Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 389 қаулысы

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi – қор) құрылсын.

      2. Қор қызметiнiң негізгi нысанасы аударымдар мен жарналарды шоғырландыру, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражатының есебінен 106050000 (бір жүз алты миллион елу мың) теңге мөлшерінде қордың жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) әділет органдарында қорды мемлекеттік тіркеуді және қордың жарғысын бекітуді;

      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қор акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 1 шілдедегі
№ 389 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-176-жолмен толықтырылсын:

      "21-176. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-16-жолмен толықтырылсын:

      227-16. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71 қаулысымен.

О создании фонда социального медицинского страхования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2016 года № 389

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года "Об обязательном социальном медицинском страховании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать некоммерческое акционерное общество "Фонд социального медицинского страхования" (далее – фонд) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Определить основными предметами деятельности фонда аккумулирование отчислений и взносов, осуществление закупа и оплаты услуг субъектов здравоохранения, оказывающих медицинскую помощь в объемах и на условиях, предусмотренных договором закупа медицинских услуг.

      3. Министерству здравоохранения и социального развития в установленном законодательством порядке обеспечить формирование уставного капитала фонда в размере 106050000 (сто шесть миллионов пятьдесят тысяч) тенге за счет средств республиканского бюджета.

      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию фонда в органах юстиции и утверждение устава фонда;

      2) передачу Министерству здравоохранения и социального развития Республики Казахстан прав владения и пользования государственным пакетом акций фонда;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      5. Утвердить прилагаемые дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 1 июля 2016 года № 389

Дополнения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-176, следующего содержания:

      "21-176. НАО "Фонд социального медицинского страхования".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      раздел "Министерству здравоохранения и социального развития Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 227-16, следующего содержания:

      "227-16. НАО "Фонд социального медицинского страхования".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 17.02.2017 № 71.