестесін және оқу жұмысының еңбек көлемін есептеуін жүргізу үшін негіз болып табылады.
47. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін жоғары оқу орны өзі айқындалады.
ӘАОО-да ЖОЖ-ны әзірлеу және бекіту нысаны, құрылымы мен тәртібін ӘАОО дербес айқындайды.
48. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен айқындалады.
49. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ӘАОО-да ҮОЖ міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды тиісті мемлекеттік уәкілетті орган бекітеді.
50. Жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте, оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустардың нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орнының өзі айқындайды.
51. Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
52. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
2) ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;
5) магистрлік диссертацияны (магистрлік жоба) орындау жоспары;
6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.
ӘАОО-да магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың жалпы кезеңіне жасалады және мынадай тараулардан тұрады:
1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеудің тақырыбы, бағыты, есептілік мерзімі және түрі);
2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және түрі);
3) негіздемесі және құрылымы бар магистрлік диссертацияның тақырыбы;
4) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;
5) ғылыми жарияланымдардың жоспары, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (ғылыми-теориялық конференцияларға) және т.б.
53. Магистратурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
54. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын осы стандартқа 6-қосымшаға (ғылыми және педагогикалық бағыттар үшін) және 8, 10-қосымшаларға (бейіндік магистратура үшін) сәйкес басшылыққа алады.
ӘАОО-да оқу процесін жоспарлау барысында ӘАОО осы Стандартқа 7-қосымшаға (ғылыми және педагогикалық бағыт үшін) және 9 және 11-қосымшаға (бейінді магистратура үшін) сәйкес магистратураның білім беру бағдарламаларының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
55. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға нормативтік оқу мерзімі кемінде 1-2 жыл болатын тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесі беріледі.
ӘАОО-да магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны көпшілік алдында қорғаған тұлғаға тиісті мамандық бойынша және/немесе нормативтік оқу мерзімі кемінде 1-2 жыл болатын біліктілікті бере отырып, "магистр" дәрежесі беріледі.
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
56. Магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.
57. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының магистранттармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
Студиялық және зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық сабақтар үшін 100 минутқа тең.
Магистрант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының және қорытынды аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
58. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы магистранттың аудиториялық жұмысының;
2) кәсiби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының;
3) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының;
4) магистранттың магистрлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша жұмысының;
5) магистранттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру кезіндегі жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет
59. Магистранттардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) айқындалады.
60. Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Магистранттардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті МӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша бір кредитке магистранттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
61. Практиканың әр академиялық сағаты магистранттың қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен (50 минуттан) толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
62. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының, магистранттың магистрлiк диссертацияны орындауын қоса алғанда, әрбiр академиялық сағаты 7 сағаттық МӨЖ-бен толықтырылады.
63. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты магистрлік диссертацияны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша магистранттың оқытушымен байланыс жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
64. Кредиттік оқыту технологиясында магистранттардың өздігінен орындайтын жұмысының көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өзі орындайтын жұмысы (МӨЖ).
65. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады және жалпы оқу кестесіне енбейді. ОМӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар өткізіледі, МӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.
ӘАОО-да магистранттың дербес жұмысы оқытушының басшылығымен, оның ішінде аудиториялық сабақтар түрінде жүргізіледі.
66. ОМӨЖ бен МӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі айқындайды.
67. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
68. Студиялық және зертханалық сабақтар, магистранттың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстары, қорытынды аттестаттау сияқты оқу жұмысының түрлері үшін ОМӨЖ сағаттарын жоспарлау қажеттілігін және оның көлемін жоғары оқу орны өзі белгілейді (мысалы, магистрлік диссертацияны орындау барысын бақылау үшін).
69. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, тағылымдамалардан демалыстардан, магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысынан және соңғы курста қорытынды аттестаттаудан тұрады.
70. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден немесе ұзақтығы 10 апта болатын триместрден немесе ұзақтығы 7-8 апта болатын тоқсаннан тұрады.
ӘАОО-да академиялық кезеңді академиялық күнтізбе және ЖОЖ айқындайды. ӘАОО академиялық кезеңнің, оны ұйымдастырудың құрама түрін қосқанда оның нысанын дербес анықтайды.
71. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың ұзақтығы кемінде 2 аптаны құрайды.
ӘАОО-да аралық аттестаттаудың ұзақтығы әрбір академиялық кезеңнен кейін кемінде 1 аптаны құрайды.
72. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіледі және ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы және межелік бақылаулар бойынша бағалардың арифметикалық ортасы) ескере отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
ӘАОО-да аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген барлық пәндер бойынша қорытынды аттестаттау жүргізіледі және ағымдағы және межелік бақылау нәтижелері бойынша ағымдағы үлгерім бағаларын ескере отырып пәндер бойынша қорытынды баға шығарылады. Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерімнің баға үлесі 60% кемінде, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 40%-дан аспайды.
73. Оқу жылы ішіндегі демалыс ұзақтығы соңғы курсты қоспағанда, курстарда 7 аптадан кем болмауы тиіс.
ӘАОО-да каникул ұзақтығы оқу жылы бойында бітіру курсын қоспағанда кемінде 6 аптаны құрайды.
74. Магистранттардың кәсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбе мен магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес осы стандартпен және мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі.
75. Практикалардың ұзақтығы магистранттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативтік жұмыс уақытын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика, тағылымдама үшін 75 сағатты (50 минуттан), зерттеу практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны, зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.
76. Магистранттарды қорытынды аттестаттау және МҒЗЖ, МЭЗЖ аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең магистранттардың апта бойғы жұмысының нормативтік уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде МӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып айқындалады.
МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредитіне магистрант жұмысының 120 (15х8) сағаты, яғни 2,2 апта сәйкес келеді.
Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес келеді, оның ішінде 15 байланыс сағаты магистранттың оқытушымен жұмысына, 90 сағаты МӨЖ-ге бөлінеді.
Кешенді емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
Магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 3 кредит, яғни тиісінше 6 апта беріледі. Магистрлік диссертацияны орындау процесінің өзі алдын ала магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы барысында жүргізіледі.
ӘАОО-да магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға кемінде 2 кредит, яғни тиісінше 4 аптадан кем емес, магистрлікті ресімдеуге және қорғауға кемінде 1 кредит беріледі, яғни тиісінше кемінде 2 апта беріледі.
77. Бітіруші курсты қоспағанда, магистранттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттерін өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа жоғары оқу орнында оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте академиялық берешекті немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою және қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.
ӘАОО-да магистранттардың қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру, академиялық қарызын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, басқа жоғары оқу орнындағы оқу пәндерін зерделеу, үлгерімнің орташа балын арттыру үшін ұзақтығы кемінде 2 апта жазғы семестрді (бітіруші курсты қоспағанда) енгізуге рұқсат етіледі.
78. Магистрлер даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі:
1) ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша кемінде 59 кредитті, оның ішінде теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін игеруі;
2) бейіндік дайындық бойынша – кемінде 28 кредитті (оқу мерзімі – 1 жыл) және кемінде 48 кредитті (оқу мерзімі – 1,5 жыл), оның ішінде теориялық оқытудың тиісінше кемінде 18 және 36 кредитін, практиканың тиісінше кемінде 2 және 4 кредитін, эксперименталды-зерттеу жұмысының тиісінше кемінде 4 және 4 кредитін игеруі болып табылады.
Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайларда магистрантқа оқу мерзіміне қарамастан "магистр" дәрежесі беріледі.
79. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіннің бағдарламаларын қосымша меңгерген жағдайда докторантураға рұқсат етіледі.
ӘАОО-да магистр тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘАОО-ға оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес докторантураға рұқсат етіледі.
80. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта игеруге және диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі.
ӘАОО-да магистратураның білім беру бағдарламаларының теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа ғылыми-зерттеу компоненттерінің кредиттерін қайта игеру және магистрлік диссертацияны қорғау тәртібін тиісті мемлекеттік органдар айқындайды.
81. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытуының толық курсын меңгерген, бірақ белгіленген мерзімде магистрлік диссертациясын қорғамаған магистрантқа магистратурада оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылады.
ӘАОО-да магистратураның білім беру бағдарламаларының теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ магистрлік диссертацияны белгіленген мерзімде қорғамаған магистрантқа тиісті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен келесі оқу жылы магистрлік диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі.
82. Жоғары оқу орны магистратураның оқу процесін алынған лицензияға сәйкес ұйымдастырады және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.
83. Жоғары оқу орны білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген магистранттарды жатақханамен және басқа да қолдау қызметімен қамтамасыз етеді.
84. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Магистратураның білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғары оқу орнында қолданыстағы санитариялық-техникалық нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында көзделген теориялық және практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ магистранттың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базасы (аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, зертханалар, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, қор материалдары) болуы тиіс.
85. Оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1) оқу процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету магистранттардың магистратураның білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік беруі тиіс;
2) білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, электронды деректер қорларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс;
3) кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу әдебиеттерімен қамтамасыздандыру білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
86. Практикаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасына практиканың екі түрі кіреді:
1) білім беру ұйымдарында өткізілетін педагогикалық практика;
2) диссертацияны орындау орны бойынша өткізілетін зерттеу практикасы.
Педагогикалық практика оқытудың практикалық дағдылары мен әдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей өткізіледі. Осы ретте магистранттар бакалавриатта сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін.
Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксперименттік деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың қазіргі әдістерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.
Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтуы тиіс.
Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекіту, оқып жатқан мамандығы бойынша кәсіптік қызмет дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін жинақтау, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында өткізіледі.
Зерттеу/өндірістік практиканың мазмұны диссертациялық (жобалау) зерттеу тақырыбымен айқындалады.
87. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өтілуіне қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде ресімделеді.
МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және/немесе тиісті қызмет салалары бойынша ұйымдарда міндетті түрде ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылады.
88. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксприменттік-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (магистрлік жоба) болып табылады.
89. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және/немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.
ӘАОО-да магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ұсынылуы қажет:
бейінді магистратураның магистранттары ғылыми журналда немесе ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларда кемінде бір жарияланым;
ғылыми және педагогикалық магистратураның магистранттары ғылыми журналда немесе ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларда кемінде екі жарияланым.
90. Магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) мазмұны мен ресімделуіне, оның дайындалуы мен қорғалуына қойылатын талаптарды жоғары оқу орны өзі айқындайды.
ӘАОО-да магистрлік диссертацияның мазмұнына және ресімдеуге, оларды әзірлеу мен қорғауға қойылатын талаптарды ӘАОО дербес немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
91. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.
92. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.
ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын ұстанған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің әдіс-тәсілдері мен нысандарын, оқытудың әдістерін еркін таңдауға құқылы.
93. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға (магистрлік жобаға) жетекшілік жасау үшін ғылым кандидаттары мен докторларының, PhD докторларының немесе тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың қатарынан ғылыми жетекшілер тағайындалады.
Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.
ӘАОО-да қабылдаудан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға басшылық жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады. Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ӘАОО басшысының бұйрығымен бекітіледі. Магистранттың ғылыми басшысы ғылыми дәрежесі "магистр" дәрежесі немесе кем дегенде 5 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі бар полковник атағы (арнаулы атағы) болуы және ғылымның осы саласын (магистрантты оқыту мамандығы бойынша) ғылыми зерттеумен белсенді араласуы қажет. Қажет болған жағдайда ғылымның аралас саласы бойынша ғылыми кеңесші тағайындалуы мүмкін.
94. ЖОО магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауға көмек көрсетеді.
95. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі шеңберінде алынған білім беру деңгейі әртүрлі бақылау түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.
96. Магистранттардың оқу жетістіктерін бақылау және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) тіркеу кеңсесі(бөлімі, секторы) жүргізеді және бақылау мен бағалау білім берудің қорытынды нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
97. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу кеңсесі есепке алып отырады және магистранттардың белгіленген нысандағы транскриптінде көрінеді.
Транскрипт магистрантқа білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
98. Магистранттардың білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі.
99. Магистранттарды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған мерзімде кешендi емтихан тапсыру және магистрлiк диссертацияны (магистрлік жоба) қорғау нысандарында өткізіледі.
100. Қорытынды аттестаттаудың мақсаттары бітіруші магистранттың қалыптасқан арнайы және басқару құзыреттіліктерінің ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейін, кәсіби міндеттерді орындауға дайындығын және оның дайындығының кәсіби стандарт пен білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
101. Кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін 1 ай бұрын кешіктірмей өткізіледі, мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның білім беру бағдарламасындағы бейіндеуші пәндер циклдерінің пәндері кіреді.
ӘАОО-да кешенді мемлекеттік емтихан диссертацияны қорғағанға дейін жүргізіледі, оған магистратураның білім беру бағдарламаларының базалық және/немесе бейіндік пәндер циклінің пәндері енеді.
102. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) дайындауды, оны ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.
Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау рәсімін жоғары оқу орындары өз бетінше жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады.
ӘАОО-да магистрлік диссертацияны қорғау рәсімі тиісті мемлекеттік органның ӘАОО білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады.
103. Магистратураның оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.
ӘАОО-да магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдарға тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесі беріледі және/немесе біліктілік беріледі, қосымшасы бар (транскрипт) мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
2-бөлім. Докторантура
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жоғары оқу орындарында, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі - ӘАОО) олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан PhD докторантурасының білім беру бағдарламаларының мазмұнына, докторанттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, докторанттардың дайындық деңгейін және дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады оларға қосымша мынадай терминдер мен анықтамалар қамтылған:
1) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
2) докторант – докторантурада білім алушы тұлға;
3) докторлық диссертация – теориялық ережелер жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде тануға болатын немесе ғылыми мәселе шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалған, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс;
4) кәсіптік құзыреттілік – құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
5) біліктілік сипаттамасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
6) біліктілік талаптары – құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) философия докторы (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлайды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
2) осы стандартқа және докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге;
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
5) оқу жұмыс жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
ӘАОО философия докторларын (PhD) және тиісті сала бойынша докторларды даярлауды:
1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар және біліктілік тізбесіне;
2) осы стандартқа;
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарына;
4) пәндер бойынша үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына;
5) академиялық күнтізбеге;
6) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны мен оқытуды анықтайды;
2) магистранттардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) оқу жұмыс жоспарларын;
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын;
6) докторанттардың жеке жоспарларын әзірлеу кезінде міндетті.
5. Докторантураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, докторантураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның және аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламаларын орындау, зерттеу базаларын ұсыну бойынша ынтымақтастық туралы шарттардың негізінде жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
6. "Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде оқыту нәтижелері Дублин дескрипторларының 3-деңгейі (докторантура) негізінде анықталады және құзыреттер арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пән модулінің деңгейінде де сипатталады.
Үшінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерді, осы салада қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсету;
2) ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету;
3) өзінің ұлттық немесе халықаралық жариялануға тұрарлық ерекше зерттеулерімен ғылыми саланың шекараларын кеңейтуге үлес қосу;
4) жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыда талдау, бағалау және жинақтау;
5) өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу;
6) білімге негізделген қоғамның дамуына септігін тигізу қабілеттерінің болуын қарастырады.
7. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруін, олардың типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан міндетті түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.
8. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына әрбір пән немесе оқу жұмысының түрін игеретін кредиттермен өлшенетіні көрсетілген.
9. Осы стандарт докторанттарды даярлау деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптар негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді көздейді.
2. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
11. Кәсіптік құзыреттіліктер магистратураның әрбір мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады.
ӘАОО-да оқу нәтижелері кәсіби құзыретке (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) сәйкес бітірушінің құзырет моделіне сәйкес келуі қажет.
12. Ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау докторантурада кемінде үш жыл оқу мерзімімен философия докторы (PhD) мен бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып жүзеге асырылады.
13. Докторантурада білім алу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тек күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады. Бұдан басқа докторантурада білім алу ақылы негізде:
1) шетел азаматтары үшін;
2) жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша;
3) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша бейіні бойынша және DBA және докторантурада жүзеге асырылады.
ӘАОО-да докторантураға оқу күндізгі нысанда жүзеге асырылады. Білім алушылардың санатына байланысты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуға жол беріледі.
14. Докторантураның оқу жоспарларының барлық нысандарында пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
Әрбiр пән қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. Ол бiр академиялық мерзiмде меңгеріліп, аяқталған соң докторанттар емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар), докторанттардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстары, тағылымдама бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.
15. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен тұрады.
ӘАОО-да базалық пәндер циклі (БП) міндетті пәндерден және жоғары оқу орны компоненттерінен тұрады.
16. Базалық пәндер (БП) циклінің міндетті компоненті көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 4%-ын немесе 3 кредитті құрайды.
Таңдау компонентіндегі докторанттың білімге қажеттілігі оқудың қосымша түрлері есебінен іске асырылуы мүмкін.
ӘАОО-да БП циклінің пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарының пәндік жалпы көлемі кемінде 4% немесе кемінде 3 кредит болады. ЖОО компонентіндегі докторанттың білімге қажеттілігі оқудың қосымша түрлері есебінен іске асырылуы мүмкін.
17. Бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 16%-ын немесе 12 кредитті құрайды.
Бейіндеуші пәндер циклінің пәндері таңдау компонентіне жатады және оларды жоғары оқу орны өзі айқындайды.
ӘАОО-да бейіндеуші пәндер (БП) циклінің көлемі үлгілік оқу жоспары пәндерінің жалпы көлемі кемінде 16% немесе кемінде 12 кредит болады. БП циклінің пәндері ЖОО компонентіне қатысты болады және ӘАОО дербес айқындайды.
18. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді.
19. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін докторанттың, жұмыс берушілердің сұраныстарына және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары оқу орны өзі айқындайды.
ӘАОО-да ЖОО компоненті пәндерінің тізбесін ӘАОО дербес айқындайды.
20. Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 12-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұны осы стандартқа 13-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
21. Докторанттың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру қағидаларына сәйкес ғылыми, ғылыми-талдау және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мақсаты жоғары рухани және өнегелі қасиет иесі болатын тұлғаның дамуында перспективаларын ескере отырып еліміздің бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, өзіндік ойлау қабілетті және қоғамның прогрессивті техникалық, ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін кадрларды дамыту және даярлау болып табылады.
ӘАОО-да өз бетінше ойлауға, басқаруға және елдің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздігін, құқық қорғау қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге қабілетті, моральдық-адамгершілік қасиеті жоғары, жоғары білікті кадрларды даярлау жоғары білімнен кейінгі білім беру мақсаты болып табылады.
23. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық.
24. Докторантураның негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:
1) мынадай:
ғылым эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы;
жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының пәндік, дүниетанымдық және әдіснамалық ерекшеліктері туралы;
білімнің белгілі бір саласындағы ғылыми мектептер мен олардың теориялық және практикалық жаңалықтары туралы;
белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы;
ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы;
ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы;
ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми әдебі туралы түсінігінің болуы;
2) мыналарды:
жаһандану мен интернационалдандыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын;
ғылыми танымның әдіснамасын;
белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін;
ғылым мен білімнің әлеуметтік жауапкершілігін (сезінуі және қабылдауы);
халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін кемінде бір шет тiлiн кәсiптік деңгейде білуі қажет;
3) мыналарды:
ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыруды, жоспарлауды және іске асыруды;
зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды, бағалауды, салыстыруды және қорытынды жасауды;
әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды және өңдеуді;
заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өз бетімен орындауды;
ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің жаңа ғылыми ойларын айтуды, өзінің білімі мен ойларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізуді;
зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдап, оны тиімді қолдануды;
өзінің кәсіби дамуын жоспарлауды және болжауды білуі тиіс;
4) мынадай:
әртүрлі ғылыми идеялар мен теорияларды сыни тұрғыда талдау, бағалау және салыстыру;
ғылыми қызметте талдау және эксперимент жүргізу;
зерттеулер нәтижелерін жоспарлау және болжау;
халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу;
ғылыми хат пен ғылыми байланыс;
ғылыми зерттеулер процестерін жоспарлау, үйлестіру және іске асыру;
зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсете білу;
ғылыми іс-шараларда, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу;
көшбасшылық басқару және ұжымды басқару;
ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметке жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарау;
заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып, патенттік ізденіс жүргізу мен ғылыми ақпаратты беру тәжірибесі;
ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелерге зияткерлік меншік құқығын қорғау;
шет тілінде еркін сөйлесу дағдысының болуы тиіс;
5) мынадай:
ақпараттар ағымының жедел жаңару және жедел өсу жағдайындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізуде;
ғылыми зерттеуде теориялық және қолданбалы міндеттерді қою мен оларды шешуде;
тиісті саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуде;
тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелерінде;
мамандарды жоғары оқу орнында даярлау мәселелерінде;
ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізуде;
үнемі кәсіби өсуді қамтамасыз етуде құзыретті болуы қажет.
25. Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы:
1) докторлық диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы;
2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;
3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып мәліметтерді өңдеудің және интерпретациялаудың заманауи әдістеріне негізделуі керек;
5) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;
6) қорғалатын негізгі ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.
26. Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы:
1) докторлық диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келуі;
2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;
3) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделген және нақты практикалық ұсыныстары, кешенді сипаттағы басқару мәселелерінің өзіндік шешімдерінің болуы;
4) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;
5) қорғалатын негізгі ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.
27. Докторантура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік шегіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
докторантураны мамандандыру шеңберінде ӘАОО-да кәсіби құзыреттерге сәйкес (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) түрлі білім беру бағдарламаларын ӘАОО дербес әзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
28. Бейіні бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұнын жоғары оқу орны белгілейді.
Докторантураның білім беру бағдарламалары модульді білім беру қағидаларымен құрылады.
29. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады.
30. Бейін бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономика салаларына, әлеуметтік салаға: білім беру, медицина, құқық, мәдениет, қызмет көрсету, бизнес-әкімшілендіру және қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның тиісті бағыттары бойынша пәндерді тереңдетіп оқытуды қарастырады.
31. Білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
32. Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы маңызы бірдей екі білім және ғылым компоненттерінен тұрады.
33. Докторантураның білім беру бағдарламасында:
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқыту;
2) докторанттардың практикалық даярлығы: кәсіби, практика ғылыми тағылымдамалар түрлері;
3) докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы;
4) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.
34. Жұмыстың барлық түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижелеріне жетуге қажетті докторант пен оқытушының еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. Бұл ретте алдыңғы білім деңгейінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.
Докторанттың докторантураға түсер алдында докторантураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда докторантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда докторантурада білім алу докторант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
ӘАОО-да оқуға түсу үшін пререквизиттерді игеру тәртібін тиісті уәкілетті органдар белгілейді.
35. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің көлемі кредиттердің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте әр пән, әдетте кемінде 2 немесе 3 кредит көлемімен бағаланады.
ӘАОО-да әрбір пәннің көлемі кредиттердің толық санын құрайды және пәнді 1 кредитке бағалауға жол беріледі. Оқу пәнін бірнеше академиялық кезеңде игеруге рұқсат етіледі.
36. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін және білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, докторанттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлерін таңдау арқылы жүзеге асады.
37. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне және т.б. қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
38. Доктор даярлаудың білім беру бағдарламасына оқу жоспары, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, практикалар (педагогикалық, зерттеу немесе өндірістік) бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары кіреді.
39. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру мен өткізу тәсілін кредиттік оқыту технологиясы негізінде жоғары оқу орны өз бетінше жүргізеді.
40. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарлары негізінде жүзеге асады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ) және жұмыс (ЖОЖ) жоспары болып бөлінеді.
41. ҮОЖ осы стандарт негізінде докторантураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және оны білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ӘАОО-да ҮОЖ осы стандарттың негізінде докторантураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешендi емтихан, докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
ӘАОО-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және оқу қызметі әрбір түрінің әрбір оқу пәнінің көлемділігі (практиканың, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтиханын, кредиттердегі магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау ҮОЖ-да айқындалады, ал ЖОО компоненті оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша кредиттердің жалпы санын көрсетеді.
42. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орындары таңдау компоненті бойынша ӘАОО-ны қоспағанда барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) жасайды.
ЭПК-да әр оқу пәні бойынша пререквизиттер мен постреквизиттер көрсетіледі. ЭПК докторанттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
43. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде ӘАОО-ны қоспағанда докторанттарға ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір докторанттың жеке бiлiм траекториясын айқындайды.
ЖОЖ-ға міндетті компонент пәндері мен ҮОЖ-дан алынған оқу әрекеттерінің түрлері (практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан, докторлық диссертацияларды ресімдеу және қорғау) және ЭПК ішінен таңдап алынған пәндер компоненті енеді.
ӘАОО-да докторанттың білім беру траекториясы ЖОЖ және докторанттың жеке жұмыс жоспарымен анықталады.
44. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен докторанттың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан, докторлық диссертацияларды ресімдеу және қорғау) анықталады.
ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын жобалау, бекіту тәртібін жоғары оқу орындары өздері анықтайды.
ӘАОО-да ЖОЖ мамандықтың ҮОЖ негізінде оқудың жалпы мерзіміне әзірленеді және білім беру мекемесінің басшысы бекітеді. ЖОЖ-да пәндердің тізбесі және олардың кредиттегі еңбек көлемі, зерттеу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау түрлері, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), тағылымдама, кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау және т.б.) анықталады. ЖОЖ оқытушының сабақ кестесін және оқу жұмысының еңбек көлемін есептеуін жүргізу үшін негіз болып табылады. ӘАОО-да ЖОЖ әзірлеу және бекіту түрі, құрылымы, тәртібін ӘАОО дербес анықтайды.
45. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары үлгілік және жұмыс (силлабустар) болып бөлінеді.
Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ӘАОО-да ҮОЖ міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды тиісті уәкілетті орган бекітеді.
Оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте, олар міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді, ал таңдау компоненті пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустардың нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.
46. Докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
47. Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне арналып жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
2) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
4) негіздемесі мен құрылымы бар докторлық диссертация тақырыбы;
5) докторлық диссертацияны орындау жоспары;
6) ғылыми жарияланымдар және тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік тағылымдамадан өту жоспары.
ӘАОО-да докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың жалпы кезеңіне жасалады және мынадай тараулардан тұрады:
1) ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеудің тақырыбы, бағыты, есептілік мерзімі және түрі);
2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және түрі);
3) негіздемесі және құрылымы бар магистрлік диссертацияның тақырыбы;
4) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;
5) ғылыми жарияланымдардың жоспары, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (ғылыми-теориялық конференцияларға) және т.б.
48. Докторантурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
49. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа 14-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
ӘАОО-да оқу процесін жоспарлау барысында ӘАОО осы стандартқа 15-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
50. Докторантураның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаға философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі нормативтік мерзімі кемінде үш жыл мерзіммен беріледі.
51. PhD доктор дәрежесін алушы тұлға арнайы тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдету, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін докторлықтан кейінгі бағдарламаны орындауға немесе таңдаған ЖОО-ның жетекші ғалымының басшылығымен ғылыми зерттеуді жүргізуі мүмкін.
4. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
52. Докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына әрбір пән немесе оқу жұмысының түрін игеретін кредиттермен өлшенеді.
53. ОПҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының білім алушылармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
54. Студиялық және зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық сабақтар үшін 100 минутқа тең.
Докторант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының және қорытынды аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
55. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы докторанттың аудиториялық жұмысының;
2) докторанттың кәсiптік практика кезіндегі жұмысының;
3) докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кезінде ғылыми консультанттармен жұмысының;
4) докторанттың докторлық диссертацияны жазу мен қорғау бойынша жұмысының;
5) докторанттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
56. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының әр түрлері үшін академиялық сағатпен жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) айқындалады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше ДӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша докторанттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Практиканың әр академиялық сағаты докторанттың қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен (50 минуттан) толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
Докторлық диссертацияның орындалуын қоса алғанда, ДҒЗЖ/ДЭЗЖ-ның әрбір академиялық сағаты 7 сағаттық ДӨЖ-бен толықтырылады.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты докторлық диссертацияны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша докторанттың оқытушымен байланыс жұмысының бір сағаты болып табылады. Докторантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
57. Кредиттік оқыту технологиясында докторанттардың өздігінен орындайтын жұмыстарының көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы (ОДӨЖ) және докторанттың өзі орындайтын жұмысы (ДӨЖ).
58. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы докторанттың оқытушымен байланыста орындалатын аудиториядан тыс жұмысының түрі болып табылады. ОДӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмейтін жеке график бойынша орындалады.
ӘАОО-да докторантураның дербес жұмысы оқытушының басшылығымен, оның ішінде аудиториялық сабақтар түрінде жүргізіледі.
59. ДӨЖ бен ОДӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі айқындайды.
60. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі докторанттың оқытушымен байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Студиялық және зертханалық сабақтар, докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы, қорытынды аттестаттау сияқты оқу жұмыстарының түрлері үшін ОДӨЖ жоспарлау қажеттілігін және оның көлемін жоғары оқу орны өзі белгілейді.
61. Докторантурадағы оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, тағылымдамалардан, демалыстардан, докторанттың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысынан және соңғы курста қорытынды аттестаттаудан тұрады.
62. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден немесе ұзақтығы 10 апта болатын триместрден немесе ұзақтығы 7-8 апта болатын тоқсаннан тұрады.
ӘАОО-да академиялық кезеңді академиялық күнтізбе және ЖОЖ айқындайды. ӘАОО академиялық кезеңнің, оны ұйымдастырудың құрама түрін қосқанда оның нысанын дербес айқындайды.
63. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың/қорытынды бақылаудың ұзақтығы кемінде 1 аптаны құрайды.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі кемінде 60%, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі кемінде 30% болуы тиіс.
ӘАОО-да аралық аттестаттау кезеңінде зерделенген барлық пәндер бойынша қорытынды аттестаттау жүргізіледі және ағымдағы және межелік бақылау нәтижелері бойынша ағымдағы үлгерім бағаларын ескере отырып пәндер бойынша қорытынды баға шығарылады. Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерімнің баға үлесі кемінде 60%, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 40%-дан артық болмайды.
64. Оқу жылы кезеңіндегі каникул ұзақтығы соңғы курсты қоспағанда, кемінде 5 аптаны құрауы тиіс.
ӘАОО-да каникул ұзақтығы оқу жылы кезеңінде бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 6 аптаны құрауы тиіс.
65. Докторанттардың кәсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбеге және жеке жұмыс жоспарына сәйкес осы стандартпен және мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі.
66. Практикалардың ұзақтығы докторанттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативтік жұмыс уақытын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны докторанттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика, тағылымдама үшін 75 сағатты (50 минуттан), зерттеу практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны, зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.
67. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау және ДҒЗЖ, ДЭЗЖ аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең докторанттардың апта бойғы жұмысының нормативтік уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде ДӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып айқындалады.
68. ДҒЗЖ бір кредитіне докторант жұмысының 120 (15х8) сағаты, яғни 2,2 апта сәйкес келеді.
Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес келеді, оның ішінде 15 байланыс сағаты докторанттың оқытушымен жұмысына, 90 сағаты ДӨЖ-ге бөлінеді.
Кешенді емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
Докторлық диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 4 кредит, яғни 8 апта беріледі.
69. Докторлық диссертацияны орындау докторанттың ДҒЗЖ/ДЭЗЖ кезеңінде орындалады.
70. Бітіруші курсты қоспағанда докторанттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттерін өз ЖОО-да міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте академиялық берешекті немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою және қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.
71. Білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысынан, ғылыми жарияланымдарынан және докторлық диссертацияны жазуынан тұрады.
72. Философия докторын (PhD) немесе бейіні бойынша доктор даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі докторанттың кемінде 75 кредитті, оның ішінде теориялық оқу бойынша кемінде 15 кредитті, сондай-ақ практиканың кемінде 5 кредитін, ДҒЗЖ/ДЭЗЖ докторлық диссертацияны дайындауды қоса есептегенде кемінде 50 кредитін игеруі болып табылады.
Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, диссертацияны сәтті қорғаған жағдайларда докторантқа оқу мерзіміне қарамастан PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріледі.
73. Бейіндік докторантураны бітіруші педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайларда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі (егер оқу жоспарында қарастырылмаған болса), оны аяқтаған соң негізгі дипломға тиісті куәлік беріледі.
74. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған докторантқа ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта игеруге және диссертацияны келесі оқу жылында қорғауға мүмкіндік беріледі.
ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламаларының теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған докторантқа зерттеу компоненті кредиттерін қайта меңгеруге және келесі оқу жылы диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі. Ғылыми-зерттеу компоненттерінің кредиттерін қайта игеру және докторлық диссертацияны қорғау тәртібін тиісті мемлекеттік органдар айқындайды.
75. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық меңгерген, бірақ белгіленген мерзімде докторлық диссертацияны қорғамаған докторанттың докторантурада оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылуы мүмкін.
ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламаларының теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ докторлық диссертацияны белгіленген мерзімде қорғамаған докторантқа келесі оқу жылы диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі. Диссертацияны қорғау тәртібін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
76. Жоғары оқу орны докторантураның оқу процесін алынған лицензиясына сәйкес ұйымдастырады және білім беру қызметіне лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.
77. ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген докторанттарды жатақханамен және докторанттарды басқа да қолдау қызметімен қамтамасыз етеді.
78. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Докторантура бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнында санитариялық-техникалық нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында көзделген теориялық және практикалық даярлықтың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ докторанттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмыстарын тиімді өткізуін қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базасы (аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, зертханалар, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, қор материалдары) болуы тиіс.
79. Ғылыми зерттеулерді қоса алғанда докторанттарды даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қойылатын талаптар.
Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор даярлау бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды (оқу жұмыс жоспары, оқу пәндерінің және практикалар бағдарламалары, ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары және т.б.) әзірлейді және бекітеді.
Оқу пәндерінің бағдарламаларын докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны осы стандарттың және докторантураның мамандықтары бойынша ҮОЖ негізінде әзірлейді.
Кәсіптік дайындық жағынан докторантураның білім беру бағдарламалары PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор даярлаудың аккредиттелген бағдарламаларын іске асыратын жоғары рейтингті шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың тәжірибелерін зерделеу негізінде әзірленуі тиіс.
80. Оқу әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Оқу процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету докторанттардың докторантураның білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік беруі тиіс.
Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, электронды деректер қорларына, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамсыздандырылу докторанттың өзіндік жұмысын біртіндеп белсендіруге негізделген болуы керек.
81. Практикалар мен ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Практика ғылыми, кәсіби қызметтегі практикалық дағдыны қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Докторантураның білім беру бағдарламасында мыналар қамтылуы тиіс:
1) философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін педагогикалық және зерттеу практикалары (көлемі кемінде 3+2 кредит);
2) бейіні бойынша докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін кәсіби-өндірістік практика (көлемі кемінде 5 кредит).
Педагогикалық практика оқу процесінен қол үзбей теориялық оқу кезеңінде өткізілуі мүмкін, осы ретте докторанттар бакалавриат пен магистратурада сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін.
Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерттеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін практикада қолдану, диссертациялық зерттеудегі эксперименттік деректерді өңдеу мен интерпретациялау дағдыларын бекіту мақсатында жүргізіледі.
Докторанттың өндірістік практикасы оқу процесінде алынған теориялық білімді түйіндеу және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады.
82. Ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін докторант әр академиялық кезеңнің соңында қысқаша есеп түрінде ресімдейді.
ДҒЗЖ/ДЭЗЖ шеңберінде докторанттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін тиісті қызмет салалары бойынша ғылыми ұйымдарда және/немесе ұйымдарда, сондай-ақ шетелде міндетті түрде ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылады.
Шетелдік тағылымдамадан өту мерзімін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
83. Докторанттың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы докторлық диссертация болып табылады.
Докторлық диссертацияның тақырыбы оның өзектілігін есепке ала отырып докторантураға қабылданғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей айқындайды. Диссертациялық зерттеудің бағыты, әдетте, ұлттық басымдықтармен не мемлекеттік бағдарламалармен не іргелі немесе қолданбалы зерттеу бағдарламаларымен байланысты болуы тиіс.
84. Докторлық диссертацияның негізгі нәтижелері осы стандарттың 21-тармағына сәйкес жариялануы тиіс.
85. Докторлық диссертацияның мазмұны мен ресімделуіне, оларды даярлау мен қорғауға қойылатын талаптар білім беру саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
86. Докторлық диссертация міндетті түрде Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы жүзеге асыратын авторға және ақпарат көзіне сілтемесіз мәліметті пайдалану туралы (диссертацияда плагиаттың бар-жоғына) тексеруден міндетті түрде өтуі тиіс.
87. ЖОО-ны кадрлармен қамтамасыз ету қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.
Жоғары оқу орнының оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын ұстанған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдері мен нысандарын, оқытудың әдістерін еркін таңдауға құқылы.
88. Оқытушы кадрлар оқытудың заманауи интерактивті әдістері мен технологияларын меңгеріп, оларды оқу процесінде пайдалана білуі тиіс.
89. Докторантқа оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде докторлық диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.
Докторанттың ғылыми жетекшілігі мен зерттеу тақырыбы ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.
90. Докторанттарға ғылыми жетекшілікті ғылым докторлары мен кандидаттарының, философия (PhD) докторларының ішінен сайланған құрамы кемінде 2 адамнан тұратын және олардың біреуі шетелдік жоғары оқу орнының ғалымы болып табылатын консультациялық комиссия атқарады ("Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобын қоспағанда).
ӘАОО-да докторанттарға ғылыми жетекшілікті Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асырады. Ғылымның аталған саласы бойынша ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып жүрген (мамандықтың саласы бойынша) және ғылыми басшылық тәжірибесі бар адамдар ғылыми консультант бола алады.
Докторанттарға бейін немесе ДВА бойынша доктор дәрежесін ізденуге ғылыми жетекшілікті тиісті салалар мен қызмет саласының жоғары білікті мамандардың бірі ретінде ғылым докторлары мен кандидаттарының, философия (PhD) докторларының ішінен сайланған, құрамы кемінде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады.
Аталған ғылым саласында (мамандық бейіні бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде айналысатын және ғылыми жетекшілік жасау тәжірибесі бар тұлғалар ғылыми консультанттар бола алады.
91. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
92. Докторанттардың оқу жетістіктерін бақылау және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) тіркеу кеңсесі (бөлімі, секторы) жүргізеді және бақылау мен бағалау білім берудің қорытынды нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
93. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу кеңсесі есепке алып отырады және докторанттардың белгіленген нысандағы транскриптінде көрінеді.
Транскрипт докторантқа білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
94. Докторанттың білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі.
95. Докторантты қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және докторлық диссертация қорғау нысанында заңнамада белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Докторлық диссертацияны қорғау диссертацияны дайындауды, ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.
96. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың қалыптасқан арнайы және басқару құзыреттіліктерінің ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейін, кәсіби міндеттерді орындауға дайындығын және оның дайындығының кәсіби стандарт пен білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
97. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жүргізген сараптама қорытындысы бойынша оң шешім шығарған кезде докторантураның білім беру бағдарламасын толық орындаған және докторлық диссертацияны сәтті қорғаған тұлғаларға "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом мен дипломға қосымша (транскрипт) беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша |
Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны
Р/с № | Пән және қызмет түрлерінің атауы | Кредит бойынша көлемі |
1 | 2 | 3 |
1 | Базалық пәндер (БП) | 20 |
1) | Міндетті компонент (МК): | 8 |
Ғылым тарихы мен философиясы | 2 | |
Шет тілі (кәсіби) | 2* | |
Педагогика | 2 | |
Психология | 2 | |
2) | Таңдау компоненті (ТК) | 12 |
2 | Бейіндеуші пәндер | 22 |
1) | Міндетті компонент (МК) | 2 |
2) | Таңдау компоненті (ТК) | 20 |
Теориялық оқыту қорытындысы | 42 | |
3 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | кемінде 13 |
1) | Практика (педагогикалық, зерттеу) | кемінде 6** |
2) | Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) | кемінде 7 |
4 | Қорытынды аттестаттау (ҚА) | 4 |
1) | Кешенді емтихан (КЕ) | 1 |
2) | Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ) | 3 |
Жиыны | кемінде 59 | |
* Педагогикалық мамандықтар бойынша базалық пәндер цикліндегі шет тілі (кәсіптік) пәні бойынша кредит саны 3 кредитті құрайды, тиісінше таңдау компоненті 11 кредиттен тұрады. ** Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады. |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2-қосымша |
ӘАОО-ғы докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны
Р/с № | Пән және қызмет түрлерінің атауы | Кредит бойынша көлемі |
1 | 2 | 3 |
1 | Базалық пәндер (БП) циклі | кемінде 17 |
1) | Міндетті компонент (МК) | кемінде 3 |
2) | ЖОО компоненті (ЖК) | |
2 | Бейіндік (БП) циклі | кемінде 25 |
1) | Міндетті компонент (МК) | кемінде 2 |
2) | ЖОО компоненті (ЖК) | |
Теориялық оқыту қорытындысы | кемінде 42 | |
3 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | кемінде 13 |
Міндетті компонент (МК) | кемінде 13 | |
1) | Практика (педагогикалық, кәсіптік) | кемінде 6 |
2) | Магистрлік диссертацияның, жобаның орындалуын қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) | кемінде 7 |
ЖОО компоненті (ЖК) | ||
4 | Қорытынды аттестаттау (ҚА) | 4 |
1) | Кешенді емтихан (КЕ) | 1 |
2) | Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ) | 3 |
Жиыны | кемінде 59 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3-қосымша |
Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны
Р/с № | Пән және қызмет түрлерінің атауы | Кредит бойынша көлемі | |
1 | 2 | 3 | |
Оқу мерзімі** | |||
1 жыл | 1,5 жыл | ||
1 | Базалық пәндер (БП) | 8 | 10 |
1) | Міндетті компонент (МК) | 5 | 5 |
Шет тілі (кәсіби) | 2 | 2 | |
Менеджмент | 1 | 1 | |
Психология | 2 | 2 | |
2) | Таңдау компоненті (ТК) | 3 | 5 |
2 | Бейіндеуші пәндер (КП) | 10 | 26 |
1) | Міндетті компонент (МК) | 1 | 3 |
2) | Таңдау компоненті (ТК) | 9 | 23 |
Теориялық оқыту бойынша барлығы | 18 | 36 | |
3 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | кемінде 6 | кемінде 8 |
1) | Практика (өндірістік)* | кемінде 2 | кемінде 4 |
2) | Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ) | кемінде 4 | кемінде 4 |
4 | Қорытынды аттестаттау (ҚА) | 4 | 4 |
1) | Кешенді емтихан (КЕ) | 1 | 1 |
2) | Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ) | 3 | 3 |
Жиыны | кемінде 28 | кемінде 48 | |
*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады. **Оқу мерзімінің ұзақтығы магистранттардың бұған дейінгі дайындық деңгейіне және алған мамандығына байланысты осы стандартқа сәйкес анықталады. |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 4-қосымша |
ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны
Р/с № | Пән және қызмет түрлерінің атауы | Кредит бойынша көлемі | |
1 | 2 | 3 | |
Оқу мерзімі | |||
1 жыл | 1,5 жыл | ||
1 | Базалық пәндер (БП) | кемінде 7 | кемінде 14 |
1) | Міндетті компонент (МК) | кемінде 1 | кемінде 3 |
2) | ЖОО компоненті (ЖК) | ||
2 | Бейіндеуші пәндер (КП) | кемінде 11 | кемінде 22 |
1) | Міндетті компонент (МК) | кемінде 1 | кемінде 2 |
2) | ЖОО компоненті (ЖК) | ||
Теориялық оқыту бойынша барлығы | кемінде18 | кемінде36 | |
3 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | кемінде 6 | кемінде 8 |
Міндетті компонент (МК) | кемінде 6 | кемінде 8 | |
1) | Кәсіптік практика | кемінде 2 | кемінде 4 |
2) | Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу) | кемінде 4 | кемінде 4 |
ЖОО компонент (ЖК) | |||
4 | Қорытынды аттестаттау (ҚА) | 4 | 4 |
1) | Кешенді емтихан (КЕ) | 1 | 1 |
2) | Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ) | 3 | 3 |
Жиыны | кемінде 28 | кемінде 48 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 5-қосымша |
Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны
р/с № | Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы | Кредит бойынша көлемі |
1 | 2 | 3 |
1 | Базалық пәндер (БП) | 7 |
1) | Міндетті компонент: | 5 |
Ғылым тарихы мен философиясы | 2 | |
Педагогика | 3 | |
2) | Таңдау компоненті | 2 |
Теориялық оқыту бойынша жалпы саны | 7 | |
2 | Практика (педагогикалық) | кемінде 3* |
*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады. |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 6-қосымша |
Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 2 жыл)
№ | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар | МӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | 42 | 45 | 1890 | 630 | 1260 | 52,0 |
2 | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың теориялық оқытудан қол үзбей ғылыми-зерттеу жұмысы (1:7) | 3 | - | 360 | 45 | 315 | |
Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (1:7) | 4 | 9 | 480 | 60 | 420 | 54,5 | |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6) | 4 | 8 | 420 | 60 | 360 | 52,5 |
БАРЛЫҒЫ | 53 | 62 | 3150 | 795 | 2355 | ||
4 | Теориялық оқытудан қол үзбей практика (педагогикалық) (1:1) | 3 | - | 90 | 45 | 45 | 30,00 |
5 | Практика (зерттеу) (1:7) | 3 | 12 | 360 | 45 | 315 | 30,00 |
6 | Каникулдар | 13 | |||||
7 | Емтихан сессиясы | 9 | |||||
Барлығы(52 апта х 2 ж. – 8 апта= 96 апта) | 59 | 96 | 3600 | 885 | 2715 |
Ескертпе:
1. "Магистр" дәрежесін алу үшін теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін меңгеруі керек (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
2. Кешенді емтиханға 1 кредит, магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 3 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
3. Магистратураның барлық мамандықтары үшін кемінде 3 кредит педагогикалық, кемінде 3 кредит зерттеу практикасы белгіленеді (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
4. Бітіруші курсты есептемегенде оқу жылындағы демалыс ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрауы тиіс. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
5. Қызмет түрлеріне байланысты апта санын жоғары оқу орны өзгерте алады, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
6. Жазғы семестр, ОҚТ демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша жеке жоспарланады.
7. МҒЗЖ үш кредиті оқыту процесінен қол үзбей теориялық оқытумен қатар жоспарланады (әрбір семестрге 1 кредиттен). Педагогикалық практика екінші және үшінші семестрде (барлық 3 кредит) оқыту процесінен қол үзбей теориялық оқытумен қатар жоспарланады. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып, тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы қажет.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 7-қосымша |
ӘАОО-да ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 2 жыл)
№ | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар | МӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | кемінде 42 | кемінде 45 | кемінде 1890 | кемінде 630 | кемінде 1260 | кемінде 52,0 |
2 | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың теориялық оқытудан қол үзбей ғылыми-зерттеу жұмысы (1:7) | кемінде 3 | - | кемінде 360 | кемінде 45 | кемінде 315 | |
Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (1:7) | кемінде 4 | кемінде 9 | кемінде 480 | кемінде 60 | кемінде 420 | кемінде 54,5 | |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6) | 4 | 8 | 420 | 60 | 360 | 52,5 |
БАРЛЫҒЫ | кемінде 53 | кемінде 62 | кемінде3150 | кемінде795 | кемінде2355 | ||
4 | Теориялық оқытудан қол үзбей практика (педагогикалық) (1:1) | 3 | - | 90 | 45 | 45 | |
5 | Практика (зерттеу) (1:7) | 3 | 12 | 360 | 45 | 315 | 30,00 |
6 | Каникулдар | ЖОЖ және академиялық күнтізбемен анықталады | |||||
7 | Емтихан сессиясы | 9 | |||||
Барлығы(52 апта х 2 ж. – 8 апта= 96 апта) | кемінде 59 | кемінде 96 | кемінде 3600 | кемінде 885 | кемінде 2715 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 8-қосымша |
Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 1 жыл)
№ | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық / оқытушымен байланыстағы сағаттар | МӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | 18 | 15 | 810 | 270 | 540 | 54,00 |
2 | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (1:7) | 4 | 9 | 480 | 60 | 420 | 54,55 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6) | 4 | 8 | 420 | 60 | 360 | 52,5 |
Барлығы | 26 | 32 | 1740 | 390 | 1320 | ||
4 | Практика (өндірістік) (1:4) | 2 | 5 | 150 | 30 | 120 | 30,00 |
5 | Каникулдар | 4 | |||||
6 | Емтихан сессиясы (2х2 апта) | 3 | |||||
БАРЛЫҒЫ (52 апта х 1 ж. - 8 апта = 44 апта) | 28 | 44 | 1860 | 420 | 1440 |
Ескертпе:
1. "Магистр" дәрежесін алу үшін теориялық оқытудың кемінде 24 кредитін, өндірістік практиканың кемінде 2 кредитін, магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 2 кредитін меңгеруі керек (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
2. Кешенді емтиханға 1 кредит, магистрлік диссертацияны қорғауға 3 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
3. Магистратураның барлық мамандықтары үшін жоғары оқу орнымен кемінде 2 кредит өндірістік практика белгіленеді (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
4. Қызмет түрлеріне байланысты апта саны өзгеруі мүмкін, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
5. ОҚТ демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша жеке жоспарланады.
6. МЭЗЖ оқытудың басынан бастап жоспарлаған дұрыс және теориялық оқытумен немесе өндірістік практикамен қатар өткізген дұрыс. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып, тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы қажет.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 9-қосымша |
ӘАОО-да бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 1 жыл)
№ | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық / оқытушымен байланыстағы сағаттар | МӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | кемінде 18 | кемінде 15 | кемінде 810 | кемінде 270 | кемінде 540 | кемінде 54,00 |
2 | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы(1:7) | кемінде 4 | кемінде 9 | кемінде 480 | кемінде 60 | кемінде 420 | кемінде 54,55 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6) | 4 | 8 | 420 | 60 | 360 | 52,5 |
БАРЛЫҒЫ | кемінде26 | кемінде32 | кемінде1740 | кемінде 390 | кемінде 1320 | ||
4 | Практика (кәсіптік) (1:4) | кемінде 2 | кемінде 5 | кемінде 150 | кемінде 30 | кемінде 120 | кемінде 30,00 |
5 | Каникулдар | ЖОЖ және академиялық күнтізбемен анықталады | |||||
6 | Емтихан сессиясы | 3 | |||||
БАРЛЫҒЫ (52 апта х 1 ж. - 8 апта = 44 апта) | кемінде 28 | кемінде 44 | кемінде 1860 | кемінде 420 | кемінде 1440 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 10-қосымша |
Бейіндік магистратураның білім бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 1,5 жыл)
№ | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық / оқытушымен байланыстағы сағаттар | МӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | 36 | 30 | 1620 | 540 | 1080 | 54,00 |
2 | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (1:7) | 4 | 9 | 480 | 60 | 420 | 54,55 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6) | 4 | 8 | 420 | 60 | 360 | 52,5 |
БАРЛЫҒЫ | 44 | 47 | 2520 | 660 | 1860 | ||
4 | Практика (өндірістік) (1:4) | 4 | 10 | 300 | 60 | 240 | 30,00 |
5 | Каникулдар | 11 | |||||
6 | Емтихан сессиясы (3х2 апта) | 6 | |||||
БАРЛЫҒЫ(52 апта + 22 апта. =74 апта) | 48 | 74 | 2820 | 720 | 2100 |
Ескертпе:
1. "Магистр" дәрежесін алу үшін теориялық оқытудың кемінде 36 кредитін, өндірістік практиканың кемінде 4 кредитін, магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін меңгеруі керек (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
2. Кешенді емтиханға 1 кредит, магистрлік диссертацияны қорғауға 3 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
3. Магистратураның барлық мамандықтары үшін жоғары оқу орнымен кемінде 4 кредит өндірістік практика белгіленеді (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан).
4. Қызмет түрлеріне байланысты апта саны өзгеруі мүмкін, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
5. Жазғы семестр, ОҚТ демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша жеке жоспарланады.
6. Оқу жылындағы демалыс ұзақтығы, бітіруші курсты есептемегенде, 7 аптадан кем болмауы қажет. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. МЭЗЖ оқытудың басынан бастап жоспарлаған дұрыс және теориялық оқытумен немесе өндірістік практикамен қатар өткізген дұрыс. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы қажет.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 11-қосымша |
ӘАОО-да бейіндік магистратураның білім бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 1,5 жыл)
Р/с № | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | Оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық / оқытушымен байланыстағы сағаттар | МӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | кемінде 36 | кемінде 30 | кемінде 1620 | кемінде 540 | кемінде 1080 | кемінде 54,00 |
2 | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы(1:7) | 4 | 9 | 480 | 60 | 420 | 54,55 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6) | 4 | 8 | 420 | 60 | 360 | 52,5 |
БАРЛЫҒЫ | кемінде 44 | кемінде 47 | кемінде 2520 | кемінде 660 | кемінде 1860 | ||
4 | Практика (кәсіптік) (1:4) | 4 | 10 | 300 | 60 | 240 | 30,00 |
5 | Каникулдар | ЖОЖ және академиялық күнтізбемен анықталады | |||||
6 | Емтихан сессиясы (3х2 апта) | 6 | |||||
БАРЛЫҒЫ(52 апта + 22 апта. =74 апта) | кемінде 48 | кемінде 74 | кемінде 2820 | кемінде 720 | кемінде 2100 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 12-қосымша |
Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны
№ | Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы | Кредит бойынша көлемі |
1 | 2 | 3 |
1 | Базалық пәндер (БП): | 3 |
1) | Міндетті компонент (МК) | 3 |
2) | Таңдау компоненті (ТК) | ОҚТ есебі |
2 | Бейіндеуші пәндер | 12 |
1) | Міндетті компонент (МК) | - |
2) | Таңдау компоненті (ТК) | 12 |
Теориялық оқыту бойынша жалпы саны | 15 | |
3 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | кемінде 55 |
1) | Практика (педагогикалық, зерттеу немесе өндірістік) (ПЗӨП) | кемінде5 |
2) | Докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы, (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) | кемінде 20 |
3) | Докторлық диссертацияны орындау | 30 |
4 | Қорытынды аттестаттау (ҚА) | 5 |
1) | Кешенді емтихан (КЕ) | 1 |
2) | Докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау (ДҚ) | 4 |
Барлығы | кемінде 75 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 13-қосымша |
ӘАОО-ғы докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны
р/с № | Пән және қызмет түрлерінің атауы | Кредит бойынша көлемі |
1 | 2 | 3 |
1 | Базалық пәндер (БП) циклі | кемінде 3 |
1) | Міндетті компонент (МК) | 3 |
2) | ЖОО компоненті (ЖК) | ОҚТ есебінен |
2 | Бейіндік (БП) циклі | кемінде 12 |
1) | Міндетті компонент | - |
2) | ЖОО компоненті (ЖК) | кемінде 12 |
Теориялық оқыту бойынша барлығы | кемінде 15 | |
3 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | кемінде 55 |
1) | Практика (педагогикалық, ғылыми немесе зерттеу) (ППҒЗ) | кемінде 5 |
2) | Доктордың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) | кемінде 20 |
3) | Докторлық диссертацияны орындау | 30 |
ЖОО компоненті (ЖК) | ||
4 | Қорытынды аттестаттау (ҚА) | 5 |
1) | Кешенді емтихан (КЕ) | 1 |
2) | Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ) | 3 |
Барлығы | кемінде 75 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 14-қосымша |
PhD докторантурасының білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 3 жыл)
№ | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық/ оқытушымен байланыстағы сағаттар | ДӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | 15 | 13 | 675 | 225 | 450 | 54,00 |
2 | Докторлық диссертациясын орындауды қоса алғанда докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (1:7) | 50 | 111 | 6000 | 750 | 5250 | 54,55 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6) | 5 | 10 | 525 | 75 | 450 | 52,50 |
Барлығы | 70 | 134 | 7200 | 1050 | 6150 | ||
4 | Практика (кәсіби), оның ішінде.: | 5 | 11 | 450 | 90 | 360 | 30,0 |
1) педагогикалық (1:1) + зерттеу (1:7) немесе | 3 2 | 3 11 | 90 240 | 45 30 | 45 210 | 30,0 30,0 | |
2)өндірістік (1:4) | 5 | 12,5 | 375 | 75 | 300 | 30,0 | |
5 | Каникулдар | 25 | |||||
6 | Емтихан сессиясы (3х2 апта) | 6 | |||||
Барлығы(52 апта х 3 жыл – 8 апта =148 апта) | 75 | 145 | 7530 | 1125 | 6405 |
Ескерту:
1. Философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін мамандық бойынша ҮОЖ-да жоспарланған кредиттерге қарамастан білім алушы теориялық оқудан кемінде 36 кредит, практикадан кемінде 6 кредит және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысынан кемінде 28 кредит меңгеруі тиіс.
2. Кешенді емтиханға 1 кредит, докторлық диссертацияны ресімдеу мен қорғауға 4 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінген кредиттер саны кемінде 6 кредит болуы керек және оның жалпы санын ЖОО өзі анықтайды.
4. Қызмет түрлеріне қарай апта саны өзгеруі мүмкін, бірақ докторанттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
5. Демалыс ұзақтығы соңғы курстан өзге курстарда 5 аптадан кем болмауы керек. 5 аптадан артық демалыс уақытын жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
6. Педагогикалық практиканы оқу процесінен қол үзбей теориялық оқытумен қатар өткізген дұрыс. ДҒЗЖ оқытудың басынан бастап жоспарлаған және теориялық оқытумен немесе зерттеу практикасымен қатар өткізген дұрыс. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып, тиісінше олардың апта саны артуы қажет, бірақ докторанттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 15-қосымша |
ӘАОО-да PhD докторантурасының білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 3 жыл)
№ | Қызмет түрлері | Кредит саны | Апта саны | Жалпы сағат саны | оның ішінде | Орташа апталық жүктеме | |
аудиториялық / оқытушымен байланыстағы сағаттар | ДӨЖ | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Теориялық оқыту (1:2) | кемінде 15 | 15 | 675 | 225 | 450 | 54,00 |
2 | Докторлық диссертациясын орындауды қоса алғанда докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (1:7) | кемінде 50 | 110 | 6000 | 750 | 5250 | 54,55 |
3 | Қорытынды аттестаттау (1:6) | кемінде 5 | 10 | 525 | 75 | 450 | 52,50 |
Жиыны | кемінде 70 | 135 | 7200 | 1050 | 6150 | ||
4 | Практика (кәсіби), оның ішінде.: | кемінде 5 | 11 | 30,0 | |||
1) педагогикалық (1:1) + зерттеу (1:7) немесе | кемінде 3 | 3 8 | 90 240 | 45 30 | 45 210 | 30,0 30,0 | |
2)өндірістік (1:4) | кемінде 5 | 12,5 | 375 | 75 | 300 | 30,0 | |
5 | Каникулдар | 14 | |||||
6 | Емтихан сессиясы (3х2 апта) | 2 | |||||
Жиыны | кемінде 75 | 162 | 7530 | 1125 | 6405 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 6-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген |
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік нысаны мен ведомстволық ба ғыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгіленген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген негізгі орта білім беру мақсаттары жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
3) білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруін және алған білімдерін қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін қолдана білу іскерлігін дамытуды көздейтін негізгі орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
5) білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында негізгі орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
4. Стандарт:
1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын;
2) негізгі орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
3) оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
4) білім алушылардың оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшем шарттарын;
5) білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;
6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;
7) білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін материалдық-техникалық, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды;
8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау параметрлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әр түрлі педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.
6. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) негізгі орта білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті негізгі орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
2) сабақтан тыс іс-әрекет – біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;
3) білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын негізгі орта білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
4) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
5) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті –білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
6) оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
7) элективті курс – білім алушының таңдауы бойынша курс, білім алушылардың білім алу дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарындағы вариативті компоненттің құраушы бөлігі;
8) оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;
9) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
10) ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
11) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;
12) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгілер;
13) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
14) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
15) білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар.
7. "Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде белгілі бір білім беру саласына енетін оқу пәндері бойынша ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі түрінде білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген.
8. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында міндетті оқып білуге жататын негізгі орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі көрсетілген.
9. "Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, топтарға бөлу үшін сыныптың толымдылығы көрсетілген.
10. Стандарт қолданысқа кезең-кезеңімен енгізіледі:
1) 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 5, 7-сыныптарда;
2) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 6, 8-сыныптарда;
3) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 9 (10) сыныптарда.
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
11. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуына және кәсіптік бағдарлануына, сондай-ақ білім алушылардың бейіналды даярлығына бағытталады.
12. Білім алушылардың дайындық деңгейі бірнеше мәндес оқу пәндерін біріктіретін "Тіл және әдебиет", "Математика және информатика", "Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Технология және өнер", "Дене шынықтыру" білім беру салаларының ерекшеліктері ескеріле отырып жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.
13. Білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер негізгі орта білім берудің базалық мазмұнын айқындау үшін негіз болып табылады.
14. Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларында білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарында нақтыланады.
15. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке даму траекторияларын қалыптастыруға және олардың оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына кезең-кезеңмен қол жеткізуге ілгерілеуіне мүмкіндік жасайды.
16. "Тіл және әдебиет" білім беру саласы бойынша негізгі орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ ана тілі (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/орыс тілі мен әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)
1) тыңдалым:
білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен арнайы ақпаратты алады; терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды;
2) айтылым:
талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тәсілдерін пайдаланып және мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады;
3) оқылым:
білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және аралас мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын және астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады;
4) жазылым:
білім алушы әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және оқығаны негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; әртүрлі деректерден ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; тұтас мәтіндердің негізінде сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын пайдаланады.
Ағылшын тілі:
1) тыңдалым:
білім алушы оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінеді; екінші кезектегі мәселелерді қалдырып, басты фактілерді анықтайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде егжей-тегжейлі ақпаратты түсінеді; қосымша ақпарат алу мақсатында естігені негізінде күрделі сұрақтар құрастырады; түпмәтіндік мәнге сүйене отырып, естігені бойынша ой қорытады; оқытылған тақырыптар шеңберінде арнайы ақпаратты ажырата алады; оқытылған тақырыптар шеңберінде берілген дәлелдердің сәйкессіздігін анықтайды;
2) айтылым:
білім алушы оқытылған тақырыптар шеңберінде оқиғаның логикалық дамуын құрастырып, мәтіннің негізгі мазмұнын жеткізеді; формальды және формальды емес стильдерді қолданады; оқытылған тақырыптар шеңберінде ақпаратпен таныстырады; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіннің атауы, иллюстрациялары, түйін сөздері, мәтін үзінділері және т.б. бойынша ықтимал мазмұнын болжайды; нақты ақпарат алу үшін қарапайым және күрделі сұрақтар қояды; оқу тапсырмаларын орындау үшін құрбы-құрдастарымен (жұпта, топта) бірлесіп жұмыс жасайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндерді салыстырады және қарама-қарсы қойып салыстырады; өз көзқарасын негіздей отырып, пікірін білдіреді;
3) оқылым:
білім алушы оқытылған тақырыптар шеңберінде әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің негізгі мазмұнын анықтайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде әртүрлі стиль мен жанрда берілген мәтіндердегі егжей-тегжейлі ақпаратты ажырата алады; түрлі ақпараттық ресурстарды (анықтамалық материалдар, сөздіктер, Интернет және басқалары) пайдаланады; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндегі арнайы ақпаратты және мәтіндердің әртүрлі стилі мен жанрларын анықтайды; мәтіннің атауы, мәтін үзіндісі, иллюстрациялары, түйін сөздері және т.б. бойынша мазмұнын болжайды; автордың көзқарасын немесе пікірін анықтайды; түрлі мәтіндерден алынған ақпаратты бағалайды;
4) жазылым:
білім алушы кестелерді, диаграммаларды, схемаларды, сауалнамаларды, формулярларды және т.б. толтырады; оқытылған тақырыптар шеңберінде жоспар құрады, мәтінді жазады, редакциялайды және түзетеді; коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен үзінділер алады; бұрын оқыған тақырыптар бойынша алған біліміне сүйене отырып, шынайы және/немесе ойдан шығарылған өткен, осы шақтағы және болашақта болатын оқиғаларды суреттейді; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндегі сөйлемдер мен абзацтарды бір-бірімен байланыстырады және үйлестіреді; оқытылған тақырыптар шеңберінде берілген мәтіннің тыныс белгілерін сауатты және дұрыс қояды; тиісті ережелер мен форматты сақтай отырып, әртүрлі стиль мен жанрда мәтіндер құрайды.
Қазақ әдебиеті/орыс әдебиеті/ұйғыр әдебиеті/өзбек әдебиеті/тәжік әдебиеті:
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;
2) ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;
4) оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
5) көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;
6) оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).17. "Математика және информатика" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын; сандар жіктемесін; нақты сандармен есептеу амалдарын; қарапайым математиканың негізгі формулаларын; функция ұғымын, оның қасиеттері мен графигін; алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін; көпбұрыштар жіктемесін; жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін; комбинаторика ережелерін; оқиға ықтималдығының классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамаларын; статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін;
қолданбалы есепті шешу үшін математикалық модельді пайдалану алгоритмін; ақпарат, ақпараттық процестер, технологиялар және модельдер туралы ғылыми түсініктердің негізін; қазіргі заманғы қоғамдағы және әрбір адамның өміріндегі ақпараттық технологиялардың рөлін; компьютерлік жүйелер мен желілер құрылысының негіздерін, сондай-ақ олардың бағдарламалық қамтылыммен өзара әрекеттестігін; модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы есептерді шешу тәсілдерін; әртүрлі сандық құрылғылармен дұрыс және қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін біледі;
2) математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін; квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын; аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын; жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын; таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын; сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін;
компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттестігін; қолданушының жүйемен жұмыс істеуіне арналған бағдарламалық қамтылымның қажеттілігін; барлық деректер мен нұсқауларды беру үшін компьютермен екілік кодты пайдалануды; ақпаратты өлшеу бірліктері арасындағы байланысты; ақпаратты және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолданудың экономикалық, құқықтық және этикалық аспектілерін түсінеді;
3) практикалық есептерді шешуде математикалық білімін; математикалық есептерді шешу алгоритмдерін; түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны; нақты сандарды есептеу амалдары; ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді; геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді; математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын және бағдарламалық қамтылымды;
қажетті ақпаратты жинау, ұсыну, өңдеу, сақтау және беру үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың заманауи бағдарламалау құралдарын; объектілер мен процестерді (физикалық, биологиялық, экономикалық және ақпараттық) визуализациялау және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін олардың компьютерлік модельдерін; практикалық есептерді шешу үшін алгоритмдерді жазудың негізгі ережелерін және бағдарламалау тілдері мүмкіндіктерін; құжаттарды жасау, қарастыру және редакциялаудың бірлескен жұмысы үшін жергілікті және ғаламдық желі мүмкіндіктерін қолданады;
4) заңдылықтарды талдайды және олардың негізінде математикалық модельдер құрастырады; статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді; рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді; геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; функциялардың қасиеттерін; математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын; графика, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін;
шынайы және ойдағы объектілер мен процестерді зерттеуге арналған компьютерлік модельдерді; ең тиімдісін анықтау үшін компьютерде есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерін; бар қателерді анықтау және оларды кейіннен түзету үшін бағдарламалау тілінде бағдарламалау кодын талдайды;
5) математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін; статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды; аксиомалар мен теоремалар арқылы дәлелді пікірлерді; геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып құрастыру есептерін шешу тәсілдерін;
өз идеяларын ұсыну және іске асыру үшін мәтіндер, кестелер, деректер қоры, графика мен мультимедиа түріндегі ақпаратты; электрондық кестелерде, 3D-редакторларда, сондай-ақ бағдарламалау ортасында объектілер мен процестердің (физикалық, биологиялық, экономикалық және т.б.) модельдерін жинақтайды;
6) есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін; берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын; шамалардың жуық мәндерін және олардың стандартты түрде жазылуын; жүргізілген тәжірибелер санының артуына байланысты оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін; ақпараттың сапасын, маңыздылығын, пайдалылығын және тиімділігін; пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты компьютердің пішін үйлесімін және бағдарламалық қамтылымын таңдауды; компьютерлік модельдің шынайы объектілерге сәйкестігін; алгоритмнің тиімділігін және оны орындаудың нәтижелерін; АКТ құралдарының адам денсаулығына теріс әсер етуін бағалайды.
18. "Жаратылыстану" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) бастапқы географиялық, биологиялық, физикалық және химиялық ұғымдарды; заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының рөлін; негізгі биологиялық, физикалық және химиялық теориялар мен заңдардың мәнін; атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін; энергия көздерін, оның түрлерін және қолданылу салаларын; практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін; физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірліктерін; механика (кинематика, динамика, статика, сақталу заңдары), жылу физикасы (молекулалық физика және термодинамика), электр және магнитизм (электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магниттік өріс, электромагнитті индукция), оптика (геометриялық және толқындық), кванттық физика элементтері, атом физикасы, астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды; атом-молекулалық ілімді, атомның құрылысы және элементтер қасиетін; химиялық таңбаларды; заттардың жіктелуін; химиялық және физикалық құбылыстарды; химиялық байланыс түрлерін және заттардың құрылысын; химиялық реакциялардың типін, жүру белгілерін және заңдылықтарын; бейорганикалық және органикалық қосылыстардың маңызды кластарын және олардың қасиеттерін; электролиттік диссоциация теориясын; химиялық элементтердің периодтық заңын және периодтық жүйесінің құрылымын; Қазақстанның химия және металлургия өнеркәсіптерінің маңызды салаларын; микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін; өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің компоненттерін; өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын; тірі ағзалардың адам және табиғи кешен үшін маңызын; эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын; сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын; тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін, адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін; географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу және орналасу ерекшеліктерін; заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын; географиялық қабық пен географиялық ортаның, геосфералардың құрамын, құрылымын, заңдылықтарын, дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген аймақтар, елдер және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын, даму жағдайлары мен факторларын; халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен нысандарын; елді мекендердің түрлерін, құрылымын, функцияларын, орналасу факторлары мен даму серпінін; ғаламдық және аймақтық демографиялық проблемаларды; жекелеген аймақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси географиялық жағдайын, аумақтық-әкімшілік бөлінуін; Қазақстан аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерін; халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын біледі;
2) шамалардың физикалық мағынасын, механика, электр және магнетизм, оптика, атом физикасы, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын; физикалық және химиялық құбылыстардың адам өміріндегі маңыздылығын; химиялық реакциялардың жүру жағдайларын; тотығу және қалпына келу процесін; органикалық және бейорганикалық заттар кластарының арасындағы айырмашылықтарды; ИЮПАК халықаралық номенклатурасын; химиялық өндірістің технологияларын және ғылыми қағидаттарын; микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын; жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді; өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын; метаболизм процестерін; жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды; жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін; табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерекшеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал өрісін, өзара әрекеттестігін; "Байқоңыр" ғарыш айлағының өңірлік және халықаралық маңыздылығын түсінеді;
3) тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін; қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика, химия, биология, географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; алынған білімдерін физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны; географиялық қабық пен географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін; картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және навигациялық дағдыларды қолданады;
4) ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; заттардың қасиеті мен қолданылуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты; адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын; биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын; тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын; трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды; биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын талдайды;
5) кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді; эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды;
6) жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді, түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын; өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін бағалайды.
19. "Адам және қоғам" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) отан және дүниежүзі тарихы кезеңдерін; Қазақстан және әлем тарихының ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; отан және әлем тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді; тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін; тарих ғылымының базалық ұғымдарын; тарихи деректердің түрлерін;
құқық пәні мен ұғымын; заманауи құқық жүйелерін; іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды: адам құқығы, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, заңдылық және құқық тәртібі; қазақстандық құқық саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдарын; құқық дереккөздерін;
гуманизмге, адалдыққа,отан алдындағы борыш пен толеранттылыққа негізделген құндылықтар мен нормалар мәнін; адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа деген қарым-қатынасын ескеретін адамгершілік мінез-құлық негіздерін,әлеуметтік маңызды бағдарды; адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы ұғымдарды біледі;
2) тарихтың барлық кезеңдері бойы отан және дүниежүзі тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін; Қазақстан мен түрлі әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін; заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін; Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, әлем тарихындағы оның рөлі мен орнын; отан және әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын; өзін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуі нысанында азаматтық және ұлттық біртектілігін; отан және әлем тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін;
мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың өзара байланысы; қазақстандық құқық салаларының негізгі ұғымдары мен базалық санаттарын; құқық мазмұнын, нақты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде азаматтың міндеттері мен жауапкершілігін; әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігін; тұлғаның құқығын құрметтеу қажеттілігін;
адамның ұдайы өзін-өзі дамыту мен тану қажеттілігін; жалпы адамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысын; сөзі мен әрекеті үшін жауапкершілікті; отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы өзінің рөлін; болашақ мамандығын саналы таңдау маңыздылығын; өмірде өзара көмектің маңыздылығын; практикада салауатты өмір салты туралы білімді қолдана отырып, өз өмірі мен денсаулығын құндылық ретінде түсінеді;
3) тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін; тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде; тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде; Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде; тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде; тарихи материалдармен жұмыс кезінде;
күнделікті өмірде және практикалық әрекетінде құқықтық ақпаратты; құқықпен реттелген, күнделікті өмірде заңға сәйкес іс-қимыл мен мінез-құлық тәртібін таңдау кезінде; құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру тәсілдерін айқындау кезінде, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау кезінде; тиісті органдар мен ұйымдарға білікті заң көмегіне жүгіну кезінде; өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде;
қоғамға қызмет етуге бағытталған, проблемаларды шешуде шығармашылық тәсілді; адамгершілік нормаларына сәйкес түрлі мәселелерді сындарлы шешуде; басқа адамдармен және қоршаған ортамен тілектестік қарым-қатынас орнату кезінде алынған білімді, білікті және дағдыны қолданады;
4) себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді; жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын; тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін; тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстан мен әлемнің жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін; проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді; бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды; түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды;
қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен тетіктерді; құқықтық қатынастар субьектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін; қоғамдағы құқықтық қатынастарға байланысты, күрделі емес практикалық жағдаяттарды; жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін және құқықтық ережелерінің ерекшеліктерін; түрлі деректерден алынған құқықтық сипаттағы ақпараттарды;
адамдарда тұлғалық өзін-өзі анықтау, өзін-өзі таныту, өзін-өзі бақылау қабілетін қалыптастыру нысандары мен әдістерін; материалдық және материалдық емес жоспардың қажеттіліктері және олардың қалау мен мүмкіндіктерге сәйкес келуін талдайды;
5) жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды; қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді;
қоғамда әлеуметтік бейімделу үшін құқықтық және адамгершілік нормаларын ескере отырып, түрлі практикалық жағдаяттардағы мінез-құлық моделін жинақтайды;
6) тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді; әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын; заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен проблемаларды; қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі рөлін;
қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметі, олардың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігін; қоғам өміріндегі оң және келеңсіз құбылыстарды; құқық қорғау мен заңдылық мәнін;
нақты мәселелерді шешуде саналы белсенділік таныту қабілетін көрсету; адамгершілік нормаларына сәйкес белгіленген міндеттерді сындарлы шешу үшін өзінің ұжымда және топта ынтымақтасу қабілетін бағалайды.
20. "Технология және өнер" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) өнер түрлерінің әртүрлі стильдері, бағыттары мен жанрларының жіктемесі мен ерекшеліктерін; музыка мен өнердің бейнелеу және суреттеу құралдарын; өнер түрлерінің стильдері мен жанрларының пайда болу тарихын; қазақ халқының және әлемнің басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнердегі салт-дәстүрлерін; әлемдік және ұлттық үздік музыка мен өнер туындыларын; халық және классикалық музыка аспаптарының жіктемесін; табиғи, жасанды және көркем материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін; кейбір материалдардың қолмен, механикалық және көркем өңдеудің негізгі технологияларын; тамақ дайындаудың негізгі технологияларын; электротехникалық жұмыстардың негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасын; электротехникалық материалдардың жіктемесін; технологиялық машиналардың, аспаптардың, аппараттар мен құралдардың жіктемесін; технологиялық машиналар мен жабдықтардың тұтынымдық және функциялық сипаттамасын; тоқыма бұйымдарын өңдеу, құрастыру және модельдеу негіздерін; өнер саласында қолданылатын заманауи ақпараттық технологияларды және бағдарламалық қамтылымды; жабдықтармен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын біледі;
2) адам мен қоғам өмірінде, қоршаған ортаны қорғау мен сақтауда өнер түрлерінің, техника мен технологияның маңызы мен рөлін; қазақ халқының және әлемнің басқа халықтарының музыка мен бейнелеу өнері туындыларының құндылығын; өнер түрлерінің стильдері мен бағыттарының тарихи кезеңдермен байланысын; шығармашылық ойды түрлі өнер құралдары арқылы жеткізудің ерекшеліктерін; табиғи және жасанды материалдар қасиеттерінің бұйымдардың функциялық және эстетикалық сапасына әсерін; шешім қабылдау, идеяларды дамыту, шығармашылық бұйымдарды жасау үшін топтық және ұжымдық жұмыстың маңызын түсінеді;
3) әртүрлі өнер түрлерінде шығармашылық жобаларды жасау үшін; қарапайым электромонтаждау жұмыстарын жүргізу үшін; қоршаған әлемдегі образдарды, заттар мен құбылыстарды бейнелеуде көркем әдістер мен тәсілдерді, оның ішінде компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды пайдалану арқылы; бұйымдарды, сондай-ақ өнер туындыларын жасау және дайындау барысында конструктивтік, көркем материалдардың түрлі қасиеттері туралы білімін; жаңа бұйымдардың прототиптерін, сондай-ақ АКТ құралдарын пайдалана отырып жасау үшін материалдарды өңдеудің негізгі технологияларын; өз идеяларын коммерциялық салада жүзеге асыру үшін шығармашылық өнімдерді жылжытудың түрлі тәсілдерін; өз еңбегін жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін; қоршаған ортадағы экологиялық проблемаларды өнер арқылы көрсету тәсілдерін қолданады;
4) түрлі өнер туындыларындағы шығармашылық идеялар мен ойларды; өнер қайраткерлерінің және өзінің жұмысында пайдаланылған тәсілдерді, техникалар мен материалдарды; сапаны жақсарту мақсатында жасалған бұйымдардың прототиптерін; шығармашылық еңбек нәтижелерінің тұтынушылық мүмкіндігін; әлеуметтік-тарихи, өңірлік, ғылыми-техникалық, мәдени факторлардың өнер туындыларына ықпалын; өнердің, технологиялар мен өндірістің қоршаған ортаға және адамның тіршілік әрекетіне әсерін талдайды;
5) әртүрлі өнер түрлері бойынша шығармашылық жобаларды, оның ішінде АКТ пайдалана отырып; әртүрлі материалдар және құралдарды пайдалану арқылы түрлі техникаларда жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін; түрлі стильдер мен жанрларда импровизация, аранжировка жасау үшін әртүрлі идеяларды; шығармашылық жұмыстарды жасау үшін гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім мен дағдыларды; материалдардың технологиялық және пайдаланылу қасиеттерін ескеріп, кейбір бұйымдарды жасау үшін конструкторлық және дизайнерлік шешімдерді жинақтайды;
6) түрлі өнер туындыларындағы негізгі ойды, бейнелер мен идеяларды; ұлттық және әлемдік өнер туындыларының көркемдік және эстетикалық құндылығын; өздігінен/ұжыммен орындаған көркемдік, техникалық жұмыстарды; бұйымдардың функционалдық, эргономикалық және тиімділік мүмкіндіктерін; еңбек өнімдерінің тұтынушылық сапасын және технологиялық операцияларды орындаудың сервистік мүмкіндіктерін бағалайды.
21. "Дене шынықтыру" білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік ережелері мен техникасын; қимыл-қозғалыстарды, әр бағыттағы дене шынықтыру жаттығуларының кешендерін; дене шынықтыру сабақтары кезіндегі ағзадағы өзгерістерді (сыртқы және ішкі белгілері бойынша) және дене шынықтыру жүктемесінің режимдерін (жүрек соғуының жиілігі бойынша) бақылау әдістері мен тәсілдерін біледі;
2) еңбекке қабілеттілік деңгейін арттыру үшін денсаулықты сақтау және нығайту қажеттілігін; күн режимінде дене шынықтыру жаттығуларының рөлін; дене шынықтырудың ағза жүйелерінің функционалдық күйіне ықпал етуін; салауатты өмір сүрудің қажеттілігін; орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделілік деңгейін; дене даярлығының түрлі сатыларында дене шынықтыру жүктемесінің талап етілетін қарқынына жету қажеттілігін түсінеді;
3) денені жетілдіру үшін кең диапазондағы іс-қимыл дағдыларын; өзінің және топтың қызығушылығын есепке ала отырып, жеке және бірлескен дене шынықтыру сабақтарын болжау; өзінің және басқалардың дене шынықтыру тәжірибелерін байыту үшін білімі мен дағдыларын; оқу бағдарламасында көрсетілген спорт ойындары мен циклдік спорт түрлерінде тактикасы мен стратегиясын; бағдарламадағы спорт түрлері бойынша мектеп жарыстарында қазылық жасау кезіндегі қағидалар туралы білімін қолданады;
4) болашақ оқуды және топтағы мінез-құлықты басқару үшін дене шынықтыру жаттығуларындағы жетістіктер мен тәжірибені; іс-әрекетті оңтайландыру негізінде өзі-өзі дамытуға және білімін жетілдіруге даярлығын және қабілеттілігін; қысқа және ұзақ уақытты жаттығулар кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді басқарудың түрлі әдістерін талдайды;
5) қозғалыстың түрлері мен олардың ретін қозғалыстың жақсартылған комбинациясында; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастыруда білім мен дағдыларды; дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде проблемаларды зерттеу және шешу үшін сын тұрғысынан ойлау құралдары мен білімін; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің қағидаларын білуді жинақтайды;
6) өзінің физикалық қабілеттері мен басқалардың қабілеттерін; түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; денсаулықтың түрлі аспектілеріне дене жаттығуларының әсерін; салауатты өмір салтын таңдау мен қалыптастыруда, мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысуда белсенді шығармашылық іс-әрекетке араласу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды.
22. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау өлшемшарттары білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін өлшеу үшін пайдаланылады.
23. Бағалау өлшемшарттары әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді.
24. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.
25. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
26. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін олардың білім алуына, даму бұзушылықтарын түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасалады.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
27. Негізгі орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
28. Негізгі орта білім беру мазм ұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу.
29. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың мынадай қабілеттері дамуы тиіс:
1) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын құрметтеу және сақтау;
3) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай алу;
4) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану;
5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттік алуан түрлілігін құрметтеу;
6) рухани келісім және толеранттылық идеяларын қолдау;
7) қоршаған ортаға және экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң қарым-қатынас;
8) шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлау;
9) коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу;
10) өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге талпыну.
30. Негізгі орта білімнің мақсаты - тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау.
31. Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:
1) рухани-адамгершілік қасиеттерін;
2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін;
3) өздігінен білім алу және тұлғалық өзін-өзі дамыту дағдыларын;
4) оқу, жобалау, зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын;
5) сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдыларын;
6) қауымда өзін-өзі іске асыру және өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
32. Білім берудің базалық мазмұны стандарт талаптары негізінде әзірленетін оқу пәндерінің оқу бағдарламаларымен айқындалады.
33. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны оқу, жобалау және зерттеу іс-әрекеттерінің мақсатты ұйымдастырылған тәрбие жұмысымен үйлесімі арқылы іске асырылатын академиялық дайындықты, білім алушылардың дербестігін дамытуды және рухани-адамгершілік тәрбиені кіріктіру негізінде айқындалуы тиіс.
34. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
1) заманауи қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес болу;
2) сын тұрғысынан, шығармашылық және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;
3) оқу пәндері мазмұнын кіріктіруді күшейтудің орындылығы;
4) бастауыш білім беру және негізгі орта білім беру деңгейлері арасындағы білім беру мазмұнының үздіксіздік және сабақтастық қағидатын сақтауды қамтамасыз ету;
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
6) оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
35. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі.
36. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбие мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
37. Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру жинақтала келе білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.
38. Оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларды ізденуге, мәселелерді талқылауда, көзқарасын дәлелдеуде белсенділікке, сындарлы шешімдер қабылдауға ұмтылу жолымен өздігінен тәжірибе меңгеруін ұйымдастыруға негізделген оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды көздейді.
39. Міндетті оқу пәндерін оқытумен қатар элективті курстар, сыныптан тыс сабақтарды өткізу, білім алушылардың ғылыми жобаларға қатысуы көзделген.
40. Білім алушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.
41. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі салаларында үш тілде еркін диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
42. Үштілді білім беру іс жүзінде:
1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерін деңгейлік меңгеру;
2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;
3) сабақтан тыс іс-әрекеттер мен элективті курстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
43. Негізгі орта білім берудің әр білім беру саласы бойынша базалық мазмұны білім алушыларға тек ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, олардың тиімді әлеуметтенуіне ықпал ететін рухани, әлеуметтік және мәдени тәжірибелерін одан әрі дамытуды қамтамасыз етудің қажеттілігі ескеріле отырып анықталды.
44. "Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті" және оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Орыс тілі", "Орыс әдебиеті";
2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін "Қазақ тілі мен әдебиеті" және оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін "Орыс тілі мен әдебиеті";
3) "Ағылшын тілі";
4) Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын білім беру ұйымдарында "Тіл және әдебиет" білім беру саласына осы этностың ана тілі мен әдебиеті қосымша енеді. Оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Ана тілі", "Әдебиет" ("Ұйғыр әдебиеті", "Өзбек әдебиеті", "Тәжік әдебиеті") оқу пәндері үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентіне енеді.
Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).45. "Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны басқа тілдік және тілдік емес оқу пәндерімен пәнаралық байланысты пайдалануды; білім алушылардың ойдағыдай әлеуметтенуін; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын дамытуды; қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын түсінуді; рухани-адамгершілік құндылықтардың дамуын; көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсінуді; қарым-қатынас процесінде тұлғаарлық және мәдениетаралық байланыстарды орнатуды; өзге елдердің мәдениетімен танысу арқылы әртүрлі көзқарастарды сыйлай білуге тәрбиелеуді; оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде интернет ресурстарымен өз бетінше жұмыс істей білуді; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту және пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
46. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Алгебра", "Геометрия", "Информатика" оқу пәндерінде іске асырылады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).47. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруды; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуді; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді; бағдарламалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
48. "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану", "Физика", "Химия", "Биология", "География" оқу пәндерінде іске асырылады.
49. "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
50. "Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзі тарихы", "Құқық негіздері", "Өзін-өзі тану" оқу пәндерінде іске асырылады.
51. "Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда "Адам – Қоғам" жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Оқу пәндерінің мазмұны білім алушыларда тарихи ойлау, өткен және қазіргі жағдайды, олардың өзара байланысын түсіну мен ұғыну, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік ақпарат көздері материалдары бойынша талдау мен негізделген қорытындылар жасау және соның негізінде ешкімге тәуелсіз тұжырым жасау, өзіндік сараланған шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға; патриотизм сезімін тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуді, әлеуметтік-мәдени байланыс жағдайында тиімді өзара қарым-қатынасты іске асыру және коммуникативтік құралдарды таңдау үшін белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға; жалпыадамзаттық, этномәдени құндылықтар жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға жеке қатынасын айқындай білуін дамытуға, адамгершілік таңдауды жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бақылау мен бағалауға бағытталған.
52. "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Көркем еңбек", "Музыка" оқу пәндерінде іске асырылады.
53. "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны қоршаған әлемнің бейнесін, өскелең ұрпақтың ортақ мәдениетін тұтастай қабылдауды, білім алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық саласын қоғамның ұлттық және әлемдік көркем құндылықтары негізінде дамытуға, адам өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді дамытуға, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтарының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне және әртүрлі өнер түрлерін түсінуге және құрметтеуге; өнердің әртүрлі түрлерінде көркем, музыкалық және жобалық әрекетті жүзеге асыру білімдерін, біліктерін және дағдыларын одан әрі дамытуға; негізгі технологиялық білім, білік, дағдыларды, соның ішінде компьютерлік цифрлық технологияларды қолдану арқылы; әртүрлі музыкалық цифрлық технологияларды қоса алғанда, вокалды және инструменталды дағдыларды дамытуға; мәнерліліктің көркем және музыкалық құралдары және заманауи технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі әдістерін өз бетінше меңгеруге бағытталуы тиіс.
54. "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде іске асырылады.
55. "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене бітімі қасиеттерін дамытуға және ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға; қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс тәжірибесін жалпылай дамыту мен түзетуге бағытталған физикалық жаттығулар арқылы байытуға; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеті дағдысы мен іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз бетінше ұйымдастыруға үйретуге; базалық және ұлттық спорт түрлерінің техникалық қимылдарымен амалдарын меңгеруге; патриоттық сезімге, өз Отанын сүюге және рухани ерік-жігер қасиеттеріне тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
56. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – бес жыл.
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
57. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 32 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 35 сағаттан, 9 (10)-сыныпта – 36 сағаттан аспауы тиіс.
58. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.
59. Апталық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті қарастырылған. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзеу және вариативті компоненттер ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды ескере отырып белгіленеді.
Шет тілін оқытуға бөлінген вариативтік және гимназиялық компоненттер бағалауға жатады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).60. Меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы анықтайды.
61. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар – 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар – 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – "Қазақ тілі мен әдебиеті";
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – "Орыс тілі мен әдебиеті";
3) ағылшын тілі, шет тілі;
4) көркем еңбек (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);
5) информатика;
6) гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабақтарын (қалалық жерде – әрбір топта кемінде 8 ұл бала (немесе қыз бала), ал ауылдық жерде – кемінде 5 ұл бала (немесе қыз бала) болғанда) жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 7-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген |
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
5) білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктерін, сондай-ақ қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
4. Стандарт:
1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын;
2) жалпы орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
3) оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
4) оқу пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттарын;
5) білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;
6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;
7) білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін материалдық-техникалық, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етуге, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қойылатын бірыңғай талаптарды;
8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау параметрлерін;
9) педагог кадрлардың біліктіліктерін арттырудың, педагог кадрларды даярлаудың оқу бағдарламаларын;
10) жалпы орта білім беру ұйымдарында бітіру емтихандарына және жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруға арналған бақылау-ө лшеуіш материалдарын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.
6. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) жалпы орта білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
2) сабақтан тыс іс-әрекет – біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;
3) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін реттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
4) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
5) оқу жүктемесінің вариативті компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
6) оқытудан күтілетін нәтижелер –оқыту процесі аяқталғаннан кейін білім алушының білуін, түсінуін, көрсетуін өрнектейтін құзыреттіліктер жиынтығы;
7) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
8) ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
9) бағалау – білім алушылардың оқуда қол жеткізген шынайы нәтижелерін дайындалған өлшемшарттар негізінде оқытудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;
10) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
11) бағалау өлшемшарттары – білім алушының оқу жетістігін бағалауға негіз болатын белгілер;
12) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
13) жиынтық бағалау – анықталған оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
14) білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар.
7. "Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндерінің бағытын есепке ала отырып топтастырылған оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген.
8. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша білім беру мазмұны көрсетілген.
9. "Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, топтарға бөлу үшін сыныптың толымдылығы көрсетілген.
10. Стандарт кезең-кезеңімен қолданысқа:
1) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 10-сыныптарға;
2) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 11 (12) сыныптарға енгізіледі.
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
11. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
12. Білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың дайындық деңгейі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.
13. Міндетті оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады.
14. Міндетті оқу пәндері қатарына "Қазақ тілі"және "Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Орыс тілі" және "Орыс әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Ана тілі" мен "Әдебиет" (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Қазақ тілі мен әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), "Орыс тілі мен әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), "Ағылшын тілі", "Алгебра және анализ бастамалары", "Геометрия", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Өзін-өзі тану", "Дене шынықтыру", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәндері енеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).15. Әр бағыттағы бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер тиісінше оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлері бойынша көрсетілген және олар оқыту бейінінің ерекшелігін ескеріп оқу пәндерінің мазмұнын анықтауға негіз болады.
16. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына "Биология", "Химия", "Физика", "География" пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына "Дүниежүзі тарихы", "Құқық негіздері", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау" пәндері енеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).17. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына "Шет тілі", "Дүниежүзі тарихы", "География", "Құқық негіздері" пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына "Физика", "Химия", "Биология", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәндері енеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).18. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларында оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарымен нақтыланады.
19. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке-дара даму траекторияларын қалыптастыруға және оларды орта білім беру ұйымын аяқтағандағы оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуге кезең-кезеңмен жетуге жағдай жасайды.
20. Міндетті оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, әртүрлі қарым-қатынас саласына және стильге жататын түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында сөйлеу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық саралауды есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып және шешу жолдарын ұсына отырып, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, проблематикасын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем-бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: көркем шығармалардың мазмұнын талдау барысында әдебиеттанудың түсінік тілін; белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөйлеуде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін құрауда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде бейнелеуді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың проблематикасы, шығарма мазмұнының адамгершілік-рухани мәні бойынша дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні тұрғысынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерінің құралдарымен жасалған көркем туындыны бейнелеуді; өзі үшін өзекті шығармалар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.
Ана тілі, әдебиет (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, әртүрлі қарым-қатынас саласына және стильге жататын мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында сөйлеу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық саралауды есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып және оның шешу жолдарын ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсерлі сипаттағы мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды;
4) әдебиет дамуындағы негізгі үрдістерді, оның қоғамның даму тарихымен байланысын; әдебиет саласындағы көрнекті қайраткерлердің биографиялық деректерін; әлем әдебиетінің негізгі даму кезеңдерін; негізгі әдеби-теориялық түсініктерді; толық және шолып оқуға арналған шығармалардың нақты мазмұнын (басты кейіпкерлерді, негізгі сюжеттік желісі мен оқиғаларды) айта отырып шығарманың мазмұнын біледі;
5) тарихи-мәдени және әдеби процестегі шығармалардың орны мен рөлін; көркем әдебиетте бейнеленген ұлттық құндылықтарды, әдебиеттің тарихи дамуындағы қолданылу процесін; шығармалардың идеялық мәні мен оның жарыққа шығу тәсілдерін, шығарманың көркемдік құрылымын және автор қолданған әдістерді; шығармадағы құрылымдық элементтердің мағынасын (сюжет және композиция, көпқырлы көркем детальдар мен оның мәтінде берілген проблематикамен астарласуы, көркем сөзді бейнелеуіш құрал ретінде тиімді пайдалану); автордың негізгі ойын, жазушының өз шығармасындағы кейіпкерлері мен оқиғаларға көзқарасын, автордың ұстанымын; шығарма арқылы берілетін көңіл-күйді түсінеді;
6) әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындау барысында, өзінің талдамалы сипаттағы мәтінін құруда, оқылған мәтінді өзінше түсіндіріп беруде; өзі үшін өзекті шығармалар тобын айқындауда және идеялық-тақырыптық көзқарас тұрғысынан көркем шығармаларды бағалауда; белсенді азаматтық ұстанымын таныта және рухани-адамгершілік қасиеттерін білдіре отырып пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеуде; көркем шығармаларды өз бетінше талдау үшін алған білімі мен дағдысын қолданады;
7) әдеби шығарманың мәнін терең ұғынып және мазмұнын жеткізе отырып, оны тұтас көркем туынды ретінде талдайды; оқиға орын алған дәуірдегі жалпы адамзаттық, нақты тарихи және өзекті көзқарастарды анықтай отырып, табиғаты әртүрлі жанрдағы шығармаларды; автордың шығарма негізіне алған проблемасын талдайды және олар туралы ой қозғайды;
8) аннотация, пікір жазу үшін шығарманың мазмұнын; өзінің жеке көзқарасы мен алынған ақпаратты қорыта отырып, шығармашылық жұмыстарды жасау үшін түрлі дереккөздерден, оның ішінде интернет желісінен алынған ақпараттарды; қазақтың және өзге де халықтардың құндылықтарымен байланыстыру үшін көркем шығарманың
рухани-адамгершілік мәнін анықтау тәсілдерін; шығарманы көркем мәтіннің жанрлық шығу тегіне сәйкес талдау әдістерін жинақтайды;
9) шығармалардың көркемдік құндылығын; ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін және оның әлем мәдениетінің аясында алатын орнын; көркем шығарманың мазмұны жағынан өзектілігін және оның адамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мәнін; шығарманың композициялық, стильдік тұтастығы, тілінің байлығы, қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудегі тиімділігі тұрғысынан ауызша және жазбаша пікір айтуды; өнердің басқа да түрлерінің құралдары арқылы көркем мәтінді өзінше түсіндіріп беруді бағалайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/орыс тілі мен әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін):
1) тыңдалым:
білім алушы қарым-қатынастың әртүрлі аяларындағы мәтіндердің мазмұнын, коммуникативтік мақсатты, сондай-ақ сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті сөйлесу ерекшеліктерін толық түсінеді; ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну деңгейінде қабылдайды; тыңдалған мәтінді айқындылығы мен бейнелілігі жағынан бағалайды;
2) айтылым:
дәлелді монологтік немесе диалогтік сөз сөйлей отырып, коммуникативтік мақсатқа сәйкес түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады; көркем шығармалардың тақырыбы бойынша пайымдайды, шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің қатынасын білдіреді; әртүрлі айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын, сөйлеу тәртібі мен әдеп нормаларын сақтайды; проблеманың себептері мен салдарларын болжайды; мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-рухани, патриоттық, тарихи-мәдени дамуымен байланысты идеяларды жинақтайды;
3) оқылым:
жасырын мағынасын анықтай отырып, тұтас және аралас мәтіндердің мазмұнын толық түсінеді; мәнмәтіннен бейтаныс сөздердің мәнін анықтайды; оқытылатын тақырыптар шеңберінде академиялық мәтіндердің ерекшеліктерін айқындайды; түрлі дереккөздерден ақпаратты іріктейді; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсінігін талдай отырып, әдеби туындыларды өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
4) жазылым:
тақырып, мақсат, мәселелер жиынтығы және тілдесу жағдаятына сәйкес орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, түрлі типте және стильде мәтіндер құрайды; алынған ақпаратты зерттеу және жинақтау негізінде түрлі тақырыпта тұтас немесе аралас мәтіндер құрайды; мәтіндерге жоспардың әртүрлі түрлерін құрастырады; мәдени-тілдік көпқырлылық, патриотизм және тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы мәселелерін бағалай отырып, көркем әдебиет шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін анағұрлым дәлме-дәл жеткізу үшін көркемдеу құралдары мен стилистикалық тәсілдерді қолданады.
Ағылшын тілі:
1) тыңдалым:
білім алушы әртүрлі жанрлардағы түпнұсқалы мәтіндердің негізгі мазмұнын, таныс және ішінара таныс тақырып бойынша диалогтерді түсінеді; формаларды, кестелерді, сызбаларды толтыру үшін анағұрлым функционалдық маңызды мағыналық, оның ішінде толық және ерекше ақпаратты іріктейді; әртүрлі білім беру салаларының, сонымен қатар тілдесудің өзге де салаларының мәтіндерінде кездесетін терминдер мен негізгі бірліктерінің мәнін түсінеді; дерек пен пікірді ажырата алады; оқыған және жалпы тақырыптар шеңберінде әртүрлі жанр мен стильдегі орта көлемдегі мәтін ішінен сәйкессіздіктерді тауып алады және өзара салыстыра алады, мәнмәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын пайымдайды;
2) айтылым:
білім алушы ресми және бейресми күнделікті тілдесу жағдаяттарында диалог жүргізеді; тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын қолдана отырып, өзінің сөздерін дұрыс құрастырады; алдын ала ұсынылған тілдесу тактикасын іске асыра отырып, қоршаған ортаға қатысты эмоциялық бағалау көзқарасын білдіре алады; өзінің көзқарасын дәлелдей отырып, мәтіндерді талдайды және салыстырады; оқиғаларға, пікірлерге және мәселелерге баға бере отырып, пайымдайды; қорытынды жасайды және берілген мәселе бойынша өзінің шешу жолдарын ұсынады;
3) оқылым:
білім алушы белгілі бір күрделіліктегі публицистикалық, ғылыми танымал, көркем мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінеді; оқудың әртүрлі стратегияларын пайдаланады; оқиғалар мен құбылыстардың уақытша және себеп-салдарлық өзара байланысын анықтайды; кітаптар және электронды ресурстарды пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және салыстырады; түрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің мазмұнын сыни көзқараспен бағалайды;
4) жазылым:
білім алушы жазбаша хабарлама тезистерін жасайды, жоспар құрады, түрлі жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді редакциялайды және түзетеді; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; медиа-ақпарат негізінде дәлелге сүйенген мәтін жазады; өзінің мәселеге қатысты көзқарасын білдіре отырып, проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; ресми хаттар мен құжаттарды дайындайды; әртүрлі тақырыптарда эссе жазады (150-200 сөз).
Алгебра және анализ бастамалары, геометрия
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін және графиктерін; күрделі функция ұғымын; кері функция ұғымын; кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын; тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін; рационал және иррационал теңдеулерді шешу әдістерін; рационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін; көпжақтар мен айналу денелерінің түрлерін және олардың жазбаларын; көпжақтар және айналу денелерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын; стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын; кеңістіктегі вектор ұғымын; сфераның теңдеуін; статистиканың негізгі ұғымдарын; дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын; функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегінің анықтамаларын; нүктедегі және жиындағы функция үзіліссіздігінің анықтамаларын; функцияның туындысының анықтамасын; функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін; алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың алғашқы функцияларының анықтамаларын; анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табу формулаларын біледі;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктерді шешу әдістерін; екі айнымалысы бар теңдеулерді және олардың жүйелерін шешудің графиктік әдісін; ықтималдықтарды қосу және көбейту формулаларын; Бернулли формуласын; толық ықтималдық формуласын; Байес формуласын; үлкен сандар заңы ұғымын; дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірімі түрлерін; комплекс сан және түйіндес комплекс сан (алгебралық формада) ұғымдарын; алгебраның негізгі теоремасының тұжырымдамасын; бірнеше айнымалысы бар көпмүшенің анықтамасын және оның стандартты түрін; кеңістіктегі түзудің және жазықтықтың теңдеулерін; функцияның дифференциалының анықтамасын; дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы ұғымдарды біледі;
2) бір айнымалысы бар көпмүшенің стандарт түрде жазылуын; "бас жиынтық", "таңдама", "дисперсия", "стандартты ауытқу" терминдерін; туындының геометриялық және физикалық мағыналарын; интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде; стереометрияның аксиомалар жүйесін және аксиомадан шығатын салдарды, геометриялық есептердің дәлелдеу тәсілдерін және шешімдерін түсінеді;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: сан ұғымын кеңейту және комплекс сандарды енгізу қажеттілігін; координаталар әдісінің мәнін; алмастырулар саны, теру, қайталанбалы орналастыру формулаларының мәнін; екінші ретті туындының геометриялық және физикалық мағыналарын түсінеді;
3) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; иррационал теңдеулерді шешу алгоритмін; қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын; есептерді шығаруда түзулердің параллель, айқас және перпендикуляр болуының, жазықтықтардың параллель және перпендикуляр болуының белгілері мен қасиеттерін; геометриялық денелердің беттерінің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын; геометриялық есептерді шешуде векторларға қолданылатын амалдар ережелерін; векторлардың коллинеарлық және компланарлық шарттарын; функцияның күдікті нүктелері мен экстремум нүктелерін, кему және өсу аралықтарын табу тәсілдерін; туындыны табуда дифференциалдау техникасы мен туындылар кестесін; анықталған интегралды табуда интегралдар кестесі мен Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; квадрат теңдеулерді шешуде комплекс сандар туралы білімдерін; жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын; көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін; көпмүшенің түбірлерін немесе коэффициенттерін табуға арналған Безу теоремасын, Горнер сызбасын; функциялардың шектерін есептеу әдістерін; функцияның графигінің ойыстығы (дөңестігі) аралықтарын, иілу нүктелерін табу тәсілдерін; интегралдау әдістерін (бөліктеп және ауыстыру әдісі); Бернулли формуласын; толық ықтималдық формуласын; Байес формуласын; айнымалылары бөлінетін дифференциалдық теңдеулер және екінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін; функция графигінің асимптоталарын табу тәсілдерін қолданады;
4) кеңістіктегі түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың, жазықтық пен айналу денелерінің өзара орналасуын; айналу денелерінің жазықтықпен қимасын; кездейсоқ шамалардың типтерінің өзгешеліктерін талдайды және дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын есептейді; графигі бойынша функцияның қасиеттерін талдайды; геометриялық және физикалық мазмұндағы есептерді талдайды және ол есептерді туындының және/немесе интегралдың көмегімен шығарады;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: симметриялық және біртекті көпмүшелердің түбірлерін табу тәсілдерін; көпжақтардың (текше, тікбұрышты параллелепипед, пирамида) жазықтықпен қимасын; дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдерін талдайды;
5) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі әдістерін; иррационал теңдеулерді шешудің әдістерін; көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларының модельдерін; нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін жинақтайды;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: оқиға ықтималдығын табуға арналған комбинаторика формулаларын; иррационал теңсіздіктерді шешудің түрлі тәсілдерін; кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары және өзара кері функциялардың қасиеттері негізінде кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайды;
6) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімдерін; иррационал теңдеулердің шешімдерін; статистикалық мәліметтердің вариацияларының көрсеткіштері мәндерін бағалайды;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктердің, теңдеу арқылы шығарылатын мәтін есептерге қатысты дифференциалдық теңдеудің шешімдерін бағалайды.
Информатика
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеті мен негізгі функцияларын; дерекқорларды басқару жүйелерімен жұмыс істеу негіздерін; бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін өмірлік циклдің модельдерін; веб-бағдарламалау негіздерін, веб-сайттарды жасау үшін дерекқор теориясын; желілік хаттамаларды және интернет жұмысының қағидаттарын; деректер мен компьютерлік жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленген қауіпсіздік шараларын біледі;
2) реляциялық дерекқорларды ұйымдастыру қағидаттарын; желілік технологияның қызмет етуінің негізгі қағидаттарын; дыбыстық және бейне ақпараттарды өңдеу қағидаттарын, ақпараттық технологияларды дамытудың негізгі үдерістерін түсінеді;
3) ақпараттық объектілерді жасау және өзінің жұмыс нәтижелерін ресімдеу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; дерекқорда сұраныс құрастыру ережелерін; құжаттарды редакциялау мен сақтау барысында бұлтты технологияларды; веб-сайттарды және мобильдік қосымшаларды жасау барысында бағдарламалау элементтерін; желіде жеке қауіпсіздік және желі этикеті ережелерін; дыбысты және бейнені өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады;
4) ақпаратты іздеу үшін бірнеше белгілер мен қатынас операторларын қолдану арқылы сұранысты; модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы шешудің тиісті әдістері мен тәсілдемелерін анықтау үшін міндетті; қойылған міндетке сәйкестігін компьютерлік өңдеу және есептеу нәтижелерін; анағұрлым тиімдісін анықтау үшін әртүрлі тәсілдермен міндеттерді шешу жолдарын талдайды;
5) өзінің идеялары мен ойларын білдіру үшін әртүрлі түрдегі ақпаратты; басқару нысандары мен элементтері көмегімен дерекқорды; қолданушы міндеттерін шешу үшін веб-сайттарды жинақтайды;
6) жобаны модельдеу мен әзірлеу барысында қойылған мақсаттарға сәйкес өз қызметінің нәтижелерін (нақтылық, өлшемділік, қолжетімділік, шынайылық, қатыстылық); бағдарламалау құралдарын қоса алғанда қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды.
Қазақстан тарихы
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарды және олардың орналасқан жерлерін; көшпенділіктің тарихи түрлерін; еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан аумағындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын; әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін; қазақ халқының этникалық тарихын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын; Қазақстан полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихын; Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерін; Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; түрлі тарихи кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін; Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді біледі;
2) Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарын, негізгі оқиғалардың мәнін; ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің түрлері мен нысандарын, Қазақстан аумағындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін; әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтары жетістіктерінің маңызын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін; Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін; ұлттық біртектілікті сақтаудағы қазақтардың мәдени мұрасының маңызын; қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін түсінеді;
3) Қазақстан мен Орталық Азия аумағында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде; Орталық Азия көшпенділері мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде; Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда; Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
4) Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контексінде, ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан аумағындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды; Қазақстанның тарихи тұлғалары әрекетінің себептері мен нәтижелерін; Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері мен деректерді; Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; Қазақстан мен әлемнің басқа өңірлеріндегі тарихи дамудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларды; Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; отан тарихына ықпалы контексінде тарихи тұлғалардың қызметін; Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін; тарихи мәліметтердің шынайылығын; Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдену дәрежесін бағалайды.
Өзін-өзі тану
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) адамның рухани өмірінің негізі ретінде жалпы адамзаттық құндылықтарды; қоғамдағы адамның адамгершілік мінез-құлқы нормаларын; күнделікті өмірде позитивті ойлаудың рөлі туралы; шынайы рухани табиғат туралы; адамның өмірде алатын орны туралы; күнделікті өмірде риясыз сүйіспеншіліктің, ардың сөзін сөйлеудің маңызы туралы біледі;
2) адамның қалыптасуы үшін рухани-адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын; рухани тұрғыдан өзін-өзі жетілдірудің қажеттілігін және өзінің отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы атқаратын рөлін; жоғары адамгершілік қасиеттерді, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамыту қажеттілігін; дене және рухани саулықтың өзара байланысын; өзінің ел, қала, ауыл, мектеп және отбасы өміріне қатысын; өзінің ойы, сөздері және іс-әрекеттеріне жауапкершілікті түсінеді;
3) күнделікті өмірде жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімін, адамгершілікті таңдау қабілетін және ой, сөз, әрекеттерінің өзіне сай өзара бірлікте өмір сүруге дайындығын; қоғамға қызмет ету дағдыларын; өз ойын еркін жеткізе білуді; жасампаз әрекетіндегі өмірлік ұстанымын, салауатты өмір сүру дағдыларын,адамгершілік мінез-құлқының жеке тәжірибесін; қоғамға қызмет ету тәжірибесін қолданады;
4) өзінің іс-әрекеттерін рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан талдайды; адами қарым-қатынастарды; әртүрлі көздерден келіп түсетін ақпаратты ар-ождан тұрғысынан екшелейді; өмірлік жағдаяттарды ар-ожданға қатысты сабақ алу тұрғысынан; өз қалауы мен мүмкіндіктерінің,мақсаттары мен оған жету жолдарының отбасында, ұжымда, қоғамда қалыптасқан нормаларға, рухани-адамгершілік негіздерге сәйкес келуін; адамгершілік тұрғысынан таңдау негізінде проблемаларды шешу жолдарын талдайды; өзінің рухани-адамгершілік, тұлғалық және кәсіби өсуі үшін жағдай жасайды; отбасында, ұжымда, қоғамда тілектестік және өзара түсіністік ахуал; өзімен және қоршаған әлеммен зорлық жасамау қағидаттары негізінде үйлесімді қатынас орнатады;
5) отбасылық, тұлға аралық және қоғамдық салаларда өзара қатынасты жетілдіру, рухани-адамгершілік жетілу жолдарын іздестіру үшін рухани-адамгершілік білім жинақтайды;
6) жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде өз әрекетін, өзінің эмоциялық күйін, адамның және табиғаттың өзара әрекеттесу тәсілдерін бағалайды.
Дене шынықтыру
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін; қозғалыс қимылдарын, әртүрлі бағыттағы дене жаттығулары сабақтарының кешенін орындаудың ережелері мен техникасын; дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды пайдалану негіздерін; бұлшықет жүктемелері кезінде өз ағзасы жүйесінің қызмет етуінің физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру құралдары арқылы оларды дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерін біледі;
2) өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін; дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін; атқарылатын қозғалыс әрекеттерінің күрделілік деңгейін; физикалық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген қарқындылығына жету қажеттілігін түсінеді;
3) салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын; ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалдық бағыты әртүрлі дене жаттығуларын өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жарақаттанудың алдын алу және дәрігерге дейінгі көмек көрсету білімін қолданады;
4) сауықтыру және дене шымырлығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының функционалды жай-күйін талдайды;
5) меңгерілген дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру дағдыларын; дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде проблемаларды зерделеу және шешу үшін сыни ойлау білімі мен құралдарын; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке адамның және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің қағидаларын меңгеруді жинақтайды;
6) жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын; өзінің дене және қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін; дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның функционалды жай-күйі мен жұмыс істеу қабілетін; дене жүктемелерінің мөлшерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын бағалайды.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) әскери іс негіздерін, мақсатын, ұйымдық құрылымын, штаттық қарулану және техника негіздерін, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдану, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, лаңкестік қауіп-қатер және табиғи апат кезінде әрекет ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін; штаттық қарудың, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының мақсатын, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялау және орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі;
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарулардың және басқа да қазіргі заманғы зақымдау құралдарының шаруашылық объектілеріне, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктерін, оларды қолданудың экологиялық салдарын; табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған ықтимал экономикалық экологиялық залалды түсінеді;
3) әртүрлі жағдаятта соғыс алаңында солдаттың рөлінде, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етеді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолданады; жараланғанда, қан кеткенде және күйік шалғанда, дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша, үсік шалғанда, күн (жылу) өткенде, электрден жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық көмек көрсетеді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда дәкемен байлап-таңады; интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды пайдаланады, автомобиль көлігін жүргізудің теориялық негіздерін, робототехника дағдыларын меңгереді, цифрлық фото және бейне жабдықтарды қолданады;
4) қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайларды; табиғи немесе техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі ықтимал жайттарды талдайды;
5) қазіргі заманғы зақымдау қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмін; табиғи немесе техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда әрекет ету алгоритмін жинақтайды;
6) қабылданған шешімдердің салдарын бағалайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).21. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Биология
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдарының құрылымын, құрамын және қызметін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның тұқымқуалаушылық теориясының, хромосомалық ауруларының негізгі жағдайларын; тірі ағзалардың өзгергіштігінің, қоректенулері мен метаболизмінің түрлерін/типтерін; түрдің пайда болуы әдістерін; генетика негіздерін және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасу кезеңдері мен схемасын; антропогенезді; ғаламдық және өңірлік экологиялық проблемаларды және табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
2) фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; гендік-инженерлік манипуляциялардың мәнін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен эволюция арасындағы өзара байланысты; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің механизмін; экологиялық пирамиданың қағидаларын; қоршаған ортаға антропогендік әсер етулердің зардаптарын түсінеді;
3) молекулалық биология және генетика міндеттерін шешудің схемалары мен әдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық әдістерді; заттарды сапалық және сандық талдау әдісін; эксперименттерді әзірлеуге, жүргізуге, бақылауға, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектерді, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды қауіпсіз пайдалану қағидаларын қолданады;
4) фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ мутациясы, репарациясы, рекомбинациясы мен репликациясы процестерін; ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі арасындағы байланысты; сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты; экожүйенің әртүрлілігін және тұрақтылығын; әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайларды талдайды;
5) адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, графика, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелер ұсыну үшін ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді; эксперимент және зерттеу жүргізу жоспарын; зерттеу, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің ықтимал нұсқаларын жинақтайды;
6) ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, фотосинтездің өнімділігін; моногибридті, дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз өңірінің экожүйесін; генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға, биотехнологиядағы зерттеулерге байланысты этикалық мәселелерді бағалайды.
Химия
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық құрылысы теориясын; түрлі белгілері бойынша заттардың жіктелуін; органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физикалық химиялық қасиеттерін; полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының ерекше қасиеттерін және олар қолданылатын кейбір салаларды; нанотехнологияны қолданудың кейбір салаларын біледі;
2) түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; химиялық реакциялардағы энергиялардың өзгеруін; химиялық айналымдардың негізгі механизмдерін; кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің, электрохимияның негіздерін; ауыспалы металдардың ерекше қасиеттерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін; талдаудың аспаптық әдістері арқылы қосылыстарды зерттеу қағидаттарын; ең маңызды бейорганикалық және органикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
3) табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін, әртүрлі жағдайларда химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктерін айқындау және олардың салдарларын бағалау үшін білімдері мен біліктерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдістерін; қоршаған ортада экологиялық сауатты мінез-құлық қағидаларын; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш және улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
4) заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына байланыстылығын; заттардың құрылымы мен қасиеттерін айқындау үшін олардың қарапайым спектрлерін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдіктің түрлі факторларға байланыстылығын; периодтық жүйедегі элементтер қасиеттерінің өзгеру үрдісін; қышқылдар мен негіздердің түрлі теорияларын, ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктерді талдайды;
5) органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланысымен құрылысы теориясының көмегімен химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
6) әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпалын; қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; радиоактивті ыдыраудың салдарын; түрлі дереккөздерден алынған ақпараттың дұрыстығын бағалайды.
Физика
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы ток, электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын; Ғалам дамуының негізгі кезеңдерін; ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, негізгі радиотехникалық қондырғылар мен жүйелерді құру қағидаттарын; нанотехнологияның шығу тарихын және негізгі қағидаттарын;
механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын, қағидаттары мен постулаттарын; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың негізгі заңдары, қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық міндеттерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының терминологиясы мен символикасын; физикада пайдаланылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; компьютердің дерекқорларында және интернет желісінде физика бойынша ақпарат іздеу, өңдеу үшін жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін; эксперименттер мен өлшеу нәтижелерін өңдеу, физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді айқындау тәсілдерін қолданады;
дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; екі айнымалы арасындағы қатынасты; Ғаламдағы құбылыстарға, денелер мен объектілерге әртүрлі физикалық күштердің әсерін, физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; құрылғылар мен аспаптардың жұмыс істеу қағидаттары мен сипаттамалары, ғылыми жаңалықтардың қолданылу салаларын; адамның өнімді қызметі мен қоршаған ортаның жай-күйі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; нанотехнологияның қолданылу салаларын; Ғаламның жай-күйін сипаттайтын параметрлер мен оны дамытудың ықтимал жолдарын талдайды;
кесте, графика, хабарлама,баяндама, презентация түрінде беру үшiн жиналған және өңделген деректерді, ақпаратты; болжамдар, айғақтар және түсiндiрмелер ұсыну үшiн ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
заңдар мен олардың қолданысын білуін, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін; нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын; экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын бағалайды.
География
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі санаттарын; геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын; геосфераларға антропогендік әсер етудің себептерін, факторларын және көздерін; табиғатты қорғау іс-шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың түрлері мен типтерінің заманауи жүйесін және табиғатты ұтымды пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасындағы айырмашылықтарды; жекелеген елдер мен өңірлер шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін; жекелеген елдер мен өңірлердің географиялық өзгешеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша айырмашылығын, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттер түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның өңірлік, халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін біледі;
2) дүниежүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық көрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық, әлеуметтік, геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін; "табиғат – халық (қоғам) – шаруашылық (экономика)" географиялық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рөлін; адамның ғаламдық деңгейден жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) ортасын қалыптастыратын және өзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; өмір сүру сапасының қоршаған табиғи орта сапасына тәуелділігін; жаһандану жағдайында ірі өңірлер мен елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен оларды шешу жолдарын түсінеді;
3) географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын; географиялық деректердің түрлі көздерін; тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістік дереккөздерін; географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; қажетті мәнмәтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формулаларды қолданады;
4) географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық объектілердің, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыс және басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық геокеңістік деректерді; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі елдерінің рейтингтері мен индекстерін талдайды;
5) модельдерді, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық объектілердің әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық объектілерді, процестер мен құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық объектілерді, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжам жасау, өзгерістердің сипаты мен даму перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
6) географиялық дереккөздердің шынайылық дәрежесін; геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгерістерінің дәрежесін және олардың салдарын; табиғатты қорғау іс-шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғауда және табиғатты пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен индекстердегі көрсеткіштері мен орнын; кез келген дәрежедегі аумақтың географиялық және геосаяси жағдайын; негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша дүниежүзі елдерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін бағалайды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).22. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Дүниежүзі тарихы
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи нысандары мен мемлекеттік-құқықтық институттардың қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар мен жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның, әлем халықтары мен өркениеттердің пайда болуы мен дамуына қатысты негізгі ғылыми теорияларды; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
2) мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігінде; мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттардың маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді;
3) әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттерінің құрылуын уақыт пен кеңістікте анықтауда; өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін, мемлекеттердің тарихи нысандары мен түрлерін; түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін; әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін; өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз ұстанымын айқындау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
4) әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін айқындай отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарын айқындау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып, шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем тарихының ықпалы мәнмәтінінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын; әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
Құқық негіздері
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Конституциялық құқық жүйесін, нормаларын, көздерін; конституциялық саяси құқықтарын; әкімшілік құқық жүйесін, нормаларын, субъектілерін; еңбек құқығын, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттерді, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылықты; азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы нысандарын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын; отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін; қылмыстық құқық ұғымын, белгілерін, қылмыстық жауаптылықты, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін біледі;
2) қоғамның маңызды әлеуметтік реттеушісі және мәдени элементі ретінде құқықтың рөлі мен мәнін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық қағидаттарды, құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастардың, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылықтың, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеудің, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметтің мәнін түсінеді;
3) нормативтік актілерді пайдалана отырып, нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелді айғақтарын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі бойынша нақты құқықтық нормаларды бағалау үшін құқықтық білімін; құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздеу дағдыларын; күнделікті өмірде өзекті қоғамдық және құқықтық проблемалар бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық қағидаларын қолданады;
4) құқықтық нормаларды, түрлі көздерден алынған құқықтық сипаттағы ақпараттарды талдайды;
5) өзінің мінез-құлқы мен басқалардың іс-әрекеттерін жалпы қабылданған адамгершілік және құқықтық нормалармен салыстыру үшін алынған ақпаратты; жағдайды бағалау, өзінің көзқарасын білдіру, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қайшы келмейтін шешім қабылдау үшін нақты жағдайда ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік және дағдыларды жинақтайды;
6) нақты проблемаларды шешу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану ерекшеліктерін өз бетінше бағалайды.
Графика және жобалау
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) көрнекі ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, әдістерін және тәсілдерін; графикалық бейнелердің негізгі түрлерін; графика құралдары мен жобалаудың негізгі әдістерін; геометриялық денелердің сырт пішінінің құрылу заңдылықтарын; машина жасау, құрылыс сызбалары туралы жалпы түсініктерді, топографикалық сызбалар элементтерін; бұйымды жасау және жобалау кезеңдерін; көрнекі ақпаратты қолмен және компьютерлік графика құралдары арқылы бейнелеу әдістері мен құралдарын біледі;
2) заттық әлем, құбылыстар мен процестер туралы ақпаратты визуализациялау және ұсыну кезінде графикалық бейнелер рөлінің маңыздылығын; графикалық модельдеу әдістері заңдылығын; зат формасын көрсетудегі графикалық бейнелердің түрлері арасындағы айырмашылықты, олардың кеңістік және метрикалық сипаттамаларын; практикалық қызметтегі қолмен жасалған және компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін; макет жасау және модельдеу ерекшеліктерін түсінеді;
3) графикалық жұмыстарға арналған құралдар мен материалдарды; проекциялау әдістерін; заттың геометриялық (конструктивтік) формасын құрастыру тәсілдерін; геометриялық денелер бетінің жаймасының сызбасын құрастыру әдістерін; бейненің көрінісі мен құрамын өзгерту тәсілдерін; жобалық және конструктивтік шешімдер қабылдау үшін анықтамалық құжаттаманы; графикалық модельдеу, макеттеу және жобалау бойынша әртүрлі міндеттерді шешу барысында қол және компьютерлік графика құралдарын қолданады;
4) бейнелердің қасиеттерін және визуалды ақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдерін; заттардың бейнесін жасағанда олардың геометриялық формалары мен конструкцияларын; заттың формасын анықтау үшін бейненің түрлі көріністерін пайдалану мүмкіндігін; бейненің графикалық құрамын және заттың формасын айқындау үшін кешенді сызбаны талдайды;
5) заттың формасын қайта құру үшін контурлы бейнені; түрі және құрамы бойынша жүйелеу үшін бастапқы бейнедегі графикалық ақпаратты; қажетті графикалық ақпаратты толық және жеткілікті көрсету үшін түрлі бейне көріністерін; шығармашылық ойды іске асыру үшін графиканың әртүрлі құралдарын жинақтайды;
6) визуалды ақпаратты бекітудің әдістерін; әртүрлі объектілердің графикалық бейнелерін; бейнені қайта құрудың түрлі тәсілдерін; жобалау қызметі процесінде қолданылатын графика құралдары мен жобалау әдістерін; заттардың геометриялық және конструктивтік сипаттамасын; шығармашылық қызмет процесі мен нәтижесін бағалайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).23. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Шет тілі
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым:
белгілі тақырыптарға әдеби тіл нормасы шегінде нақты айтылған сөздің негізгі мағынасын түсінеді, оқумен және болашақ кәсіби қызметімен байланысты күнделікті сұрақтар мен тақырыптар туралы қарапайым ақпараттық хабарламаларды түсінеді; ұзақ пікірталастағы негізгі ойды жалпы ұғына алады, сөйленетін сөздің тақырыбы таныс, ал сөйленетін сөз қарапайым тілде және нақты құрылған жағдайда оқу және кәсіби тақырыптар бойынша дәрісті немесе әңгімені ұғады, техникалық сипаттағы егжей-тегжейлі нұсқауларды түсінеді; өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша нақты әрі баяу айтылған телевизиялық бағдарламалардың көпшілік бөлігін, мысалы, сұхбаттарды, қысқаша дәрістерді, репортаждарды түсінеді;
2) айтылым:
қандай да болмасын жағдайды суреттей алады немесе бір-бірімен байланысты пікірлер түрінде әңгімелеп бере алады; кітаптың немесе фильмнің сюжетін және өзінің одан алған әсерін айтып береді; оқу іс-әрекеті аясында тақырып бойынша алдын ала дайындалған қысқаша хабарландыру жасайды; өзіне таныс тақырып бойынша түсінікті болғаны сонша, айтылған ой мен негізгі ережелерді нақты жеткізе отырып, ондағы айтылған барлық ойға ілесе алу мүмкін болатындай баяндама жасайды, баяндама бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, дегенмен кей кездері сұрақты қайталап айтуын өтінуі мүмкін; күрделі байланысқан мәтін арқылы өз сезімі мен әсерін жеткізе отырып, өз тәжірибесін суреттеп айтып береді;
3) оқылым:
қызықтыратын тақырып бойынша нақты ақпаратты, оқиғалардың сипаттамасын, жеке хаттардағы сезімдер мен тілектерді қамтитын қарапайым мәтіндерді толық түсінеді; таныс емес жалпы және оқу тақырыптары кездесетін көркем және оқу әдебиеттерінің көлемді мәтіндерін оқиды; газет мақалаларының түрлі типтерінің негізгі ойларын анықтайды, таныс емес қағаз және цифрлық ресурстарды мағынасын тексеру және түсінігін кеңейту үшін қолданады;
4) жазылым:
көпшілікке таныс және қызықтыратын сұрақтар бойынша жекелеген қысқа элементтерді бірге байланыстырып қарапайым мәтін жазады, іс-әрекет аясында болатын күнделікті таныс және әлеуметтік мәселелер бойынша нақты жиналған ақпараттарға қатысты өз пікірін еркін жинақтайды және хабарлайды; абстрактілі тақырыптар және мәдениетке: музыкаға, фильмдерге байланысты тақырыптар бойынша жаңалықтарды және өзінің ойларын айтып хат жазады; қарапайым дәріс уақытында егер тақырып таныс болған жағдайда, тақырыбы таныс, сөз қарапайым және нормативті диалектіде нақты айтылған болса, негізгі түйінді сәттерді көрсетіп жазбалар жазады; оқиғаны жазбаша баяндап жазады.
Дүниежүзі тарихы
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи нысандары мен мемлекеттік-құқықтық институттардың қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар мен жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның, әлем халықтары мен өркениеттерінің пайда болуы мен дамуына қатысты негізгі ғылыми теорияларды; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
2) мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігінде; мемлекеттің тарихи нысандары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттардың маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді;
3) әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттерінің құрылуын уақыт пен кеңістікте анықтауда; мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін; түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін; әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін; өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз ұстанымын айқындау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
4) әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін айқындай отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарды айқындау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып, шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын; әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем тарихының ықпалы мәнмәтінінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын; әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
География
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) география ғылымдары жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың, геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты пайдалану саласындағы, экономикалық, әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін антропогендік әсердің факторларын, көздерін және салдарын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін; табиғатты қорғау іс-шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың өңірлік ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық тетіктерін; заманауи экологиялық саясаттың бағыттарын; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін; өмір сүру сапасының көрсеткіштерін; экономикалық жүйелер модельдерін; дүниежүзілік шаруашылық және дүниежүзі елдері дамуының басты көрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық қатынастардың жиынтығын; жаһандану процесін; Қазақстанның өңірлік және халықаралық ұйымдарға қатысуын; адамзаттың заманауи ғаламдық проблемаларын және олардың жергілікті, өңірлік деңгейлердегі көрінісін; ұлттық мүдделер аясында Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігінің бағыттарын; дүниежүзінің тарихи-мәдени өңірлерін біледі;
2) қазіргі әлемнің кеңістіктік тегі алуан түрлілігін, оның жалпы және өңірлік ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық және жергілікті табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің серпінін; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рөлін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторларға тәуелділік дәрежесін; өмір сүру сапасының қоршаған орта сапасына тәуелділігін; қазіргі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалардың көзін және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттестігінің сипатын түсінеді;
3) геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістік дереккөздерді; геокеңістік деректерді іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде деректерді өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін қолданады;
4) сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық объектілерді, процестерді және құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық объектілердің, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық өндірістің табиғи және әлеуметтік-экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаның жағдайы мен адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін; экологиялық дағдарыстың белгілерін; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық байланыстар мен қатынастарды; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін талдайды;
5) модельдерді, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық объектілердің әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық объектілерді, процестер мен құбылыстарды жіктеу, жүйелеу және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық объектілерді, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістердің сипаты мен даму перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
6) геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін антропогендік жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау іс-шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы көрсеткіштері мен орнын; дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін бағалайды.
Құқық негіздері
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Конституциялық құқық жүйесін, нормаларын, көздерін; конституциялық саяси құқықтарын; әкімшілік құқық жүйесін, нормаларын, субъектілерін; еңбек құқығын, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттерді, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылықты; азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы нысандарын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын; отбасылық қатынастарды, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін; қылмыстық құқық ұғымын, белгілерін, қылмыстық жауаптылықты, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін біледі;
2) қоғамның маңызды әлеуметтік реттеушісі және мәдени элементі ретінде құқықтың рөлі мен мәнін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық қағидаттарды, құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастардың, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылықтың, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеудің, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметтің мәнін түсінеді;
3) нормативтік актілерді қолдана отырып, нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі бойынша нақты құқықтық нормаларды бағалау үшін құқықтық білімін; құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздену дағдыларын; күнделікті өмірде өзекті қоғамдық және құқықтық проблемалар бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық қағидаларын қолданады;
4) заңнаманың қандай да бір саласындағы құқықтық қатынастар процесінде туындайтын даулы мәселелер шеңберінде берілген ақпаратты, құқықтық нормаларды,түрлі көздерден алынған құқықтық сипаттағы ақпаратты талдайды;
5) өзінің мінез-құлқы мен басқалардың іс-әрекеттерін жалпы қабылданған адамгершілік және құқықтық нормалармен салыстыру үшін алынған ақпаратты; жағдайды бағалау, өзінің көзқарасын білдіру, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қайшы келмейтін шешім қабылдау үшін нақты жағдайда ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік және дағдыларды жинақтайды;
6) нақты проблемаларды шешу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану ерекшеліктерін өз бетінше бағалайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).24. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер
Физика
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидроаэростатика, гидроаэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын; Ғалам дамуының негізгі кезеңдерін; ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, нанотехнологияның шығу тарихын және негізгі қағидаттарын біледі;
2) молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық) заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
3) физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының терминологиясы мен символикасын; физикада пайдаланылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді айқындау тәсілдерін қолданады;
4) дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; Ғаламдағы құбылыстарға, денелер мен нысандарға әртүрлі физикалық күштердің әсерін, екі айнымалы арасындағы қатынасты; физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, нанотехнологияның қолдану салаларын; Ғаламның жай-күйін сипаттайтын параметрлерді және оны дамытудың ықтимал жолдарын талдайды;
5) кесте, графика, хабарлама, баяндама, презентация түрінде беру үшiн жиналған және өңделген деректерді, ақпаратты; болжамдар, айғақтар және түсiндiрмелер ұсыну үшiн ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
6) заңдар мен олардың қолданысын білуін, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін; нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын; экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын бағалайды.
Химия
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттардың жіктелуін; органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін; полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуын және ерекше қасиеттерін біледі;
2) түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің негіздерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін; ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
3) табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін; заттарды сапалық талдау әдістерін; қоршаған ортада экологиялық сауатты мінез-құлық қағидаларын; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш және улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
4) заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланысты екенін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдіктің түрлі факторларға байланыстылығын; периодтық жүйеде элементтер қасиеттерінің өзгеру үрдісін талдайды;
5) органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланысымен құрылысы теориясының көмегімен химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
6) әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсер етуін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпал етуін; қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; түрлі дереккөздерден алынған ақпараттың дұрыстығын бағалайды.
Биология
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдардың құрылымын, құрамын және міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның тұқымқуалаушылық теориясының, хромосомалық ауруларының негізгі жағдайларын; тірі ағзалардың өзгергіштігінің, қоректенулері мен метаболизмінің түрлерін/типтерін; генетика негіздерін және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен схемасын, антропогенезді; ғаламдық және өңірлік экологиялық проблемаларды және табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
2) фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; энергетикалық зат алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен эволюция арасындағы өзара байланысты; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің механизмін; қоршаған ортаға антропогендік әсер етулердің зардаптарын түсінеді;
3) молекулалық биология және генетика міндеттерін шешудің схемалары мен әдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық әдістерді; эксперименттерді әзірлеуге, жүргізуге, бақылауға, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектерді, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды қауіпсіздік пайдалану қағидаларын қолданады;
4) фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ мутациясы, репарациясы, рекомбинациясымен репликациясы процестерін, ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі арасындағы байланысты; сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты; экожүйе түрінің әртүрлілігін және тұрақтылығын; әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайларды талдайды;
5) адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, графика, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелер ұсыну үшін ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді; эксперимент және зерттеу жүргізу жоспарын, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің ықтимал нұсқаларын жинақтайды;
6) ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, фотосинтездің өнімділігін; моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз өңірінің экожүйесін; генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға, биотехнологиядағы зерттеулерге байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).25. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Жалпы орта білім беруді аяқтау бойынша білім алушылар:
1) кәсіпкерлікті экономикалық құбылыс ретінде түсінеді және оның рөлін сипаттайды; кәсіпкерлік пен бизнес арасындағы айырмашылықты сипаттайды; кәсіпкерлікті өзін-өзі іске асыру және жеке уәждеме түрі ретінде түсінеді; кәсіпкердің құзыретін талдайды; кәсіпкерлік призмасы арқылы өз мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалайды; кәсіпкердің әлеуетіне қатысты өзінің даму деңгейін бағалайды; кәсіпкерліктің заманауи, оның ішінде Қазақстандағы үрдістерін біледі;
2) экономика және маркетинг тұрғысынан нарықтың не екенін біледі; кәсіпкерліктегі идеяның мәнін түсінеді; "бизнес - бизнеске" және "бизнес -тұтынушыға" сегменті арасындағы айырмашылықты белгілейді; идеяларды жасау құралдарын қолданады; идея дизайны жоспарын ұсынады; идеяны іске асыру қажеттілігін команда құрамына қойылатын талаптарға айналдырады; команда құру құралдарын қолданады; бизнес-модель құралдарын қолданады; бизнес-модельдің құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты анықтайды; қолда бар деректерді өзгерту кезіндегі болжамды салдарларды сипаттайды; бизнес-модель құру құралдарын қолданады; кәсіпкерлік жағдайында Lean Start up (ұқыпты өндіріс) түсінігі мен қағидатын қолданады;
3) маркетинг ұғымы мен функциясын түсіндіреді; бәсекелестік ұғымын анықтайды; түрлі күштердің бәсекелестікке ықпал жасау нысандарын талдайды; өз тұтынушысының бейінін сипаттайды; өткізу арналарының мәнін түсінеді және олардың жіктеуішін ажыратады; өз өнімінің/қызметінің құндылығын соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің жоспарын ұсынады; тұтынушының әр сегментімен өзара қарым-қатынасты сипаттайды;
4) экономикадағы ақшаның мәнін түсінеді; кіріс пен шығыстың мәнін түсінеді; активтер мен пассивтер арасындағы айырмашылықты түсінеді; артықшылық пен жетіспеушілік ұғымының мәнін түсінеді, баға белгілеу процесіне олардың әсерін бағалайды; "баға", "құн", "баға белгілеу құрылымы" ұғымдарын ажыратады; баға белгілеу процесіндегі тұрақты және құбылмалы шығындардың маңызын түсінеді; кірістің жаңа арналарын қалыптастырудағы креативті және инновациялық тәсілдердің мүмкіндігін бағалайды; AB-тестілеу (өнім нұсқаларының тиімділігін бағалау әдісі) құралын қолданады;
5) бизнестегі ресурстардың мәні мен маңызын түсінеді; бизнес ресурстарды неғұрлым тиімді қолданудың жоспарын ұсынады; бизнес ресурстардың құнын бағалайды; бизнес ресурстардың шектеулілігі қағидаттарын біледі; шектеулілік жағдайында ресурстарды тиімді қолдану мысалдарын келтіреді; бизнестегі зияткерлік ресурстардың мәнін түсінеді; өндіріс ресурстарын толықтыру стратегиясын әзірлейді;
6) әріптестіктің және оның түрлерінің мәнін түсінеді; бизнеске арналған аутсорсингтің пайдасын бағалайды; негізгі қызмет түрлерін сипаттайды; адами, материалдық және зияткерлік ресурстарды басқару арасындағы айырмашылықты белгілейді; сатылымды басқару қағидаларын түсіндіреді; оның жобасы мен сипаттамасын суреттейді; жобадағы уақытты басқару қағидаларын қолданады; жоба жоспарын ұсынады; жобада ақпараттық құралдарды қолданады;
7) бизнестің мемлекет алдындағы негізгі міндеттемелерін түсінеді; салықтық режим мен бизнестің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны арасындағы өзара байланысты анықтайды; өзінің бизнес идеясы бойынша кірістің жалпы жоспарын құрады; түсім мен шығын туралы есеп құрудың сызбасын түсіндіреді; ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп құрудың сызбасын түсіндіреді; жобаның табыстылығы мен тұрақты және құбылмалы шығындар арасындағы өзара байланыстарды анықтайды;
8) нарықтың даму болжамын сипаттайды; бизнесті дамытудың экстенсивті және интенсивті тәсілдерінің айырмашылығын анықтайды; бизнесті масштабтаудың әртүрілі типтерінің тиімділігін бағалайды; сапаны басқару құралдарын түсінеді; стратегиялық жоспарлаудың мәнін түсінеді; өзінің болашақ компаниясының миссиясы мен жоспарын құрады; бизнестің стратегиялық және қаржылық мақсаттары арасындағы айырмашылықты анықтайды; кәсіпкердің құқықтық жауапкершілік құрамын түсінеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).26. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау өлшемшарттары білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін қолданылады.
27. Бағалау өлшемшарттары әрбір оқу бағдарламасындағы оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді.
28. Оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау формасында жүзеге асырылады.
29. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
30. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін білім алуы, даму бұзушылықтарын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
31. Жалпы орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
32. Жалпы орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу.
33. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушыларда дамыту қажет:
11) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;
12) Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеу және сақтау;
13) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдау білігі;
14) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталануы;
15) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттілік алуан түрлілігін құрметтеуі;
16) рухани келісім және толеранттылық идеяларына бейімділік;
17) қоршаған ортаға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң қарым-қатынасының болуы;
18) шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
19) коммуникативтік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу;
20) өмір бойы білім алуға және өзін-өзі ынталануы.
34. Жалпы орта білім берудің мақсаты:
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;
7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.
35. Кең ауқымды дағдылар мектептен "шығу" нәтижесі ретінде білім алушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіне үйлесімді үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге, сондай-ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
36. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері болып табылады:
1) міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру;
2) оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін үйлестіру негізінде жоғары оқу орындарына түсуге білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз ету;
3) рухани-адамгершілік қасиеттерін, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын және проблемаларды сын тұрғысынан және шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктігін мақсатты дамыту;
4) бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу;
5) бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу.
37. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны білім алушыларды жоғары оқу орындарына түсу мен дербестігін мақсатты дамыту үшін білім алушылардың академиялық дайындығын кіріктіру негізінде айқындалады.
38. Білім алушылардың академиялық дайындығы әлемді танудың ғылыми әдістерін меңгеруге бағытталған білімнің іргелілігін күшейтумен қамтамасыз етіледі.
39. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
1) қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына және ғылымның даму деңгейлеріне сәйкес болу;
2) сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту;
3) пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейту;
4) негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім мазмұнының үздіксіздігі және сабақтастығы қағидатын сақтау;
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
6) оқытудың, тәрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
40. Міндетті оқу пәндерімен қатар білім алушылардың оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерінде бейіндік оқу пәндерін таңдауы қарастырылған.
41. Бейінді оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде оқу пәндерін таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Білім алушылар қалауынша өздеріне маңызды оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлеріндегі оқу пәндерін таңдайды. Стандарттық деңгейдегі оқу пәндеріне қарағанда, бейінді оқытудың тереңдетілген деңгейдегі оқу пәндеріне сағат саны көп бөлінеді. Стандарттық деңгейде бейіндік емес оқу пәндері оқытылады.
42. Жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиелеу бірлігі қағидатына бағдарланған. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі. Оқу оқушылардың ізденуге, мәселелерді талқылауда белсенділік танытуға, көзқарасын дәлелдеуге, сындарлы шешім қабылдауға деген ынтасын таныту арқылы тәжірибені игеруін ұйымдастыруға негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады.
43. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбиелеу мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
44. Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асуын қамтамасыз етеді.
45. Білім алушылардың жобалық және зерттеу іс-әрекеттерін дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
46. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
47.Үштілді білім беру іс жүзінде:
1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерін деңгейлік меңгеруді қамтамасыз ету;
2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндеоқытуды ұйымдастыру;
3) білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін және әртүрлі тәрбие жұмыстарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру мынадай жолдармен іске асырылады.
48. Жалпы орта білім берудің практикалық бағыттылығы оқыту процесі мен тәрбие жұмысы кезінде оқу, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын дамыту арқылы жүзеге асырылады.
49. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша анықталған оқытудан күтілетін нәтижелерге сәйкес әзірленетін оқу бағдарламаларымен нақтыланады.
50. Бейінді оқытудың барлық бағыттары үшін міндетті оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс тілі, орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ана тілі, әдебиет (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) пәндердің мазмұны түрлі салалар мен қарым-қатынас жағдайларында тілді еркін меңгеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдыларды; бейнелі және талдамалық ойлауды, шығармашылық қиялдауды, оқырман мәдениетін дамытуға және автор ұстанымын түсінуге; сөйлеу әрекетін және сыни ойлауын дамытуға; қажетті ақпаратты іздеу, алу және өңдеу дағдысын дамытуға; білім алушылардың ауызша және жазбаша тілдесімін дамытуға; көркем шығарма мәтінін мазмұны мен түрі бірлігінде; негізгі тарихи-әдеби мәліметтер мен әдеби-теориялық ұғымдарды меңгеруге бағытталуы тиіс. Тілді үйрену процесінде ақпаратты салыстыру, талдау, жинақтау, бағалау және алған білімін өмірдің түрлі жағдайында қолдана білу сияқты ойлаудың жоғары деңгейіндегі дағдылары; әдебиет тарихы бойынша қажетті мәліметтерді және әдебиеттану түсініктерін қатыстыра отырып, көркем шығармаға терең талдау жасау дағдылары қалыптасады;
2) оқу пәндерін оқыту тілдің құрылысы және түрлі қарым-қатынас салалары мен жағдайларында қолданылуы; стилистикалық ресурстар, әдеби тіл мен сөйлеу этикетінің негізгі нормалары туралы білім спектрін; сөздік қорын және пайдаланылатын грамматикалық құралдар аясын кеңейтуді көздейді. Тілді үйрену процесінде алынған әртүрлі деңгейдегі тілдік бірліктерді тиімді пайдалану дағдылары білім алушылардың тілдің норматив талаптарына, қарым-қатынас саласы мен жағдайына сәйкестігін бағалауына мүмкіндік береді;
3) тұлғаны рухани жағынан тәрбиелеу, гуманистік дүниетанымын, азаматтық сана-сезімін, патриоттық сезімін, әдебиет пен отандық және әлемдік мәдениет құндылықтарына деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыру пән мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады.
Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/орыс тілі мен әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін):
1) пәннің мазмұны мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің мәртебесіне және ресми түрде мемлекеттік тілмен бірдей қолданылатын ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі орыс тілінің мәртебесіне негізделген мақсаттарды көздейді;
2) аталған оқу пәндерін оқыту тілді оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде қолдануға, білім алушылардың Қазақстан халқының мәдениетімен араласуына мүмкіндік жасайды, олардың ұлтаралық қарым-қатынасқа дайын болуын қамтамасыз етеді;
3) тілдік іс-әрекеттің барлық түрлері мен ауызша және жазбаша тіл мәдениетінің негіздерін және тәжірибесі мен қызығушылығына сәйкес келетін қарым-қатынастың түрлі салалары мен жағдайларында тілді қолданудың дағдылары мен біліктерін меңгеруі оқу пәні мазмұнының негізіне алынған;
4) тіл мен әдебиетті оқыту процесінде білім алушылар тілдің таңбалық жүйесі және қоғамның құбылысы ретінде тіл туралы, оның құрылысы мен дамуы туралы білім алады;
5) тіл мен әдебиетті оқыту әдеби тіл нормаларын меңгеру деңгейін жетілдіре түсуге, білім алушылардың сөздік қорын молайтуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді және әдеби шығармаларды талдау және оларға баға беру қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Ағылшын тілі:
1) пәннің мазмұны көптілді, көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға; түрлі стильде жазылған тең түпнұсқалы мәтіндердің мазмұны арқылы сөздік қорын молайту жолымен коммуникативтік біліктілігін жетілдіруге бағытталған, бұл шеттілді коммуникативтік біліктілікті дамыту процесінде әлемді қабылдауы мен дүниетанымын әлеуметтік мәдени жағынан байытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді; зерттеу жұмыстары және түрлі оқу міндеттерін шығармашылық жағдайында шешу дағдыларын дамытуға бағытталады;
2) пәннің мазмұны кәсіби тұрғыда маңызды ақпаратты саралау, жинақтау, жіктеу, тілді ғылыми және кәсіби қызметтегі қарым-қатынас үшін тиімді пайдалану біліктерін, сондай-ақ жеке, іскерлік хаттарды жазу, түйіндеме құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдыларын дамытуды көздейді, бұл шет тілін оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді;
3) білім алушыларға фактілер арасындағы себеп-салдарлық қатынастарды белгілеу іскерлігін дамыту үшін пәнаралық байланыс арқылы пәннің мазмұнын басқа пәндермен кіріктіруге, шет тіліндегі дереккөздерден негізгі және фрагментті бөліктерді алып, ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
4) пәннің құралдары арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, өз Отанына, өз халқына деген патриоттық сезімін тәрбиелеу және басқа мәдениеттің өкілдеріне толерантты қарым-қатынасын, сондай-ақ отбасында тұлғааралық қарым-қатынас әдебін тәрбиелеу, мектепте құрбы-құрдастарымен, мұғалімдерімен, тіл иелерімен қарым-қатынас барысында әлеуметтік мәдениет материалдарын қолдану біліктерін дамыту жүзеге асырылады.
Алгебра және анализ бастамалары, геометрия:
1) пәндердің мазмұны білім алушылардың математикалық мәдениетін және келесі білім алу деңгейлерінде табысты оқуы, сондай-ақ практикалық міндеттерді шешуі үшін қажетті математикалық білім жүйелері мен біліктерін дамытуға бағытталған, функционалдық сауаттылығын, абстрактілі және логикалық ойлауын, кеңістіктегі қиялын қалыптастыруға, сондай-ақ адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудағы математиканың рөлін түсінуге мүмкіндік береді;
2) пәндердің мазмұны білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеуге және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер іс жүзінде барлық білім беру салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттауда және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне бағытталған;
3) пәндердің мазмұнында оқу, танымдық және жалпы зияткерлік біліктерін (математикалық заңдылықтарды түсіну барысында проблемаларын тұжырымдау, гипотезаны ұсыну және тексеру үшін салыстыру, жіктеу, қорыту, талдау, жинақтау, дерексіздендіру, нақтылау) одан әрі дамыту көзделген;
4) пәндердің мазмұны "Сан", "Алгебра", "Статистика және ықтималдық теориясы", "Математикалық модельдеу және анализ", "Геометрия" тақырыптарын қамтитын математиканың негізгі бөлімдерінен тұрады.
Информатика:
1) пәннің мазмұны ақпаратты іздеу, талдау, сыни бағалау, таңдау, ұйымдастыру, беру және өңдеу, объектілер мен процестерді модельдеу біліктерін дамытуға; ақпараттық технологиялардың құралдары мен әдістерін, есептерді шешу әдістерін меңгеруге бағытталған;
2) пәннің мазмұны нақты объектілер мен процестердің ақпараттық модельдерін қолдану, талдау және түрлендіру дағдыларын; алгоритмдік және есептік ойлау; компьютерлік модель құралдарымен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді; компьютерлік технологиялар арқылы ақпараттық процестерді іске асыруды, компьютерлік жүйелермен және модельдермен жұмыс атқаруды, ақпаратты қорғау әдістерін зерделеуді, интерактивті компьютерлік модельдерді пайдалана отырып модельдеу, формализациялау және визуализациялау тәсілдерін қарастыруды көздейді;
3) пән мынадай тақырыптарды қамтиды: "Компьютерлік жүйелер", "Ақпарат және ақпараттық процестер", "Алгоритмдеу және бағдарламалау" және "Денсаулық және қауіпсіздік".
Қазақстан тарихы:
1) пәннің мазмұны Қазақстан тарихының негізгі этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени проблемалары бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған;
2) пән білім алушылардың түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының мәні мен ерекшеліктері туралы түсінігін кеңейтеді және тереңдетеді;
3) пән Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорыту және талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды көздейді. Пәннің аксиологиялық функциясы патриотизмді қалыптастыруды, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға дағдыландыруды білдіреді.
Өзін-өзі тану:
1) пәннің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамның рухани-адамгершілік әлеуетін ашуға, өзін-өзі тануға және өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын дамытуға; отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы өзінің рөлін түсінетін жоғары адамгершілік қасиеттерді дамытудың қажеттілігін, қоғамға қызмет ету дағдыларын; тән және жан саулығының байланысын түсінуге, еліміздің, қаланың, ауылдың, мектептің, отбасының өміріне өзінің қатыстылығын сезінуге және өз ойлары мен сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға бағытталған;
2) пәнді оқыту адамзаттың рухани мәдениеті, тән және жан саулығының байланысы туралы білімін кеңейтуді; рефлексия дағдыларын меңгеруді; өзін-өзі тәрбиелеуді, өзіндік білімін көтеру дағдылары меңгеруді; өз іс-әрекетін саралауды, түрлі өмірлік жағдаяттарда адамгершілікпен таңдау жасауды және шешім қабылдау, өз мақсаттарын және оған жету жолдарын адамгершілік нормаларға сәйкес межелеуді көздейді; отбасында, ұжымда, қоғамда рухани-адамгершілік негізінде қарым-қатынас жасай білу дағдысын дамытуды көздейді.
Дене шынықтыру:
1) пәннің мазмұны: қимыл-қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, спорттық дайындық, дене тәрбиесімен шұғылданудың болашақ еңбек қызметіндегі маңызы, әскер қатарында қызмет етуге дайындау туралы білім көлемін кеңейтуді; білім алушының жасына және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес ағзаның қызмет ету қабілеттерін жоғарылатуды; спорттың негізгі түрлері бойынша техникалық және тактикалық әрекеттер мен тәсілдерді жетілдіруді; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінің дербес және ұжымдық түрлеріндегі құзыреттілігін дамыту, белсенді демалыс және спорттық жарыстар ұйымдастырудың шығармашылық дағдыларын дамытуды; жеке тұлғаның өзін шынайы бағалауын, адамгершілік сананы, өмірлік көзқарасты, ұжымшылдықты қалыптастыру, мақсаткерлік, батылдық, ұстамдылық, табандылықты дамытуды; спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервті дамытуға және қалыптастыруға жағдай жасауды қамтамасыз етуі тиіс;
2) пәнді оқыту білім алушыларға пән бойынша алған білім, білік және дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға; қимыл-қозғалыс құзыреттілігі мен дене дамуларын жақсарту қажеттілігін бағалауға; адамгершілік қасиеттерін дамытуға және әділ ойын мен үздіксіз өзін-өзі дамуды сезінуге; жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; адамның денелік және энергетикалық жүйесіне дене жаттығуларының әсер ету дәрежесін, өзіндік дене дамуы және қимыл-қозғалыс дайындығы деңгейін, ағзаның қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін бағалауға; ойлаудың сыни және шығармашылық дағдыларын дамытуға, проблемаларды жеңуге мүмкіндік береді.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық:
1) пәннің мазмұны білім алушылардың бойында әскери іс, робототехника және IT-технология негіздері туралы көзқарасты қалыптастыруды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет ету туралы түсінікті және әскери іс негіздері бойынша білімді қалыптастыруды, әскери ант мазмұнын және әскери жарғылардың талаптарын білуді; өмірлік маңызы бар дағдылары мен қасиеттерін дамытуға ықпал етуді; теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын нық игерулері арқылы оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындауды; бойында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінікті қалыптастыруды; жастардың бойында азаматтық көзқарасты, Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділікті, әскери қызметке деген жауапкершілікке саналы тұрғыдан дайын болуды қалыптастыруды; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлеріне, әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, жалпы әскери мамандыққа деген қызығушылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс;
2) пән білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбиелеудің жалпы жүйесінде, олардың сана-сезімін, танымдық қызығушылықтарын, қарым-қатынас орната білу қабілеттерін, ерік-жігер сапаларын, әскери іс бойынша алғашқы білік, дағдыларды, робототехника, автомобиль жүргізу бойынша теориялық негіздерді дамытуда, цифрлық фото және бейне жабдықтарды пайдалануда маңызды орынға ие;
3) пән Қазақстан әскерінің даму тарихымен таныстыру және оның қазіргі жай-күйін зерделеу арқылы әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты, функционалдық білімді тұлғаны дамытуды көздейді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).51. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны
Биология:
1) пәннің мазмұны білім алушылардың тірі организмдердің көп түрлілігі, қоршаған орта эволюциясы, табиғи құбылыстардың заңдары мен заңдылығы туралы; бақылау, жіктеу, жүйелеу, салыстыру, қатар қою, талдау, объект мен ақпаратты бағалау, себеп-салдарлық байланысты анықтау практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
2) пәннің тереңдетілген деңгейінің мазмұны табиғи биологиялық құбылыстар мен процестердің болмысын білім алушылардың тереңірек түсінуін, адам іс-әрекетінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, сондай-ақ адам денсаулығына әсерін ұғынуды көздейді. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарау қажеттілігін түсінуіне жағдай жасайды;
3) пәннің мазмұнын құрылымдаудың негізін мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылысы мен функциясы; көбею, тұқым қуалаушылық және эволюциялық даму; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
Химия:
1) пәннің мазмұны химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы және олардың басқа затқа айналуы туралы білімді тереңдетуге; табиғи ресурстарды ұқыппен пайдалануды дамытуға; эксперименттік және практикалық дағдылардың кең спектрін дамыту, сыни ойлауды және оқытылатын процестерге шығармашылық тәсілдер қолдану негізінде білім алушылардың табиғаттағы заттардың көп түрлілігі туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған;
2) пән жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, қолда бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға үйретеді және осы арқылы өмірмен тығыз байланысты қамтамасыз етеді;
3) пәннің тереңдетілген деңгейінің мазмұны білім алушылардың айналада болып жатқан химиялық құбылыстар мен процестердің мәнін түсінуін көздейді және олардың салауатты өмір салтын ұстануына түрткі болады; күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға; күнделікті өмірде тіршілік ету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді;
4) пәннің мазмұны мынадай бөлімдерден құралады: "Бөлшектер және олардың құрылысы", "Химиялық реакциялардың заңдылықтары", "Химиядағы энергетика", "Біздің айналамыздағы химия", "Химия және өмір".
Физика:
1) пәннің тереңдетілген деңгейі білім алушылардың табиғат туралы ғылым ретінде физика туралы, ғылыми танымның әдістері мен әдіснамасы, таным процесіндегі теория мен эксперименттің рөлі және өзара байланысы туралы түсініктерін дамытуға бағытталған;
2) пәннің мазмұны білім алушылардың жалпы табиғат заңдары ретіндегі механиканың, жылу физикасының, электр мен магнетизмнің, оптиканың және атомдық физиканың заңдары туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Танымның ғылыми әдістері негізінде білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктері кеңейеді және ғылыми көзқарастары қалыптасады;
3) пән табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді;
4) тереңдетілген деңгейдің мазмұнында эксперимент нәтижелерін жинау мен талдау негізінде эмпирикалық байланысты айқындауға бағытталған экспериментті жоспарлауға және жүргізуге мүмкіндік туады;
5) пән бойынша білім алушылардың тереңдетілген дайындық деңгейі алған білімдерін әртүрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс істеу қағидаттарын түсіндіру, модельдер құру және болжам жасау үшін қолдануларын көздейді.
География:
1) пәннің тереңдетілген деңгейі білім алушылардың табиғаттың, халықтың, экономика мен геосаясаттың даму заңдылықтары туралы білімдерін молайтуға, табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің ерекшеліктерін объективті бағалау үшін қажетті әлем туралы білімдерін жан-жақты қалыптастыруға бағытталған;
2) пәннің мазмұны география тұрғысынан ойлау қабілетін; қоршаған орта мен адамзаттың қазіргі және болашақтағы жағдайына жеке жауапкершілікті сезінуін дамытуды көздейді, осылардың барлығы білім алушылардың бойында құндылық бағдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі; пәннің мазмұны қазіргі әлемнің кеңістіктегі көптүрлілігін, оның жалпы және өңірлік ерекшеліктері мен серпіні туралы түсінігін қалыптастыруға; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті мен өзара байланысының кеңістік пен уақыт заңдылықтарын талдауға және жинақтауға; географиялық құбылыстар мен процестердің арасындағы себеп-салдарлық байланыстар мен кеңістік-уақыт заңдылықтарын түсінуге дағдылану, түрлі табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстар мен процестерді түсіндіру және бағалау, географиялық ақпараттарды түсіндіру және күнделікті өмірде қолдану үшін географиялық білімдерін пайдалану дағдысын қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).52. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны
Дүниежүзі тарихы:
1) пәннің мазмұны адамзат өркениетінің этногенез, саясигенез, мәденигенезінің негізгі проблемалары бойынша білімді қалыптастыруға бағытталған;
2) пән білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігінде түсінуін тереңдетуге бағдарланған;
3) пән әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорыту және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды көздейді;
4) пәннің аксиологиялық мақсаты – білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ұялату.
Құқық негіздері:
1) пәннің мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған; білім алушылардың әртүрлі құқықтық салалардың мәні мен ерекшелігін түсінуін тереңдетеді;
2) пән құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер негізінде процестерді жіктеу, жүйелеу, қорыту және бағалау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды көздейді. Пәннің аксиологиялық функциясы құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, құқықтық сана-сезім құндылықтарына негізделген.
Графика және жобалау:
1) пән графикалық бейнелеу және геометриялық-графикалық модельдеу теориясы негіздерін оқытуға, білім алушылардың жобалық шығармашылық әрекеттерін дамытуға, олардың графикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған;
2) пәннің мазмұны "Ақпараттық визуалдандырудың графикалық тәсілдері мен құралдары", "Кескіндердің негізгі түрлері және оларды құрастыру. Кескіндерді түрлендіру", "Пішінді қалыптастыру және құрастыру. Пішінді қайта түрлендіру", "Техникалық, сәулет-құрылыс және ақпараттық графика элементтері", "Жобалау. Жобалау графикасы. Шығармашылық тапсырмалар" тараулары бойынша айқындалады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).53. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны
Шет тілі:
1) пән сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті, өзге тілге және өзге мәдениетке позитивті көзқараспен қарауға, жалпы мәдениетін көтеруге, көзқарасын және оқылып отырған тілдің елі туралы білімін кеңейтуге, тілдік қабілеттілік пен тілдік болжамын, сөйлеу мәдениетін, шет тілін оқуға деген қызығушылықты дамытуға, өз бетімен шет тілдерін оқуға қабілетті және дайын негізгі екінші тілді меңгерген тұлғаның сипатын иеленуге бағытталған;
2) пәннің мазмұны білім алушылардың өмірдің түрлі жағдаяттарында қарым-қатынас жасау барысында өздеріне деген сенімділігін күшейтеді, Қазақстанда ғана емес шетелде де жоғары білім алуға қол жеткізуіне мүмкіндік береді, әдеби шығармалардың теңтүпнұсқалы мәтінін түпнұсқа тілінде оқуға мүмкіндігін кеңейтеді;
3) жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыретіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес В1(орташа-В1.2) тілдік деңгейін меңгеруі тиіс.
Дүниежүзі тарихы:
1) пәннің мазмұны адамзат өркениетін этногенез, саясигенез, мәденигенезінің негізгі проблемалары бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған;
2) пән білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігінде түсінуін тереңдетуге бағдарланған;
3) пәннің тереңдетілген деңгейі әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорыту және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды көздейді;
4) пәннің аксиологиялық мақсаты – білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ұялату.
География:
1) пәннің мазмұны іргелі географиялық заңдар мен заңдылықтардың серпінді дамып жатқан жүйесі ретінде әлемнің географиялық көрінісін қалыптастыруға бағытталған;
2) пәннің мазмұны елтану тәсілінің негізде құрылып, қазіргі географиялық ерекшеліктер мен өңірлердің сипаттамасын түсінуге мүмкіндік береді;
3) пән табиғат пен қоғамның тұтастығын, географияның адам мен табиғаттың арақатынасын үйлестірудегі рөлін түсіну негізінде білім алушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағытталған;
4) пән қоғамдағы қазіргі адамзаттың ғаламдық проблемаларын және оларды шешу жолдарын зерделеу негізінде табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасын түсінуді дамытады; қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың, Қазақстан көлемінде және әлемде тұрақты даму проблемасы бойынша географиялық тәсілдердің маңыздылығын сезінуге арналған;
5) пән кеңістік пен уақыт заңдылықтары және географиялық объектілердің жұмыс істеуі мен дамуының, процестер мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы білімді; табиғи, әлеуметтік-экономикалық және геосаяси құбылыстар мен процестерді түсіндіру мен бағалау үшін географиялық білімдерін функционалды қолдану дағдыларын қамтиды.
Құқық негіздері:
1) пәннің мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған;
2) пәнді оқыту білім алушылардың түрлі құқық салаларының болмысы мен ерекшеліктерін түсінуін тереңдетеді;
3) пән құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер негізінде процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорыту, бағалау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды көздейді. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық функциясы құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, құқықтық сана-сезім құндылықтарына негізделген.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).54. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
Физика:
1) пән білім алушылардың табиғат туралы ғылым ретінде физика туралы, ғылыми танымның әдістері мен әдіснамасы, таным процесіндегі теория мен эксперименттің рөлі және өзара байланысы туралы түсініктерін дамытуға; білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктерін кеңейтуге және ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағытталған;
2) пән табиғи құбылыстарға бақылау жүргізу, нәтижелерді сипаттау және қорыту, физикалық құбылыстарды зерделеу үшін өлшеу құралдарын пайдалану дағдысын дамытуды көздейді;
3) білім алушыларды пән бойынша даярлау меңгерген білімдерін әртүрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс істеу қағидаттарын түсіндіру үшін қолдануларын көздейді.
Химия:
1) пәннің мазмұны химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы және олардың басқа затқа айналуы туралы білімдерін дамытуға, табиғи ресурстарды ұқыппен пайдалануды дамытуға; эксперименттік және практикалық дағдылардың кең спектрін дамыту, сыни ойлауды және оқытылатын процестерге шығармашылық тәсілдер қолдану негізінде білім алушылардың табиғаттағы заттардың көптүрлілігі туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған;
2) пән қолда бар деректер негізінде қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға үйретеді және осы арқылы өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады;
3) пәннің мазмұны білім алушылардың айналада болып жатқан химиялық құбылыстар мен процестердің мәнін түсінуін көздейді және олардың салауатты өмір салтын ұстануына түрткі болады; күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға; күнделікті өмірде тіршілік ету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Биология:
1) пәннің мазмұны білім алушылардың тірі организмдердің көптүрлілігі, қоршаған орта эволюциясы, табиғи құбылыстардың заңдары мен заңдылығы, бақылау, жіктеу, жүйелеу, салыстыру, талдау, объект пен ақпаратты бағалау, себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған;
2) пәннің мазмұны табиғи биологиялық құбылыстар мен процестердің болмысын, білім алушылардың адам әрекетінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, сондай-ақ адам денсаулығына әсерін ұғынуды көздейді. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарау қажеттілігін түсінуіне жағдай жасайды;
3) пәннің мазмұнын құрылымдаудың негізін жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылысы мен функциясы; көбею, тұқым қуалаушылық және эволюциялық даму; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).55. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері:
1) пән қазақстандық және халықаралық практиканы ескере отырып, кәсіпкерлік саласындағы базалық түсініктер мен негіздерді зерделеуге бағытталған, кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін оқытудың практикаға бағытталған моделіне ие;
2) пәннің мазмұнына коучингтік және тренингтік элементтерді пайдалана отырып кәсіпкерлік, бизнес бойынша материалдар кіріктіріледі;
3) пән білім алушыларда іскерлік ойлауды қалыптастыруға және кәсіпкерлік, бизнес және экономика негіздерінің базалық білімін алуға; өз таңдауы үшін жауапкершілікке баулу және кәсіпкерлік ойлауды, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға; қазіргі нарықтық жағдайларда болашақ дербес қызмет үшін практикалық дағдылар базасын құруға бағытталған.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).56. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
57. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта аптасына 39 сағаттан аспайды.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).58. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.
59. Апталық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарымен (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығын ескере отырып, міндетті түзету компоненті қарастырылған. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзету және вариативті компоненттер ерекше оқытуды қажет ететін білім алушыларды ескерумен белгіленеді.
60. Меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы анықтайды.
61. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда - қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда - орыс тілі мен әдебиеті;
3) ағылшын, шет тілдері;
4) информатика;
5) гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру (қалалық жерде – әрбір топта кемінде 8 ұл (немесе қыз), ал ауылдық жерде – кемінде 5 ұл (немесе қыз) болғанда) сабақтарын жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).