Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 327 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары мен олардың мөлшерлерінде:
      17-тармақтың 6) тармақшасындағы «мөлшерінде белгіленеді.» деген сөздер «мөлшерінде;» деп жазылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген стипендиядан төмен емес мөлшерінде белгіленеді.»;
      2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат):
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-2) (қызмет бабында пайдалану үшін);».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования" и от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2016 года № 327

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 7, ст. 67):
      в Правилах назначения, выплаты и размерах государственных стипендий обучающимся в организациях образования, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 17 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      «7) магистрантам Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан, направленным на обучение из государственных органов, - на уровне должностного оклада по последнему месту работы, но не ниже размера стипендии, установленного для магистрантов, обучающихся по государственному образовательному заказу.»;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 87-88, ст. 631):
      пункт 3 дополнить подпунктом 2-2) следующего содержания:
      «2-2) (для служебного пользования);».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов