"Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған квоталарды белгілеу және "Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын үй, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 359 қаулысы.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына және "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын үй, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған квота белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын үй, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасын (өтініш беруші – "Astana Property Management" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған рұқсат беру шарттары бекітілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының



Премьер-Министрі


К.Мәсімов




  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 20 маусымдағы
  № 359 қаулысына
  қосымша

"Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері);

      3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек кызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар, жылжымайтын мүлiк объектілерін басқарушылар үшін).

      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

      3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 20 маусымдағы
  № 359 қаулысына
  қосымша

Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған квоталар

Жобаның атауы


Өтініш беруші


Іске асыру орны


Іске асыру мерзімі


Квота (адам)


жыл


барлығы


1


2


3


4


5


6


Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану


"Astana Property Management" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


Астана қаласы


2013 – 2017 жылдар


2016


1500


2017


1500



Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2016 и 2017 годы по приоритетному проекту "Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы на 2016 и 2017 годы для реализации приоритетного проекта "Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2016 года № 359.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения" и пунктом 1 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоты на привлечение иностранной рабочей силы на 2016 и 2017 годы по приоритетному проекту "Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Утвердить прилагаемые условия выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы на 2016 и 2017 годы для реализации приоритетного проекта "Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16" (заявитель – товарищество с ограниченной ответственностью "Astana Property Management").

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 июня 2016 года № 359

Условия выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей
силы на 2016 и 2017 годы для реализации приоритетного проекта
"Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со
встроенными офисными, гостиничными, жилыми,
торгово-развлекательными помещениями и паркингом,
расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16"

      1. Документы, прилагаемые к заявлению на привлечение иностранной рабочей силы, представляемые работодателем либо уполномоченным им лицом в уполномоченный орган административно-территориальной единицы, на территории которой реализуется приоритетный проект, должны содержать:

      1) сведения о привлекаемых иностранных работниках с указанием фамилии, имени, отчества (в том числе латинскими буквами), даты рождения, гражданства, номера, даты и органа выдачи паспорта (документа, удостоверяющего личность), страны постоянного проживания, страны выезда, образования, наименования специальности, квалификации (должности) в соответствии с применяемыми в Республике Казахстан квалификационным справочником должностей руководителей, специалистов и других служащих, типовыми квалификационными характеристиками должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций, единым тарифно-квалификационным справочникомработ и профессий рабочих, тарифно-квалификационными характеристиками профессий рабочих и государственным классификатором Республики Казахстан 01-99 "Классификатор занятий", утверждаемым центральным исполнительным органом;

      2) нотариально заверенные переводы (копии, если документ заполнен на государственном или русском языках) документов об образовании, легализованных в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, за исключением случаев, предусмотренных вступившими в силу международными договорами Республики Казахстан;

      3) информацию о трудовой деятельности работника (при наличии квалификационных требований по стажу работы по соответствующей профессии) с приложением письменного подтверждения о трудовой деятельности работника на официальном бланке работодателя, у которого ранее работник работал, или иных подтверждающих документов, признаваемых в Республике Казахстан;

      4) нотариально заверенную выписку из договора, свидетельствующего об участии в реализации приоритетного проекта, либо копию с предъявлением оригинала для сверки (для подрядных и субподрядных организаций, управляющих объектами недвижимости).

      2. Въезд иностранных работников осуществляется при соблюдении условий, предусмотренных статьей 35 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения".

      3. Иностранные работники, на которых получены разрешения по третьей и четвертой категориям, не могут направляться в командировку на предприятия, организации, находящиеся на территории других административно-территориальных единиц.

      4. Иные условия привлечения иностранной рабочей силы, не урегулированные настоящими условиями, регламентируются Правилами и условиями выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство, а также работодателям на привлечение иностранной рабочей силы и иностранных работников, переводимых в рамках внутрикорпоративного перевода, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, Правил и условий выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство, а также работодателям на привлечение иностранной рабочей силы и иностранных работников, переводимых в рамках внутрикорпоративного перевода, и о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения".

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 20 июня 2016 года № 359

Квоты на привлечение иностранной рабочей силы на 2016
и 2017 годы по приоритетному проекту "Строительство и
эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными
офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными
помещениями и паркингом, расположенного по адресу:
город Астана, улица Достык, дом 16"

Наименование проекта

Заявитель

Место реализации

Срок реализации

Квота (чел.)

год

всего

1

2

3

4

5

6

Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16

товарищество с ограниченной ответственностью "Astana Property Management"

город Астана

2013 - 2017 годы

2016

1500

2017

1500