Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 435-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
5-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын, корпоративтік кепілдікті және бұрын ұсынылған жылжымайтын мүлік кепілдіктерін ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының 60 %-нан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. "Бәйтерек девелопмент" АҚ СОО-ны үлестік меншігіне алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде сатып алу-сату шартына сәйкес өз үлесін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен сатады:
Шарттың нысанасы | - | "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның СОО-дағы үлесін бөліп төлеу мүмкіндігімен сату; |
Шарттың бағасы | - | "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның СОО құрылысына инвестицияларының құрылыс кезеңінде жиналған пайыздар ескерілген мөлшері; |
Бөліп төлеу кезеңі | - | инвестициялау шартына қол қойылған күннен бастап 19 жыл 10 ай; |
Төлем тәртібі | - | кестеге сәйкес; |
Үлесті сатып алу бойынша бірінші төлем күні | - | 2018 жылғы 1 желтоқсан; |
Бөліп төлеу кезеңіндегі сыйақы | - | 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін: - жылдық 2,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде капиталдандырылады; - жылдық 0,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді, 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап: - жылдық 3 % инвестицияланған қаражат құнының қалдығына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді; |
Қамтамасыз ету | - | СОО ғимараты, СОО бойынша жобалау компаниясының жарғылық капиталындағы СОО бойынша жобалау компаниясы қатысушыларының қатысу үлесінің 100 %; |
Айрықша шарттар | - | СОО бойынша жобалау компаниясының СОО қызметінен алған таза табысы "Бәйтерек девелопмент" АҚ үлесін сатып алуға жұмсалады.". |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |